Жұмыс бағдарламасы пән: «Медициналық психология»



жүктеу 154,97 Kb.
Дата10.02.2018
өлшемі154,97 Kb.
#9199
түріЖұмыс бағдарламасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
НЕВРОЛОГИЯ, ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін» оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының проректоры,

м.ғ.д. М.У. Анартаева

_________________________

«_____»_____________2013ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: «Медициналық психология»
Пән коды МР 2219
Мамандық : 5В110100 «МЕЙІРБИКЕ ІСІ»
Оқу сағатының көлемі \ кредиттің: 45 (1 кредит)

Курсы: 2
Семестрі: 4

Шымкент 2013ж
Жұмыс бағдарламасы 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Медициналық психология» типтік бағдарламасы Астана қ., 2008 негізінде құрастырылды.
Жұмыс бағдарламасы неврология, психиатрия және психология кафедрасының мәжілісінде қаралып талқыланды

Хаттама №___ «___»______20__ ж.


Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _____________ Г.А. Дущанова

Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА жүйелі клиникалық әдістемелік комиссиясында талқыланды


Хаттама №___ «___»______20__ ж.
Төрайымы_________________Туртаева А.Е.

Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА ӘК-інде мақұлданды


Хаттама №___ «___»______ 20___ ж.

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе
Медициналық психология – бұл науқастарды емдеу барысында туындайтын психологиялық проблемаларды игеру мақсатын қамтитын медициналық білімнің дербес саласы.

Медициналық психологияның пәніне науқас психикасының сан түрлі ерекшеліктерімен олардың денсаулықпен ауру ағымына әсері, сондай-ақ психологиялық ықпал жасаудың тиімді шаралар жүйесімен қамтамасыз ету жатады.

Медициналық психология тек қана науқаспен қажетті байланыс орнатуға, аурудан анағұрлым тез және толық айығуға ғана емес, сондай-ақ аурудың алдын алуға, денсаулық сақтауға, үйлесімді тұлға тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.

Медициналық психологияның орталық проблемасына «медициналық қызметкер – пациент» қарым-қатынасы, осы қарым-қатынасты орнату механизмдерін, әсер ету жолдарын, қарым-қатынасты орнату үлгілерін қарастыру жатады. Медициналық психология бірініші курста оқытылған «Психология негіздері» пәні арқылы игерілген жалпы психологиямен сондай-ақ клиникалық білім берудің пропедевтикалық курсы бола отырып, негізгі клиникалық пәндер бойынша білімдерін ауруды психологиялық тұрғыдан түсіну тұрғысынан тереңдету арқылы клиникалық пәндермен тікелей байланысты.


2.2 Пəннің мақсаты:

Ауру жағдайындағы тұлға психологиясының негізгі заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыру емдеу-сауықтыру ықпалындағы психологиялық, психогигиеналық (психопрофилактикалық) бағыттардың бағалау дағдыларын игерту.




    1. Пәнді оқыту міндеттері:

  • Түрлі ауру жағдайындағы тұлғалық құбылыстармен (ауруға деген реакциялар, ауруды түсіну,т.б.) таныстыру;

  • Психосоматикалық және соматопсихикалық әсерлермен, психогендік, соматогендік, ятрогендік ауытқулармен таныстыру;

  • Психологиялық диагностика әдістерімен таныстыру;

  • Психогигиена мен психопрофилактика жөнінде түсінік қалыптастыру;

  • Студенттердің соматикалық аурулар кезіндегі психологиялық қорғаныс механизмдерімен психотерапияның негізінің әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру;


2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі тиісті:

  • Түрлі ауру жағдайындағы тұлғалық құбылыстардың негізгі заңдылықтарын;

  • Психосоматикалық, соматопсихикалық, соматоформдық ауытқулар, психогениялармен ятрогениялар туралы жалпы ұғымдарды;

  • Психологиялық диагностиканың негізгі әдістерін;

  • Психогигиенамен психопрофилактиканың негізгі қағидаларымен түрлерін;

  • Соматикалық аурулар жағдайындағы психологиялық қорғаныстың негізгі механизмдерін;

  • Психотерапияның негізгі қағидаларымен әдістерін.


Студент істей алуы тиісті:

  • Психогигиеналық бағыттарды қолдану;

  • Ятрогенді аурулардың алдын алу;


Студент дағдыларды меңгеру тиісті:

  • Пациентпен қатынаста психологиялық психопрофилактикалық бағытты ұстану;


2.5. Реквизитке дейінгі: Психология негіздері және коммуникативтік машықтар .

2.6. Реквизиттен кейінгі пәндер: Медициналық биоэтика, әлеуметтік игілік заманауи теориясы,.

2.7.Тақырыптық жоспар: тақырыптар, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы)

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

Кредит № 1

1

Медициналық психологияның пәні мен міндеттері. Медициналық психологияның психологиямен медицинаның басқа салалармен байланысы

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

2

Адам бойындағы психикалық және тәндік қатынастар

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

3

Психосоматикалық, соматопсихикалық, соматоформды бұзылыстар туралы жалпы түсініктер

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

4

Психогениялар, патогенді эмоциялар және ятрогениялар туралы жалпы түсініктер

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

5

Ятрогенді аурулары бар науқастармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері. Олардың алдын алу

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

6

Соматикалық аурулар кезіндегі «аурудың ішкі бейнесі», оның құрылымы және деңгейлері мен түзету әдістері

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

7

Ауруға деген жауаптың түрлері. Ауру дамуына әсер етуші жайлар

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

8

Түрлі соматикалық аурулар кезіндегі науқасқа тұлғасының ерекшеліктері

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

9

Балалар, жасөспірімдер және егде жастағы науқастармен медициналық қызметкерлер әрекетінің ерекшеліктері

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

10

Хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық шаралар кезіндегі медициналық қызметкерлер әрекетінің ерекшеліктері

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

11

Психологиялық қорғаныш. Соматикалық аурулар кезіндегі психологиялық қорғаныш механизмдері

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

12

Психологиялық зерттеу. Негізгі психодиагностикалық зерттеу әдістері

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

13

Медицинадағы психологиялық қиын жағдайлар, олардың алдын-алу

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

14

Психотерапияның негізгі әдістер мен түрлері және психокоррекциялау

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1

15

Медицинадағы психологиялық қиын жағдайлар, олардың алдын-алу

ауызша сұрау, сабақ тақырыбының сұрақтарын талдау

1




Барлығы сағат:



15


Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Медициналық психолгияның пайда болу, даму тарихы.

Негізгі психодиагностикалық әдістер және оларды психикалық қызметтің түрлі салаларының бұзылыстарында қолдану.



Рефераттар,

тақырып бойынша глоссарий,

тест сұрақтарын құрастыру,

ситуациялық есептер,

кроссвордтар құрастыру,

негізгі және қосымша әдебиетпен,

ақпаратты электронды тасымалдаушылармен

жұмыс жасау,

тесттік тапсырмаларды өзіндік шешу



2

2

Преморбидті күй туралы түсінік.

Психодиагностика және кеңтаралған соматикалық аурулардағы тұлға ерекшеліктерін бағалау.



2

3

«Психикалық денсаулық» түсінігін қалыптастыратын жайлар. Психиканың денсаулықты нығайтумен, аурулардың алдын алудағы орны.

Психодиагностика және науқасты операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдерге психологиялық дайындау.



2

4

Соррирогенииялар. Олардың алдын алу.

Психодиагностика және жүктілік кезінде және босанудан кейінгі кезеңдердегі тұлға ерекшеліктерін бағалау.



2

5

Арнайы бөлімшелердегі науқастардың психологиялық үйлесімділігі.

Қиын, қауіпті жағдайлардағы науқастарға психотерапиялық көмек.



2

6

Госпитализм түсінігі және оны алдын алу.

Психодиагностика және жалпы және аса қауіпті жұқпалы аурулардағы тұлға ерекшеліктерін бағалау.



2

7

Симуляция, агравация, диссимуляция түсініктері.

Психодиагностка және жедел психозды күйлердегі тұлға ерекшеліктерін бағалау, әлеуметке қауіпті әрекетті науқастармен медициналық қызметкерлердің қатынасын орнату шарттары.



2

8

Межелік бақылау 8 ші апта

Тұлғаны зерттеудегі проективті тәсілдер, және оларды қолдану.

Тестік тапсырмалар, әңгімелесу

2

9

Медицина саласындағы менеджер әрекетінің ерекшелігі.

Профилактикалық және реабилитациялық шаралардың негізгі психологиялық тәсілдері.



Рефераттар,

тақырып бойынша глоссарий,

тест сұрақтарын құрастыру,

ситуациялық есептер,

кроссвордтар құрастыру,

негізгі және қосымша әдебиетпен,

ақпаратты электронды тасымалдаушылармен

жұмыс жасау,

тесттік тапсырмаларды өзіндік шешу


2

10

Науқастың емдік шаралар нәтижесімен қанағаттанбауы.

Негізгі психотерапиялық әдістер және оларды қолдануға көрсеткіштер.



2

11

Медицинадағы трансактілік анализ.

Медициналық қызметкерлердің қиын жағдайлардағы науқастармен, олардың туысқандарымен қарым-қатынасы.



2

12

Емдік альянс құрудағы нейро-лингвистикалық бағдарлау элементтерін қолдану.

Медициналық қызметкерлердің ипохондриялық күйдегі науқастармен, олардың туысқандармен қарым-қатынасы.



2

13

Парапсихология және экстрасенсорлы емдеу.

Науқастармен, олардың туысқандармен емдік әрекетке баулу. Эвтаназияның этикалық жақтары.



2

14

Экстрасенсорлы емдеудің психотерапиядағы айырмашылығы.

Аралық бақылау.



2

15

Межелік бақылау 15 ші апта

Эвтаназияға деген жаңа көзқарастар.

Тестік тапсырмалар, әңгімелесу

2




Барлығы сағат:




30


2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері: (шағын топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұпта жұмыс жасау, презентациялар және т.б.)

Практикалық сабақтар: ауызша талқылау, ситуациялық есептер шешу, шағын топтарда жұмыс істеу.

Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысы: туындаған барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, жоспарда белгіленген тақырыптарды өзіндік игеру, рефераттар және презентациялар дайындау, ситуациялық есептер дайындау, әдебитпен жұмыс жасау, тестік тапсырмаларды орындау, шағын топтарда жұмыс жасау, межелік бақылау.

Студенттердің өзіндік жұмысы: оқу əдебиеттерімен жұмыс жасау,есептер және жаттығулар орындау, тақырыптық рефераттарды дайындау және қорғау.
2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстардың, ситуациялық есептердің орындалуын қадағалау

Межелік бақылау: дәріс тақырыптары, тәжірибелік сабақтар, СӨЖ бойынша коллоквиум

Қорытынды бақылау: тестілеу және тәжірибелік дағдылар (ОҚТЕ) енетін емтихан

Қосымша материалмен, құрал жабдықтармен қамтамасыз ету:
Құрал жабдықтар: компьютерлер, мультимедиялық проектор,

Қосымша материал: тақырыптық стендтер


2.10. Ұсынылатын әдебиет тізімі

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Илешева Р. Медициналық психология. Алматы, 1994, Санат.



Қосымша:

1. Елікбаев Н. Психология. Алматы: База университеті;1992.

2. Илешева Р. Медицинская психология. Алматы, 1994, Санат.

Ағылшын тілінде:

1. Michael J., Goldshtein, Bruse L., Baker, and K. Jamison Abnormal Psychology: experience, origins, and intervtntion. 1986.



  1. Robert S. Feldman. Understanding Psychology. 1990, 1987 by McGraw – Hill Inc.

1 үлгі «Реквизитке дейінгі, реквизиттен кейінгі және бір-бірімен шектес пәндерден білім берудің келісу хаттамасы» 2013 - 2014 оқу жылы




Осы пәнге негізделген басқа пәндер

Кафедралар

Материалдың пропорциясын өзгерту және оны баяндау туралы ұсыныстар

Келісімге қатысқан кафедралардың хаттама нөмерлері мен күндері

1

2

3

4

Реквизитке дейінгі:










Психология негіздері және коммуникативті машықтар

Неврология, психиатрия және психология

Тұлға аралық қарым-қатынас.Конфликт.Тәуелділік.




Реквизиттен кейінгі:










Әлеуметтік игілік заманауи теориясы

Неврология, психиатрия және психология

Әлеуметтік жағдайдың дені сау халыққа әсері




Медициналық биоэтика

Қоғамдық денсаулық сақтау 2

Медициналық құзіреттілікті реттеу




Аралас пәндер










Коммуникативті дағдылар

Терапия бакалавриат

Медициналық персонал және науқастар арасындағы қарым – қатынас бойынша коммуникативті қабылеттілікті, білімді, машықтарды машықтарды оқып білу.



Неврология, психиатрия және психология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Г. А. Дущанова
Қоғамдық денсаулық сақтау 2

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент А.М. Жаксыбергенов

Терапия бакалавриат

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Э.К. Бекмурзаева





жүктеу 154,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау