ОӘК төрағасы _____________________ У.Д. Буркитбаева (қолы) КЕЛІСІЛГЕН Факультет деканы ______________ К.К. Ахметов «____»___________200__ж.
(қолы) (күні)
ОПиМО Келісілген
ОПиМО _______________А.А. Варакута «____» __________200__Ж.
Пәннің мақсаты: Дене мәдениеті және спорт бойынша әр түрлі құрылымдық мекемелерге студенттерді волейболдан кәсіби- педагогикалық, жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарына дайындау.
Пәннің тапсырмалары:
Спорттық машықтанудың ілімі, әдістемесі және тәжірибесі бойынша білім беру;
Волейболды оқыту әдістемесінде және волейбол ойының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру;
Қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша спорттық киімін ұқыпты ұстаудың гигиеналық нормаларын таныстыру және оларды орындауда дағдыны қалыптастыру;
Әр түрлі ойын жүйесі мен ойын сәттері кезінде, ойыншылардың алаңдағы практикалық өзара әрекеттестігі байланысты дағдыны қалыптастыру және білім беру;
Оқу- жаттығу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау бойынша біліктілікті қалыптастыру;
Студенттерді әртүрлі жастағы топтармен жұмыс істеуге ауызша және тәжірибе жүзінде дайындау;
Спорттық дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіздері және ғылыми- зерттеу жұмыстары бойынша дағдыларды қалыптастыру.
Студенттер «Мамандыру» пәнін практикалық және ауызша жағынан толық оқуы үшін мынандай пәндер бойынша білім алуға тиіс: спорттық морфология, биомеханика, педагогика, спорт психологиясы, жастық және жалпы физиология, анатомия, биохимия, дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі.
5В010801, ЗФКиС- 201с - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына қатысты пәндерді оқыту барысында волейбол мамандығын меңгерген студенттерге келесі пәндер «Спорт түрлерінің физиологиясынан», «Спорт ілімінен», «Спорт социологиясынан», Педагогикалық және Жаттықтырушылық практикадан.
Оқу барысында волейбол саласындағы болашақ маманға мынадай біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру қажет:
Волейболшыларды дайындаудағы спорттық машықтанудың ілімдік, әдістелік және тәжірибешілік негіздерін білу.
Дене жүктемелеріне бейімделу және жекелей ерекшеліктерін енскере отырып, әр түрлі жас топтарындағы волейболшылардың спорттық дайындықтарын басқару әдістемелерін және құралдарын меңгеру.
Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру.
Волейбол ойынның техника- тактикалық тәсілдерін игеру және төртінші курста жоғарғы шеберлікке жету.
Әр түрлі спорттық дәрежедегі спортшылар үшін машықтану процесн құру, үйрету әдістемесін игеру (микро-, мезо-, макроциклдерді құру).
Команданы басқару, ғылыми- зерттеу жұмыстарына байланысты дағдыларды игеру.
Бағдарлама студенттердің волейбол командаларының спорттық жаттығуын, воллейболды оқыту әдістемесі мен ілімін оқып- үйренуін, әр түрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық, ұйымдастыру жұмыстарын атқаруы үшін кәсіби- педагогикалық дағдылары қалыптастыруды қарастырады.
Воллейболдан оқу жұмыстары, дәрігер, семинар, әдістемелік және тәжірибелік сабақтар, педагогикалық- ұйымдастыру тәжірибелі, спорттық шеберлікті көтеру сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде өткізіледі.
Ақпараттық және мәселелік дәрістерде воллейболдың даму тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, волейболдың техникасы мен тактикасы, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлұматтар хабарланады.
Семинар сабақтары әр түрлі бейне материалдары көру, педагогикалық және жаттықтырушылық тәжірибелерді талдау, оқу құжаттарын құрастыру, баяндамалар, хабарламалар, пікір таластар түрінде студенттердің алған білімдерін бекіту үшін өткізіледі.
Студенттердің оқытушымен бірлескен жұмысы теориялық білімді бекітуге және тереңдетуге себін тигізеді, оқу- әдістемелік және тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқыту процесінде педагогикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға жағдай туғызады.
Практикалық сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын ұтымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдістемесін меңгереді, жалпы және арнайы дене дайындығының тәсілдерін оқыту әдістемін оқиды.
Жаттықтыру және үйрету әдістемесінен, тактика мен техниканы негіздерінен студенттердің алған білімдерін нақтылайтын және тереңдететін әдістемелік сабақтар негізгі сабақтың құрамдас бөлігі болып табылады. Жастары және дайындық деңгейі әр түрлі топтағы шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.
Оқу практикасы студенттердің жоғарғы оқу орнында оқыған кездерінің барлық кезеңінде практикалық сабақта жүргізіледі. Оқу практикасы бойынша сабақта жетекші оқытушы студенттерге педагогикалық шеберлікті қалай меңгеру керектігін үйретеді, әр түрлі әдіс- тәсілдерді көрсетеді, студенттерге жаттығудың орындаоуын қалай бағалау керектігін, қатлктерді анықтап. Оның алдын алу жолдарын үйретеді, ұйымдастырушылық әрекеттерін дамытады.
Бакалавр білуі керек:
дене шынықтырудың жалпы және ерекшілік қызметтері дене шынықтырудың қоғамдағы әр түрлілігі мен құрылымы, дене тәрбиесі негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;
дене шынықтырудың бала тәрбиесі жүйесіндегіі мектепке дейінгі мектеп жасындағы балалар, жастар, орта және егде жастағы адамдарды тәрбиелеудегі ролі;
спорттың мәні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет тету жағдайы даму бағыттары, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінің негізгі спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;
дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық- зерттеулерді қорытындылау логикасын, ғылыми- зерттеулерге деге жалпы ғылыми және интеграциялық көзқарасын;
дене шынықтыру сабақтарының медициналық- биологиялық және психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіру;
спорт түрлеріне арналған кешендер мен дене шынықтыру қондырғыларымен құру принциптері, теориялық негіздері, жоспарлауды есептеу және орналастыру туралы;
қазіргі кәсіби спорттық құқықтық негіздері мен даму ерешеліктері;
қазақ халқы мен басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын.
Істей алуы керек:
әдістемелік тұрғыдан жоспарлай, бақылай және басқара білуі тиіс: әр түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау және дене тәрбиесі процесін, спорттық дайындық деңгейін (дене, әдіс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктіктерін байқау;
дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру – бұқаралық жұмыстарын іске асыру;
салауатты өмір салтын және дене шынықтыру спортпен шұғылдануды насихаттау:
дене шынықтыру мен спортты басқарудың түрлі деңгейінде менеджмент пен маркетингті ғылыми ұйымдастыру;
дене шынықтыру және спортты дамытуды жоспарлау;
дене шынықтыру және спорт бойынша ғылым мен бағдарламалық әдістемелік қамтамасыз ету дамуына басшылық жасау;
Дағдысы болу керек:
әр түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми түрде негіздеу, жоспарлау, бақылау және дене тәрбие процесін, спорттық дайындық деңгейін (дене, әдіс, тәсілдік, психологиялық және қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайындағы спорттық біліктіктерін байқау;
дене жаттығуларын, тәсілдік қимылдарды орындауды көрсету дағдылары мен шеберлікке үйрету бойынша;
медициналық- биологиялық, психологиялық- педагогикалық және зерттеу әдістері бойынша;
түрлі жастағы, жыныстағы, поттық біліктіктегіне байланысты ағзалардың физиологиялық мүмкіндіктерін дене жүктемелерінің біркелкілігі мен тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруда түрлі тәсілдерді қолдана білу;
спорттық іріктеу, болжау әдістері, модельдеу мен мониторинг бойынша;
Жетік білуі керек:
түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктіктегі тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруда түрлі маңызды міндеттері, тәсілдері іске асыруда;
дене шынықтыру және спорт бойынша оқытуда, тәрбиелеуге, сауықтыруда түрлі мағ\ңызды міндеттері, тәсілдері іске асыруда;
дене шынықтыру мен спорт бойынша оқытуда, тәрбиелеуге сауықтыруда және спорттық жаттығуларды инновациялық технологияларды;
дене тәрбиесінің ағзаның қызметтік және бейімделу қасиеттеріндегі әсер ету ерекшеліктерін;
оқушыларды тәрбиелеуге, сауықтыру және түрлі жастағы тұлғалардың дене шынықтыру мәселелерін басқару;
дене күш және спорттық дайындық оңтайландыру мәселелерінде сыртқы факторларының табиғи жағдайларын, педагогикалық, медициналық- биолиялық бақылауды тиімді пайдалану;
дене шынықыру қозғалысының түрлі буындарында жұмысты жүргізу;
салауатты өмір салты мен дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды насихаттау;
дене шынықытру мен спортты басқарудың деңгейінде ғылыми тұрғыда менеджмент пен маркетинг ұйымдастыру.
2. Пререквизиттер: теория және физикалық тәрбиелеу әдістеме, адам физиологиясы, анатомия, педагогика, психология.
Топталған, дара жұмыстардың түрлері. Бағыт аяғысы бойынша білімдердің меңгеру бақылауына арналған студенттермен емтихан беруі алдын ала ескертілген .
Пәннің тақырыптық Нысан
жоспары СО ПМУ 7.18.2/07
3. Пәннің мазмұны
3.1. Пәннің тақырыптық жоспары
(Күндізгі және сырттай оқытудың ЖОБ, ОМБ, ЖМБ базасында)
|
№
|
Тақырыптың аты
|
Сағат саны
|
|
Дәріс
|
Тәж.
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Кіріспе.
|
1
|
1
|
19
|
2
|
Волейбол негіздері.
|
1
|
1
|
19
|
3
|
Ойын ережесі, құралдар және жабдықтар.
|
1
|
1
|
22
|
4
|
Техникалық әрекеттердің жіктелуі.
|
1
|
1
|
18
|
Барлығы: 90 часа
|
6
|
6
|
78
|
Достарыңызбен бөлісу: |