Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білуге тиіс?



жүктеу 63,03 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі63,03 Kb.
#15034


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК 

ДАМУ МИНИСТРЛІГІ  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК 

ДАМУ МИНИСТРЛІГІ  

Астана, 2016 жыл

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МІНДЕТТІ 

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ 

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС?


ЖҰМЫСКЕРЛЕРІҢІЗДІҢ ДЕНІНІҢ САУЛЫҒЫ – БҰЛ СІЗДІҢ ПАЙДАҢЫЗ! 

ӨЗ ПАЙДАҢЫЗДЫ ЖОҒАЛТПАҢЫЗ!


 

Медициналық сақтандыру көптеген елдерде халық үшін, сонымен 

бірге   жұмыс берушілер үшін денсаулық сақтау жүйесінің тиімді модель-

дерінің бірі ретінде танылған.

 

Ол  азаматтарға  медициналық  көмекті  кеңінен  алуға  мүмкіндік 



береді. 

 

Жұмыс  берушілерде,  бір  жағынан,  жұмыскерлердің  уақытша 



еңбекке  жарамсыздығына  байланысты  өндірістегі  шығындары  төме-

ндейді, енді бір жағынан, көп жағдайда олар жүзеге асыратын   жарналар 

салыққа есептеледі.  

 

Бұл жүйе Германияда канцлер Бисмарк басқарған уақыттан бері бір 



ғасырдан артық қолданылуда. 

 

Қазіргі  уақытта  16  европалық  мемлекетте,  сонымен  бірге  Түркия 



мен  Жапонияда  міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесі 

қолданылуда.  Дəл  осы  елдердің  медицинасы  қазіргі  уақытта  жоғарғы 

деңгейде жəне адамдардың өмір сүру ұзақтығы да жоғары – 80-85 жасқа 

дейін. 


 

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандырудің  тиімділігі 

денсаулықты  сақтау  үшін  мемлекет,  жұмыс  беруші  жəне  азаматтың  өзі 

жауапкершілікте болатынына негізделеді.  

 

Бұл ретте мемлекет өзіне мынадай міндеттемелерді алады:



мемлекеттің  барлық  азаматтарына  медициналық  көмектің 

негізгі  ең  төмен  пакетін  немесе  тегін  медициналық  көмектің 

кепілдік берілген көлемін ұсыну.

       Қазақстанда мұндай көмекті 17 млн. адам немесе мемлекеттің 

барлық тұрғындары алады.

азаматтардың  міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  



шеңберінде  ұсынылатын  медициналық  көмекті  алуы  үшін 

экономикалық  белсенді  емес  тұрғындарға  Медициналық 

сақтандыру қорына  жарналарды жүзеге асыру.

                 Қазақстанда экономикалық белсенді емес тұрғындар саны 

шамамен 10 млн. адамды құрайды. Бұл балалар, егде жастағы 

адамдар, көп балалы аналар, жүкті əйелдер, жұмыс істемейтін 

мүгедектер жəне т.б.  

 

Жұмыс  берушілер  сонымен  бірге  өз  жұмыскерлерінің 



денсаулығына  қамқор  болуға  тиіс,  себебі  дені  сау  жəне  өнімді  еңбек 

ресурстары – кез-келген кəсіпорынның табыстылығының кепілі. Сондық-

тан  МӘлМС    қолданылатын  барлық  елдерде  жұмыс  берушілер 

медициналық сақтандыру жүйесін еңбекақы төлеу қорынан 3%-дан 

15%-ға дейін мөлшері құрайтын жарналарды енгізеді. 

 

Қазақстан  кəсіпорындарында  қазіргі  уақытта  5,6  млн-нан  астам 



адам еңбек етеді, олар үшін міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру 

жарналарын жұмыс берушілер жүргізеді. 

 

Жұмыс  істейтін  азаматтар,    егер  олар  нақты  бір  кəсіпорында 

жұмыс істейтін болса немесе өздерінің жеке ісі болса, өздерінің табыста-

рынан аударатын болады. 

 

Әлемдік  практикада  егер  азаматтар  жалдамалы  жұмыскерлер 



болса,  онда  олардың  аударым  көлемі  еңбекақыдан  1%-дан  8,2%-ды 

құрайды,  ал  егер  жеке  кəсіпкер  болса,  онда  өзі  көрсеткен  кірістен  (ең 

төменгі еңбекақыдан төмен болмауға тиіс) 7%-дан 15,5%-ды құрайды. 

 

Барлық аударымдар мен салымдардың бірыңғай қорға шоғырлан-



дырылуы осы елдерге қаражатты мақсатқа сай пайдалануды, ұсынылатын 

медициналық көмек түрін кеңейтуге жəне оның сапасын арттыруға жəне ең 

негізгісі – жарна төлеушілердің алдында денсаулық сақтау жүйесінің есеп 

беруін қамтамасыз етті. 

 

Осындай  шарттар  медициналық  сақтандыру  жүйесінің  тиімділігін 



қамтамасыз етті жəне Қазақстанның сол жүйені таңдауына негіз болды. 

 

Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жүйесі  Қазақстан 



I. Міндетті 

əлеуметтік 

медициналық 

сақтандыру 

туралы нені 

білу қажет:

дейін оны (оларды) тəрбиелеп отырған əйелдер;

зейнеткерлер;



соттың  үкімі  бойынша  жазасын  сот-атқарушылық  жүйе 

мекемелерінде  (пенитенциарлық)  өтеп  жүрген  адамдар  (ең 

төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда);

уақытша  ұстау  изоляторында  жəне  тергеу  изоляторында 



ұсталатын адамдар.

 

 



Жұмыскер, жұмыс беруші, жеке кəсіпкер жəне мемлекет экономика-

лық  белсенді  емес  тұрғындар  үшін  жүргізген  барлық  салымдар  мен 

аударымдар  Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  қорына  (Қор)  түсетін 

болады. 


 

Қорға түскенін бақылау Мемлекеттік кіріс комитетіне, ал жеке есепке 

алу  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  мемлекеттік  корпорациясына 

жүктеледі.

 

Қор  медициналық  ұйымдардан  медициналық  қызметтердің 



бірыңғай  стратегиялық  сатып  алушысы  болып  табылады.  Сатып  алу 

мемлекеттік  жəне  жеке  клиникалар  арасында  конкурстық  негізде 

жүргізіледі.

 

Осылайша, тиісті ресурстық қамтамасыз етілген жəне білікті көмек 



көрсететін  тəжірибелі  мамандары  бар  ең  мықты  мемлекеттік  жəне  жеке 

клиникалар медициналық көмекті ұсыну мүмкіндігіне ие болады. 



1. Барлық азаматтар үшін:

Жедел жəрдем жəне санитариялық авиация;



Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жедел жағдайлар кезіндегі 

медициналық көмек;

Профилактикалық егулер;



Амбулаториялық-дəрілік қамтамасыз ету арқылы амбулатория-

лық-емханалық көмек (2020 жылға дейін). 

2. Сақтандырылған азаматтар үшін:

(Міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  шеңберіндегі 

медициналық көмек)

Амбулаториялық-емханалық көмек:



Емханадағы емдеу;

Дəрігерлердің қабылдауы;

Зертханалық қызметтер;

Диагностика жəне манипуляциялар;



Стационарлық  көмек  –  жоспарлы  тəртіпте  ауруханаларда 



емдеу;



Стационар  алмастырушы  көмек  –  күндізгі  стационарда  ем 



қабылдау;



Жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі 



жəне  бірегей  медициналық  технологияларды  пайдалану 

арқылы орындалатын медициналық көмек;



Дəрімен қамтамасыз ету – амбулаториялық-емханалық көмек 



көрсету кезінде;



Мейіргерлік күтім – басынан кешкен аурудың салдарынан 



өз-өзіне  қызмет  көрсетуге  мүмкіндігі  жоқ,  бөгде  адамдар-

дың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін  адамдар;



Паллиативті көмек – емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті жəне 



ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын 

адам  үшін  мүмкін  болатын  ең  жоғары  қолайлы  деңгейде 

қолдау.

3. Сақтандырылмаған азаматтар үшін:

Жедел жəрдем жəне санитариялық авиация;



Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жедел жағдайлар кезіндегі 

медициналық көмек;

Профилактикалық егулер.



V. Азаматтар 

қандай 

медициналық 

көмек түрлерін 

ала алады? 

IV. Медициналық 

сақтандыру 

жүйесі қалай 

жұмыс істейтін 

болады? 


 

Сонымен бірге, ай сайын жұмыскердің нақты еңбекақысынан 2019 

жылы - 1%, ал 2020 жылы - 2% ұстап қалып, Қорға аудару қажет. 

Төлем сомалары жеке табыс салығынан шегеруге жатқызыла-

ды.

 

САҚТАНДЫРУ  АУДАРЫМДАРЫ  МЕН  ЖАРНАЛАР  ҚОРҒА 



МЫНАДАЙ ТАБЫС ТҮРЛЕРІНЕН ТӨЛЕНБЕЙДІ:

қызметтік  іссапарларға  компенсациялардан  жəне  қосалқы 



сипаттағы жұмыстан;

жұмыскерлердің егістік жұмыстарынан;



бюджет  қаражатынан  жұмыскерлерді  жеткізуге,  оқуға  ақы 

төлеуге,  жəрдемақы  жəне  компенсацияға  байланысты 

шығындардан;

сауықтыруға арналған жəрдемақы мен демалыс жəрдемақысы-



нан, медициналық қызметтерге ақы төлеу, бала туу кезіндегі, ең 

төменгі  еңбекақы  төлемі  (ТЕТ)  шеңберіне  жерлеуге  берілген 

төлемдерден;

стипендиядан;



сақтандыру сыйақыларынан.



Егер Сіз жұмыскер болсаңыз,

 

онда  Сіз  жұмыскер  ретінде  2019  жылдан  бастап  айлық   



еңбекақыдан 1% төлей бастайсыз, ал 2020 жылдан - 2%.

 

Мысалға,  еңбек  келісімшартына  сəйкес  белгіленген  жəне 

аударылатын Сіздің еңбекақыңыз 50 000 теңгені құрайтын болса, онда 

жұмыс  беруші  Сіз  үшін  2017  жылы  900  теңгені  аударуы  қажет,  ал  Сіз 

2019 жылдан бастап айына 450 теңге сомасында аударасыз. Жұмыс-

кердің  аударымдары  жеке  табыс  салығынан  шегеруге  жатқызыла-

ды.

Егер Сіз жеке кəсіпкер болсаңыз,

онда  2017  жылы  ай  сайын  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру 

Қорына  Сіздің  табысыңыздан  2%  аударылуы  қажет.  2018  жылы  – 

3%, 2019 жылы – 5%, 2020 жылдан – 7%. 

 

Мысалға, Сіздің ай сайынғы табысыңыз жеке кəсіпкер ретінде 100 

000 теңге болсын. Қорға аударым 2000 теңгені құрайтын болады.  

 

Мемлекет  экономикалық  белсенді  емес  тұрғындар  үшін  2017 

жылы  алдыңғы  2  жылғы  экономика  бойынша  орташа  еңбекақыдан  4% 

төлейтін болады, 2018 жылдан бастап – 5%, 2023 жылы - 6%, 2024 жылы - 

7%. 

 

Экономикалық белсенді емес тұрғындарға жататындар: 



балалар;


«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын 

«Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I жəне II дəрежелі «Ана 

даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер;



мүгедектер;

жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;



интернат  ұйымдарында  білім  алатын  жəне  тəрбиеленетін 

адамдар;

техникалық  жəне  кəсіби,  орта  білімнен  кейінгі,  жоғары  білім, 



сондай-ақ  резидентура  нысанындағы  жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын 

адамдар;

баланы  (балаларды)  тууға,  жаңа  туған  баланы  (балаларды) 



асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға 

дейін  оны  (оларды)  күтіп-бағу  бойынша  демалыста  жүрген 

əйелдер;

жүкті  əйелдер,  сондай-ақ  бала  (балалар)  үш  жасқа  толғанға 



II. Жұмыс   

берушілерге 

медициналық 

сақтандырудың 

жаңа жүйесі не 

береді?

Республикасында 2017 жылдан бастап енгізіледі жəне Қазақстан Республи-

касының  барлық  сақтандырылған  азаматтарының  жынысына,  жасына, 

əлеуметтік  дəрежесіне,  тұрғылықты  жеріне  жəне  табысына    қарамастан 

медициналық жəне дəрілік көмекке тең қол жетімділікке кепілдік береді. 

 

Біріншіден. Жұмыскерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы-



на байланысты өндірістегі шығынды азайту.

 

Жыл сайын 2,6 млн. астам жұмыскерлер уақытша еңбекке жарамсыз-



дығына  байланысты  еңбекке  жарамсыздық  парағын  рəсімдейді.  Егер  күн 

сайын орта есеппен əрбір жұмыскер 12,6 мың теңгеге өнім (немесе қызмет 

көрсетсе) шығарса, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны 

шамамен 370 млрд. теңгені құрайды.

 

Ең  жақсы  клиникаларда  уақтылы  профилактикалық  қарап-



тексеруден өту, сапалы ем жəне қымбат тұратын арнайы көмек қабылдау 

жұмыс  істейтін  азаматтардың  денсаулығын  сақтауға,  олардың  уақытша 

еңбекке  жарамсыздық  күндерін  қысқартуға  жəне  осының  нəтижесінде 

жұмыс берушінің шығындарын  азайтуға мүмкіндік береді. 

 

Екіншіден. Салық бойынша шегерімдер.

 

Әрбір жұмыс беруші кезең-кезеңімен Қорға өзінің жұмыскерлері үшін 



жарналар  аударып  отырады.  Аудару  сомалары  корпоративтік  табыс 

салығынан шегеруге жатқызылады. 

 

Мысалға, егер Сіздің табысыңыз міндетті əлеуметтік медицина-

лық сақтандыру   енгізілгенге дейін 100 мың теңгені, ал шығындарыңыз 

80 мың теңгені (оның ішінде еңбекақы төлеу қоры 40 мың теңге) құраған 

болса, онда сіздің салық төлемдеріңіз 4 мың теңгені құраған болар еді. 

 

Ал  міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыру  жағдайында 

аударымдар  жұмыс  берушінің  шығындарына  жатқызылатындықтан, 

салық төлемдері 3,8 мың теңгені құрайды.

 

Үшіншіден.  Мемлекеттік  жəне  жеке  медициналық  ұйымдар 



арасынан кəсіпорын жұмыскерлерін тіркеу үшін ең мықты клиниканы 

таңдау мүмкіндігі. 

 

Әрбір жұмыс берушіге Қордың медициналық қызметтерін жеткізуш-



ілерінің бірыңғай тізбесіне қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 

 

Жұмыс берушілер Бірыңғай тізбе деректері бойынша   профилакти-



калық  қарап-тексеруді  уақтылы  жəне  сапалы  жүргізетін  жəне  білікті 

медициналық көмек көрсететін клиниканы таңдау құқығына ие.

 

Төртіншіден.  Сіздің  жұмыскерлеріңіздің  қымбат  тұратын 

жоғары  білікті  мамандандырылған  медициналық  көмекті  алу 

мүмкіндігі.

 

Мемлекеттің,  азаматтардың  өзінің  жəне  жұмыс  берушілердің 



бірлескен  жауапкершілігі  науқастанған  кезеңде  дені  сау  азаматтардан 

науқастарға  келіп  түскен  қаражатты  қайта  бөлуге  мүмкіндік  береді.  Бұл 

жұмыскерлердің жұмыс беруші, сондай-ақ жұмыскерлер бірлесіп жүргізген 

аударым  көлемінен  артылатын  медициналық  көмекті  алуына  мүмкіндік 

береді. 

 

 



Бесіншіден. Жұмыс беруші:

-  қызметтің  ашықтығын  қамтамасыз  ететін  –  Қоғамдық  бақылау 

комиссиясының мүшесі;

- стандарттарды қарауға жəне тарифтерді бекітуге қатысатын – кəсіби 

қауымдастық мүшесі бола тұра əлеуметтік медициналық сақтан-

дыру Қорының қызметін қоғамдық бақылауға қатыса алады.

Егер Сіз жұмыс беруші болсаңыз,

онда  Сіз  ай  сайын  Қорға  –  2017  жылдан  бастап  сіздің  жұмыскер-

леріңіздің еңбекақы қорынан – 2%, 2018 жылы – 3%, 2019 жылы -  4%, 

2020  жылы  -  5%    сақтандыру  аударымдарын  жүргізетін  боласыз. 



Төлем  сомалары  корпоративтік  табыс  салығынан  шегеруге 

жатқызылады.

III.Медициналық 

сақтандыру 

жүйесіне 

аударымдар 

көлемі қандай 

болуға тиіс?

Document Outline

  • 1: обложка
  • 2: обложка (оборот)
  • 3: страницы 1 и 4
  • 4: страницы 2 и 3

жүктеу 63,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау