Жұмыс бағдарламасы пән: Кәсіптік аурулар Пән коды ка 3218 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының



жүктеу 5,02 Mb.
бет21/23
Дата21.01.2018
өлшемі5,02 Mb.
#7863
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

ЕСЕП №1

Науқас А., 42 жаста. 17 жыл бойы телевизор футлярын жылтырату үшін құрамында 35 проц бензол бар ерітіндіні қолданатын жұмыс істеген. Ауру бірітіндеп дамыған. Науқас әлсіздікті, басының ауруын, тез шаршағышдықты, кейін қызыл йегінің қанауын, мұрнынан қан кетуін байқаған. Стационарда зерттеу кезінде ұлғайған лимфа түйндерінің жоқтығы, бауыр қабырға доғасының шетінде пальпацияланған, талақ пальпацияланбаған. Созылған қолдардың саусақтарының треморы, айқын қызыл дермографизм, алақандардың гипергидрозы, пульс пен артериялық қысым тұрақсыз.

Тапсырма: болжам диагнозын - қойыңыз; қорытынды диагноз қою үшін қосымша зерттеу жоспарын құрыңыз.

ЕСЕП № 2

Науқас 52жаста, ауыл шаруашылығына арналған улы химикаттар базасында оларды ауыл шаруашылық мекемелеріне жіберумен айналысатын жұмыста істейді, жұмыс барысында улы химикаттардың дусты түріндегілермен контактіде болуы мүмкін. Бұрын ауырмаған. Базада 7жыл жұмыс істеген соң ол өзінің ашуланғыштығын ұлғайғанын, әр уақыт басының ауырғандығының басының айналуыны байқаған. Соңғы уақытта есте сақтау қабілеті қомақты нашарланған, ұйқысы бұзылған.

Объективті: гипергидроз, жеңіл акроцианоз, қызыл тұрақты дермографизм, тарамыс рефлекстерінің күшеюі, созылған қолдардың саусақтарының айқын емес треморы. Ішкі органдар жағынан тек аритмия мен брадикардиядан нормадан ауытқушылық байқалмайды.

Тапсырма. Диагноз құрастырып негіздеңіз. Қосымша зерттеулер қажетпе? Ем белгілеңіз ВТЭ жүргізіңіз.



ЕСЕП №3

Науқас У., 36 жас, 7 жыл бойы химиялық лабороторияда лаборант болып жұмыс істейді. Шыбын, маса, паразитке қарсы әртүрлі хлорофос, байтектерімен өнімдерін шығарады. Соңғы жылдары қозғыштық, тітіркенгіштік, тез шаршау, ұйқының бұзылысы байқалды. Науқас шыдамсыз, сілекей көп ағады, құсығы сұйық әрі иісті, бас ауруға шағымданды. Ауруханада тексергенде лимфа түйіндерінің ұлғаймағандығы, бауыр қабырға доғасының шетінде пальпацияланады. Қолды созғанда саусақтардың дірілдеуіне, температурасы 40 градус.

Тапсырма: Диагнозды негіздеу, қосымша зерттеу тәсілдері. МӘС-ні жүргізіңіз және ем.

ЕСЕП № 4

Науқас П., 42 жаста , аккумулятор дайындау өндірісінде жұмыс істейді. Ауруханада іштіқ кенет аурумен жедел жәрдем машинасымен жеткізілген. Анамнизінде аккумулятор зауытына жұмысқа тұрмай тұрған кезінде 12 елі ішек жарасымен ауырғандығы анықталды. 20 жыл бойы ешқандай асқынулар болмаған, мұны гастрологиялық зерттеулер де дәлелдейді.

Ауруханаға түскенде ішінің кенет толғақты ауырсыныуы шағымданған.

Объективті: іші жабысқан, пальпацияда іштің ортаңғы және төменгі жартысына жойылған, жүйесі кіндік айналасындағы ауырсыну. Ауру алдында ауызда жағымсыз дәм, жүрек айну, сілекей ағу, ұйқысыздық, іш қату болған. Науқас іш айдау дәрілерін ішсе де үлкен дәреті болмаған. Өкпелі перкуторлы дыбыс өзгермеген, тынысы везикулярлы, жүрек шекарасы өзгермеген, тондары айқын, таза. АҮ 180/90мм сын.бағ. Қан анализі: Нв 110 г/л ретикулоциттер саны 40 проц., эритроциттер 4,1x10 12/л, базофильді дәнді эритроциттер саны 66 проц; СОЭ 11 мм / сағ.

Тапсырма: диагноз құрастырып негіздеңіз. Қосымша диагностикалық зертеулер қажет пе және қандай. Ем белгілеңіз.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ТЕРАПИЯ БАКАЛАВРИАТ КАФЕДРАСЫ
МАМАНДЫҒЫ: 051102 «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ»
ПӘНІ: КӘСІПТІК АУРУЛАР
КУРСЫ: III

Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылаушы - өлшегіш құралдар

ШЫМКЕНТ , 2013ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланған

Хаттама №___ «____» 2013ж.

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., проф. Бекмурзаева Э. К.

Кәсіби аурулар 360 тест ( 90сағат 2 кредит)


~ Кәсіптік ауруларды алдын-алудың негізгі әдісі болып ... табылады.

| құрылыс құрал-жабдықтары

| жеке қорғаныш заттары+

| жеке тұрмыстық заттар

| жеке құралдық заттар

| ағаштан жасалған заттар

~ Жұқпалы немесе паразиттік аурулармен зақымдалудың кәсіптік сипатын айқындайтын негізгі құжат:

| эпидемиологиялық тексеру картасы+

| еңбек кітапшасы

| ауру тарихының көшірмесі

| медициналық карта

| еңбекке жарамсыздық парағы

~ Кәсіптік еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау пайызға шаққанда ... жүктеледі.

| МӘС ( медико- әлеуметтік сараптау бюросына)+

| КСК ( клинико- сараптау комиссиясына)

| профпатология орталықтарына

| емдеу- алдын алу мекемелеріне

| ДКБ


~ Берілген аурудың кәсіптік ауру екенін жұмыс үрдісінің орындалу сипатын ескеретін өндірістік ортаның және еңбек үрдісінің нақты санитарлық- гигиеналық талапқа сай екені тұжырымдалады:

| медициналық құжатпен+

| кәсіпорын әкімшілігімен

| кәсіпорынның кәсіподақ ұйымымен

| еңбек гигиенасы әкімшілігімен
| СЭС әкімшілігімен

~ Еңбек шартының санитарлық- гигиеналық сипатын құрайды:

| еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер+

| техника қауіпсіздігі бойынша инспекторы

| кәсіпорын админстрациясы

| кәсіпорынның кәсіподақ мүшесі

| аймақтық терапевт

~ Жаппай жіті улану жағдайына жатады:

| 2 және оданда көп адам+

| 5 адам және одан көп

| 10 адам және одан көп

| 15 адам және одан көп

| 20 адам және одан көп

~ Біздің Республикамыздағы өндірістік өнеркәсіптегі жұмысшылардың денсаулықтарын қамтамасыз етуді қарастыратын негізгі қағидалар бекітілген:

| ҚР Конституциясымен, “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы ” заңымен, “Еңбек сақтау туралы” заңымен+

| кәсіптік патологиялар орталығымен

| Медициналық ЖОО-ғы кәсіптік патологиялар кафедрасымен (№ 278 бұйрық)

| кәсіптік аурулар тізімін қолдану нұсқаулығымен

| кәсіптік потология сұрақтары бойынша ұйымдастыру- әдістемелік нұсқаулығымен

~ Антибиотик өндірісіндегі қауіпті өндірістік үрдісіне жатады:

| кептіру және жинақтау+

| сығу


| антибиотиктерді өндіру

| экстракция

| жинау

~ Қауіпті, зиянды заттар және жағымсыз өндірістік факторлармен байланысты жұмыстарға рұқсат етілмейтін жалпы медицинанық қарсы көрсеткіштер:



| қатерлі ісіктер+

| жеңіл дәрежелі миопиялар

| артериялық гипертензия I

| невростения

| жиі асқынусыз созылмалы гастрит

~ Қолдың вегетомиофаститі науқаста алғаш анықталғанда сіз қандай эксперттік шешім қабыдайсыз?

| 1-2 айға кәсіби бюллетень беріп, емханаға емдеуге жіберу керек+

| санитарлық- курортты емге жіберу керек

| стационарға жіберу керек

| МСЭК жіберу керек

| амбулаторлық емге жіберу керек

~ Науқас С, 40 жаста, 15 жыл бойы тау инженері. Кәсіптік өкпе ауруы. Шаңды ортада, тітіркендіргіш заттармен байланысу, жағымсыз метеорологиялық жағдайда, үлкен физикалық күштемемен байланысты жұмыстарға қарсы көрсеткіштері бар. Диагноз: Созылмалы шаңды бронхит, жеңіл дәрежесі, сирек өршумен. Тыныс жетіспеушілігі О –I дәрежесі. Науқас тиімді еңбек жұмысын қажет етеді. Төмендегілердің қайсысы тән келеді?

| мамандығын төмендетпей, шаңмен байланысы жоқ жерге жұмысын ауыстыру+

| науқасты МСЭК жіберу керек

| науқасты МСЭК жіберудің қажеті жоқ

| науқасты сол жұмысында қалдыру керек

| науқастың жұмыс орнын ауыстыру керек

~ 120 орындық аурухана құрылысына ауданы 80 м участке ұсынылды. Поликлиниканың қамтамасыз ету аймағы 2 км аспайды. Учаскенің шекарасынан 40 м қашықтан аудандық автоминстраль жүргізілген шу деңгейі 50 дб құрайды, палаталарды 30 Дб. Б ұл учаскенің аурухана құрылысына жарамдылығына баға беріңіз.

| берілген жер учаскесі алаң талаптарына сайкес келмейді, палатадағы және учаскедегі шу деңгейі сайкес келмейді+

| берілген жер учаскесі және палата мен учаскедегі шу деңгейі талапқа сай емес

| берілген участке алаң талаптарына сай емес

| берілген учаскеде палаталық және учаскелік шу, деңгейі палатаға сай емес

| берілген учаскеде палаталық және учаскенің шу деңгейі. талапқа сай

~ Науқас Б. 48 жаста бұрғұлаушы болып 20 жылдан бері жұмыс істейді. Силикоз ІІІ – ші дәреже, түйінді форма. ТЖ ІІІ-ші дәреже. Жұмысқа қабылетілік экспертизасын анықтаңыз:

| жұмысқақабылетсіз, көмекке мұқтаж+

| жұмысқақабылеті шектеулі

| физикалық күштемені қажет етпейтін жұмыс

| метеорологиялық жағдайдың қолайсыздығын қажет етпейтін жұмыс

| шаңға байланыссыз басқа жұмысқа ауыстыру

~ Кессон ауруын тудыратын жағдайлар:

| атмосфералық қысымның жоғарлауы+

| атмосфералық қысымның төмендеуі

| қалыпты атмосфералық қысым

| ыстық соғу

| суық тию

~ Кессон ауруы қайсысында пайда болады:

| компрессия кезінде+

| декомпрессия кезінде

| декомпрессиядан 15-20 минут кейін

| декомпрессиядан 1 сағаттан кейін

| декомпрессиядан бір тәуіліктен кейін

~ Сәулелену мөлшерінен ағзадағы біріншілік зақымдалуды көрсет:


| жыныс жасушаларының мутациясы+
| жасуша мембранасының өткізгіштігінің жоғарлауы
| ауыстырылмайтын аминқышқылдарының түзүлуінің төмендеуі
| тіндегі молекулярлы иондардың түзүлуі
| холинэстераза-ацетилхолин байланыс жүйесінің зақымдалуы

~ Облыстық СЭС радиоөлшеуші бөлімшесі жоспарлы санитарлық тексеруді медициналық қызмет көрсетушілердің еңбек ету жағдайын емдеу мекемелерінде иондаушы радияция көзінде өткізді. Облыстық емханада медициналық қызмет көрсетушілердің сәулелік жүктеменің жылдық мөлшерін есептеп жалпы көрсеткіштер жеке дозиметрлермен күштеме 10 БЭР-ді құрады. Қандай радияцияға қарсы қорғау шараларын күшейту қажет?

| дозамен, уақытпен, арақашықтықпен, экрандармен, герментизация автоматизациямен қорғау+

| дозамен, уақытпен, арақашықтықпен, экрандармен, маскамен қорғау

| герментизациямен, автоматизациямен, противогазбен қорғау

| автоматизациямен, арақашықтықпе, уақытпен қорғау

| арақашықтықпен, экрандармен, герментизациямен, противогазбен қорғау

~ Ауруханадағы 6 кереуетті палаталар ені-4м, тереңдігі-7м, биіктігі-3м. Палатада 2 терезе. Әрбір терезенің әйнектелген ауданы-2,5м 2. Ашық терезедегі шудың деңгейі 14-тен 17 сағат аралығында-55 дб, түнде-30дб. Жалпы жасанды жарықтандыру-50 м. Желдетілуінің көлемі-60 м3 бір сағатта СО2 мөлшері-0,17%. Емдеу қорғау режим3н тудыруда Қандай 3с шаралар палатада жүргізілуі керек?

| артық 2 кереуетті алып тастау, шуды төмендету іс-шараларын жүргізу+

| 1 кереуетті алып тастау, шуды төмендету іс-шараларын жүргізу

| артық кереуетті қалдыру, шуды төмендету іс-шараларын жүргізу

| артық кереуеттерді алу керек және шуды төмендетуге іс-шараларды жүргізбеу

| артық кереуетті алу

~ Алғашқы медициналық тексерудің мақсаты:

| кәсіптік жұмысқа кедергі келетін зиянды өндірістерге жұмыс істеуге жібермеу+

| адамдардың иммундық жүйесін және физикалық дене жетістігін дамыту

| диспансерлік бақылауға алу

| санаторлық-курорттық емге жіберу

| созылмалы аурулары бар жұмысшыларды диспансерлік бақылаудан щығару

~ Кезекті медициналық тексерудің мақсатына ... жатады.

| рационалды жұмысқа орналастыру+

| диспансерлік бақылау

| мүгедектік топтарын анықтау

| кәсіптік себеп салдарын табу

| емдеу - профилактикалық шараларын қадағалау

~ Кәсіби ауруларды шақырушы ... теріс факторлары болып бөлінеді.

| эндогендік, экзогендік+

| экзокриндік, эндокриндік

| тікелей, тікелей емес

| бағытталған

| бағытталмаған

~ III класс - еңбек жағдайындағы зиянды жұмыс:

| нормативі жоғары әсер ететін факторлар+

| оптимальді кәсіптік аурулар

| экстримальді еңбек жағдайы

| асқынған түрлері болуына

| жиі өлім -жітімнің болуына

~ Кәсіби аурулардың ... байланысты ерекшеліктері бар.

| жеңіл түрлердің басым болуына+

| ауыр түрлері болуына

| жасырын түрлері болуына

| асқынған түрлері болуына

| жиі өлім -жітімнің болуына

~ Химиялық этиологиялық ауруға жатады:

| созылмалы улану+

| пневмокониоз

| силикоз

| есту нервісінің невриті

| плеврит

~ Қосымша еңбекке жарамсыздық қағазы ... беріледі.

| кейбір созылмалы кәсіби аурулардың бастапқы түрінде+

| созыламалы кәсіби аурудан жеңіл өзгерістерінде

| жедел кәсіби аурудан кейінгі ауыр өзгерістерінде

| созыламалы кәсіби аурудың ауыр түрінде

| силикоздың III сатысында

~ Цехтық дәрігер бөлімшесіндегі дәрігер - терапевтінің негізгі қызметі:

| ауруларға мамандандырылған медициналық көмек+

| мүгедектікке шығару

| уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасынан бас тарту

| диспансерлік бақылаудан алу

| кезекті медициналық тексеруді өткізу

~ Уақытша еңбекке жарамсыздық қағазына ... берілген қағаз кіреді.

| 6 күннен аз уақытқа+

|10 күннен аз уақытқа

| тіркелмеген мекемеде

| жалпы медициналық мекемелерде

| 20 күннен аз уақытқа

~ Цех дәрігерінің компетенциясына … кіреді.

| кәсіптік профпатолог дағдысы бар маман+

| емханада істейтін дәрігер - терепевт

| ауруханада істейтін дәрігер - терпевт

| дәрігер - педиатр

| мамандық сертификаты бар кез - келген дәрігер

~ Кезеңдік медициналық тексерулерді ұйымдастыруға ... жатады.

| кезекті медициналық қарауға график жасау+

| жұмысшылардың аты – жөні бойынша тізімнен алып тастау

| жұмысшы контингентті анықтап 2 жылда 1 рет қарау

| 4 - 5 жыл аралығында қарау

| ай сайын қарау

~ Қорытындалған комиссияның актысын жіберетінін мекен:

| мекеменің кәсіподақ комитетіне+

| ауруханаға

| емханаға

| дәріханаға

| прокуратураға

~ Алдын ала дәрiгерлiк тексерулерге жатады:

| қауiптi, зиянды заттармен жұмысқа және түсетiн тұлғалар ескерiлген қолайсыз өндiрiстiк факторлармен арнайы тiзiмдер+

| қызметкер бәрi қайта қолданылған кәсiпорындарға келуі

| әкiмшiлiк лауазымға ие тұлғалар

| созылмалы ауруы бар тұлғалар

| еңбектiң қолайсыз жағдайлардағыны ерекше қауiп-қатердiң жұмысын орындаған тұлға

~ Ауқымды радиожиiлiк әсерінен жеке қорғаулы жабдықтар:

| көзiлдiрiк, қалқаншалар, немесе радио жұтатын арнайы киiм+

| әуе жұпарлауыш

| қалпақ

| респираторлар

| алғыш

~ Науқас А,35 жаста,көмір шахтасында (проходчик) болып 10 жыл атқарған,басқа мамандық жұмыс атқармаған.Кәсіби өкпе ауруы.Шаңды ортада,жұмыс атқарған,қоздырғыш заттардың іс -әрекеті,жағымсыз метеорологиялық ортада,үлкен физикалық күшпен байланысты.Диагноз: силикоантракоз I кезеңі,тыныс алу жетіспеушілігі I кезеңі; Науқас рационалды еңбек жұмысына қажетсінеді.МСЭ науқасқа:



| мүгедектікті ұйымдастыру III тобы кәсіби ауру бойынша+

| мүгедектікті ұйымдастыру I тобы кәсіби ауру бойынша

| мүгедектікті ұйымдастыру II тобы кәсіби ауру бойынша

| мүгедектікті ұйымдастырылмаған кәсіби ауру бойынша

| мүгедектікті ұйымдастыру жалпы ауру бойынша

~ Науқас И 45 жаста,15 жыл бойы бұрғыраушы,диагноз силикоз I кезеңі қойылған.Экспертизаны еңбек жарамсыздығын анықтаңыз:

| жұмысын ауыстыру,шаңмен байланысы жоқ жерге+

| еңбек жарамсыз болуы мүмкін

| еңбекке жарамды болуы мүмкін бұрынғы жұмысына

| жұмыстан босату

| еңбекке жарамды болуы мүмкін кез –келген жұмысқа

~ Жеңіл кезіндегі қызғанда (гипертермиялық және тырыспалық түрі) және күн өткенде науқас еңбекке жарамсыз:

| еңбекке жарамсыз , олар бұрынғы жұмыс орнына жұмыс істей алмайды+

| ұзақ еңбекке жарамсыз

| мүгедектік айқындалады

| 1 сағат бойы

| емделіп болған соң өз жұмысын жалғастыра алады.

~Силикатоздар тобындағы пневмокониоздың ең ауыр түріне жатады:

| асбестоз+

| коалиноз

| цементті пневмокониоз

| қалайылық пневмокониоз

| талькоз

~Шектен тыс қыздырудан дамитын аурулардың ... түрлерін ажыратады.

| гипертермиялық, тырысулық+

| анемиялық, нефротикалық

| гипертензиондық, несептік

| асқазан–ішектік, анемиялық

| невростениялық, нефротикалық

~ Пневмокониоздарға әкелетін өндірістік факторлар: ... құрамы жоғарылағанда дамиды..

| бос кремнийдің+

| улы химикаттардың

| бензолдың

| қорғасынның

| хлордың

~ Пневмокониоздарға тән ... .

| өкпенің диффузды зақымдануы+

| плеврит

| перикардит

| бронхтардың ошақты зақымдануы

| өкпе түбірінің кеңеюі

~ 35 ж. ер адам, көмір шахтасында 10 жылдан бері шахтер болып жұмыс істейді.Емханаға кеуде қуысындағы тұрақсыз ауырсынуға, сирек жөтелге шағымданып келді. Рентгендік зерттеуде өкпелердің шеткері аймактарында ұсақ дөңгелек 2-4 мм көлеңкелер байқалады. Аспирациялық әдіспен шаң сынамасы жасалған. Шаң концентрациясы 55 мг/м шаңдағы кремний диоксиді- 10%. Шаң препараты бойынша шаң дисперстілігі шаңның көпшілігінің кқлемі 2 мм дейін. Кәсіптік ауруға диагноз қойыңыз.

| Пневмокониоз (антрако- силикоз)+

| Пневмокониоз (силикотуберкулез)

| Сәуле ауруы

| СО кәсіптік улану

| Созылмалы бронхит

~Науқас И, 45 жаста клиникаға түскенде әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жөтелге, физикалық күштеме кезінде ентігуге шағымданады. Анамнезінен: 15 жыл бойы бұрғылаушы жұмысын істеген, яғни кремнийдің кристалдық диоксидінің көп мөлшерімен үнемі қатынаста болған. Желдеткіш қондырғылар дұрыс жұмыс істемеген. Арнайы киімдер берілмеген.

Обьективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлықсыз, өкпенің төменгі бөліктерінен перкуторлы дыбыс қорапты. Аускультативті: везикулярлы тыныс, кей жерде қатқыл дыбыс. Рентгенограммада: өкпе суреті ортаңғы және төменгі бөлімдерде шамалы күшейген және деформацияланған, түйін тәрізді аздаған ұсақ дақты көлеңкелер байқалады. Өкпе түбірлері шамалы тығыздалған.

| I кезеңді силикоз+

| II кезеңді силикатоз

| I кезеңді силикотуберкулез

| I кезеңді асбестоз

| II кезеңді талькоз

~Науқас Н, 43 жыл жұмыс істеген, туберкулезге қарсы диспансерге кеңес алуға жіберілді. 2 жыл бұрын I кезеңді пневмакониоз диагнозы қойылған. Медсанчастьта тексеру кезінде ентігуге, жөтелдің жиілеуіне, жауырынасты аймағында ауырсынудың пайда болуына шағымданған. Өкпенің төменгі бөліктерінен перкуторлы дыбыс қорапты реңімен, өкпенің төменгі жиектерінің жылжымалығы шектелген. Тыныс әлсіреген, қатқыл, жекелеген құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. R –граммада өкпе суреті диффузды күшейген және диффузацияланған, көптеген диаметрі 2-4мм көлемдегі түйінді көлеңкелер байқалады. Оң жақ бөлікаралық плевра тығыздалған. Түбірлер лимфа түйіндерімен жұмыртқа қабығымен қапталған түрінде. Диагноз құрастырыңыз.

| 2 кезеңдегі силикотуберкулез+

| 3 кезеңдегі асбестоз

| 2 кезеңдегі антрако- силикоз

| 3 кезеңдегі талькоз

| 2 кезеңдегі силикоз, түйінді түрі

~ Науқас К., 26 жаста, цемент зауытында жұмыс істейді. Дәрігерге келгенде іріңді қақырықпен жөтелуге, әлсіздіккке, тершеңдікке шағымданады. Физикалық жүктеме кезінде ентігеді. Анамнезінде 2-3 жылдан бері созылмалы бронхиттің өршуі байқалады, темекі шегеді. Обьективті: ТАЖ-22-1 мин. өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ-98 рет мин. Аурудың себебін негіздеңіз.

| цемент шаңынан болған силико-силикатоз+

| созылмалы обструктивті бронхиттің болуы

| темекі шегу

| еңбек шартын сақтамау

| ұзақ еңбек өтілі

~Науқас., 42 жаста, 16 жыл бойы литейлік өндірісте қалыпшы болып жұмыс істейді.Соңғы 4 жылда жауырын аймағында тұйық ауырсынудың, құрғақ жөтелдің пайда болғанын сезінген. Қарағанда: кеуде қуысының төменгі бүйір бөліктерінде перкуторлық дыбыс қорапты реңмен, өкпенің төменгі жиектерінің жылжымалылығы өзгермеген. Қан және зәр анализдері өзгермеген. Сыртқы тыныс қызметі: ӨӨС 78 % құрайды, Тиффно сынамасы 61 %. Жүрек-қантамыр жүйесі және асқорыту жолы жағынан өзгерістер жоқ.

Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген және деформацияланған, өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінде аздаған көлемі 2-3 мм дөңгелек түйінді көлеңкелер байқалады. Өкпе түбірлері шамалы кеңейген және тығыздалған өкпенің базальді бөліктерінің мөлдірлігі күшейген. Сіздің диагнозыңыз.

| силикоз+

| антрокоз

| асбестоз

| талькоз

| сидероз

~45 жастағы И. атты науқаста пневмокониоз- силикоз анықталған. Пневмокониозға әкелетін өндірістік факторларын анықтаыз.

| шаңдағы бос кремний құрамының жоғарылауы+

| улы химикаттармен улану

| бензолмен улану

| қорғасынмен улану

| хлормен улану

~Рентгенограммада тамыр-бронхының суреті күшейген, құрылымы қатқыл торланған. Арасында аздаған ұсақтағы түйін тәрізді көлеңкелер анықталады.Өкпе түбірлері біршама тығыздалған кеңейген. Өкпелік жүректің бастапқы белгілері анықталады. Берілген рентгендік белгілер тән ауру:

| асбестоз II дәрежелі+

| асбестоз I дәрежелі

| асбестоз III дәрежелі

| силикоз I дәрежелі

| силикоз II дәрежелі

~Науқас әйел кісі, 42 жаста, 20 жыл бойы шаңмен үнемі байланыста болатын тоқыма фабрикасында жұмыс істеген. Науқаста ұзақ жұмыс орнында қандай өндірістік шаң ауру тудырған?

| магнезиялы силикат (тальк)+

| кремний диоксиді

| асбест

| цемент


| керамика

~ Әйел кісі, 37 жаста, цемент зауытында еден жуушы болып жұмыс істейді. Дәрігерге келесі шағымдарымен келді: іріңді қақырықты жөтел, әлсіздік, тершеңдік. Физикалық жүктемеде тұншығу мазалайды. Анамнезде: жылына 2-3 рет созылмалы бронхиттің өршуі болады, шылым шегеді. Обьективті: ТАЖ- 22 рет 1 минутта, өкпе үстінен қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ- 98 рет мин. Аурудың себебін негіздеңіз?

| цемент шаңынан болған силико-силикатоз+

| шылым шегумен әуестену

| созылмалы обструктивті бронхиттің болуы

| еңбек гигиенасын дұрыс сақтамаған

| ұзақ жұмыс өтілі

~39 жастағы ер адам, 6 жылдан бері резеңке ойыншықтар шығаратын фабрикада қалыпшы болып жұмысістейді, онда ол үнемі өндірістік тозаңмен байланыста болған. Ұзақ уақыт бойы жұмыс жасағанда кәсіптік ауруды қандай фактор шақырады?

| тальк+

| кремний диоксиді

| асбест

| цемент


| көмір

~49 жатағы әйел, 16 жылдан бері парфюмериялық зауытта иіс дегустаторы болып жұмыс істейді. Кезекті тексерілу кезіндегі шағымдары: физикалық күштемеде ентігуге, кезеңді құрғақ жөтел, кеуде торшасында және жауырын аймағында шаншып ауырсынуы. Сырт көрінісі өзгеріссіз. Объективті: кеуде торшасының төменгі бүйір бөлігінде перкуторлық дыбыс қорапты реңмен. Тынысы қатқыл. Тұрақсыз құрғақ сырылдар естіледі. Сыртқы тыныс қызметі бұзылмаған. Рентгенограммада: Өкпенің барлық аймағында тамырлы-бронхиалды суретінің шамалы күшеюі және деформациясы. Ұсақ бронхтардың қабырғалары қалыңдаған және олардың реңінің өзгергені, өкпенің ортаңғы және төменгі бөлімдерінде көлеңкесінің өлшемдері 1-2 мм болатын көлеңкелер анықталады. Бұл көлеңкелер тегіс емес, бірақ анық контурлары бар. Өкпе түбірлерінің біршама және тығыздалған. Ең ықтимал диагноз.

| талькоздың I кезеңі+

| асбестоздың II кезеңі

| металлокониоздың I кезеңі

| анторокосиликоздың I кезеңі

| силикотуберкулездің II кезеңі

~Ер адам 57 жаста, бериллий өндірісіне жақын жерде тұрады клиникаға келіп түскенде әлсіздікке, шарашағыштыққа, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, құрғақ ұстама тәрізді жөтелге, кеуде торшасында айқын орны жоқ шаншып ауырсынуға, бірден 8-10 кг арықтағанына, қызбаға, аузына тәтті дәмнің келуіне, құсуға шағымданды.

Об-ті: ЖЖЖ 26 рет мин, дене қызуы 390 С, қалтырау, цианоз. Дене қызуы литикалық төмендейді, шойын түсті цианоз, лимфаденопатия, қабырғалары қалыңдауы анықталды. Рентгенограммада: өкпеде теңбіл дақтар және ұсақ көпіршіктер анықталады. Өкпе алаңдарының нәзік диффузды торлануы қырғыш қағаздың беті тәрізді. Өкпе түбірі кеңеймеген, айқын. Сіздің диагнозыңыз.


жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау