Жұмыс бағдарламасы пәні: «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» Пән коды: tkn мамандық : «Дәрігерлік емдеу ісі»


ІІІ. Қорытынды сабақты өткізу – 5 мин



жүктеу 13,97 Mb.
бет8/11
Дата11.02.2018
өлшемі13,97 Mb.
#9358
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІІ. Қорытынды сабақты өткізу – 5 мин
Оқытушы орындалған нормативтерге қысқаша талдау жасайды. Сабақтың тақырыбын, сабақтың мағанасын еске салады. Студенттер сұрақтарына жауап береді. Өз бетінше дайындыққа тапсырма береді (СӨЖ). Оқу құралдарын тексереді.


Методикалық әдістемені құрастырған

аға оқытушы Сапаров Б.Ж.

Бекітемін

ОҚМФА әскери кафедра бастығы
полковник А. Айтов

«___»_____________2010ж.


Әдістемелік нұсқау

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Дәрігерлік емдеу ісі», мамандықтарының студенттеріне «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша

сабақөткізуге арналған
Тақырып №3:«Өрт және инженерлік жағдайды бағалау»
Оқу мақсаты:

-Оқушыларға инженерлік жағдайды ұғындыру және түсіндіру. Бағалау кезеңдері туралы әнгімелеу, инженерлік жағдайды бағалаудағы бастапкы деректерді оқушыларға жеткізу


Тәрбиелік мақсаты: төтенше жағдайлар кездерінде өртке қарсы шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысу.

Сабақ түрі: тәжірибелік

Уақыт:2 сағат (100мин)

Орын: әскери кафедраның оқу қалашығы

Сабақ тәсілі: түсіндіру, оқу, жаттығулар.

Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқамасы

Сабақ әскери кафедра территориясында өткізіледі. Сабақ алдында - сабақ өтетін орынды дайындау, керекті оқу-материалды заттарды түгендейді.

Сабақ ұйымдастыру бөлімінде оқытушы студенттердің санын және сабаққа дайындығын тексереді. Одан кейін өтетін тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақтың мақсатын түсіндіреді.

Әрбір сұрақтан кейін оқытушы студенттерді сапқа қойып қысқаша қорытынды жасап, келесі оқу сұрағын жариялайды және оны орындауға кіріседі.

Сабақтың соңында өткен сұрақтардың маңызын атап өтіп, қысқаша қорытынды жасайды.
Тақырыпты оқыған кезде студенттер білу тиіс:


  • өрт қалқаншасындағы заттармен жұмыс істей білу

  • ішкі өрт гидранттарының жұмыс істеуін тексеруді білу

  • өрт сөндіргішті өз бетінше пайдалана білу.


а) Әдебиеттер

1. Ж.К.Аманжолов, Л.Х.Балабас «Тіршілік қауіпсіздік негіздері». Астана, 2009 ж.

2. П.П.Кукин.«Тіршілік қауіпсіздік негіздері». М-2003 ж.

3. «ҚР өрт қауіпсіздігі ережелері» 08.02.2006 ж.


б) Құрал-жабдықтар:

- өртке қарсы қалқанша -1 комплект

- өрт сөндіргіш- 1 дана

Оқу сұрақтары және уақыты




п/п

Сұрақтар

Уақыты

I

Кіріспе

5

II

Негізгі бөлім

90




1. Өртке қарсы шаралар.

30

2. Территорияның өртке қарсы дайындығын тексеру.

30




3. Өрт жағдайында халыкты эвакуациялау.

30

III

Қорытынды

5



  1. Сабақты ұйымдастыру және оқытушының кіріспе сөзі - 5 мин.

Студенттерді журнал бойынша тексеру, олардың сыртқы көрінісін тексеру, сабақтың материалдық дайындығын тексеру. Тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақ мақсатын жеткізу, өткен дәріспен байланыстыру.

Кіріспе сөзде айта кету керек Қазақстан Республикасының өртке қарсы қауіпсіздігі ережелері нормативті құжат болып табылады, бұл нормативтің талаптары мемлекеттік және жеке ұйымдарға бірдей болып табылады және міндетті түрде орындалуы тиіс.



II. Негізгі бөлім: 90 мин

1-сұрақ: «ТЖ кезінде инженерлік жағдайды бағалау» - 30 мин.

Инженерлік ахуалды бағалау – бұл нәтижесінде ұйымдардың қызметіне және халықтың тіршілік әрекетіне әсер ететін, ғимараттардың, құрымстардың, жабдықтардың, коммуналды-энергетикалық жүйенің, байланыс және көлік құралдарының, көмірлердің, бөгеттердің, аэродромдардың және Т.С.С. қирауы орын алатын табиғи зілзалалардың, авариялардың, апаттардың, сонымен қатар ядролық қарудың, басқа да осы заманғы зақымдаушы құрамдардың біріншілік және екіншілік зақымдаушы факторларының әсер ету зардаптарының жиынтығын бағалау.

Ол екі кезеңмен жүзеге асирилады:

1) алдың ала болжау

2) ТЖ пайда болған соң зақымдану ошағына инженерлік барлау жүргізу процесінде және фактіге негізделген мәліметтерді үнемі анықтау барысында оның даму динамикасында.

Инженерлік ахуалды бағалауға мыналар енеді:

- жалпы алғанда элементтер мен нысандардың қирау ауқымын және дәрежесін анықтау;

- ТЖ зақымдану әсерлерінің нысандардың шегіне шығу мүмкіндігі және оның елді менендерге және қоршаған табиғи ортаға елді – ТЖ қирату және басқа жағымсыз ықпалдарының халықтың тіршілік қабілетіне және экономика нысанының қызмет ету тұрақтылығына әсер етуін талдау;

- қирату зардантарын жою бойынша ұсыныстар.

Нысандардың қирау ауқымын және дәрежесін анықтау кезінде мыналар қарыстырылады:

- жеке өндірістік ғимараттар және құрылыстар, сонымен қатар қажет болғанда турғын үй қорының ғимараттары мен құрылыстары;

- коммуналды-энергетикалық жүйелердің жағдайы;

- үйінділер сипаты мен көлемі;

- халықтар мен аумақты инженерлік қорғау жағдайы;

- нысандардың байланыс және көлік құрамдарының жағдайы;

- жерді апатты су басу кезінде нысандар мен аумақтардың қирау ауқымы мен дәрежесі.

Инженерлік ахуалды бағалау үшін бастапқы мәліметтер:

- ғимараттар, құрыластар және инфрақұрылым элементтерінің сипаттамасы;

- болуы мүмкін табиғи зілзалалар мен техногенді ТЖ зақымдаушы факторларының негізгі параметрі;

- халықты инженерлік қорғау жүйесінің сипаттамасы;

- гидротехникалық құрылыстардың параметрі және басқа мәліметтер болуы мүмкін.

Үйінділер жер үстундегі құрылыстар және өндірістік, әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер қирау кезінде

- әртүрлі жарылыстардан;

- ВВ қолдану және тасымалдау кезіндегі жарымстардан (детонациядан);

- ғимараттың құрымдың кемшіліктері, құрылым материалының ескіруі, немесе құрылыс технологиясының бұзылысы салдарынан ғимарат немесе құрылыс құрылымы элементтерінің құлауынан;

- жер сілкінісінен, аппаты су басу және табиғи зилзалалардың басқа түрлері кезінде түзілуі мүмкін.

Орташа қиратаулар шатырлардың, бөлме ішіндегі қорылаулардың, терезелердің қирауымен, сондай-ақ қабырғаларда жарықтардың, жоғарғы қабаттардың қабырғалары мен үйдін үстіңгі жабынының кейбір жүйелерінің опырылып құлауымен көрінеді. Жер төпелер сақталады. Ғимараттар күрделі жөндеуден өткен соң қалпына келуі мүмкін.

Күшті қиратулар жоғарғы қабаттардың құрылымы мен үстінгі жабындылардың қираумен, қабырғаларда жарықтардың пайда болуымен және төменгі қабаттардың жабындыларының ақоуымен сипатталады. Бөлмелерді пайдалану мүмкін болмайды, ал жөндеу жұмыстары орынсыз болады.

Өзіндік салмағына және тік жүктемеге есептелген жер үстіндегі ғимараттар барынша қирайды. Тереңдіктегі және жер астындағы құрылыстар неғұрлым орнықты болады. Негізгі қанқасы темір ғимараттар 20-40 кПа орташа қираса, 60-80 кПа толық қирайды, кірпіш ғимараттар – тиісінше 10-20 және 30-40, ағаш құрылыстар – 10-20 кПа қирайды.

Қалада қирау көлемі ғимарат сипатына, қабатына және салу тығыздығына байланысты болады. Салу тығыздығы 50 % болғанда УХ қысымы ашық жерге қарағанда 20-30 % кіші болуы мүмкін.

Өрт және инженерлік ахуалды бағалау үшін кіріс мәліметтердің үлкен санының қажеттігін, сонымен қатар алдын ала бағалау нәтижелерін ескере отырып, осы заманғы компьютерлік техниканы пайдалану тиімді болып отыр. Осы мақсатта АҚ әскерлері мен штабтарында арнайы бағдарлама өкімдері болды. Есептеуіш техниканы қолдану инженерлік және өрт ахуалын бағалау процесін жеңілдетеді және жылдамдатылады.
2-сұрақ. ТЖ кезіде өрт жағдайды бағалау- 30 мин.

Өрт ахуалын бағалау – бұл нәтижесінде ұйымдардың қызметіне және халықтың тіршілік әрекетіне әсер ететін өрт пайда болатын табиғи зілзалалардың, авариялардың (апаттардың), ядролық қарулардың біріншілік және екіншілік зақымдаушы факторларының, басқа да осы заманғызақымдаушы құралдардың және ең алдымен тұтандыратын құралардың әсер ету зардаптарының жиынтығын бағалау.

Кез келген нысанда өрт қауіпсіздігі ГОСТ 12.1.004-91 талантарына және Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережелеріне (22.11.1996 ж.) сәйкес қамтамасыз етіледі.

Өрт ахуалын бағалау және болжамдау кезінде ГОСТ 12.1.004-91, гост 12.1.044-89 талантарына және Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігінің ережелеріне ППБ 01-03 сәйкес жарылу-өртену қауіптілігі бар (А және Б категориялары) және өрт қауіптілігі бар (В1-В4 категориялары) категорияларға жататын ғимараттарға, бөлмелер мен құрылыстарға еренше назар аудару керек.



Өрт қауіпсіздігінің негізгі шарты тұтындыру көзінің жанатын ортамен жанасуын болдырмау, яғни өртті болдырмау жүйесін орындау болып табилары. Бұдан өрттен сақтандырудың маңызды міндеті туындайды - өндірісте болатын тұтындыру және жанатын орта көздерін мұқият талдау, өрттің осы кездерін болдырмау бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралар кешенін жасау.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудың екінші жарты өнеркәсіпті немесе нысанды өрттен қорғаудың сенімді жүйесімен қамтамасыз етуге бағитталған. өрттен қорғау жүйесіне құрылымдың, техникалық және шын мәніндегі өрт-техникалық қорғану шаралары (біріншілік өрт сөндіру құралдары, өрт сигнализациясы және өрт сөндіру) кіреді. Бұл жүйелерді жүзегеасыру үшін өрт қауіпсіздігінің реттейтін барлық нормативтік құжаттардың талаптары бағитталған.

Өрт қауіпсіздігінін бағалау және болжамдау мақсатында нысанды өрт-техникалық тексеру (ӨТТ) жұмыс орындарына тұтану көздерін және жанғыш заттарды (материалдарды) анықтаудан және тутану көздерінің қауіпті көріністерін жоюға және «тұтану көзі – жанғыш зат» жүйесінен жанғыш заттар мен материалдарды шығаруға бағитталған тиісті өртке қарсы шараларды жараудан тұрады.

ӨТТ (өрт-техникалық тексеруді) жүргізу кезінде өрт болғанда өрттің таралуы мүмкін жолдарын анықтау, бөлмелерде өрттің пайда болу зардаптарын, қызметкерлердің өрт кезінде әрекеттерін анықтау және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағитталған кезен күттірмейтін шараларды жасау мақсатында, модельдеу қажет.

Ғимараттар, құрылыстар мен бөлмелердің жағдайы мен құрамы құрылысты жобалау нормаларының СНиП 21-01 талаптарына сәйкес келуі тиіс. Ғимараттарда құрылымдық, көлемді жоспарлау және инженерлік-техникалық жағдайлар қарастырылуы тиіс, өйткені олар өрт болған жағдайда адамдардың көміру және құтқару мүмкіндігін, өрт сөндеу бөлімшесінің қызметкерлер құрамына өрт ошағына жетуге және өрт сөндіру құрамдарын жеткізу мүмкіндігін, өрттің қатар орналасқан ғимараттарға таралмауын қамтамасыз етеді.

Өрттің таралауын болдырмау жану аулығын, қарқындығын және ұзақтығын шептейтін келесі шаралар мен жүзеге асады; құрылымдың және көлелуі жоспарлау жағдайлары, құрылыс материалдарының өртену қауіптілігін шектеу, бөлмелер мен құрылыстардың техналогиялық жарияу-өртену және өртену қауіптілігін төмендету, біріншілік өрт сөндіру құрамдарының, сигнализация және ескерту жүйелерінің болуы.

Өрт ахуалын бағалау және болжалдау кезінде ГОСТ 12.1.004-91 және ГОСТ 12.1-044-89 талаптарына сәйкес жарияу-өртену (А және Б категориялары) және өртену қауіптілігі бар (В1-В4 категориялары) категорияларға жататын ғимараттарға, бөлмелер мен құрылыстарға ерекше назар аудару керек.

Бөлмелер мен ғимараттардың жарияу-өртену және өртену қауіптілігінің категориялары өрт пен жарылысқа қатысты өте қолайсыз кезең үшін, бөлмелердегі немесе технологиялық қондырғылардағы жанғыш заттар мен өртену қаупі бар қасиеттерін, сонымен қатар технологиялық процестердің ерекшеліктерін негізге алпы анықталады.

Өрттің таралу қарқындығына әсер ететін негізгі факторлар ауаның ылғалдылығы және желдің жылдамдығы болып табылады. өрт ахуалын бағалау мәліметтері өрттен сақтандыру шараларын жүргізу үшін негіз болады, оның негізілері:

- аса қауіпті учаскелерде өртке қарсы бөгеулерді жасау;

- қорғаныс алқаптары мен өртке қарсы қабаттарды беигіленген тәртіп бойынша ұстау;

- өртке қарсы тағайындылған жолдар құрылысы;

- байланыс құралдары мен т


3-сұрақ «Өрт жағдайында халықты эвакуациялау» - 30 минут

Эвакуация жоспарын тәжірибе түрінде өткізу-объект персоналын төтенше жағдайларға дайындаудың бір түрі. Эвкуация жоспарының 2 түрі болады: ұйымдарға арналған эвакуация жоспарының түрі және жеке эвакуация жоспары.



    1. Эвакуация жоспарының жеке түрі қонақ үйлерде, жатақханаларда, т.б болады. Бұл жоспарда өрт кезіндегі қандай әрекет істелуі керектігі көрсетіледі. Ол бірнеше бөлімнен тұрады:

а) графикалық бөлім;

б) текстті бөлім (бөлме ішіндегі адамның өрт кезіндегі іс-әрекеті);

в) өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулық..
2.Барлық ұйымдарда қызметкерлерге арналған эвакуация жоспары болу керек. Ол бірнеше бөлімнен тұрады:

а) графикалық бөлім;

б) текстті бөлім (бөлме ішіндегі адамның өрт кезіндегі іс-әрекеті);

в) эвакуация жоспарының журналы.

Графикалық бөлімде ғимараттың жоспары сызылады, жасыл түспен эвакуация жасалатын негізгі жолдар көрсетіледі, пунктирлі сызықпен қосымша жолдар көрсетіледі.

Эвакуация жоспарыныда өрт сөндіргіштердің, өрт гидранттарының, телефондардың орналасқан жері көрсетіледі.

Текст бөлімі ұйым басшысымен бекітіледі және таблица түрінде жасалынады.

Барлық объектілерде жылдық график-жоспар бойынша персоналмен өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығулар өткізілуі керек.



Ұйым бастығы жаттығулар алдында қызметкерлеріне жеткізуі керек:

  • өртке қарсы қызметтің жағдайын, өрт кезінде халықты эвакуация жасауды;

  • жаттығудың мағынасын түсіндіреді;

  • өрт кезінде қызметкерлердің өз беттерінше өртті өшіруін және зақымданғандарға бірінші медициналық көмек көрсетіледі.


1-ші қабат бөлмелерінен эвакуация кезіндегі шығу маршруты

1-ші типті баспалдақ



(ішкі, баспалдақ клеткасына)

Маршрут нөмірі

1-ші қабат бөлмелерінен эвакуация жасау маршруты

1

тікелей

2

коридор арқылы

3

вестибюль (фойе) арқылы

4

баспалдақ клеткасы арқылы

5

коридор және вестибюль (фойе) арқылы

6

коридор мен баспалдақ клеткасы арқылы

7

көрші бөлмеге (А және Б бөлмелерінен басқаға).






Маршрут нөмірі

Барлық қабаттардан эвакуация жасау маршрутының сызбасы:

1

Тікелей 3-ші типті баспалдақ клеткасына немесе баспалдаққа;

2

3-ші типті баспалдақ клеткасына немесе баспалдаққа алып баратын коридорға;

3

холлдан (фойеден) тікелей баспалдақ клеткасына немесе 3-ші типті баспалдаққа;

4

Эвакуациялық есігі бар көрші бөлмеге (А және Б категориядан басқалары).


Тыңдаушылармен жаттығулар өткізудің

ЖОСПАРЫ
Тақырып: «Шартты өртті сөндіру және студенттерді эвакуациялау»
Жаттығудың мақсаттары:

- студенттерді төтенше жағдайларды идентификация жасауға үйрету. Шартты өртті сөндіруге және эвакуация жасауға дайындығын тексеру;

- өрт сөндіру, оның зардаптарын жою, халықты эвакуациялау жағдайларында студенттердің профессионалдық және психофизиологиялық дайындық деңгейлерін өз қалпында ұстау;

- мүмкін болатын апаттардың алдын алуға, өрт шыққан жағдайда оны сөндіруге, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге және жеке қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету;

- төтенше жағдайлар кезінде объект персоналымен, өртке қарсы қызмет персоналымен, медициналық персоналмен бірлесе жұмыс істеуге;

- өрт шыққан жағдайда тез және ұқыпты іс-қимылдар жасауға бейімдеу;

- өрт шыққан жағдайда мемлекеттік өртке қарсы қызметке тез хабар беруге;

- адамдарды құтқару мен эвакуация жасау тәсілдеріне үйрету;

- объект персоналымен өрт қауіпсіздігі сұрақтары бойынша нәтижені тексеру;

- өрт сөндіру қызметкерлері жеткенше өрт сөндіруді ұйымдастыру және жүргізу.


Жаттығуға қатысушылардың құрамы:

- әскери кафедра бастығының орынбасары, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер, мемлекеттік өртке қарсы қызметкерлері (келісім бойынша). Жаттығуға қатысатын барлық адамдарда келесі белгілер болу керек:

- дәнекер – оң қолында айыру белгісі;

- өрт басшысы – оң қолында қызыл түсті белгі;

- студенттер – оң қолында сары түсті белгі.
Жаттығу кезеңдері:

= Бірінші дайындық кезеңі – барлық категориялы қызметкерлермен өткізіледі.

= Екінші дайындық кезеңі – объектінің өртке қарсы жұмысына жауапты тұлғалармен қосымша инструктаж өткізіледі.

= Үшінші дайындық кезеңі – қызметкерлермен «Өртке қатысты төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау» тақырыбы бойынша сабақ өткізу.

= Төртінші кезең – жаттығулар өткізу (өрт туралы сигнал беру, эвакуация жүргізу, шартты өртті сөндіру іс-қимылдары).

= Бесінші кезең - өткен жаттығуды талдау.


Жаттығу басшысы тәжірибиелік түрде өрт жағдайында студенттер мен оқу ғимаратындағы адамдарды эвакуация жасап, олардың дайындығын тексереді.

Алдын-ала дайындықтың үш кезеңінде барлық категориалы қызметкерлер және студенттермен объектінің өртке қарсы автоматты жүйесін тексеру үшін теоретикалық және тәжірибиелік сабақтар жүргізіледі.

Жаттығудың төртінші кезеңінде:

= 1 студент өртті _____ объектіде _____ сағ ____ мин____ иммитация жасайды;

= өртті сабақ жүргізу басшысы анықтап, күзетші роліндегі студентке хабар береді;

=_____сағ _____мин_____ күзетші роліндегі студент өрт туралы хабарлау жүйесін іске қосып, қосалқы есіктерді ашып, мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлап, өрттің мекен-жайын және уақытын айтады;



  1. Ғимарат ішіндегілерге өрт туралы хабар беру.

  2. Барлық эвакуациялық есіктерді ашу.

=_____сағ_____мин___ әскери кафедра бастығының орынбасары кезекші электрикке (әскери кафедраның оқу шеберіне) жалпы элект көздерін ажырату туралы бұйрық береді;

=_____сағ _____мин_____ объектіден адамдардың эвакуациясын бастау;



  1. адамдарды эвакуациялық есіктерге бағыттау;

  2. ғимарат ішінде адам қалмауын тексеру;

  3. өртке қарсы қорғаныстың іске қосылғанын тексеру.

=_____сағ_____мин___ белгіленген топ шартты өртті сөндіруге кіріседі.
Топтың іс-қимыл әрекеті:

  • топтың бір адамы өрт туралы хабар береді;

  • топтың екі адамы электр көздерін ажырату үшін бөлінеді;

  • топтың бір адамы ғимаратқа кіреберіс есікте тұрып, өрт сөндіріп жатқандарға уақыт туралы хабар беріп тұрады;

  • топтың бір адамы су әкелетін қондырғыны әкеліп өрт сөндіруге кіріседі;

  • топтың бір адамы өрт гидрантының бұрандасын ашады.

= мүлікті эвакуациялау;

=_____сағ_____мин___ эвакуацияны аяқтау. Объект ауласында студенттерді сапқа тұрғызу. Жаттығу басшысы шартты өртті сөндіру бойынша талдау жасайды.


ЕСКЕРТПЕ:

Шартты өрттің жаттығулары кезінде иммитация белгілері:



  • өрт ошағы – қызыл түсті жалаушалармен;

  • түтін аймағы – көк түсті жалаушалармен;

  • радиоактивті заттар, токсикалық газдар аймағы – сары түсті жалаушалармен.


III. Сабақты қорытындылау -5 мин.

Оқытушы орындалған нормативтерге қысқаша талдау жасайды. Сабақтың тақырыбын, сабақтың мағанасын еске салады. Студенттер сұрақтарына жауап беріп, өз бетінше дайындыққа тапсырма береді.



Әдістемелік істеуді құрастырған

Аға оқытушы Спатаев Т.

Бекітемін

ОҚМФА әскери кафедра бастығы
полковник А. Айтов

«___»_____________2012ж.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Дәрігерлік емдеу ісі», мамандықтарының студенттеріне «Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша

сабақ өткізуге арналған
Тақырып №4:«Радиациялық жағдайды бағалау»

Оқу мақсаты:

- радиациялық барлау приборлары және дозиметриялық бақылау приборларын жұмысқа дайындау;

- студенттермен олардың жұмыс істеу принциптерін талдау және үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: студенттері қарсыластың жаппай қырып –жою қаруын қолданған жағдайда радиациялық барлау приборларымен белсенді жұмыс істеуіне білу.
Сабақ түрі: тәжірибелік

Уақыт: 2 сағат (100 мин)

Орын: Әскери кафедра

Сабақ тәсілі: түсіндіру, оқу, жаттығулар.
Жалпы ұйымдастыру-әдістемелік нұсқамасы

Сабақ әскери кафедра территориясында өткізіледі. Сабақ алдында - сабақ өтетін орынды дайындау, керекті оқу-материалды заттарды түгендейді.

Сабақ ұйымдастыру бөлімінде оқытушы студенттердің санын және сабаққа дайындығын тексереді. Одан кейін өтетін тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақтың мақсатын түсіндіреді.

Сұрақ бойынша - радиациялық барлау приборлары және дозиметриялық бақылау приборларының тактико-техникалық сипаттамасын және тағайындалуын талдау.

Әрбір сұрақтан кейін оқытушы студенттерді сапқа қойып қысқаша қорытынды жасап, келесі оқу сұрағын жариялайды және оны орындауға кіріседі.

Сабақтың соңында өткен сұрақтардың маңызын атап өтіп, қысқаша қорытынды жасайды.



Тақырыпты оқыған кезде студенттер білу тиіс:

- радиациялық барлау құралдарының құрылысын, тағайындалуын және жұмыс істеу принципін.


Оқу-құралдарымен жабдықталуы:

а) Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 30 тамыз 1995 ж.

2. Қазақстан Респуликасының«Еңбек қауіпсіздігі және қорғау туралы» Заңы, Астана, 28 ақпан 2004 ж.

3. Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы, Астана 3 сәіур 2002ж.

4. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Астана, 22 қараша 1996ж.

5. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау бойыша нормативтік актілерінің жинағы / Н.Д. Спатаевтің, К.А. Абдабаеваның ред. – Қарағанды,- 356 б.

6. Тіршілік қауіпсіздік негіздері. А.С. Гринин., В.Н. Новиков. Москва-2002 ж. ФАИР-ПРЕСС, 2002 – 228 б.

7. Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар (ҚР ӨҚЕ 08-97), Алматы, 1999ж.



б) Құрал-жабдықтар:

- ДП-5В


- ДП-63 А

- ИД-11


- ИД -1

- ДП-3Б


- ДП 22В

Оқу сұрақтары және уақыты



п/п

Сұрақтар

Уақыты

I

Кіріспе

5

II

Негізгі бөлім

90




1. Радиациялық барлау приборлары және дозиметриялық бақылау приборларының тактико-техникалық сипаттамасы және тағайындалуы.

45

2. Радиациялық приборлармен тәжірибелік жұмыс жүргізу

45

III

Қорытынды

5




  1. Сабақты ұйымдастыру және оқытушының кіріспе сөзі - 5 мин.

Студенттерді журнал бойынша тексеру, олардың сыртқы көрінісін тексеру, сабақтың материалдық дайындығын тексеру. Тақырыпты, оқу сұрақтарын, сабақ мақсатын жеткізу, өткен дәріспен байланыстыру және келесі сұрақтар бойынша қысқаша сұрау жүргізу:

  • ядролық жарылыстың зақымдау факторларының сипаттамасы;

  • жергілікті радиоактивті улану;

  • жаппай қырып-жою қаруынан қорғану құралдары.



  1. Негізгі бөлім –90 мин.

  1. сұрақ: «Радиациялық барлау приборлары және дози-метриялық бақылау приборларының тактико-техникалық сипаттамасы және тағайындалуы» -45 мин.





Осы заманғы барлық дозиметрлік приборлар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді. Оқшауланған көлемдегі иондаушы сәулеленудің ықпалымен газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағым-сыз иондарға бөлінеді. Егер осы көлемге әрқайсысына тұрақты кернеу қойылған екі электрод орналастыр-са, оңда иондалған газдағы электродтар-дың арасында зарядталған бөлшектердің бағытты қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондық ток деп аталатын электр тоғы өтеді. Оның көлемін өлшей отыра, радиоактивті сәулеленудің жиілігі туралы бағалауға болады.

Иондық әдіс негізінде жұмыс істейтін приборлар шамамен бірдей жәнеқұрылысы мынадай: 1—қабылдаушы, 2— күшейткіш, 3—өлшегіш, 4—қуаттандыру блогы және 5— қуаттандыру көздері.


ДП 5 В доза қуатын өлшегіші (рентгенометр)

Прибор гамма-сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдалу және гамма-радиация деңгейін өлшеуге арналған. Гамма-сәулеленудің экспозициялық қуаты сағаттағы миллирентгенттермен (мР/сағ) немесе сағаттағы рентгенттермен анықталады (Р/с). Прибор жиынына мыналар кіреді: 1 — сақтауға арналған чемодан, 2 — қақпағы бар өлшеу пульті, 3 — газбен зарядталған екі есептегіші бар қымталған цилиндрлі түтік, 4 — түтікті бекітуге арналған ұзарту штангасы, 5 — өлшеу пультінің дабылдарын дыбыстық бақылауға арналған телефондар (құлақілдіргі), 6—зонд пен те­лефон кабельдері, сондай-ақ қуаттандыру блогы, нұсқаулық пен артық мүлік.

Радиация деңгейін өлшеу 1м биіктікте, яғни адамның тіршілік орталықтарының деңгейінде жүргізіледі.

Гамма-сәулеленудің дозасының қуатын (радиация деңгейін) анықтау үшін мыналарды істеу қажет: түтік экранын "Г" жағдайына, қосалқы диапазондар ажыратқышын 200 жағдайына қойып, 15 секундтан кейін төменгі шкаладан кейін прибор тілі бойынша есептеуді жүргізу керек. Алынған нәтиже сағаттағы рентгентте гамма-сәулелену көлемін көрсетеді. Егер прибор тілі болмашы ауытқыса (0—5 Р/с шегінде), оңда өлшеуді сезімталдау қосалқы диапазондарында жүргізген жөн.

Өлшеу кезінде тілдің шеткі жағдайларында есептеуді жүргізбеген дұрыс (шкаланың басында немесе аяғында). Ұзақ жұмыс кезінде әрбір 30—40 минуттан кейін прибор жұмысының режимін тексеру қажет.

Өлшеу барынша дәл болу үшін зондты кеңістікте оның кіндігінің жермен қатар орналасатындай етіп бағыттау керек.

Дененің, киімнің басқа объектілердің радиоактивті заттармен зақымдалуын анықтау, егер сыртқы гамма-фон сол объектінің шекті жол берілетін зақымдалуынан үш еседен артық болмаған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Гамма-фон зертелетін объектіден 15—20м. қашықтықта өлшенеді (зонд жер­ден1м қашықтықта).

Объектінің үстіңгі бетінің зақымдалуы барлық қосалқы диапазонда өлшенеді (200-ден басқасында).

"Г" жағдайында экраны бар зондтың зақымдану деңгейін өлшеу үшін тексерілетін объектінің үстіңгі бетіне қойып оның үстінде баяу қозғай отыра қүлақілдіргідегі дыбыстардың ең үлкен жиілігі немесе микроамперметрдің ең жоғарғы көрсетуі бойынша қатты зақымдалған жерді анықтап, прибордың көрсетулерін жазып алу керек. Осы көрсетулерден гамма-фон көлемін оқып, объектінің зақымдануының шынайы деңгейін алады. Егер прибордың көрсетулері екі өлшеукезінде де бірдей болса, онда объекті зақымданбаған болып шығады.

Зақымданған объектіде бета-сәулеленуін анықтау үшін зонд экранын "В" жағдайына қою қажет. Гамма-сәулелену бойынша көрсеткіштермен салыстырғанда (зонд экраны "Г' жағдайында) прибор көрсетулерінің бір қосалқы диапазондарында артуы бета-сәулеленуінің бар екендігін, тиісінше тексерілетін объектінің бета, гамма-радиоактивті заттармен зақымдалғанын, яғни зақымдалған объектінің қауіптілік деңгейін арттыратындығын айғақтайды. Бета-сәулеленуді анықтау сондай-ақ радиоактивті ластану іздерінің тастың, автомашинаның, жәшіктің, ыдыстың, ғимарат қабырғасының қай жағында екендігін табу үшін қажет.

Сұйық және сусымалы заттардың зақымдалғанын өлшеу кезінде датчикті радиоактивті заттармен ластанудан қорғау үшін түтікке полиэтилен пленкасынан жасалған жамылғы кигізеді.

ДОЗИМЕРТЛІК БАҚЫЛАУ ПРИБОРЛАРЫ

ДП—22В жеке дозиметр жиынына 50 тік көрсететін ДКП— 50—А дозиметрлері мен ЗД — 5 зарядтау қондырғысы кіреді.



0,5—200Р/С дозалар қуатын өлшеу кезінде 2 - 50 диапа-зондағы гамма-сәулеленудің жеке дозасын өлшеуге арналған. Дозиметрлерінің жұмысы температуралардың -40 +50 °С




аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98% кезінде қамтамасыз етіледі.

Әрбір дози­метр алюминий құймасынан ав­тоқалам түрінде жасалынған.

ДКП-50-А дозиметрін жұмысқа даярлау кезінде дозиметрдің шаңнан қорғайтын қалпақшасын жәнезарядтау қондырғысындағы "заряд" ұясындағы қалпақшаны бұрайды. "Заряд" тұтқасын сағат жүрісіне қарсы қойып, дозиметрді ұяға салады, осы кезде ұяның төменгі жағындағы дозиметр шкаласына жарық түсіретін шам жанады. Оператор окулярға қарай және сағат тілі бойынша "заряд" тұтқасын бұрай отыра тілді дозиметр шкаласындағы нольдік белгіге қойып, дозиметрді ұядан алады және қорғаныс қалпақшасын бұрайды. Дозиметрлерді зарядтағаннан кейін радиоактивті зақымдану аймағыңда жұмыс істейтін бөлімшелердің жеке құрамына береді.

Ошақтан қайтқаннан кейін дозиметрдің көрсеткендері жеке құрамнын сәулеленуін есептеу журналына енгізіледі.





ИД—1 доза өлшеу жиыны температуралардың - 40 +50°С аралығында жөне ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98 % кезіңде гамма-нейтрондық сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеуге арналған. Дози­метр 20—500 ретдиапазондағы гам­ма-нейтрондык сәулеленудің жұтылған дозасын өлшеуді қамтамасыз етеді.

Өлшенетін до-заларды есептеу дозиметр ішінде орналасқан және окуляр арқылы жарықта көрінетін шкала бойынша жүргізіледі. Дозиметрлерді зарядтау ЗД—6 зарядтау қоңдырғысымен жүргізіледі. Жиынға зарядтау қондырғысьшен қатар 10 дозиметр жөне футлярға салынған нұсқаулық кіреді.

Зарядтау қондырғысының жұмыс принципі мынаған негізделген: сағат тілі бойынша тұтқаны айналдырған кезде рычагтік механизм пьезоэлементтерге қысым жасайды, оларбұзылғаннан кейін кіре берісте дозиметрдің иондық камерасының орталық электроды зарядтау ұясының орталық діңгегі бойынша плюс, ал корпус бойынша иондық камераның сыртқы электродына минус берілетіндей ретпен орналасқан әр түрлі қуаттылықты құрайды.

Дозиметрді жұмыс жағдайына келтіру үшін оны заряд­тау қажет. Бұл үшін зарядтау қондырғысының тұтқасын аяғына дейін сағат тіліне қарсы бұрап, дозиметрді зарядтау қондырғысының зарядтық-байланыс ұясына қояды; зарядтык қондырғышы айнамен жарықтың сыртқы көзіне бағыттап айнаны бұра отыра шкалаға жарықты барынша көбірек түсіреді, дозиметрді басып, окулярды бакылай отыра зарядтык қондырғының тілін сағаттың тілі бойынша дозиметр шкаласындағы тілдің көрсетуі нольге жеткенге дейін бұрайды, бұдан кейін дозиметрді ұядан алып, жіптің жағдайын жарықта тексереді (тілдің тік жағдайы кезде оның көрсетуі 0 болуға тиіс).

Дозиметрді иондаушы сәулелер әсері өрісіндегі жұмыс уақытында киімнін қалтасына салып жүреді. Дозиметр оқулярына ара-тұра қарай отырып дозиметр шкаласындағы тілдің көрсетуі бойынша жұмыс уақытында алынған гамма-нейтрондық сәулелену дозасын анықтайды.

ИД—11 жеке доза өлшеу жиыны гамма-нейтрондық сәулеленудің жеке дозасын тіркеуге арналған және ИД— 11 өлшеу қондырғысының бес буып-түю жәшігінде орналасқан 500 жекеИД— 11 өлшеу дозасынан, екі қуаттандыру






кабелінен, техникалыққұжаттама мен артық бөлшектерден тұрады. Гамма-

және аралас гамма-нейтрондық сәулелену дозасын тіркеу күміс жалатылған алюминий-фосфатты шынының көмегімен жүргізіледі. Тіркелген дозаны өлшеу 10—1500 раддиапазонындағы ИД— 11 өлшеу қондырғысының көмегімен жүргізіледі. Сәулелену дозасы мерзімдік сеулелену кезінде қосылады жөне дозиметрде 12 ай сақталады. ИД—11 массасы —25г.


"Белла" тұрмыстық дозиметрі. Портативті, қалталы при­бор түрінде жасалған.







Дозиметр екі жұмыс режимімен жұмыс істейді: ПОИСК жөне МЭД. ПОИСК режимі дыбыс дабылдарын қадағалаужелісі бойынша радиациялықахуалды тұрпайы бағалау үшін қызмет етеді. МЭД режимі цифрлі таблодағы эквивалентті дозаны қуатын өлшеу жөне индикациялау үшін қызмет етеді.

МЭД өлшемі 40 с шамасындағы уақыт аралығымен автоматты түрде, сондай-ақ МЭД-КОНТР. ПИТА­НИЯ кнопкасына қысқа уақыт басу арқылы жүргізіледі.

Дозиметрдің өлшеу уақытты 40с шамасында, бұл кезде цифрлы таблода әрбір разрядтан (цифрлар) кейін нүкте пайда болады.

1,2,4 разрядтардан кейін нүктелердің жоғалуы өлшеу процесінің аяқталғандығын білдіреді.

Дозиметр ІмЗв/с аспайтын эквивалетті дозақуаты тағайылдалғанға дейін МЭД 99,99 мкЗв/с маңызының артқандығы туралы (дыбыс таблосының толып кетуі) үздіксіз дыбыстық және жарық дабылын қамтамасыз етеді.


жүктеу 13,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау