Жұмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»



жүктеу 13,97 Mb.
бет10/11
Дата11.02.2018
өлшемі13,97 Mb.
#9358
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жүректің сыртқы сылауы
Сылау кезіндеде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшінқолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см кысады. Әрбір жанши қысудан кейінқолды кеудеден алмай босаңсытады. Мұндай қозғалыстар минутына 60- тан кем болмауы тиіс.
Жүректің сыртқы сылауы.


Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі. Бұл жағдайда зардап шегшіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды, ал екіншісі "мұрынға- ауыз" әдісіменмен жасанды тыныс алдыружүргізеді. Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қ,ысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі:

Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт — бес рет қысу, одан кейін ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасанды тыныс алдыру клиникалык өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың(тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады.


Жасанды тыныс алдыру жәнс журекті жанама сылау а) ауа жұту; б) ауа шығару


Жасанды тыныс алдыру мен жүректің сыртқы сылауын түсіндіріп және көрсетіп болған соң студенттерді сапқа қойып 2 топқа бөледі.

1 топ зардап шегушілер

2 топ медициналық көмек көрсететіндер.

Студенттер кезектесе отырып жүректің сыртқы сылауы мен жасанды тыныс алдыру шараларын өз беттерінше жүргізеді.




2-сұрақ: « Алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасын пайдаланып, өзіне және өзара көмек көрсету» - 30 минут.

Оқытушы студенттерге медициналық қобдиша ішіндегі дәрілер құрамы жазылған бақылау парақтарын және қандайда бір жарақат түрін айтады ( вводная), студенттер өзіне және өзара көмек кезінде қандай дәрі-дәрмектерді, құралдарды пайдаланатынын параққа толтырады.




Алғашқы көмек көрсететін қобдишадағы дәрі-дәрмектер мен құралдар тізбесі

Өзіне және өзара көмек көрсету ережесі

1. Жарақат кездерінде жасыздандыру, қабынуға және шокқа қарсы дәрілер.

1.1. Анальгин 0,5 – 1 қорап.

Аспирин 0,5 - 1 қорап.

1.2. Портативті гипотермиялық пакет-контейнер - 1 дана.

1.3. Сульфацил натрий ерітіндісі-1 фл.
2.Қан тоқтату, жараны өңдеу заттары

2.1.Өзіне және өзара көмек көрсеткенде артериялық қанды тоқтатуға арналған жгут - 1 дана.

2.2. Стерильді бинт 10х5 -1 дана.

2.3. Стерильденбеген бинт 10х 5 – 1 дана.

2.4. Стерильденбеген бинт 5 х 5 – 1 дана.

2.5. МАГ иоксидині немсе күміс нитраты бар атравматикалық 8 х 10 бинті- 1 дана.

2.6. Бактерицидті лейкопластырь 2,5 х 7,2 немесе 2 х 5 - 8 дана.

2.7. Венозды және капиллярлы қанды тоқтататын фурагині бар 6 х 10, 10 х 18 «Колетекс ГЕМ» стерильді сальфеткалары - 3 дана.

2.8. 5 %- иодтың спиртті ерітіндісі-1 фл

2.9. Лейкопластырь 1 х 500 немесе 2 х 500 см – 1 дана.

2.10. медициналық эластикалық бинт -№1, 3, 6 - 1 данадан.

2.11. мед. Мақта 50 гр -1 қорап.


3. Жүрек ауырғанда қолданылатын дәрілер.

3.1. Нитроглицерин таб.№ 40 немесе капсула № 20 - 1 қорап.

3.2. Валидол таб. немесе капсула -1 қорап.
4.Клиникалық өлім жағдайында қолданылатын жүректі-өкпелік реанимация заттары.

4.1. Жасанды тыныс алдыруды жүргізетін « Рот-устройство-рот» қондырғысы.

5.Коллапс кезінде қолданылатын дәрілер.

5.1. Аммиак ерітіндісі - 1 флакон.


6.Тағаммен уланған кезде дезинтоксикация жасайтын заттар.

6.1. Энтеродез - 2 қорап

немесе белсендірілген көмір – 1 қорап.


1.Жарақаттар:

Соғып алу, буын таю, сүйек сынықтары, сүйек крепитациясы, ашық сынық кезінде сүйектің сыртқа шығып кетуі.

Жансыздандыру _____, шиналар және де басқа да заттармен иммобилизация жасау, жарақат алған жерге суық қою _____.
2. Жарақаттар және қан ағу.

а) артериальді қан ағу кезінде жарақаттың жоғарғы жағынан жгут салу _____, салынған уақытын көрсетіп, жарақатты таңып-байлау __________________.

Зақымданған жерді иммобилизация жасап жансыздандыру ______.
б) венозды қан ағу кезінде жарақатқа сальфетка салып _____ немесе статин ұнтағын сеуіп _____ бинтпен қысып байлау ______________.
в) Жарақатты стерильді бинтпен байлап __________, жасыздандыратын дәрілер беру _________.
Ұсақ жараларды иодпен өңдеп ______, бактериоцидті пластырь жабыстыру _______.

3. Күйіктер.

