Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Терапия бакалавриат кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-әдістемелік және тәрбие
жұмыстар жөніндегі проректор
м.ғ.д. Анартаева М.У.
___________________
«____» _____________2013ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Кәсіптік аурулар
Пән коды КА 3218
Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының
(кредиттің) көлемі 90 (2 кредит)
Курсы 3
Оқу семестрі 6
Шымкент 2013ж.
Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған Кәсіптік аурулар типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды, Астана 2009ж.
Жұмыс бағдарламасы терапия бакалавриат кафедра мәжілісінде талқыланды
Кафедра меңгерушісі, профессор Бекмурзаева Э.К.
Хаттама № ___
«___» ___________2013ж.
Клиникалық пәндер бойынша жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды
Төрағасы, доцент Туртаева А.Е.
Хаттама № ___
«___» ___________2013ж.
Әдістемелік Кеңесте бекітілді
Хаттама № ___
«___» ___________2013ж.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Кәсіптік аурулар - өндіріс орындарында қолайсыз факторлардың әсерінен болатын аурулар.
Техникалық жарықтандырудың жеткіліксіздігі немесе өндіріс орындарында және ауыл шаруашылық жағдайында қажетті санитариялық-гигиеналық шараларды сақтамау кәсіптік аурулардың туындауының себептері болып табылады.
Кәсіптік ауруларды оқып, үйрену қоғамдық денсаулық сақтау бакалаврын дайындау кезінде маңызы зор, кәсіптік аурулар патологиясының дамуында өндірістік факторлардын ролін түсіну үшін де қажет.
Кәсіптік ауруларды білу өндіріс факторларының адам организміне әсерін және өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерін төмендету немесе алдын алуға көмектеседі.
2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерлеріне негізделген аурулар туралы білім қалыптастыру.
2.3 Міндеттері:
• кәсіптік аурулардың туындау жағдайлары мен себептері туралы білім беру;
• қазіргі жағдайдағы кәсіптік аурулардың клиникалық көріністерімен таныстыру;
• кәсіптік патологияның диагностика әдістерін үйрету;
• кәсіптік ауруға шалдыққан науқастарды емдеу, алдын алу, медициналық-әлеуметтік экспертиза принциптерін оқыту.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі
Студент білуі қажет:
• кәсіптік аурулардың негізгі түрлерін;
• адам организміне зиянды өндірістік факторлардың қолайсыз әсерін;
• адам организміне өндіріс ортасының зиянды факторларының әсеріне негізделген аурудың клиникалық көріністерін;
• диагностика және емдеу тәсілдерін;
• медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелерін;
• кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын.
Студент игеруі қажет:
• өндіріс ортасынын зиянды факторларын анықтауды;
• аурудың кәсіптік анамнезін жинауды;
• кәсіптік ауруға шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайын бағалауды;
• қажетті лабораториялық және аспапты диагностика әдістерін анықтауды;
• кәсіптік аурулар диагнозын негіздеуді;
• кәсіптік ауруға шалдыққан науқастардың емдеуге, алдын алу шараларына және еңбекке қабілеттілігіне ұсынымдар беруді;
• кәсіптік ауруларды талдауды;
• өндіріс орындарында алдын ала және кезеңмен медициналық бақылау жүргізуді;
•адам организімінде өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерінен сақтануға қажетті қорғау заттарын таңдауды;
Студент машықтануы қажет:
• өндірістегі зиянды факторлардың болуын негізіне ала отырып, кәсіптік аурулардың туындау мүмкіншілігін болжамдауға.
2.5 Реквизитке деінгі: жалпы гигиена, қоршаған орта және денсаулық.
2.6 Реквизиттен кейінгі: еңбек гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, семинар, зертханалық, өзіндік жұмыс)
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы
(сағат түрінде)
|
|
№ 1 кредит
|
|
|
1
|
Кәсіптік аурулар клиникасына кіріспе және оның міндеттері. Қазақстанда кәсіптік - патологиялық қызметті ұйымдастыру.
|
Шолу
|
1
|
2
|
Шаң әсерінен туындайтын кәсіптік аурулар. Пневмокониоздар.
|
Проблемалық
|
1
|
3
|
Кәсіптік бронх демікпесі.
|
Проблемалық
|
1
|
4
|
Физикалык факторлардың әсерінен туындайтын кәсіптік аурулар. Діріл ауруы.
|
Проблемалық
|
1
|
5
|
Шу электормагнитті толқындар, лазерлік сәулелену әсеріне негізделген кәсіптік патология.
|
Проблемалық
|
1
|
|
№ 2 кредит
|
|
|
6
|
Химиялық заттектердің әсерінен туындаған кәсіптік аурулар. Иісті көмірсутегімен улану: Бензолдың аминқосылыстарымен және нитроқосылыстарымен және оның гомологтарымен улану.
|
Проблемалық
|
1
|
7
|
Химиялық заттектердің әсерінен туындаған кәсіптік аурулар. Қорғасын және оның қосылыстарымен улану.
|
Проблемалық
|
1
|
8
|
Химиялық заттектердің әсерінен туындаған кәсіптік аурулар. Фосфор және оның қосылыстарымен улану.
|
Проблемалық
|
1
|
9
|
Химиялық заттектердің әсерінен туындаған кәсіптік аурулар. Сынаппен және марганецпен улану.
|
Проблемалық
|
1
|
10
|
Химиялық заттектердің әсерінен туындаған кәсіптік аурулар. Пестицидтермен улану.
|
Проблемалық
|
1
|
|
Барлығы:
|
|
10
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сабақтың ұзақтылығы
(сағат түрінде)
|
|
№ 1 кредит
|
|
|
1.
|
Кәсіптік аурулар клиникасына кіріспе. Диагностика және медициналық -әлеуметтік сараптама мәселелері.
|
теориялық талдау, ситуациялық тап-сырмаларды орындау
|
2
|
2.
|
Пневмокониоздар. Силикоздар.
|
шағын топтарда жұмыс
|
2
|
3.
|
Кәсіптік бронх демікпесі.
|
тақырыптар бой-ынша науқастарды талдау
|
2
|
4.
|
Діріл ауруы.
|
Sbl
|
2
|
5.
|
Шу әсерінен пайда болған кәсіптік патология.
|
Tbl
|
2
|
|
№2 кредит
|
|
|
6.
|
Ароматты кемірсутегімен улану: Бензолдың аминқосылыстарымен және нитроқосылыстарымен улану.
|
шағын топтарда жұмыс
|
2
|
7.
|
Қорғасын және оның қосылыстарымен улану.
|
ситуациялық тапсырмаларды орындау
|
2
|
8.
|
Фосфор және оның қосылыстарымен улану.
|
Sbl
|
2
|
9.
|
Сынаппен және марганецпен улану.
|
шағын топтарда жұмыс
|
2
|
10.
|
Хлорорганикалық пестицидтермен улану.
|
Tbl
|
2
|
|
Барлығы:
|
|
20
|
Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізілу түрі
|
Сағат саны
|
|
Кредит № 1
|
Презентация
Интеллект-карта
«Кейс-стади»
Постерлі баяндама
Тақырып бойынша эссе
Кластерлер
Тақырып бойынша Глоссарий ж/е т.б.
|
|
1
|
Кәсіптік патологияны анықтауға қажетті құжаттар.
|
3
|
2
|
Кәсіптік аурулардын алдын алу принциптері.
|
3
|
3
|
Аралас және органикалық шаңнан болатын пневмокониоздар. Пневмокониоздар: силикатоздар, металлокониоздар, карбокониоздар.
|
3
|
4
|
Кәсіптік бронх демікпесін туындататын өндірістік шаң түрлері. Патогенез теориялары.
|
3
|
5
|
Шаңды бронхит. Емдеу және алдын алу принциптері.
|
3
|
6
|
Діріл ауруының диагностика әдістері. Діріл ауруын емдеу және алдын алу принциптері.
|
3
|
7
|
Электормагнитті толқындар әсеріне негізделген кәсіптік патология.
|
3
|
8
|
Лазерлік сәулелену әсеріне негізделген кәсіптік патология.
|
3
|
9
|
Шудың, электормагнитті толқындар, лазерлік сәулелену әсеріне негізделген кәсіптік патологияны емдеу және алдын алу принциптері.
|
3
|
|
Кредит № 2
|
|
10
|
Ароматты көмірсутегімен улану нәтижесінде пайда болған кәсіптік дерттің патологиясы мен емдеу принциптері.
|
3
|
11
|
Бензол және оның қосылыстарының адам организміне түсу жолдары. Бензолмен уланудың даму патогенезі.
|
3
|
12
|
Қорғасынның адам организміне түсу жолдары. Қорғасынмен уланудың даму патогенезі. Қорғасын және оның қосылыстарымен улану нәтижесінде пайда болған кәсіптік дерттін патологиясы мен емдеу принциптері.
|
3
|
13
|
Фосфордың адам организміне түсуінің негізгі жолдары. Фосформен уланудың даму патогенезі. Фосформен улану нәтижесінде пайда болған кәсіптік дерттің патологиясы мен емдеу принциптері.
|
3
|
14
|
Марганец пен сынаптың адам организміне түсуінің негізгі жолдары.
|
3
|
15
|
Марганец пен сынаппен уланудың патогенезі. Марганецпен және сынаппен улану нәтижесінде пайда болған кәсіптік дерттің патологиясы мен емдеу принциптері.
|
3
|
16
|
Фосфорорганикалық пестицидтермен улану.
|
3
|
17
|
Мышьяк құрамды пестицидтермен улану.
|
3
|
18
|
Сынапты органикалық пестицидтермен улану.
|
3
|
19
|
Аралық бақылау (коллоквиум) 8-ші апта
|
Тәжірибелік дағдылау, тесттер
|
3
|
20
|
Аралық бақылау (коллоквиум) 15-ші апта
|
Тәжірибелік дағдылау, тесттер
|
3
|
|
Барлығы:
|
|
60
|
Достарыңызбен бөлісу: |