өндірістегі еңбек гигиенасы» , ОSFOEG 3225
Мамандық: 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Оқу сағатының көлемі (кредит) -90 сағат/ 2 кредит
Курсы және оқу семестрі : ІII- курс, V - семестр
2014 жыл
Силлабус 19. 05. 2014 жылы бекітілген «Өнеркәсіптік санитариясы және фармацевтік өндірістегі еңбек гигиенасы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Силлабус кафедра мәжілісінде бекітілді.
Хаттама № « 11 » 19 . 05 . 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., профессор м.а. ________________ Долтаева Б.З.
1.7. Оқытушылар туралы мәлімет:
№
|
Аты-жөні
|
Ғылыми, акаде-миялық дәрежесі, атағы
|
Қызметі
|
Өнертабыстық
ғылыми қызығу
шылығы, жетістіктері
|
Эл. адрес
|
1
|
Долтаева Бибігүл Зайдуллақызы
|
м.ғ.к., доцент
|
Кафедра меңгерушісі
|
Қазіргі кездегі балалар мен жасөспірімдердің
Денсаулық жағдайы мен дене дамуын зерттеу. Ғылыми еңбектер саны-45,оның 1-і әдістемеліқ құрал
|
doltaeva68@mail.ru
|
2
|
Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы
|
магистр
|
Аға оқытушы
|
Қазіргі кездегі тууға қабілетті әйелдердің жағдайын зерттеу. Ғылыми еңбектер саны 5-у
|
akmaral-aru@mail.ru
|
3
|
Ермолаева Ольга Александровна
|
|
Оқытушы
|
Қазіргі кездегі балалар мен жасөспірімдердің
Денсаулық жағдайы мен дене дамуын зерттеу. Ғылыми еңбектер саны-45,оның 1-і әдістемеліқ құрал
|
83olga_2009@mail.ru
|
4
|
Нуралиева Гульмира Нурпапаевна
|
|
Оқытушы
|
МПМ гигиенасы, еңбек гигиенасы. Ғылыми еңбектері-2
|
nuralieva1970@bk.ru
|
1.8. Байланыс ақпараты: Шымкент қ., Әл - Фараби алаңы, 1. тел. 40-82-22; 40-82-26 (4013) аудитория-202,203,205,209.
1.9. Пәннің саясаты:
1. Сабаққа уақтылы келу.
2. Халат, қалпақ болуы тиіс.
3. Оқу үдерісіне белсенді қатысу.
4. Дәрістің бір сабағына себепсіз қатыспаған жағдайда айып балы 0,66%-дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (қатыспаған сабақ саны көп болған жағдайда айып балы келесі жолмен есептеледі: жіберілген дәріс сабағының саны × 0,66).
5. Сабақты жібермеу, ауру себебімен жіберілсе деканаттан рұқсат қағаз әкелу
6. СӨЖ-сы тапсырмаларын өз уақытында орындау. Ұақытында орындамаған жағдайда айып балы 0,66%-дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (айып балы келесі жолмен есептеледі: орындалмаған СӨЖ саны × 0,66).
2. Бағдарлама
2.1. Кіріспе
«Өнеркәсіптік санитариясы және фармацевтік еңбек гигиенасы» пәні зиянды заттарды аластата отырып, денсаулыққа жағымды әсер ететін факторларды қолданумен қатар, өндіріс ортасын жақсартатын ғылыми нормаларға негізделіп жасалған және өнделген іс-шаралар мен факторларының және әр түрлі факторлардың әсерін зерттеуді мақсат етіп қойды.
Еңбек гигиенасы-бұл ағзаға өндірістік ортаның жағдайлары мен еңбек үдерісінің әсерін, жұмысшылардың денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілеттілігін арттыру және еңбектің өнімділігін арттыру мақсатында гигиена ғылымының бір тармағы ретінде қарастырылады.
Еңбек жағдайының едәуір жақсаруына қарамастан, өндірістік жағдайда еңбек үдерісінде әлі де болса ескертілген ережелерге сай жеткіліксіз іс-шаралардың орындалмауы, жұмыскерлердің денсаулығына және жұмысқа қабілеттілігіне өндірістік зияндылықтар деп аталатын зиянды жағымсыз заттардың әсер етуі мүмкін.
Мұнда еңбек үдерісін дұрыс ұйымдастырмағандығына байланысты әртүрлі зиянды заттар (еңбек кестесінің бұзылуы, жұмыскерлердің ыңғайсыз жағдайда тұрып жұмыс істеуі, мөлшерден тыс жүйке-психикалық ауыртпалық және т.б.), сонымен қатар өндірістік үдерістің ерекшелігіне байланысты залалдар (жағымсыз микроклимат, шу, діріл, электромагниттік сәулелену, өндірістік улар, патогендік микроағзалар және т.б.) пайда болуы мүмкін.
Өндірістік санитария-бұл гигиеналық нормативтер, ережелер және шараларды тәжірибе жүзінде қолдану.
2.2.Пәннің мақсаты: білім алушыларда фармацевтикалык өнеркәсіптегі жұмысшыларға кауіпсіз еңбек жағдайын жасауға гигиеналық тәсілді калыптастыру.
2.3.Оқытудың міндеттері:
студенттерге өндірістік санитария, гигиена, фармацевтикалық өндірісте техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарымен таныстыру;
қауіпті және залалды өндірістік факторлардың көрсеткіштерімен, шектеулі рұқсатты деңгеймен және оларды бақылауға арналған құралдармен әдістермен, сонымен қатар осы құралдарды бақылаудан өткізумен таныстыру;
фармацевтикалық өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығына және функционалдық күйіне өндірістік ортаның жағдайының әсер ететін факторларын зерттеу;
студенттерді, фармацевтердің жеке бас гигиенасы ережелерімен және санитарлы-гигиеналық іс-шаралармен таныстыру;
фармацевтикалық өндірісте қызметтеріне қатысты стандарттарымен, нормалармен және санитарлық ережелермен таныстыру.
2.4.Оқытудың соғы нәтижелері:
|
Дублин дескрипторлар
|
ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі
|
Пәнді оқытудың нәтижесі
|
Тұжырым-дама бойынша оқытудың нәтижелері
|
А
|
Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.
|
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік
|
Фармацевтік өндірістегі еңбек гигиенасының міндеттерін және өнеркәсіптік санитарияның сұрақтарын біледі.
|
Р1
|
Фарм өнеркәсібіндегі жұмысшылардың ағзасына өндірістік ортаның қолайсыз әсерін анықтау және ескерту бойынша гигиеналық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын біледі.
|
Р13
|
Еңбек гигиенасы бөлімінің құжаттарын біледі.
- жұмысшы тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерін есептеу және талдау әдістемесін;
- жұмысшы тұрғындардың ағзасына өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторларының әсер ету механизімін, айтулы өндірістік және кәсіпік аурулардың түрлерін, медико-әлеуметтік сараптама сұрақтарын.
|
Р21
|
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы кәсіптік қауіп-қатерлерді есептеу әдістемесін біледі.
- алдын-ала және кезеңді медициналық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін.
|
Р17
|
|
|
Кәсіпкерлік құзыреттілігі
|
Еңбектің әртүрлі салаларындағы еңбек және демалыс тәртібін тиімді ұйымдастырудың негіздері.
|
Р20
|
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі
|
Азаматтардың денсаулығын қорғау, еңбекті қорғау туралы, санитарлық, ҚР табиғат қорғау заңдылықтарын, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының негізгі құқықтық қызметін және еңбек гигиенасы аймағындағы нормативті-құқықтық құжаттарды біледі.
|
Р22
|
|
«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі
|
Мәселенің қойылуын, ғылыми болжамды тұжырымдау және талдаудың негізгі ережелерін бледі. Сандық және сапалық талдаудың, модельдеудің (үлгілеудің), теориялық және тәжірибелік зерттеудің әдістемесін меңгерген. Ғылыми ақпараттық материалдармен жұмыс жасаудың әдістемелік(әдіснамалық) әдісін біледі.
|
Р16
|
|
«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі
|
Exel, Vikrosoft Word, Power Point, заманауй ақпараттық және компьютерлік технологияларды біледі.
- PUMBED, MEDLINE, Web of Scinece, Web of Knowledge, көпфункционалды және мамандандырылған дерек қорларды біледі.
|
Р10
|
|
|
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі
|
Қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерген, ұжымда жұмыс істей алады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерге және үдерістерге талдау жасай алады.
|
Р4
|
В
|
Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу
|
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік
|
Өндірістік кәсіпорындарының қауіптілік және зияндылық классы бойынша жіктеулерді қолдана алады, фармацевтік өндірісте өндірістік мінездеме жасай алады, фармацевтік кәсіпорындар мен және ұйымдар қызметі амағында ескертпелі санитарлық қадағалау негіздерін біледі. Фарм өнеркәсібіндегі жұмысшылардың ағзасына өндірістік ортаның қолайсыз әсерін анықтау және ескерту бойынша гигиеналық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын қолдана алады. Еңбек гигиенасы бөлімінің құжаттарын қолдана алады.
- жұмысшы тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерін есептеу және талдау әдістемесін;
- жұмысшы тұрғындардың ағзасына өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторларының әсер ету механизімін, айтулы өндірістік және кәсіпік аурулардың түрлерін, медико-әлеуметтік сараптама сұрақтарын.
|
Р17
|
|
|
Кәсіпкерлік құзыреттілігі
|
Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен өзара қарым-қатынас механизімі кезінде білімін қолдана алады,кәсіптік аурулардың алдын-алу кәсіптік аурулардың алдын-алу бойынша қауіп факторын анықтау мақсатында жүргізілген,уланулар және жарақат, жұмысшы тұрғынның жалпы аурушаңдығын төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорындардың қызметік мәселе бойынша
|
Р20
|
|
|
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі
|
Фармацевтік өндірістегі, еңбек гигиенасы аймағындағы кәсіптік қызметті реттемелейтін нормативті-құқықтық құжаттарды қолдана алады.
|
Р19
|
|
|
«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі
|
Химиялық-фармацевтік өндірісте өндірістік үдеріс факторларын және өндіріс ортасын гигиеналық, физиологиялық, химиялық зерттеулер әдістерін қолдана алады.
|
Р17
|
|
|
«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі
|
Химико-фармацевтік өндірісте еңбек гигиенасы бойынша желілік технологияларды,дерекқорларды,заманауи компьютерлік құралдарды қолданып кәсіптік ақпараттарды әртүрлі көздерде қайта өңдеудің сақтаудың,алу құралдарын және тәсілдерінің негізгі әдісін қолдана алады.
|
Р7
|
|
|
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі
|
Әлеуметтік қызмепен, МСЭҚ қызметкерлерімен, әріптестерімен, қарым-қатынас жасауда, басқару аппараттарымен және өнеркәсіптік, өндірістік нысан жұмысшыларымен тілдесу кезінде қызметтік этиканы қағидаларын сақтайды.
|
Р2
|
С
|
Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу.
|
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік
|
Фармацевтік өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшылар ағзасына әсер етуін, өндірістік зиянды және қауіпті факторларды төмендететін алдын алу шараларының тиімділігін тұжырымдайды және дәлелдей алады. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізгенде меншікті шешімін ұсыныс, қосымша, нұсқама түрінде тұжырымдайды.
|
Р8
|
Кәсіпкерлік құзыреттілігі
|
Жеке үдерістер бойынша хронометражды зерттеулер жүргізу және санитарлық-гигиеналық мінездеме жасауды тұжырымдай алады.
|
Р17
|
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі
|
Өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Кодексін, халық денсаулығы жайында және денсаулық сақтау жүйесі, Қ.Р санэпидқадағалау ережесін, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында нормативті-құкықтық және заңнамалық құжаттарды меңгерген және орынды қолдана біледі.
|
Р14
|
|
|
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі
|
Жұмысшылардың денсаулығына өндірістік зиянды факторлардың әсерін анықтауда сенімді ақпарат алу үшін адамдармен жалпы тіл табысуға дайындалған.
|
Р4
|
«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі
|
Еңбектік қызмет үдерісі кезінде ағзаның қызметік жағдайын зерттеу әдісін және жұмыстың негізгі қағидаларын дәлелдейді (аргументтейді). Халықаралық стандартталған санитарық-техникалық құрылғыларды гигиеналық бағалауды және құрылғылармен жұмыс істей алады.
|
Р16
|
«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі
|
Материалдарды талдауды және компьютерлік және мультимедиялық технологияны қолдануды, кәсіптік қызметте білім беретін сандық ресурстарды қолданып, әртүрлі ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген.
|
Р10
|
Д
|
Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру
|
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік
|
Еңбек гигиенасы аймағындағы жеке ой пікірін жүзеге асырып реферат, презентация, жоба түрінде рәсімдеп тәжірибелік қызметті жүзеге асырады.
|
Р3
|
|
Кәсіпкерлік құзыреттілігі
|
|
|
«Денсаулық адвокат» құзыреттілігі
|
Қ.Р конституциясында айтылған санитарлық дәрігердің қызметін реттейтін, заңнамалық актілердің, КРЗ ҚР еңбек кодексін, ҚРЗ халық денсаулығы жайында және денсаулық сақтау жүйесі кодексті Қ.Р үкіметінің қаулылары және басқа да нормативті-құқықтық актілердің негізгі ережелерін қолдана алады.
|
Р19
|
|
«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі
|
Фарм өндірістерде аурушаңдықты және жарақатты, кәсіптік уланулардың тексерулерін және талдауларын есептеуді жүзеге асырады. Өнеркәсіпте өндірістік қауіпсіздігі бойынша кәсіптік аурулар деңгейін төмендету және ЕҒҰ-да ұсынстар еңгізуде білімін қолдана алады.
|
Р17
|
|
«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі
|
Еңбек гигиенасы аймағында интернет платформаларда және интернет порталдарда ақпаратты алуда өңдеуде заманауи әдістерді меңгерген.
|
Р2
|
|
|
Коммуникативтік дағдылар
|
Кәсіптік мазмұнды логикалық және дәлелденген (аргументтелген) талдауларды көпшілік алдында сөйлеуге, пікір-талас жүргізуге қабілетті.
|
Р3
|
Е
|
Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді
|
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік
|
Фармацевтік өндірісте, өнеркәсіптік санитария және еңбек гигиенасы бойынша сұрақтарды және білімін хабарлай алады.
|
Р7
|
Кәсіпкерлік құзыреттілігі
|
Еңбек гигиенасы аймағында кәсіби білімін ұйымдастыруды, іске асыра алады. Еңбек жағдайын зертханалық әдіспен зерттегенде білімін жеткізе алады, сонымен қатар фармацевтік өндірісте жұмысшы топтың дензаулығын зертханалық әдіспен зерттеген кезде өз білімін жеткіза алады.
|
Р17
|
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі
|
Фарм өндірістегі еңбек гигиенсы бойынша заманауй желілік технологияларды және білімін қолдана отырып кәсіби ақпараттарды әртүрлі көздерден алу, сақтау және өңдеудің негізгі әдіс- тәсілін хабарлайды және компьютерлейді.
|
Р7
|
«Ғылыми зерттеулер дағдыларының» құзыреттілігі
|
Еңбек гигиенасы бөлім мамандығы бойынша практикалық және ғылыми қызметті салыстыруды, электронды және баспа түріндегі тасымалдаушылардағы ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды көрсете алады.
|
Р9
|
|
|
«Компьютерлік және ақпараттық» құзыреттілігі
|
Еңбек гигиенасы бойынша заманауй желілік технологияларды, компьютерлік құралдарды және білімін қолдана отырып кәсіби ақпараттарды әртүрлі көздерден алу, сақтау және өңдеудің әдіс тәсілін хабарлайды (жеткізе алады).
|
Р10
|
Коммуникативтік дағдылар
|
Әңгімелесушіге қажетті әсерді жасауға, онымен байланыс орнатуға, қолдау көрсетуге дайын және қабілетті. Ұйымшыл жұмысшы ұжымда қарым қатынас жасайды, қақтығыстарды аурусыз жеңе біледі, өзінің қызығушылығын сәтті қорғайды, аудиториямен жұмыс жасай алады.
|
Р8
|
|
Оқытудың дербес зейінін әрі қарай жалғастыру
|
|
Фармакология, фармацевтикалық химия, фармацевтикалық қызметі ұйымдастыру негіздері, токсикологиялық химия, дәрілер технологиясы.
|
|
2.5.Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, органикалық химияның теориялық негіздері, бейорганикалық химияның теориялық негіздері, физика.
2.6.Реквизиттен кейінгі: фармакология, фармацевтикалық химия, фармацевтикалық қызметтің ұйымдастыру негіздері, токсикологиялық химия, дәрілер технологиясы.
2.7 Пәннің қасқаша мазмұны: өнеркәсіптік санитариясы және фармацевтік өнеркәсіптегі еңбек гигиенасының пәні және мақсатары. Фармацевтік өндірістегі жұмыскерлердің өндірістік санитариясының негіздері. Өндірістік орындарының микроклиматы. Өндіріс ғимаратындағы метрологиялық нормалар. Фармацевтік өндірістегі ауаның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету шаралары. Өндіріс орындарын жарықтандыру. Өндірістік шаң. Еңбек ету барысында жеке ағзалар (оталық жүйке, жүрек-тамырлар, бұлшықет, тыныс алу, қан жүйелері) жағдайына еңбек үдерісінің әсерін зерделеудің қазіргі кездегі гигиеналық-физиологиялық әдістері.
2.8. Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, семинар, зертханалық, өзіндік жұмыс).
2.8.1 Дәрістің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізлу түрі
|
Ұзақтылығы
|
1
|
Өнеркәсіптік санитариясы және фармацевтік өнеркәсіптегі еңбек гигиенасының пәні және мақсатары.
|
Кіріспелік
|
1
|
2
|
Фармацевтік өндірістегі жұмыскерлердің өндірістік санитариясының негіздері
|
Мәселелік
|
1
|
3
|
Өндірістік орындарының микроклиматы. Өндіріс ғимаратындағы метрологиялық нормалар
|
Мәселелік
|
1
|
4
|
Фармацевтік өндірістегі ауаның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету шаралары
|
Мәселелік
|
1
|
5
|
Өндіріс орындарын жарықтандыру
|
Шолу
|
1
|
6
|
Өндірістік шаң
|
Мәселелік
|
1
|
7
|
Өндірістік шу және діріл, олардың ағзаға әсері және алдын алу шаралары.
|
Мәселелік
|
1
|
8
|
Иондық сәулелену және оның ағзаға әсері.
|
Мәселелік
|
1
|
9
|
Еңбек ету барысында жеке ағзалар (оталық жүйке, жүрек-тамырлар, бұлшықет, тыныс алу, қан жүйелері) жағдайына еңбек үдерісінің әсерін зерделеудің қазіргі кездегі гигиеналық-физиологиялық әдістері.
|
Мәселелік
|
1
|
10
|
Еңбек жағдайы бойынша өндірісті аттестациялау.
|
Шолу
|
1
|
|
Барлығы
|
|
10
|
2.8.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Ұзақтылығы
|
1
|
Санитарлық-гигиеналық зерттеулердің әдістері.
|
Теориялық сұрақ-
тарды талқылау
|
2
|
2
|
Асептика ережелері. Фармацевтік өндірістегі дезинфекциялық шаралар.
|
Теориялық сұрақ-
тарды талқылау
|
2
|
3
|
Өндірістегі метеорологиялық жағдайды зерттеу әдістері және гигиеналық баға беру.
|
Зертханалық
сабақ, кіші топпен жұмыс
|
2
|
4
|
Өндірістік желдету, қолайлы еңбек жағдайын жасаудағы оның маңызы. Желдетуге қойылатын гигиеналық талаптар.
|
Кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу
|
2
|
5
|
Жарықтануды анықтау әдістері: люксметр және жарық күшін есептеу әдісі. Жасанды жарықтың нормалары.
|
Кіші топпен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу
|
2
|
6
|
Фармацевтік өндірісте шаңдануды бақылау және гигиеналық нормалау. Өндірістік орындардың ауасында шаңның мөлшерін анықтау әдістері.
|
Зертханалық
сабақ, кіші топпен жұмыс
|
2
|
7
|
Өндірістік шу, діріл және олардың адам ағзасына әсер етуі. Оларды анықтау әдістері. Гигиеналық нормалау және алдын-алу шаралары.
|
Зертханалық
сабақ, кіші топпен жұмыс
|
2
|
8
|
Иондық сәулелену. Дозиметрикалық құралдар.
|
Зертханалық
сабақ, кіші топпен жұмыс
|
2
|
9
|
Фармацевтік өндірістегі жеке басты қорғау құралдары.
|
Кіші топпен жұмыс, пікір-талас
|
2
|
10
|
Фармацевтік өндірістің қызметін санитарлық қадағалау және бақылау.
|
Теориялық сұрақ-
тарды талқылау,
заңды құжаттармен
танысу және жұмыс
жасау.
|
2
|
|
Барлығы
|
|
20
|
2.8.3 Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Тапсыру түрі
|
Бақылау кестесі (мерзімі корсетіледі)
|
Сағат саны
|
1
|
Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы саласында қолданылатын заңды актілерінің негізгі терминдері мен ұғымдары.
|
Реферат, презентация, тақырып
бойынша
глоссари,
кроссворд,
тест
тапсырмаларын құрастыру,
интелектуальды карта, альбом.
|
2-7 апта
|
3
|
2
|
Еңбек гигиенасы зертханасының қазіргі кездегі құрал жабдыктары, санитарлық – гигиеналық зерттеулердегі жаңа әдістер.
|
2-7 апта
2-7 апта
|
4
|
3
|
Фармацевтік өндірістерді абаттандырудың гигиеналық негіздері.
|
2-7 апта
|
3
|
4
|
Технологиялық үдерістің өндіріс орындарының микроклиматына әсер етуі.
|
2-7 апта
|
3
|
5
|
Өндірістік орындарында ауаның шаңды және бактериалды ластануының гигиеналық сипаттамасы.
|
2-7 апта
|
3
|
6
|
«Шулы» технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі енгізулері.
|
2-7 апта
|
3
|
7
|
Өндірістік дірілді төмендетудегі ғылымның жетістіктері.
|
2-7 апта
|
3
|
8
|
Ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау, ауа тазалығын зертханалық бақылау.
|
2-7 апта
|
3
|
9
|
Гипокинезия және гиподинамия еңбек процесінің факторы ретінде. Алдын –алу жолдары.
|
2-7 апта
|
3
|
10
|
Аралық бақылау 8-апта
|
Әңгімелесу, тестілеу.
|
8-апта
|
2
|
11
|
Фармацевтік өндірісте еңбекті ұйымдастыру және техника қауіпсіздігі
|
|
9-14 апта
|
4
|
12
|
Фармацевтік өндірістегі еңбек гигиенасы.
|
9-14 апта
|
3
|
13
|
Қазіргі кездегі өнеркәсіптік қала тұрғындарының денсаулығы.
|
9-14 апта
|
3
|
14
|
Оңтүстік-Қазақстан аймағында экологиялық жағдайдың нашарлау мәселелері.
|
9-14 апта
|
3
|
15
|
Әкімшілік ғимараттарда ауаны кондицианерлеу. Денсаулыққа әсері.
|
9-14 апта
|
3
|
16
|
Физикалық және ақыл-ой еңбегі: бағалау және зерттеу әдістемелері.
|
9-14 апта
|
3
|
17
|
Биологиялық ритмдер және еңбек.
|
9-14 апта
|
3
|
18
|
Фармацевтік өндіріс қызметкерлері еңбегінің кернеулігі және ауырлығы.
|
9-14 апта
|
3
|
19
|
Өнеркәсіптік территорияларды көгалдандырудың маңызы.
|
9-14 апта
|
3
|
20
|
Аралық бақылау 15-апта
|
Әңгімелесу, тестілеу.
|
15- апта
|
2
|
|
Барлығы
|
|
|
60
|
2.9. Әебиет
негізгі:
1. Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва, 2008.-592 с.
2. Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. - 668 с.
3. Руководство по санитарной экспертизе в области гигиены труда. Под ред д.м.н., проф. Сраубаева Е.Н., Белоног А.А. - Караганда, 2008. -562 с.
4. Еңбек гигиенасы бойынша тәжірибелік сабақтардың жетекші құралы: Оку құралы Тоғұзбаева К.К. Алматы. 2010.- 366 б.
қосымша:
1. Жарылқасын Ж.Ж., Өндірістік токсикология негізі. Оку-әдістемелік құрал. Қарағанды. КММА баспаханасы. 2007ж.- 80б.
2. Сраубаев Е.Н., Жакенова С.Р., Шинтаева Н.У., Жарылқасын Ж.Ж. Жалпы және жеке енбек гигиенасы бойынша есептер жинағы. Оку-әдістемелік құрал Қарағанды. КММА баспаханасы. 2007ж.- 44б.
3. Бейнетерминалдармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек гигиенасы. Оқу әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.- Алматы, 2010ж.-85б.
4. Жеке өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу-әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы, 2010ж.-28б.
5. Өндіріс кәсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сақтық қадағалау. Оку әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы, 2010ж.-60б.
6. Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіп салаларындағы еңбек гигиенасы. Оқу-әдістемелік құрал. Тоғызбаева К.К.-Алматы, 2010ж.-36б.
2.10. Оқыту әдістері
Дәрістер: шолу және мәселелік.
Тәжірибелік сабақтар: теориялық сұрақтарды талқылау, заңды құжаттармен танысу және жұмыс жасау, пікір-талас, кіші топпен жұмыс, зертханалық сабақ, жағдайлық есептерді шешу.
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: реферат, презентация, тақырып бойынша глоссари, кроссворд, тест тапсырмаларын құрастыру, интелектуальды карта, альбом.
2.11. Білімдерін бағалау белгілірі және ережелері: әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, СӨЖ) бағалау ережелері.
Ағымды бағалау: тестілеу, ауызша сұрау.
Аралық бақылау: әнгімелесу және тестілеу.
Қорытынды бағалау: компьютерлік тестілеу.
Әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, СӨЖ) бағалау ережелері.
Ағымдық бақылау:
ауызша сұрау
Бақылау түрі
|
Бағалау
|
Бағалау белгілері
|
Ауызша сұрау
|
Өте жақсы
Бағалауға сай:
А (95-100);
А- (90-94)
|
Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған
критикалық бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады.
|
Жақсы
Бағалауға сай:
В+( 85-89);
В (80-84);
В- (75-79).
|
Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады.
|
Қанағаттанарлық
Бағалауға сай:
С+ (70-74);
С (65-69);
С-( 60-64);
D+(50-54)
|
Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағалауға сай:
Р (0-49)
|
Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.
|
тестілеу
Бақылау түрі
|
Бағалау
|
Бағалау белгілері
|
Тест тапсырмаларын орындау
|
Өте жақсы
|
86-100% дұрыс жауап
|
|
Жақсы
|
75-85% дұрыс жауап
|
|
Қанағаттанарлық
|
50-74% дұрыс жауап
|
|
Қанағаттанарлықсыз
|
50%-дан кем дұрыс жауап
|
-студентің өзіндік жұмысын бағалау:
Пән 2 кредитті құрайды, онда студент 2 СӨЖ орындайды. СӨЖ-на максималды балл – 100, тапсырманы толығымен, қойылатын талапқа сай және белгіленген мерзімде тапсыруы тиіс.
СӨЖ-ді орындау түрлеріне қойылатын талаптар:
1. Реферат - тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;
Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.
2. Презентация - оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек,
негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;
Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.
Мультимедиалық презентацияны бағалау критерилері: мазмұны СӨЖ-дің мақсатын ашуы қажет, анықтамалар, түсініктер қысқа, нақты, толық мәлімет беретіндей болу керек. Презентация мәтіні - қатесіз, ғылыми терминдерді қолдану, кейінгі ақпарат пен қамтамасыз етілуі тиіс.
3.Тест сұрағын құрастыруға қойылатын талаптар: адекваттылық,
мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болу қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.
Рефераты дайындау және қорғау
Бақылау түрі
|
Бағалау
|
Бағалау белгілері
|
Рефераты дайындау және қорғау безендірілуі
|
Өте жақсы
Бағалауға сай:
А (95-100);
А- (90-94)
|
Қорғау кезінде ешқандай қателер, түсінбеушіліктер жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйеніп, оларды бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса.
Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, мазмұны мен
безендірілуі рефератты жазу талаптарына сай, қолданылған әдебиеттер көлемі жеткілікті және соңғы жылғы шығарылымдағы болса қойылады.
|
Жақсы
Бағалауға сай:
В+(85-89);
В (80-84);
В- (75-79).
|
Студент қорғау кезінде дөрекі қате жібермей, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады. Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде болмашы қателіктер жіберілген болса қойылады.
|
Қанағаттанарлық
Бағалауға сай:
С+ ( 70-74);
С ( 65-69);
С-(60-64);
D+( 50-54)
|
Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.
Рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе, текстті қолмен жазса, реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе және пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағалауға сай:
Р (0-49)
|
Реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.
|
Тақырып бойынша презентация
Бақылау түрі
|
Баға
|
Бағалау белгілері
|
Тақырып бойынша презента-ция
Безендіру
|
Өте жақсы:
А (95-100);
А- (90-94)
|
Баға қойылады: егер де студент презентация кезінде ешқандай қателік пән дәлсіздік жібермесе. Тақырып бойынша теорияларды, концепция мен бағыттарды білсе және оларға баға бере білсе, ғылыми жетістіктерді келтіргенде. Мазмұны мен безендірілуі презентацияға қойылатын талапқа сай болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.
|
Жақсы:
В+(85-89);
В (80-84);
В- (75-79).
|
Баға қойылады: егер де студент
Презентация кезінде айтарлықтай емес қателік пен айтарлықтай емес дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, оны студент өзі түзесе, материалды оқытушының көмегімен жүйелей білгенде. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан сәл ғана ауытқу болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.
|
Қанағаттанарлық:
С+ ( 70-74);
С ( 65-69);
С-(60-64); D+( 50-54)
|
Баға қойылады: егер де студент
презентация кезінде айтарлықтай дәлсіздік жібергенде немесе қағидалық қателік жіберіп, оқытушы айтқан негізгі әдебиттермен ғана шектелгенде, материалды жйелей алмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан айтарлықтай ауытқушылық болғанда. Презентацияның мазмұны тақырыпқа сай келмегенде. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.
|
Қанағаттанарлықсыз
F (0; 0-49%)
бағаға сәйкес
|
Баға қойылады: егер де студент презентация кезінде айтарлықтай қағидалық қателік жіберіп, ғылыми терминологияны қолдана алмаса, жауап бергенде айтарлықтай логикалық қателіктер жібергенде. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.
|
Тест тапсырмасын дайындау
Бақылау түрі
|
Баға
|
Бағалау белгілері
|
Тест тапсырмасын дайындау
|
Өте жақсы:
А (95-100);
А- (90-94)
|
Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. 1Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Берілген жауаптары бір типті және адекватты. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.
|
Жақсы:
В+(85-89);
В (80-84);
В- (75-79).
|
Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Кейбір берілген жауаптары бір типті және адекватты емес. Алайда студент өз қателігін өзі анықтады. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.
|
Қанағаттанарлық:
С+ ( 70-74);
С ( 65-69);
С-(60-64);
D+( 50-54)
|
Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мазмұнды қате. Тест тапсырмалары дұрыс емес, әрі нақты құрастырылмаған. Кейбір берілген жауаптары бір типті емес. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленбеген.
|
Қанағат-танарлықсыз
F (0; 0-49%)
бағаға сәйкес
|
Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20 аз болғанда, тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған, мазмұнсыз, жауап варианттары бір типті емес, жауап алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптың 50% дұрыс белгіленбеген.
|
-Аралық бақылау:
Бақылау түрі
|
Бағалау
|
Бағалау белгілері
|
Сұқбаттасу және тестілеу
|
Өте жақсы
Бағалауға сай:
А (95-100);
А- (90-94)
|
Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған критикалық бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады.
Тест бойынша 86-100% дұрыс белгіленген.
|
Жақсы
Бағалауға сай:
В+(85-89);
В (80-84);
В- (75-79).
|
Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады.
Тест бойынша 75-85% дұрыс белгіленген.
|
Қанағаттанарлық
Бағалауға сай:
С+ ( 70-74);
С ( 65-69);
С-(60-64);
D+( 50-54)
|
Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.
Тест бойынша 50-74% дұрыс белгіленген.
|
Қанағаттанарлықсыз
Бағалауға сай:
Р (0-49)
|
Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.
Тест бойынша дұрыс жауабы 50%-дан кем.
|
-Қорытынды бақылау:
Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.
20 сәүір 2011жылы бекітілген №152 «Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне» сай білім алушылардың қорытынды оқу жетістіктері 100 балдық шкаламен бағаланады, балдың цифралық эквиваленті 4 балға теңеледі.
Әріп жүйесі бойынша баға
|
Балдың цифралық эквиваленті
|
%-дық құрылымы
|
Дәстүрлік жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
233
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Жіберу рейтингін есептеу мысалы:
ЖРБ (жіберу рейтингін бағалау) = 80 +90 + 95 = 88,3
мұндағы 80 – тәжірибелік сабақтың орта бағасы;
90 – аралық бақылаудың орта бағасы;
95 - СӨЖ орта бағасы.
Жіберу рейтингінің пайызын мына жолмен анықтайды:
88,3х60% = 52,8 % (максимум 60%, минимум 30%)
ҚБ (қорытынды баға)
ЖРБ+ҚББ
50( 40%) – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша компьютерлік тестілеу).
Қорытынды баға құрамының пайызын мына жолмен анықтайды:
52,8%+ 40% = 92,8%
Барлығы:
1. қорытынды бақылау пайыздық құрамы 92 %
2. балдың сандық баламасы 92
3. балдың әріптік баламасы А-
4. дәстүрлік жүйе бойынша бағалау өте жақсы
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері қарастырылған:
• Ағымдық бақылау - бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері мен үлгілері ескеріледі (аудиториялық, ОЖСӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік дағдылары және т.б.).
Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай әдісі аралық және қорытынды аттестация кезінде қолданылады.
• Аралық бақылау – бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет ОЖСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 8 және 15 апталары) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады. Аралық бақылау саны пәннің силлабуста және ОЖСӨЖ кестесінде көрсетілген. Аралық бақылау қорытындысы бойынша орта балл шығарылып, ол жіберу рейтінгісін есептеу барысында ескеріледі.
• Қорытынды бақылау - компьютерлік тестілеу. Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы
Дәріс комплекстері
Достарыңызбен бөлісу: |