Ауқымды күйіктерде күйген жерге стерильді бинтті таңу _____, жансыздандыру _____. Сілтілі 1 стакан су беру. Локальді күйіктерде байланған жара үстіне ______ гипотермиялық пакет салу ______.
4.Жүрек ауырған кезде 1 таб. валидол ______ немесе нитрглицерин _____, корвалол ______ 50 мл суға 15 тамшы қосып.

5. Адам естен танған кезде оны жерге жатқызып, аяқтарын жоғары көтеріп аммиак ерітіндісін иіскету керек.


6. Асқазанды жуу, 1 қорап энтеродезді ______ 100 мл суда ерітіп ішкізу.

3-сұрақ: «Жарақаттар. Жұмсақ тканьдер зақымданғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» - 35 минут

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің – аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы.

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану – бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарқаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).

Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттанушылық өндірістік (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы), өндірістік емес (тұрмыс, спорт, көше,көлік) және әскери болып бөлінеді.

Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Алғашқы медициналық көмек

Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз, егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

Буынның шығуы – бұл буындағы сүйектерді ажырататын буынның үстіңгі жағының анатомиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі. Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады. Буынның шығуы толық және жартылай шығу (таю) болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге, кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.

Буынның шығу белгілері

Домбығу, буынның табиғи емес пішіні, өзгеруі, буын төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.

Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компрес қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз, бұл буынның домбығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап, жатқызуға тырысыңыз.
Ұзақ қысуда болудың салдары

Зілзала және апат аудандарындағы құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, сынықтардың астынан жылдам алып шығуға әрекеттену әрдайым сәтті құтқаруға әкелмейді. Аяғы бір тәуліктен астам қысылған адамның босатылған соң бірнеше минуттан кейін жарық дүниемен қоштасуы құтқарушыларды түсінбестік пен өкінішке қалдырғанын елестетіп көріңіз.

Көптеген ғасырлар бойы осы құбылыстың қайғылы тұстары жұмбақ болып келді. Тек XIX ғасырдың аяғы мен бірінші және екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ғана дәрігерлер тамырлар сығылған кезде қысылған аяқ-қолда ұлпалар алмасуының, ыдырауының және бұзылуының жете тотықтанбаған өнімдерінің тез жиналатындығы туралы қорытындыға келді. Босағаннан және қан айналымы қалпына келген бойда-ақ организмге таксиндердің үлкен мөлшері барады.

Зардап шегуші жағдайының ауырлығы сонымен қатар зақымдалған аяқ-қолға босаған кезде сұйықтың орасан зор көлемінің (2-3 литр дейінгі плазма) ұмтылатындығымен ушыға түседі. Аяқ-қолдың көлемі күрт үлкейеді, бұлшық еттің кескіні жоғалады, домбығудың тығыздықтың таңқаларлық дәрежесіне жететіндігі соншалықты аяқ қаттылығы бойынша және жәй тықылдатқан кезде шығатын дыбысы бойынша ағашқа ұқсайды. Жіліншіктегі тамыр соғысы өте сирек білінеді. Сәл қозғалғанның өзі сүйектің сыну белгісінсіз-ақ жан-дүниені сырқыратады. Зақымдалған аяқ-қолға плазманың үлкен көлемінің өтуі (айналымдағы 30% дейін) күре тамыр қысымын айтарлықтай төмендетумен қатар, токсиндердің шектен тыс көлемінің жинақталуын туғызады.

Осындай қарама қайшылық (организмнен босаған аяқ-қолға ал улы ыдырау өнімдері мен миоглобин зақымдану аймағынан тамырлар арасына қарай жөңкиді). Жүректің барлық органдары мен қызметін күрт бұзуға алып келеді. Нақ осы жәйт зардап шегушіні үйінділер мен қирандылар арасынан алып шыққанына кейінгі алғашқы минутта жарық дүниемен қоштасулар себеп болады.

Ұзақ қысымда болу салдары кезіндегі басқа қатарлы дерт-бұлшық ет талшықтарының зақымдану нәтижесінде қанда бос миоглобиннің пайда болуы.

Миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпашыларын зақымдайды. Бұл бүйректің жұмысын қиындатады, дәреттің бөлінуі толығымен тоқтайды соның салдарынан зақымданушы қаза болады.

XIX ғасырдың басында құтқарудың бірден бір шарты босағанға дейін қысылған аяқ-қолға алдын ала күйдіргі қою еді, бұдан кейін міндетті түрде ампутация (кесіп алу) жүргізіледі, егер бұл шара өмірді сақтағанның өзінде де өмірлік мүгедектікке душар етеді.

Мұндай сәттердің өзі сирек болғандықтан да, тағдырдың сыйы ретінде қабылданады.

Сол уақыттың өзінде де, зардап шегуші толық босағанға дейін суды көп ішіп, ал қысылған аяқ-қол суықта болса онда оның домбығуы мен улану дәрежесі едәуір төмен екендігін байқаған болатын. Бақытқа орай, осындай аяқ-қолды сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Соңғы жылдары ұзақ қысуда қалу салдары кезіндегі тірі қалу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Көптеген елдердің құтқарушы қызметтері мен медициналық апат қызметтері құтқарудың жаңа әдістерін меңгереді.

Сөйтіп, кедергіні бірден жоюдың қажеттігі жоқ болып шықты. әуелі плазмаларды айырбастайтын ерітінділерді тамырдың ішіне енгізуді жолға қою қажет. Ал ол жоқ болса сусынды көп ішкізген жөн. 1,5 – 2 литр сұйықты тамшылай енгізу қорғаныстық күйдіргілерді қоймаларға және аяқ-қол сақтауға мүмкіндік береді.

Суықты қолдану болжамды жақсартады. Шығарғаннан кейін бірден кешіктірмей бүкіл аяқ-қолды таңып тастау қажет (қолды иық белбеуіне дейін, аяқты табаннан шаптың жарығына дейін) және сөйтіп қосымша қысатын қан жасайды. Бұл тек домбығуды ғана әлсіретпейді, сонымен қатар қайта бөлінетін плазма көлемін шектейді.

Барлық ықтимал құралдармен сырқырауды тоқтату және көлік шиналарын қою да көмек көрсетудің қажетті шарттары.

Шиналар сүйектердің зақымданғандығына немесе зақымданбағандығына қарамастан қойылады.

Оқиға орнында көмек көрсету

Оқиға орнындағы көмек екі кезеңмен көрсетіледі.

Бірінші кезең бірнеше сағатқа созылуы мүмкін және қирандылардың астында қысылып қалған аяқ-қолды қалайша жылдам босатуға байланысты.

Бақытсыз жағдайлардың алғашқы минуттарынан бастап зақымданған аяқ-қолға мұз немесе қар салынған пакеттер қойып, қаттырақ таңады (егер оған мүмкіндік болса) және зардап шегушіге барынша көбірек ыстық сусын беру қажет. Бұл жағдайда көмек көрсету бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.

Жер сілкінісі мен апат аймағында жұмыс істейтін кәсіби құтқару командаларының құрамында міндетті түрде арнайы үйретілген адамдар болады, олардың іс-әрекетінің мәні – үйіндіде қысылған адамның қолына қалайда тезірек жету және плазма айырбастау сұйықты тамырдың ішіне енгізу. Ал оның артынан арнайы техникамен келе жатқан оның жолдастары аса сақтықпен, дабырасыз зардап шегушіні үйінді астынан алып шығады. Осындай әдіс сан мыңдаған өмірді құтқаруға мүмкіндік береді.

Екінші кезең – босатқаннан кейін көмек көрсетуді мүмкіндігінше азайту. Қатты таңып тастау, көлік шиналарын қою және қан айырбастағыш сұйықтарды енгізу, зардап шегушіні міндетті түрде «жасанды бүйрек» апараты болуға тиіс реанимация орталығына тез жеткізу істің сәтті аяқталуына үміттендіреді.


КЕУДЕ МЕН ІШТІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ

Кеуде жарақаты ашық және жабық болып бөлінеді.

Кеуденің жабық зақымдалуы.

Зақымдалудың осы түрінің ауырлығы кеуде құрылымының зақымдалу, өкпенің сыдырылу деңгейіне байланысты (төс, қабырға).

Жеке қабырғаның сынуы жөтелген және дем алған кезде, сынықтың төңірегі қысылған кезде қатты білінетін шаншумен сипатталады. Зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.

Көптеген, әсіресе қабырғалардың екі жағының сынуы кеуде клеткалардың тыныс жолдарын бұзады және оттегінің жетіспеуіне және ауыр жағдайға ұшыратады.

өкпенің зақымдануы гемо және пневмотораксқа, шелдің ауаға толуы мен қан түкіруге алып келеді.

Ірі тамырларға қан қысымының күрт көтерілуінен және көк тамырдың қанға толу салдарынан жарақаттан тұншығу пайда болады.

Ол пайда болған кезде беттің және мойынның терісі күңгірт қызыл түске енеді.
Кеуденің жарақаты

Кеуде жарақаттары атыс қаруынан немесе басқа заттардың салдарынан пайда болады. Бұл жарақаттар плевра қуысының сыртында немесе ішінде болуы мүмкін.

Кеуде жарақатының ауырлығы қанның кету көлеміне, тыныс алу мен қан айналымының бұзылу, жүйке-рефлекторлық сырқаттану дәрежесіне байланысты.

Осының барлығы кеуденің ішіне өтіп кеткен жарақаттан көрінеді. Кеудеге өткен жарақаттар кезінде клеткалар ашық пневмоторакс құрайды. Ашық пневмоторакс кезінде атмосфера ауасы жарақат тұсындағы плевра қуысына еркін кіреді, бұл ауа жұтқан кезінде кеуденің әлсіреуіне және ауа шығару кезінде оның шамалы жиырылуына алып келеді. Мұндай жарақаттар ентікпе, жүрек қызметінің әлсіреуі сияқты қиын жағдайға алып келеді. Жарақаттанған адам мазасыз тұншығуды, мойын көк тамырларының қабынғанының, жүректің лүпілін, кілегейлі қабықтардың көгеруін сезінеді.

Плевра қуысындағы гемоторакс кезінде, қанның ағуы өкпенің әлсіреуіне және аралық перденің жылжуына алып келіп, сол арқылы тыныс алу мен қан айналымының ырғағын бұзады. Жарақаттанушы бозарады, күре қан тамыры қысымы төмендейді, жүрек лүпілі күшейеді, ентігеді. Жарақаттанушының халі мүшкіл, тамыр соғыстарының жиілігі өте жоғары.

Алғашқы медициналық және дәрігерлікке дейінгі көмек есінен айырылған адамның зейінін қалпына келтіруге, тыныс және жүрек қызметін әлсірететін кесапат құбылыстарды жоюға бағытталған.

Ашық жарақат кезінде кеуде клеткаларынан қан аққан кезінде қаты таңғышты қою, ашық пневмоторакс қымтағыш таңғышты қою, сырқатты басатын және жүрекке жәйлі дәрі-дәрмекті енгізу аса маңызды.

Кеуде клеткалары зақымдалған сырқаттарға (сүйек пен төстің сынуы, кеуде клеткаларының сығылуы) барынша еркін дем алу сәтінде қатты таңғыш байлайды. Тізерлей отырғызып сырқатты басу үшін егеді (2 % - 1 мл промедол).



4- сұрақ: «Сүйек сынуы және буындар таюы. Зақымданғандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек» - 35 минут

Сүйектің сынуы бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқын-шақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады.

Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сынықтарға жұқпалы аурулар тез таралады және іріңдеу-қабыну процессінің дамуымен ушыға түседі.
Сүйектің сынуының белгілері:

Жабық сынақ кезінде:



  • сүйек сынған жердің сырқырауы;

  • аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

  • сүйек сынған жердің қанталуы мен домбығуы;

  • аяқ-қол қызметінің бұзылуы;

  • буындар арасындағы аяқ-қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.

Ашық сынық кезінде:



  • аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

  • жарада сүйек жарқыншақтарының болуы;

  • жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;

  • аяқ-қолды қозғалтқан кездегі сырқырау.

Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмайды, ашық сынық кезінде сүйек сынған жерде жарақат болады. Алғашқы медициналық көмек кезінде сүйек сынған жерді қозғалтуға болмайды.

Сүйектің таюын болдырмау үшін жарақатта таңғыш қою мақсатында киім мен аяқ киімді шешүге, оларды кесуге және сынған жерді босатуға болмайды. Егер ашық сынық кезінде қан ақса, оны тоқтатқаннан кейін, жараға тазартылған таңғыш қою қажет. Ашық және жабық сынық кезінде сырқатты басатын дәрі-дәрмек беріліп, будан кейін табельдік немесе қолда бар құралдардың көмегімен иммобилизация жүргізу қажет.

Сырқатқа қарсы дәрі-дәрмекті егу жеке қобдишадағы немесе үй қобдишасындағы анальгетиктерді, шприц-түтіктерді (анальгин, пенталгин, трепан, баралгин және т.б.) қолдану арқылы жүргізеді.


Аяқ-қол сынған кездегі алғашқы медициналық көмек

Сүйек сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгісі ұш зақымданған сүйектің әдісті орындау қажет жағының тыныштығын қамтамасыз ету, яғни иммобилизация болып табылады, сол үшін табельдік шина қолданылады немесе қолда бар заттар: тақтай, таяқ, үйеңкі, түрмыстық заттар пайдаланылады.

Тыныштық болуы үшін шина немесе қолда бар зат жоқ болса, аяқ-қолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады (қолды тігінен бүгеді) немесе байламға, белбеуге іліп қояды.

Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шинаны (немесе колда бар затты) сынықтың екі жағының да қозғалысын болдырмайтындай етіп (сынықтың үстіңгі және астыңғы жағы) қою қажет. Сүйектің шығыңқы жерінде шинаның астына жүмсақ мақта немесе жайлы мата қояды.

Шинаны (қолда бар материалды) мақтамен жауып, дәкімен орайды (матамен, киім кесіндісімен), бұлай етү сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.

Қандай да бір қосалқы материал жоқ кезде имммобилизацияны зақымданған аяқ-қолды дененің сау мүшелеріне: қолды денеге, төменгі жақты сау аяққа байлау арқылы жүргізген дұрыс.


Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:

  1. Иммобилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.

  2. Шинаны бірден жалаңаш аяқ-қолға қоюға болмайды. Олардың үстіне алдын ала мақта қойылуға тиіс.

  3. Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек (мысалы сирақ сынған кезінде сирақ табан және тізе буындары бекем байланады).

  4. Сан сынған кезде аяқ-қолын барлық буындарын бекем байлау қажет (тізе, сирақ-табан, сан-жамбас).

Саусақ түйіспелері мен буын сүйектерінің ашық сынығы кезінде жараға тазартқыш таңғыш қойғаннан кейін алақанға саусақтар жартылай бүгіліп тұру үшін дәкімен оралған тығыз мақта түйірін қояды. Білекке, қолдың шашақты ұшына және саусақтарға үйеңкі, картон немесе саты шинасын қояды, қолды орамалға іліп қояды.



Білек сүйегі сынған кезде шинаны саусақтарды қамти отыра иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалмауын қадағалап, байламға іліп қояды

Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік сынған кезде саты шинасымен немесе қолда бар құралдармен иммобилизация жүргізіледі.

Шинаны зақымдалған қолға қоюға ыңғайлы болатындай ретпен қиылыстырады. Қолды байламға орайды.


Бұғана сынған кезде кәрі жілік төңірегіне арқаға немесе Дезо бинт таңғышына байланатын екі мақта-дәкі шығыршығын қояды. Қолды орамалға іліп қояды.

Табан сүйектері мен сирақ-табан буындары сынған кезде иммобилизация үшін саты шинасын немесе қолда бар қурал пайдаланады. Шинаны әуелі табанның өкшесі мен сирақтың артқы жақ үстіне қоюға ыңғайлы болатындай етіп бүгеді.Өкше сүегі үшін үңгіме жасайды, оған өкше сүйегіне қысым түспеу үшін мақта салады. Бұдан кейін шинаны аяқ-қолға салады және сирақтың төменгі тұсы мен табан арқылы бинттің сегіздік тәріздес орамдарымен бекітеді, оны бинттің шеңберлері орамдарымен сирақтың үстіңгі тұсында аяқтайды. Табан тік бұрышпен сираққа мығым байланұға тиіс.

Үйеңкі кесіндісімен және ағаш рейкалармен иммобилизациялау кезінде оларды сирақтың устіңгі тұсынан бүйірлей табанның өкшесіне дейін қояды: біреуін сыртқы жағынан, екіншісін ішкі жағынан соң табанды мықтап бекітіп аяқ-қолға орайды. Шығыңқы сүйек ұшына кесінділер тиетін жерге мақта салады.

Сирақ сүйегі сынған кезінде иммобилизацияны сирақөтабан және тізе буындарының қозғалмауын қамтамасыз ете отыра, сирақ-табан буындары зақымданған кездегідей жүргізеді. Шинаны немесе қолда бар құралды табаннан санның үстіне сәл жақындатып қояды.

Егер төңіректе иммобилизация үшін ыңғайлы зат кездеспесе, зақымдалған аяқ-қолды сау аяқ-қолға байлап тастауға болады.
Санның сүйегі сынған кезде ең жақсы көлік шинасы Детирихс – шинасы болып табылады. Шина ұзындығын оңай өзгертүге болатын екі ағаш шинадан тұрады және бұрамасы бар ағаш өкшеден тұрады.
Бұл шинаны киімнің үстіне қояды және ағаш өкшені сырқат аяқтың табанына байлаудан бастайды (аяқ киімді шешпейді). Зардап шегушінің бойына қарай шинаның қажетті ұзындығын таңдайды: шинаны сыртқы жағы (ұзын) сабы мен қолтықтың арасына тірелуге тиіс. Ал оның қарсы жағы өкшеден 12-15 см шығуы қажет. Бүйірдегі шинаны әуелі ағаш өкшенің ілгек арқылы өткізеді, содан кейін шаптың төңірегімен қолтықтың астына қояды. Өкшенің астына шинаның төсемдері қиғаш тақтайшамен бекітіледі. Шинаны аяқ пен денеге енді бинтпен, белбеумен, орамалмен және т.б. орайды. Табан, сирақ және тізе төңірегіндегі сүйектің шығыңқы жеріне мақта түйнегін немесе мата орамын қояды. Ағаш өкшеден саптың туйістіретін қуысына мықты екі қабат бау өткізеді оны байлау арқылы аяқ-қолды түзейді.
Омыртқа зақымдануы

Омыртқаның сынуы – қатерлі жарақаттардың біреуі. Омыртқа жоталары жарақаттанған кезде омыртқаның өзінің зақымдануы ерекше назар аударады қажет етеді. Мұндай сырқаттардан тағдыры көп жағдайда оқиға орнында көрсетілген алғашқы көмекке байланысты. Жұлын буын сабақтары мен омыртқа денелерінен құрылған арнайы қуыста орналасқан. Омыртқа жотасы зақымданған кезде жұлын зақымдалуы мүмкін. Жарақат кезінде жұлын мен оның қаптары сыдырылуы, қысылуы және үзілү мүмкін.

Жұлынның зақымдануы аса қауіпті, сондықтан аса қажетсіз жағдайда оны мазалауға болмайды. Егер омыртқаның маңайында жара болса, оны тазартқыш таңғышпен жабады. Омыртқасы сынған зардап шегушіні омыртқаны бүгілтпейтін қалқаны бар зембілмен әкеткен дұрыс, ал егер арнайы зембіл жоқ болса, сырқатты етпетінен жатқызады.

Омыртқаның мойын тұсының зақымданғаны хақында күдік болса, бас пен мойындықозғалтпау керек. Бұл үшін стандартты шиналар қолданады. Уақытша Шанц жағасын пайдалануға болады. Мұндай жағаны даярлау үшін көлемі кемінде 90х40 см қалың мақта (2см) қажет. Мақтаны екіге бүктейді және оны мойынға, иек пен желкеге нығыздап бекітеді. Осындай тәсілімен жасалынған жағаны жұмсақ бинтпен мықтап байлайды. Жағаны кесілген картон қанқасын арасына сала отыра барынша қаттырақ жасауға тырысу керек.

Иммобилизациялаудан, қатты байлайтын жаға қоюдан, зардап шегушіні сауатты тасымалдаудан басқа ауруды әлсірету немесе жазу үшін шаралар қабылдау аса маңызды.

III. Сабақты қорытындылау- 5 мин.

Оқытушы өткен сабаққа қысқаша талдау жасайды. Сабақтың тақырыбын, сабақтың мағынасын еске салады. Студенттер сұрақтарына жауап беріп, өз бетінше дайындыққа тапсырма береді.



Әдістемелік істеуді құрастырған

Аға оқытушы Шадибекова А. А.


Бекітемін

ОҚМФА әскери кафедра бастығы
полковник А. Айтов

«___»_____________2012ж.


Әдістемелік істеу

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Дәрігерлік емдеу ісі», мамандықтарының студенттеріне «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша

сабақ өткізуге арналған

Тақырып №7:«Радиациялылық және аралас зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек»
Оқу мақсаты:

1.Сәулелі аурудың даму кезеңдері мен алғашқы белгілерімен тыңдармандарды таныстыру;

2.Ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін қарастыру;

3.Радиоактивті заттардың әсеріне ағзаның қарсы тұруын жоғарылататын тәжірибелік іс-шараларды оқу.


Тәрбиелік мақсаты:оқушылардың АҚ ұйымдастыру мен ТЖ жою бойынша іс-шараларға қатысу кезіндегі белсенді азаматтық позициясы мен білімге талпынысын арттыру.
Уақыты: 2 сағат (100 мин).

Орны: әскери кафедра территориясы.

Әдісі: оқыту, машықтандыру.
Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқамасы

Сабақ әскери кафедра территориясында өткізіледі. Сабақ алдында - сабақ өтетін орынды дайындау, керекті оқу-материалдарының қамтамасыздығын ұйымдастыру.

Сабақ басталғанда оқытушы топқа өзін таныстырады, студенттердің санын және сабаққа дайындығын тексереді. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын және қандай оқу сұрақтары қарастырылатынын атап өтеді.

Сабақтың кіріспе бөлімінде тыңдармандардың назарын иондалған сәулелердің адам ағзасына әсерінен ағзада қайтарымсыз процесстер туындайтынын және өлімге алып келетінін аудару қажет.

Бірінші оқу сұрағын қарастырған кезде сәулелі аурудың бастапқы белгілерін, даму кезеңдерін оқу ұсынылады.

Екінші оқу сұрағын қарастырған кезде жеке дәрі қобдишасының қолдану реті мен инструкциясын оқу. Ары қарай радиациялы және аралас зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету ретін тәжірибелі түрде дағдыландыру және де ластанған аймақтағы сәулелі аурумен зақымдану кезінде медициналық көмек көрсету ерекшеліктеріне ерекше назар аударту.

Үшінші оқу сұрағын қарастырған кезде йодпен емдеуді жүргізуге, радиациялы зақымдану кезінде медициналық қорғаныс заттарын қолдануға оқушылардың назарын аударту. Йодты емдеудің ережелері мен тамақтану гигиенасы бойынша нұсқауларға ерекше назар аудару.

Сабақтың қорытынды бөлімінде оқытушы сабақты қорытындылап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді. Қажетті жағдайда өзіндік дайындыққа қосымша әдебиеттерді оқуға, тақырып бойынша білімді бекіту мақсатында тапсырмалар береді.


Тақырыпты оқыған кезде студенттер тиіс:

білуі:

- сәулелі аурудың даму кезеңдері, бастапқы белгілері;

- АИ-2 инструкциясын білу.
істей алуы:

- радиациялы және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.


Әдебиеттер:

-Оқуқұралы «Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни», Саудабеков К., Лухнова Л., Айкимбаева А.; Алматы: КазГЮУ -1999г.

-Оқуқұралы «Защита населения и территорий в ЧС», В. В. Тарасова, 2003г.

-«Медицинская помощь населению в очагах поражения», Горелов Л. И., Дубровин В. И., 1992г.

-«Защита объектов народного хозяйства от ОМП», Г. П. Демиденко, 1987г.

-«Гражданская оборона». Алтунин А. Т. Воениздат, М., 1980г.


Оқу-материалдарымен қамтамасыздандыру:

-ПМП АИ – табелді қызмет ету заты - әрбір оқушыға.

-Құрал-жабдық класcы: экраны бар мультимедиялы проектор.

-Видеофильм: «Сәулелі ауру».

-Плакаттар: «Сәулелі аурудың даму кезеңдері»
Оқу сұрақтары және уақыты





Оқу сұрақтары

Уақыты (мин)

I

Кіріспе

Сабақты ұйымдастыру және мұғалімінің алғы сөзі.



10 мин

II

Негізгі бөлім:

85 мин




1. Сәулелі ауру, оның бастапқы белгілері.

15 мин

2. Радиациялық және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық қызмет көрсету.

50 мин

3. Халық пен жұмысшылардың радиациялық қорғаныс тәсілдері. Радиоактивті заттардың әсеріне құтқарушылар ағзасының қарсы тұруын жоғарылатудағы алдын-алу іс-шаралары.

20 мин

III

Сабақты қорытындылау

5 мин



  1. Сабақты ұйымдастыру және оқытушының кіріспе сөзі – 10 мин.

Студенттер санын, сыртқы келбеті мен материалды қамтамасыздығын тексеру. Сабақ тақырыбы мен мақсатын өткен сабақтармен байланыстыра оқу сұрақтарын бағдарлау. Кіріспе сөзінде, радиация – электромагнитті толқын немесе бірліктер түріндегі энергия сәулесі екендігін атап өту керек. Радиоактивті ядролар түрленген (бөлінген) кезде әртүрлі сәулелер пайда болады: альфа, бета, гамма-сәулелер, рентген сәулелері, нейтрондар, ауыр иондар. Затпен әрекеттесу кезінде энергия сәулесі мен молекулаларға өтіп, оларды зарядталған бірліктер – иондарға ауыстырады. Ионизациялау нәтижесінде молекулалардың химиялық байланысы үзіліп, соның салдарынан маңызды биологиялық өзгерістер (соматикалық, генетикалық) болады.

Соматикалық (денелі) – сәулелендіруге ұшыраған адам ағзасында пайда болады.

Генетикалық – генетикалық аппараттың зақымдануымен байланысты және келесі немесе арғы ұрпақта шығады: бұл балалар, немерелер және сәулеленуге ұшыраған адамның кейінгі ұрпақтары.



Адам сәулеленуінің радиациялы әсері

Соматикалық әсері

Генетикалық әсері

Сәулелі ауру

Гендік мутациялар

Жергілікті сәулелі зақымданулар

Хромосомды аберрациялар

Лейкоздар




Әртүрлі мүшелердің қатерлі қабынуы



Радиацияның үлкен мөлшері денсаулыққа қауіпті екендігі жылдар өте айқындалып келеді. Атомды проекттермен жұмыс кезінде атом бомбалары жарылған кездегі радиация мөлшерінің жоғарылығы соншалықты, адамдар бірнеше сағаттан кейін немесе бірнеше күннен кейін қайтыс болатын.

II. Негізгі бөлім: 85 мин.

1-сұрақ:«Сәулелі ауру, оның бастапқы белгілері» - 15 мин.

Адам ағзасына басты қауіптің бірі, радиоактивті заттардың адам ағзасына ауамен, су және тамақпен ішке кіруі және сыртқы сәулелендіру.

Қорғау тәсілдерін сақтамаған жағдайда сәулелі ауруды туғызатын сәулелендіру көзі, атомды және сутекті бомбалардың жарылуы, рентген аппараты, циклотрондар, атомды реакторлар, радиоактивті заттар болып табылады.



Сәулелі ауру – бүкіл ағзаға немесе оның бөлімдеріне радиоактивті сәулелендірудің (ішкі және сыртқы) көп мөлшерде әсер етуінен пайда болған адамдар мен жануарлардың жалпы ауруы, нервті-дистрофиялық процесстермен, көптеген симптомдармен және ауру ағымының кезеңдігімен сипатталады.

Әр түрлі сәулелердің ену қабілеттігін схемалық көрсету
Адам денесін бірреттік сыртқы біркелкі сәулелендіру мөлшеріне байланысты жедел сәуле ауруының 4 ауырлық деңгейін ажыратады:

  1. Жеңіл – сәулелену мөлшері 100-200 Р (1-2 Гр).

  2. Орташа ауырлықта – сәулелену мөлшері 200-400 Р (2-4 Гр).

  3. Ауыр – сәулелену мөлшері 400-600 Р (4-6 Гр).

  4. Өте ауыр – сәулелену мөлшері 600 Р жоғары (6 Гр).

Жедел сәуле ауруының ағымын төрт кезеңге ажыратады:



    • біріншілік сәуле реакциясы;

    • көрінбейтін (инкубациялы);

    • айқындалған клиникалық белгілері (аурудың шыңы);

    • айығу (ауру соңы).

Сәулелі ауру дамуының кезеңдері


Сіңіру мөлшері, Грей

Ауру

Көрінісі

Аурудың салдары

0,25-0,5

(25-50 бэр)



Ағзаның бөлек жүйесі жағынан реакция.

Қан құрамының уақытша өзгеруі.

Жағдайы қанағаттанарлық. Қан құрамы қалыпқа келеді.

0,5-1

(50-100 бэр)



Ағзаның бөлек жүйесі жағынан реакция.

Шаршау сезімі, кейде құсу, қан құрамының аз мөлшерде өзгеруі.

Қанағаттанарлық жағдай, денсаулығы қалыпқа келеді.

1-2

(100-200 бэр)



1-ші деңгейлі (жеңіл) жедел сәуле ауруы.

Аз мөлшерде лейкемия, бірінші тәулікте құсу болуы мүмкін.

Жағдайы қалыпты, адам өлімі жоқ.

2-4

(200-400 бэр)



2-ші деңгейлі (орташа) жедел сәуле ауруы.

Бірінші тәулікте жүрек айну, құсу, лейкемия, тері асты қан құйылу.

20% адам өлімі болуы мүмкін, сәулеленуден кейін 2-6 апта өткен соң.

4-6

(400-600 бэр)



3-ші деңгейлі (ауыр) жедел сәуле ауруы.

Жүрек айну, құсу, лейкемия, тері асты қан құйылу (ойық жаралар).

Сәулеленуден кейін 1 ай ішінде 50% адам өлімі болуы мүмкін.

6 жоғары

(600 бэр жоғары)



4-ші деңгейлі (өте ауыр) жедел сәуле ауруы.

Сәулеленуден кейін 1-2 сағат құсу. Лейкоциттер жойылады, тері асты қан құйылу, қанды нәжіс.

100% - өлім жағдайы (инфекциялы аурудан немесе қан құйылудан).

Бастапқы (детерминирленген) және стохастикалық әсерлерге бөлінеді. Біріншісі, қайта өндірілуге немесе қалыпты қызмет ету қабілетін жоғалтқан, сәулелену нәтижесінде өлген жасушалардың саны соңына жеткенде пайда болады, бұл кезде зақымданған мүшенің қызметі бұзылады. Сәулелену мөлшері мен жарақаттану ауырлығының тәуелділігі кестеде көрсетілген.





Адам ағзасына сәулеленудің әртүрлі мөлшерінің әсері

Мөлшері, Гр

Әсер ету нәтижесі мен себебі

(0.7-2) 10-3

Жыл ішіндегі сәулеленудің табиғи көзінен мөлшері

0.05

Бір жыл ішіндегі рұқсат етілетін профессионалды сәулелендіру мөлшері

0.1

Гендік мутацияның екі еселенген мүмкіндігінің деңгейі

0.25

Төтенше жағдайдағы тәуекелділіктің бірреттік мөлшері

1.0

Жедел сәулелі аурудың пайда болу мөлшері

3 - 5

Сүйек миы жасушаларының қызметі бұзылуынан 1-2 ай ішінде емделмесе 50% сәулеленгендер қайтыс болады

10 - 50

Асқазан-ішек жолдарының зақымдануынан 1-2 апта ішінде өлімге ұшырайды

100

Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы салдарынан бірнеше күн немесе сағатттан кейін өлімге ұшырайды

2-сұрақ:«Радиациялық және аралас зақымданукезіндегі алғашқы медициналық көмек» - 50 мин.


Жеке дәрі-дәрмек қобдиша АИ-2

Медициналық қорғаныс құралдарына АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы жатады.



АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасыөз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациамен, ұлағыш заттармен және бактериалдык қүралдармен зақымданудың алдын алуға арналған.


АИ-2 пластмассалы қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдар жиыны. Көлемі - 90*100*20 мм, массасы – 100г. Қобдиша ұяларында мынандай құралдар орналасқан:
1-ұя – резервтік, ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті ( 2% промодел ерітіндісі – 1мл) салуға арналған.


а — жалпы көріндісі: 1 — корпус; 2 — канюли мен ине; 3 — қорғау қалпағы; б — қолдануы: 1 — канюли дегенді тірелгенше бұрап корпустағы мембрананы тесуі; 2 –инеден қалпағын алып тастау; 3 — иненің қадалау жол-жобасы

2-ұя – қызыл түсті пеналды, фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткасы (тарен, 6 таблетка). Бір таблеткада 0,006 гр таза тарен бар. Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланады.
3-ұя – үлкен түссіз пеналды, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2 (әрқайсысы 0,2 гр сульфадиметоксидінің 15 таблеткасы). Таблетканы асқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды (алғашқы тәуліктерде 7 таблеткадан қабылдайды, екінші немесе үшінші күннен кейін тәулік сайын 4 таблеткадан).

4-ұя – алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1 (әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин). Бір таблеткада 0,2 гр препарат бар. Таблеткаларды сәулелену басталғанға дейін 30-60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды (6 таблетка). Таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі.


5-ұя – екі ақ пеналдағы кеңінен қолданылатын антибиотик, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек

№ 1. Тетрациклиннің бір таблеткасында 1 000 000 бірлік антибиотик бар. Хлортетрациклинді бактериялық зақымдану қаупі кезінде шұғыл дәстүрлі емес профилактикалық мақсатта қолданады. Бір жолғы мөлшері 500 000 бірлік. Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды. Әр пенал 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін сол мөлшерде тағы қабылдауға болады.




6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2 (йодты калий – 0,125*10 таблетка). Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда қабылдайды (10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан).

7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек (этаперазин – 0,006 гр 5 таблетка). Бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде пайдаланылады.


Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.

Жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы тізбеленген дәрі-дәрмектермен қатар оларды пайдалану және қолдану жөніндегі нұсқаулық бар.


Жеке дәрі-дәрмек қобдиша АИ-4

АИ-4 жеке дәрі-дәрмек қобдишасының негізгі мақсаты болашақта АИ-2 алмастыру. АИ-4 пластмассалы қорапшасында біреудін орнына үшшприц түтіктіорналасқан.


АИ-4 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы тұрғындарды қорғау үшін ең тиістімына құралдармен жабдықталған:

-фосфорлы-органикалық заттарға қарсы шприц түтіктегі антидот;

-уландыратынзаттарға қарсы шприц түтіктегі антидот;

-ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті;

-радиациядан қорғау дәрмегі № 1;

-радиациядан қорғау дәрмегі № 2;

-бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 1;

-бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2;

-құсуға қарсы дәрмек.



Радиациядан қорғау дәрмегі
Радиопротектор Б-190 (Цистаминның орнына)




Б-190 препараты кәзіргі замандаәлем бойынша ең тиімді радиопротектор деп саналады. Ол сәулелендіруден өлтіретін мөлшер қабылдаған 10 адамынан 9 өмірін сақтап қалады.






Радиопротекторды қолданбағанда



«Амифостин» (Этиол) препаратын қолданғанда



АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасына кіретін «Цистамин»препаратын қолданғанда



Б-190препаратын қолданғанда





Құсуға қарсы дәрмек






Радиациядан қорғау дәрмегі


жүктеу 13,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау