Жұмыс беруші әріптес мекеме, басшысының қолы, мөрі



жүктеу 477 Kb.
бет7/9
Дата21.01.2020
өлшемі477 Kb.
#27137
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.Пререквизиті: «Сақтандыру», «Қаржылық менеджмент»

2.Постреквизиті:

3.Пәннің мақсаты: Берілген пәннің негізгі мақсаты тәуекелді талдау, яғни банк әрекетіндегі қолайсыз жағдайды туындатпау. Банк нарығы тәуекелсіз, тәуекел банк үшін болғандықтан операцияның спецификасы әр кез міндетті болмақ.

4. Қысқаша мазмұны: Соңғы жылдары барлық экономикасы дамыған елдер тәуекелді талдау бағытындағы маманды дайындауға бағыт алуда. Осы тұрғыда «Банктік тәуекел» пәні тәуекелді басқаруда қазіргі заманға сай барлық теорияны қамтиды, яғни, тәуекелді талдау, қаржылық механизмді басқару, заңды механизмдер мен тәуекелін жүргізу және алдын ала шараларын ұйымдастыру.

5. Құзіреттілігі: тәуекелді анықтауды меңгеру; тәуекел деңгейін бағалауда дағдылану; тәуекелдің әрбір түрінің ерекшеліктерін білу; тәуекел жағдайын басқаруды білу

6. Күтілетін нәтиже: қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері, компанияның тәуекел деңгейін бағалау; кәсіпорындағы қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау; кәсіпорынның қаржылық тәуекелінің жағдайын түрлі әдістермен талдауды білу; кәсіпорынның балансын құрастыра білу.

Капанова Ш.А- аға оқытушы




4

а) Инвестициялар-ды қаржыландыру және несиелендіру

IKN 4304

КП

3

5

4

7

емти-хан

жазбаша

1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Қаржы», «Банк ісі»

2.Постреквизиті:

3. Пәннің мақсаты: инвестициялық процесті жүзеге асыру және ұйымдастыру, оның қаржылық-несиелік қызмет көрсету және тиімді басқару аясында теориялық және практикалық білім беру болып табылады.

4. Қысқаша мазмұны: Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестиция. Қазақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық климат. Мемлекеттік құрылымдық-инвестициялық саясаты. Қазақстанның қаржылық институттары және олардың инвестициялық процесті кеңейтудегі рөлі. Қаржыландыру көздері: инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы. Инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірлік циклы. Инвестициялық жобаны бизнес-жоспарлау. Инвестициялық жобаның микроэкономикалық фундаменталды талдауы. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері. Белгісіздік және тәуекелдік жағдайында инвестициялық жобаны бағалау. Қаржылық инвестициялар, инвестицияның сапасы мен тиімділігін бағалау. Халықаралық инвестициялар

5. Құзыреттілігі: Білім алушылар инвестициялық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ оны қаржылық-несиелік қамтамасыз ету аясындағы теориялық және тәжірибелік білімдерді игеріп, инвестициялық процесті басқару бойынша дағдыларды қалыптастыруы қажет.

6. Күтілетін нәтижелер: Білім алушылар мемлекеттік деңгейде және кәсіпорындарда инвестициялық процесті ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздерін, инвестицияларды қаржыландыру көздерін таңдауды біледі. Инвестициялық жобалар құру мен оларды талдау және бағалауды жүзеге асырады.

Бекешева Д.А - аға оқытушы, э.ғ.к







б) Инвестициялық стратегия

IS 4304

КП

3

5

4

7

емти-хан

тест

1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Қаржы», «Банк ісі»

2.Постреквизиті: -

3. Пәннің мақсаты: инвестициялық стратегияны дайындау және іске асыру ерекшелігін зерттеу үшін теориялық негізін беру; ұзақ мерзімді капиталды орнатудағы оңтайлы нұсқасын таңдауда қазіргі қаржылық жағдайда студенттерді бейімделуге үйрету.

4. Қысқаша мазмұны: Стратегиялық инвестициялау негіздері. Инвестициялық қызметті қаржыландыру. Салалардың және аймақтардың инвестициялық тартымдылығын бағалау. Қор нарығында инвестициялық стратегияны жүзеге асыру. Инвестициялық жобаны дайындау және жүзеге асыру. Инвестицияларды экономикалық бағалау. Стратегиялық инвестициялау кезінде инфляция мен тәуекелге есеп жүргізу.

5. Құзыреттілігі: инвестициялық стратегияның жасау негізін, шаруашылық тәжірибеде стратегиялық инвестициялауды жүзеге асыру механизмін студенттің білуі керек.

6. Күтілетін нәтижелер: Студент инвестициялық қызметті реттемеуші нормативтік құжаттармен жұмыс жасауды, түрлі инвестициялау объектілеріне капиталды салудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасауды білу керек.

Нурмагамбетова Б.К- аға оқытушы, э.ғ.к






в) Шетелдік инвестициялар

ShI 4304

КП

3

5

4

7

емти-хан

тест

1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Қаржы», «Банк ісі»

2.Постреквизиті:

3. Пәннің мақсаты: Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестицияларды тарту және тиімді қолдану саласында болашақ мамандарда қазіргі орнықты білім қалыптастыру.

4. Қысқаша мазмұны: Шетелдік инвестициялар түсінігі, серпіні, ерекшеліктері. Тікелей шетелдік инвестициялар, концепциялары және реттеу әдістері. Шетелдік инвестициялық жобалардың тиімділігі. Шетелдік инвестициялық проектілерінің тиімділігін анықтау әдістері.

5. Құзыреттілігі: Білу және қолдана білу керек: инвестицияның қазіргі теориясының негізгі сұрақтары, соның ішінде шетелдік. Шетелдік инвестицияларды тартумен, жүзеге асырылуымен және тікелей шетелдік инвестицияларды реттеумен байланысты қазіргі заңнамалар, нормативтік актілер және әдістемелік құжаттарды. Шетелдік инвестицияларды өз қызметінде қолданатын ұйымдардың жұмысын және көрсетілген құжаттарды қолдану тәжірибесін. Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындардың қызметінің негіздерін; еркін экономикалық аймақтарда шетелдік инвестициялардың ерекшеліктерін; қаржылық емес активтерге шетелдік инвестицияларды дамыту бойынша ҚР-ның ТМД елдерімен жұмыс жасауын.

6. Күтілетін нәтижелер: «Шетелдік инвестициялар» пәнін оқу кезінде студенттер шетелдік инвестицияларды тартумен, реттеумен және реттеумен байланысты орнықты экономикалық білімдерін алады, шетелдік инвестициялық жобалармен жұмыс жасаудың негізін игереді.

Бисенова Р.А- аға оқытушы




5

а)Фирманың қаржылық стратегиясы

FKS 4307



3

5

4

7

емти-хан

тест

1. Пререквизиттер: «Корпоративтік қаржы», «Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау»

2. Постреквизиттер:

3. Пәннің мақсаты: Фирманы басқарудың нарықтың даму кезеңіндегі жүйесінде құрамды бөлігіне қаржы стратегиясы жататын даму стратегиясына басты орын беріледі. Қаржы стратегиясының маңызды роль атқаруы – оның құрылым фундаменті болып табылатын қаржы, ақша, несие сияқты басты экономикалық категорияларының табиғи маңыздылығымен негізделеді. Фирманың қаржылық стратегиясы қаржы сферасындағы нарық субъектілерінің арасында әртүрлі қатынастар сипаттайтын экономикалық категория болып табылады. Бұл категория нарықтағы кәсіпорынның мінезін анықтайды және оның нарықтық қалыптастырады. Қаржы стратегиясының қалыптасу табиғатын, мазмұнын, шарттарын және қағидаттарын зерттеу қажеттілігі пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

4. Қысқаша мазмұны: Фирмалардың қаржылық стратегиясы нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізудің объектівті заңдылықтарын зерттейді, жаңа жағдайда қиындықтан шығудың әдістері мен түрлерін өңдейді. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мыналарды қамтиды: қаржы жағдайына талдау; негізгі және айналым қорларының тиімділігін арттыру; табысты бөлу; салық және баға саясаты; бағалы қағаздар аясындағы саясат. Қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін, ішкі және сыртқы факторлардың объективті мінездемесін барлық жағынанда қамтиды. Егер қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржы-экономикалық мүмкіндігіне жауап бермейтін болса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырайды. Стратегияны іске асырғанда бас және ағымдық қаржылық стратегияны, бас стратегиялық мақсаттардың орындалу стратегиясын ажырату қолға алынған. Бас қаржылық стратегияны кәсіпорынның қызметін, бюджеттің барлық деңгейімен қарым-қатынасын, кәсіпорын табысының құрылуын және қолданылуын, қажетті қөлемі мен олардың бір жылға қаржыландыру көздерін анықтайды.

5. Құзіреттілігі: Фирмалардың қаржылық стратегиясы - экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген ұзақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясы жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамдалады, қаржыны қолдану және ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының кажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.

6. Күтілетін нәтиже: Фирманың қаржылық стратегиясы аясындағы қызметке қажетті теориялық білімдер беру, әдістемелерді оқыту мен тәжірибелік дағдылар беру

Ыдырыс Е.Ж - аға оқытушы, э.ғ.к







б) Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тәуекелдері

ShSKT 4307






















1. Пререквизиттер: «Корпоративтік қаржы», «Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау»

2. Постреквизиттер: -

3. Пәннің мақсаты: Берілген пәннің негізгі мақсаты шаруашылық субъектілері мен компаниялардың қаржылық тәуекелінің экономикалық мазмұнына, олардың түрлері, пайда болуы жайлы түсінікті қалыптастыру, яғни шаруашылық субъектілерінің әрекетіндегі қолайсыз жағдайды туындатпау шараларын тауып, олардан шығу мен азайту жолдарын үйрету.

4. Қысқаша мазмұны: Тәуекелдер мен белгісіздіктің экономикалық мазмұны. Белгісіздік жағдайында экономикалық шешімдер қабылдау критерийі. Қаржылық тәуекелдердің жіктелуі. Тәуекел деңгейін талдау және бағалау. Тәуекел деңгейін басқару әдістері. Сақтандыру – қаржылық тәуекелдерді басқару әдісі ретінде. Несиелік тәуекелдерді сақтандыру. Пайыздық тәуекелдерді сақтандыру. Операциондық тәуекелдерді сақтандыру. Өтімділік тәуекелдерді сақтандыру. Төлем ағымдарын жоғалту тәуекелін сақтандыру. Инвестициялық тәуекелді басқару. Инфляциялық тәуекелді сақтандыру. Валюта тәуекелін сақтандыру. Тәуекелдерді азайтуға байланысты кәсіпорын стратегиясы. 

5. Құзіреттілігі: Білім алушыларға шаруашылық субъектілерінің қаржылық тәуекелдердің негізгі түрлері бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерді игеріп, дағдыларды қалыптастыруы қажет.

6. Күтілетін нәтиже: Шаруашылық субъектілерінің қаржылық тәуекелінің түрлері, оларды болжай алу мен болдырмау шараларын мамандарға негізгі және кәсіби қасиетін қалыптастыру

Капанова Ш.А- аға оқытушы







в) Корпорациялар қаржысын басқару

KKB 4307






















1. Пререквизиттер: «Корпоративтік қаржы», «Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау»

2. Постреквизиттер: -

3. Пәннің мақсаты: Корпорациялар қаржысын басқару аясындағы қаржылық нарықтағы қызметке қажетті теориялық білімдер беру, әдістемелерді оқыту мен тәжірибелік дағдылар беру

4. Қысқаша мазмұны: Қаржы мен несиенің мақсаты мен рөлі, мемлекет бюджеті; мекеме қаржысының дамуы мен пайдалануы, капитальді салымды қаржыландыру мен несиелеудегі негізгі қағидаттары. Корпорация мен фирмалар айналымындағы қаржы, оның қаржыландыру мен несиелеудегі жүйесі. Компания арасындағы есеп айырысу, корпорацияны басқару механизміндегі қысқа мерзімді несие. Корпорация дәрежесімен басқару жүйесіндегі қаржылық жоспар, корпорацияның сыртқы экономикалық қызметінің дамуындағы қаржы мен несиенің рөлі. Әлемдегі және ҚР-дағы банктер, сақтандыру ұйымдары, қорлардың қызметі. Дағдарыс кезіндегі қаржы жүйесі. Қаржы және қаржы менеджменті саласының теориясы мен методологиясындағы ғылыми зерттеу, әр түрлі экономикалық жүйедегі мемлекет және жекеменшік қаржыны ұйымдастыру және басқарудың методологиялық негіздері.

5. Құзіреттілігі: Білім алушыларға корпорациялар қаржысын басқару бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерді игеріп, дағдыларды қалыптастыруы қажет.

6. Күтілетін нәтиже: Қаржы аясындағы қызметке қажетті теориялық білімдер беру, әдістемелерді оқыту мен тәжірибелік дағдылар беру

Нурмагамбетова Б.К- аға оқытушы, э.ғ.к




6

а) Халықаралық салық салу

HSS 4308



3

5

4

7

емти-хан

тест

1.Пререквизиті: «Салық және салық салу», «Қаржы»

2.Постреквизиті:

3. Пәннің мақсаты: ТМД елдерінің, алыс және жақын шетел мемлекеттеріндегі салық салу ерекшелігін, индустралды дамыған мемлекеттердің салық жүйесінің құрылымы, Қазақстандағы қызмет ететін салық жүйесі мен шет елдердегі салық жүйесін құрудағы ерекшеліктерді салыстыруды оқу.

4. Қысқаша мазмұны: Салықтық жүйені құрудың негізгі принциптері. Салықтық қызметтерді ұйымдастыру және салықтарды төлеуді бақылау. Ұлыбританияның салықтық жүйесі. Францияның салықтық жүйесі. Италияның салықтық жүйесі. Швецияның салықтық жүйесі. Испанияның салықтық жүйесі. Америка Құрама Штаттарының салықтық жүйесі. Швейцарияның салықтық жүйесі. РФ салықтық жүйесі.

5. Құзіреттілігі: Шетелдердегі салық салу сұрақтарын ашу аясындағы базалық білімді көрсету және әлемдік тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.

6. Күтілетін нәтиже: Дамыған шет мемлекеттерде салық салуды қалыптастыру және дамытудың сұрақтарын, мемлекеттің экономикасын басқаруда және дамытуда фискалдық саясаттың орынын анықтауды білу. Мемлекеттің салық жүйесінің құрылымына салыстырмалы талдау жүргізуді білу, Қазақстанның қазіргі салық салу жүйесін оптимизациялау бойынша ұсыныстар жасай білу

Тәуіпбаева М.С- аға оқытушы, э.ғ.к







б) Мемлекеттік қаржылар

MK 4308






















1.Пререквизиті: «Салық және салық салу», «Қаржы»

2.Постреквизиті:

3. Пәннің мақсаты: Мемлекеттік қаржы – экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын қанағаттандыруға, мемлекеттік борышты өтеуге, т.б. арналған мемлекеттік ақша қорларын құрау мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынасы. Елдің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

4. Қысқаша мазмұны: Курста логикалық дәйектілік түрде қаржының табиғаты, функциялары, оның бас қа экономикалық санаттармен өзара іс-әрекеті мен шаруашылық өмірде көріну ерекшеліктері қаралады, қаржылық қатынастарда ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қалыптасып отырған нарықтің экономиканы реттеуде қаржының пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Курста түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарында және сыртқы экономикалық байланыстар сферасында, қаржының іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігіне айтарлықтай орын берліген.

5. Құзыреттілгі: Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы принциптерге мыналар жатады: объективтті экономикалық заңдардың  іс — қимылын есепке алу; нақты тарихи жағдайларды есепке алу; өткен жылдардың өзіндік тәжрибесін және дүниежүзілік тәжрибені есепке алу.

6. Күтілетін нәтиже: Елдің қаржы жүйесіне талдай жасай білу, мемлекеттік бюджеттің атқарылуына талдау жасау. Мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорынның, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі процесіндегі орын алған бұзушылықтарды алдын алу, айқындау бойынша нақты міндеттерді қоя білу.

Джрауова К.С- аға оқытушы, э.ғ.к







в) Салықтық әкімшіліктендіру

SA 4308






















1.Пререквизиті: «Салық және салық салу», «Қаржы»

2.Постреквизиті: -

Пәннің мақсаты: Салықтық әкімшіліктендіру жүйесінің теориялық негіздерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Салықтық әкімшіліктендірудің экономикалық мәні мен функциялары, мемлекеттік салық қызметінің ұйымдастыру ерекшеліктері, шетелдегі салықтық әкімшіліктендіру жүйесінің ерекшеліктері, салықтық әкімшіліктендіру жүйесін талдау. Ақпараттық салық интеграциялық жүйесінің ерекшеліктері. Салықтық әкімшіліктендіруді жетілдірудің негізгі бағыттары. Салықтық әкімшіліктендіру механизмнің жетілдіру жолдары

Құзыреттілігі: Салықтық механизмдердің жетілдіру жолдарын және мемлекетті бюджет-салықтық саясат арқылы реттеуді игеруі тиіс

Күтілетін нәтиже: Салықтық жүйеде салықтық әкімшілендіру шараларын ұйымдастыра білу және салықтық заңдылықтарды білуі тиіс.

Джрауова К.С- аға оқытушы, э.ғ.к




БЛОК 2 - «Банк ісі» білім алу траекториясы бойынша




Оқуға түскен жылы: 2011




1

а) Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар

UMBI 4210

БП

3

5

4

7

емти-хан

тест

1.Пререквизиті: «Ақша,несие, банк», «Банк ісі», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық менеджмент»

2.Постреквизиті: -

3. Пәннің мақсаты: Банктік инвестициялар туралы теориялық және практикалық білім беру.

4. Қысқаша мазмұны: Экономиканың нақты секторында және бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтерінің негізгі бағыттары. Инвестицияларды ұзақ мерзімді несиелеу үшін банктік ресурстардың қалыптасу тәртібі. Күрделі қаржы жұмсау – экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді несиелеу объекті. Коммерциялық банктердің инвестициялық жобаларына экспертиза жасау тәртібі. Банктік тәуекелдерді жіктеу, банктік тәуекелдердің пайда болу көздері. Банктік тәуекелдерді азайту әдісі.

5. Құзіреттілігі: инвестициялардың және инвестициялық қызметтің негізгі түсінігін біліп; бизнестің инвестициялық ортасын, банктік ұзақ мерзімді инвестицияларды тартудың негізгі көздері мен құралдарын; экономикадағы банктің ұзақ мерзімді инвестицияларының рөлін және инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды бағалап, инвестициялау тәсілдерін қолдана алады.

6. Күтілетін нәтиже: Студенттер банктік инвестициялардың макро және микро деңгейде пайдаланылу механизмін жүзеге асыруға дағдыланады.

Айдосова Б.Х- аға оқытушы, э.ғ.к







б) Төлем жүйесі

ТZh 4210






















1.Пререквизиті: «Ақша,несие, банк», «Банк ісі», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық менеджмент»

2.Постреквизиті: -

3. Пәннің мақсаты: студенттердің төлем жүйесінің негізгі түсініктері мен тәсілдері туралы толық білім алып, қолма қол-қолма қолсыз төлемдерді жүзеге асыру үшін теориялық зерттеулерді қолдана білуге үйрету.

4. Қысқаша мазмұны: төлем жүйесінің негізгі түрлерін ашу, төлем жүйесінің айналымының ұйымдастырылымын оқу, олардың қызметтерін қарастыру, төлем жүйесінің дамуының мәселелері оларды шешу жолдарын анықтау

Студенттер мемлекеттің төлем жүйесін және банктердің төлем жүйесін оқып үйренуге даярлық ретінде қарастырылады. Студенттер банкаралық төлемдермен танысып, төлем жүйесінің механизмімен және төлем құралдарын қарастырады



жүктеу 477 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау