Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



жүктеу 5,02 Mb.
бет6/24
Дата31.01.2018
өлшемі5,02 Mb.
#8201
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Қорытынды бақылау – экзамен ( 40%), оның ішіне тесттілеу кіреді.

Тесттік бағалау


Баға /% /


Баға әріппен

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

Баллдар

95-100

А

Өте жақсы

68,4-72

90-94

А-

64,8-68

85-89

В+

Жақсы


61,2-64

80-84

В

57,6-61

75-79

В-

54-57

70-74

С+

Қанағаттанарлық



50,4-53,5

65-69

С

46,8-50

60-64

С-

43,2-46

55-59

D+

Қанағаттанарлық емес



39,6-43

50-54

D

36-39

0-49

F

0-35



Қосымша және айып балдар:

- баяндама, көрнекі құралдар дайындау және СҒЗЖ-на белсенді қатысқаны үшін 1,8 балл

- халат пен қалпағының болмауы мен сабақты себепсіз жіберуіне байланысты 0,5 балл төмендетіледі.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

Кафедра Терапия бакалавриат

Мамандық: 051101« Мейірбике ісі»
Пән: Геронтология,гериатрия


КУРС : 3
Лекция тезистері

ШЫМКЕНТ, 2013 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланған

Хаттама №___«____»2013ж.

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д.,проф. Бекмурзаева Э.К.

1



1) Тақырыбы: Кіріспе. Геронтология және гериатрия түсінігі. Қарттық және қартаю туралы жалпы түсінік. Қартаю кезеңі. Гериатриялык фармакология негіздері.

2) Мақсаты: Қартаю мен қарттықтың кезеңдерін студенттерге таныстыру.
3) Дәріс тезистері:

Дәрігер, әдетте, кәрі адам ағзасының көптеген зақымдалуларындағы нозологиялық бірліктің кішігірім тізбегімен кездеседі. Бұл «қартаю үдерісі патологиялық кеш онтогенезіне тән кіші аясының пайда болуының нақты жағдайларын түзеді» деп түсіндіріледі.

Морфологтар мен клиницисттер егде және қарт жастағы аурулар ішінде, қартаю үдерісімен байланысты өзара байланыстарының айқын ерекшеліктері бар, нозологияның екі тобын ажыратады.

Бірінші топқа жататын аурулар (катаракта, саңыраулық, остеопороз, вульвовагиналды атрофия, қуық асты безінің нодулярлы гиперплазиясы, Паркинсон ауруы және өкпенің кәрілік эмфиземасы), қартаю үдерісімен өте тығыз байланысты және тек егде және қарт жастағы адамдарда кездеседі. И.В. Давыдовский бұл ауруларды нозологиялық бірліктер статусына ие болатын «кәрілік сырқаттарға» жатқызған. Олардың туындауы тікелей жасқа байланысты және қартаюдың салдарынан деп есептеледі.

Екінші топ аурулары гериатриялық тәжірибеде жиірек кездесетін көптеген топтар, бірақ олармен орта және тіпті жас жастағы адамдар да ауыруы мүмкін. «Кәрілік сырқаттары» - жасқа белгілі бір қатысы болғанымен, қартаю үдерісіне тікелей тәуелді емес ( И.В.Давыдовский бойынша).

Гериатриялық тәжірибеде әртүрлі қосарлануымен жиі кездесетін аурулар:



  • қолқаның, бас миы, жүрек, бүйрек, аяқ және ішек шажырқай айналымы тамырларының мультифокалды зақымдалуымен атеросклероз;

  • артериалды гипертензия;

  • өкпенің созылмалы обструктивті аурулары мен пневмониялар;

  • қатерлі ісіктер (бірінші кезекте өкпе, асқазан-ішек жалпы мүшелерінің, бүйректердің, терінің, сонымен бірге ерлерде қуық асты безінің, ал әйелдерде сүт бездерінің және т.б.)

  • секреторлы жеткіліксіздігімен созылмалы гастриттер;

  • өт-тас ауруы;

  • 2-ші типті қант диабеті;

  • ревматикалық полимиалгия және самайлық артериит;

  • аорта стенозы әктенуімен;

  • Педжет ауруы ( деформациялық остит);

  • семіздік;

  • амилоидоз;

  • көптеген миеломалар;

  • психикалық депрессиялар;

  • Альцгеймер ауруы;

  • Паркинсон ауруы;

  • глаукома.

Бұлардан басқа, қарттарға тән ауруларға, миелодиспластикалық синдром, монокланды гаммапатиялар, созылмалы лимфолейкоз, лимфомалар, арезорбтивті гидроцефалия, туберкулез, құрсау теміреткі (герпес зостер) жатады. Қарттардың жарақаттарға, жұқпаларға, тромбоэмболиялық асқынуларға, нейротрофикалық және психикалық бұзылыстарға бейімділігі жоғары болады.

Егде және қарт адамдарда бұл аурулар көбіне білінбей, беткейлі, өзгеше клиникалық көріністермен және ешқандай айқын симптоматикасыз өтеді (жас науқастардағыдай). Бірақ, мұндай торпидті ағымға қарамастан, бұл аурулар айқын соматикалық және психикалық функционалдық өзгерістермен және асқынулармен жүреді және болжамы қолайсыз болып келеді.

Қарт әйелдерде, сүт бездері мен гениталийдің ісіктерінен басқа, ерлерге қарағанда, семіздік, гипотиреоз, өт-тас ауруы, өт қабының қатерлі ісігі, қант диабеті, самайлық артериит, ревматикалық полимиалгия және психикалық депрессиялар жиі кездеседі.

Аталған аурулар тізімі В.М.Дильманның (1986) «Қартаюмен біріккен ауруларындағы» адамның «басты» аурулары туралы түсініктермен сай келеді.

Гериатриялық науқастармен жұмыс жүргізу барысында кездесетін қиыншылықтар: есту және сөйлеуі қиын, есте сақтау қабілеті төмен науқастар. Сол себепті жұмыс барысында мына ережелерді қатаң сақтау керек:

• әңгімелесу барысы науқасқа да өзіне де ыңғайлы орын табу;

• әңгіме соңы науқастың жағдайын жақсарта түсуі керек;

• әңгімеге зейін қою, оның мәселесіне қызығу;

• науқасты аты - жөнімен атау, науқаспен тұрып сөйлеспеу, сабырлықпен тыңдау, артық іс – қимыл қолданбау;

• құлағы ауыр науқастармен асығыс сөйлеспеу, сіздің «ерініңізден оқуға» мүмкіндік беру;

• науқас алдында өзінің сенімсіздігін білдірмеу, оның орнына үндемей қалу, артық сөйлемеу;

• сөйлесу барысында әңгімені дұрыс бағытқа бұру;

• науқасты қобалжытатын тақырыпта сөз қозғамау.
Анамнез жинау барысында көп ақпаратты жинауда науқастың туысқандары, оның үйдегі күтушісі, ұзақ жыл бойы қатынаста болған медицина қызметкерлерінің рөлі жоғары.

Екінші кезеңде мейірбикелік үдеріс, науқастармен жұмыс істеу барысында көп білімді қажет етеді. Психикалық, әлеуметтік қиыншылық жағдай туғанда дұрыс шешім қабылдау керек. Мысалы, қыс уақытында ауылды жерде тұратын қарт кісілер үй шаруашылығымен өздігімен айналыса алмайды, сол кезде уақытша пансионатта және арнайы медико - әлеуметтік көмек көрсету орталықтарына орналастыру керек.

Үшінші кезеңде мейірбикелік күтім жасауда алдын-алу шаралары мақсатында жоспар құру қажет.Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін науқастың жағдайын жақсарту керек. 60 жастан асқан қарт кісілерге көрсетілетін меірбикелік көмектің негізгі ерекшеліктері:

1) Күтім жасау мақсатының нәтижесіне жету үшін ұзақ мерзім кетеді.

2)Денсаулығына байланысты қиыншылықтарды шешу кезінде науқастың белсенділігінің төмен болуы.

3)Күтім жасау барысында мүшелер мен жүйелердің қаншалықты қартайғандығын ескеру керек.



Төртінші кезеңде мейірбикенің күтім жасау жоспары 3 типті араласуымен болады: тәуелді, тәуелсіз, өзара тәуелділік.

Тәуелді араласу – дәрігердің бақылауымен, оның нұсқаларын мейірбике бұлжытпай орындайды (наркотикалық заттарды енгізгенде, науқасқа, қатаң режим мен емдәм тағайындағанда), және де әрдайым мейірбике дәрігермен кеңесіп тұруы қажет.

Тәуелсіз араласу – дәрігердің талабынсыз мейірбике өзі әрекет жасай береді. Мысалы, науқастың өзіне күтім жасау барысында көмек көрсету, науқастың өз ауруына реакциясы мен бейімделуін қадағалау, науқастың ауру дәрежесіне сай өзіне күтім жасауы мен тазалықты қалай сақтау керектігін үйрету және т.б,науқастың денсаулығына байланысты кеңес беру.

Өзара тәуелділік араласу-мейірбикенің физиотерапевт, диетолог, ЕДШ дәрігерлерімен тығыз байланысты жұмыс істеу.


Гериатриялық науқастарға фармакотерапиялық ем жүргізу кезіндегі ерекшеліктер.

• дәрі-дәрмекті әр науқасқа жеке таратып ,бір реттік ішетін дәрмекті қайта – қайта қабылдау ережесін түсіндіру;

• ауыз арқылы қабылданатын дәрілерді қабылдау аралығы 40 – 60 минут болу керек;

• қабылдаған дәрілер ағзаға кештеу әсер етуі мүмкін, себебі ағза қартайғандықтан асқазан – ішекте сіңірілу үдерісі төмендейді, шеткері қанайналым төмендегендіктен теріастына немесе бұлшықетке енгізілген ерітінді ұзақ уақыт кешігіп сіңіріледі;

• енгізілген дәрмектердің бүйрек, ішек, бауыр арқылы сыртқа шығарылуы төмендейді;

• бұрын қабылдаған дәрілерге де аллергия туындауы мүмкін;

• орта терапевттік ½ - 1/3 көрсеткішінен дәрі мөлшері азаяды;

• созылмалы ауруларда қабылдаған дәрілерге бақылау жасау:

Мейірбике бірнеше егде және қарт жастағы науқастармен жұмыс істегенде, бәріне бірдей көңіл бөлуі керек, науқасты бөлектемеу керек.

Науқастың физиологиялық және эмоционалдық жағдайына көп көңіл бөлу керек, себебі бұл нәрсе келешекте науқастың тез айығып кетуіне жол береді.




Бесінші кезеңі. Науқасқа күтім жасау барысында оның сапасына мейірбике баға беру керек. Жасаған іс - әрекетіне анализ жасап, қателіктерін түзеуге, дұрыс шешім қабылдауға бағытталған шараларды игеру керек.

Мейірбикелік үдеріс орталығында – науқасты жеке тұлға ретінде қарап, белсенді медқызметкерлермен жұмыс жасайды.



Үлкен жастағылардың ауруының жалпы клиникалық ағымы мен даму ерекшеліктері

Аурушаңдық құрылымы

Жас ұлғайған сайын аурушаңдық жоғарылайды. Қала тұрғындарының денсаулық жағдайын әртүрлі жылда таңдамалы зерттегенде 60 жастан асқан адамдардың ешқайсысы өзін саумын деп есептемейтінін, ал 80-86% қарттардың созылмалы аурулары бар екендігі анықталды.

40 жастан төмен жастағы адамдармен салыстырғанда бұл жастағы аурушаңдық 2 есеге дейін артады. Мысалы, 20-29 жастағыларға қарағанда қарттардағы тыныс алу мүшелерінің аурушаңдығы 2,4 есе, ал жүрек-тамыр жүйесінің аурушаңдығы 6,8% есеге дейін жиі кездеседі. 40-44 жаста ЖИА аурушаңдық 6,8% құраса, ал 55-59 жаста ол-23,0% құрайды, яғни 3-3,5есе артық. Қарт және егде жаста асқазан ойық жара ауруының жартысы және қатерлі түзілістердің көп бөлігі орын алады.

70 жастан жоғары жастағы ер адамдарда 3,9-2,6% және әйелдерде 2,5-2,0% ғана созылмалы аурулары болмайды. 20-29 жастағы адамдармен салыстырғанда, бұл жастағы науқастардың субкомпенсациялық және декомпенсациялық сатыларындағы созылмалы аурулармен аурушаңдығы 14 есе жоғары. Бұл, өз кезегінде, терапиялық стационарлардың 80% жуығын және хирургиялық стационарлардың 30-50% гериатриялық жастағы науқастар құрайтынын айқындайды. Қарт науқастардың урологиялық көмекке деген қажеттілігі жүрек-тамыр жүйесінің патологияларымен байланысты аурулардан кейінгі 2-ші орынды алады.

Гериатриялық науқастардың негізгі ерекшеліктерінің біріне - полиморбидтілігі, яғни созылмалы ауруларының көптігі жатады. Сонымен, 50-59 жастағы науқастарда 2-3 аурудан, 60-69 жаста 4-5, ал 70 жастан жоғары жастағыларда 5 аурудан келеді.

Жас келе аурушаңдық құрылымы өзгеріске ұшырайды. 30 жастан кіші адамдарда барлық аурулардың 1/3 бөлігін тыныс алу мүшелерінің ауруы құрайды, кейін қанайналым жүйелерінің аурулары, жарақаттар, уланулар, жүйке және сезім мүшелерінің аурулары орын алады.

40 жастан асқан адамдардың аурушаңдық құрылымында да тыныс алу мүшелерінің аурулары құрайды, бірақ оның деңгейі төмендейді, яғни барлық аурулардың 1/5 бөлігін қамтиды, ал қанайналым жүйелерінің ауруларының деңгейі жоғарылайды.

Зейнетке дейінгі жаста уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша аурулардың негізі тыныс алу мүшелерінің, қанайналым жүйесінің, асқорыту, жүйке жүйелері мен сезім мүшелерінің ауруларынан түзіледі.

60 жастан асқан адамдарда ең жиі таралған патология түріне, қанайналым жүйесінің аурулары жатады. Келесі орынды сүйек - бұлшықет жүйесі және дәнекер тіндер, тыныс алу мүшелері, асқорыту, жүйке жүйелері мен сезім мүшелерінің аурулары иеленеді. Осы 5 классқа қарт және егде жастағы адамдардың барлық ауруларының 85% сай келеді.

Жылдар бойы жинақталған созылмалы патологиялар, қалған еңбекке жарамдылыққа әсер етеді, мүгедектікке, қозғалу және өзін-өзі қамтамасыз етуіне де әсер етеді.

Бұл бірінші кезекте жүрек-тамыр жүйесінің созылмалы патологияларына, оның ішінде жасы мен жынысына тәуелсіз ЖИА, цереброваскулярлы аурулар, гипертониялық ауру және көктамыр аурулары жатады. Аталған 4 нозологиялық түрлер қарттардағы қанайналым жүйесінің барлық ауруларының 80% жуығын құрайды, соның ішінде ЖИА және гипертониялық ауру осы аурулар класының тең жартысына сай келеді.

Тыныс алу мүшелері ауруларының ішінде жоғарғы тыныс жолдарының жіті инфекциялық аурулары (40-45%), пневмониялар (30%) маңызды бөлігін құрайды, содан соң өкпе эмфиземасымен жүретін созылмалы бронхит, бронх демікпесі енеді. Қартайған сайын тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларының жиілігі тоқтаусыз ұлғая береді. Әртүрлі зерттеулер мәліметтері бойынша, аталған топтағы тұрғындардың барлық ауру жағдайларының ішінде тыныс алу мүшелерінің аурулары әртүрлі аймақтарда 10-нан 24% дейінгі үлесін құрап отырады.

Қарт және егде жастағы адамдардың жүйке жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары барлық аурулардың 9-17% құрайды. Бұл топтағы аурулардың ішінде көру мүшелерінің аурулары алдыңғы қатарға шығады, оның ішінде, бірінші кезекте глаукома, катаракта, көздің қабыну аурулары кездеседі. Паркинсонизмнің тамырлық түрінің таралуы жиілеген. Өмірдің 4-ші онжылдығынан соң омыртқа аралық дискілерінің дистрофиялық –дегенеративті өзгерістерімен байланысты, жүйке жүйелерінің патологиялары жиі байқала бастайды.

Қарт және егде жастағылардың барлық патологияларының 4-15% асқорыту жүйесінің аурулары құрайды. Кейбір аудандарда бұл топтың аурулары жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің ауруларына қарағанда жиі кездеседі. Бұл класс ауруларының нозологиялық түрлерінің ішінде созылмалы гастрит, созылмалы колит, бауыр мен өт жолдарының аурулары жиі кездеседі.

Қартайған сайын тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы, әсіресе тұрмыстық жарақаттар жиі кездеседі. Сүйек-буын аппаратындағы жастық дистрофиялық және деструктивті өзгерістердің дамуымен байланысты, кәрі жастағы адамдарда 80% жағдайда сан сүйегінің сынуы құрайды. 70 жастағыларда сүйек-буын аппаратының ауруларының жиілігі 86% құрайды.

Бірінші рет анықталған аурулардың көп бөлігі үлкен жастағы адамдарға, соның ішінде ерлерге қарағанда, әйелдерге сай келеді. Қарт жастағыларда тек жаңа аурулар ғана жиі анықталып қоймай, сонымен бірге бұрын пайда болған, созылмалы ауруларының жинақталуы да жиі кездеседі. 50-59 жас гериатриялық патологиялардың жинақталу мағынасында қолайсыз деп қарастыруға болады.

50-59 жастық топпен салыстырғанда, 70 және одан жоғары жастағы адамдар арасында дені сау адамдар 6 есе аз, ал ауру адамдар 5 есе көп кездеседі.

Жастармен салыстырғанда, қарт науқастардағы декомпенсациялық жағдайдың үлкен жиілікте кездесуінің себептерінің біріне, қартайып жатқан ағза жүйелерінің бірінің зақымдалуы, басқа жүйелер қатарының тез зорығуына және күрт кетуіне алып келу жағдайы жатады. Патология - деп, сондай-ақ қартаю деп түсіндірілетін күрделі функционалдық бұзылыстар тізбегі, оңай қайтымсыз болып, ағзаны әлсіретіп және титықтатады. Осы құйын тәрізді үдемелі морфофункционалдық деструкцияны уақтылы тоқтата алмаса, онда декомпенсация қысқа уақытта мүгедектікке, өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігін жоғалтуға, жалпы болбыратуға және соңында өлімге де алып келеді.

Қарттар арасындағы аурулардың таралуы туралы түсінікке статистикалық мәліметтер толық мәлімет бере алмайды. Мысалы, омыртқасындағы дистрофиялық – дегенеративті өзгерістермен және артроздары бар кәрі науқастар секілді, депрессивті жағдайдағы кәрілік деменциясы бар науқастар ауруханаға барлық уақытта жата бермейді. Көптеген авторлар, егде және қарт жастағы адамдарда жүректің және мидың ишемиялық ауруы, артериалды гипертензия, қатерлі ісіктер және қант диабеті жиі кездеседі, –дейді. Бірақ, бұл аурулар, тек кәрілікте ғана емес, орта және жас жастағыларда да кездеседі. В.В. Фролькистің ойы бойынша бұл аурулардың ағзаның инволютивті – жастық құрылу кезінде, қартайған кезде туындауының қосымша биологиялық алғы шарттарын түзеді дейді. Д.Ф.Чеботарев және оның мектебінің өкілдері қартаюшы ағзаның жастық морфофункционалдық қайта құрылуын, өмірдің соңғы кезеңіндегі патологиялық зақымдалудың жоғарылауына себеп болатын, өзіндік «үлкен қауіп факторы» деп қарастырады. Бұл авторлардың ұсынып отырған, кәрілік пен жастық патологиялардың байланысын іске асыратын механизмдер, оның негізінде қарттық және егде жастағы көптеген созылмалы аурулары дамитын патогенетикалық платформа.

Жас бойынша өзгерістер қарттарға тән аурулармен екі жақты байланыста болады. Созылмалы аурулардың үдеуі кәрілік келеңсіздіктердің ерте пайда болуы мен тез өрбуіне себеп болып, ағзаны тез болбыратуына зер салмауға болмайды.

Кәрі адам «кәрілік келеңсіздіктер» және «кәрілік сырқаттар» деп белгіленген нозологиялық аурулардан басқа да, жаспен ешқандай байланысы жоқ аурулармен ауыруы мүмкін. Бұл ауруларға тұмау, респираторлы вирусты аурулар және басқа жұқпалар мысал бола алады. Қарттардағы бұл ауруларға клиникалық ауыр жағдайлар, ұзаққа созылу, функционалдық өзгерістер мен асқынуларға бейімділік тән.
4) Иллюстрациялы материалдар: берілген

5) Әдебиеттер:
6) Қорытынды сұрақтар( кері байланысы):


  1. Қартаю туралы түсінік.

  2. Қарттықтың кезеңдері.

  3. Қарт адамдарда фармакотерапияның ерекшеліктері.

2


1) Тақырыбы: ЖИА. Миокард инфаркті. Қауіп факторы. Қарттардағы клиникалық ағымы. Емі, күтімі, алдын алу.

.

2) Мақсаты: Қарт адамдарда миокард инфарктісінің диагностикасын және алғашқы көмекті көрсетуді студенттерге үйрету.



3) Дәріс тезистері:

Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы.

Миокард инфарктісімен сырқаттанатын науқастардың саны 1000 адамға шаққанда 2,87 – 3,08% - ын құрайды. ЖИА –ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктісінің жиілігі екі есе көбеюге жақындаған.



Этиологиясы. Миокард инфарктісінің негізгі себебі – тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы. Миокард инфаркті дамуының тікелей себептері:

1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының окклюзиясы;

2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі;

3) критикалық стеноз нәтижесінде тәж артериясының түйілуі;

4) тәж артериясының критикалық стенозы кезінде миокардтың оттегіге сұранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қызметінен симпатоадренал жүйесі белсенділігінің аса жоғарылауынан).

Аталған тікелей себептермен бірге миокард инфарктісінің дамуында келесі бейімдеуші факторлардың маңызы зор: тәж артерияларының тармақаралық коллатеральдік байланыстарының жеткіліксіздігі, қанның тромбтар түзу қасиетінің артуы, микроциркуляциялық бұзылыстар .



Миокард инфарктінің клиникасы:

Ангиноздық түрі ангиноздық статустан – төстің немесе жүрек тұсындағы ауыру ұстамасынан басталады. Көбіне ауырсынудың сипаты аса қатаң салмақ батқандай, кеудені жыртқандай немесе ашытып күйдірілгендей болып сезіледі. Ауырсыну сол қолға, иыққа, сол жауырынға, мойынның сол жақ бетіне, жақтың сол жартысына тарайды. Нитроглицериннен жеңілдік болмайды. Ауырсыну стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатқа. Ұстама кезінде науқасты өлім үрейі билеп, салқын тер басады .

Астмалық түрі – ауырсынусыз, бірден жүрек астмасынан басталады. Миокард инфарктінің мұндай бастамасы жүректе бірнеше постинфаркттық тыртығы немесе диффузды кардиосклерозы бар қарт адамдарға және папиллярлық бұлшықеттің некрозына тән. Науқас ентігіп ортопноэ күйінде болады. Өкпеде алдымен ұсақ көпіршікті, кейін орта және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, алыстан естілетін сырылды тыныс пайда болады. Өкпе артериясында 1 тонның акценті естіледі. Шулы сырылды тынысты кейде жүрек тондарын естіртпейді. Миокард инфарктісінің астмалық түрі өте ауыр болғандықтан, көбіне өлімге алып келеді.

Аритмиялық түрі – пароксизмдік ырғақ бұзылысынан (жыбыр аритмиясынан, атриовентрикулалық блокададан) басталады. Мұндай жағдай өткізгіштік жүйесінің некрозға немесе ишемияға ұшырауынан болады.

Абдоминальдік түрі - бұл түрінде ауырсыну эпигастрий, кіндік, мықын және қабырғаасты аймақтарында орналасады. Сондықтан науқас ауырсынуды іш қуысы ағзаларының патологиясымен байланыстырады. Клиникалық көрінісі асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруына, панкреатитке, жіті холециститке, аппендицитке ұқсайды. Диагноз қате қойылғанда науқас хирургиялық емге алынуы ықтимал. Сырқаттың белгілерін сұрыптағанда ауырсынудың іш қуысында басым орналасқанымен, оның көкет күмбезінен жоғары, яғни кеуде қуысында таралуын ескерген жөн.

Диспепсиялық түрі. Абдоминальдік түрінен айрықша, инфарктінің бұл түрінде іш қуысында ауырсыну болмайды. Басты белгісі – тағамдық интоксикацияға ұқсас, диспепсиялық бұзылыстар жүрек айнуы, құсу. Бұл нұсқа мезентериялық артериялардың атеросклерозы және асқорыту жолдарының қосымша аурулары бар қарт науқастарда кездеседі .

Коллапстық түрі. Миокард инфаркті жіті тамыр шамасыздығынан басталады, артериялық және көктамырлық қысымдар күрт төмендейді, науқастың әлі құрып тер басады, терісі бозарады, есі кіресілі – шығасылы болады, ағыл - тегіл терлейді, көктамырлары айқын болмайды. Әрі қарай диурез азаяды және микроциркуляциялық бұзылыстар аса көлемді некроздың дамуында кездеседі.

Церебральдік түрі. Миокард инфаркті неврологиялық белгілерден басталады. Оның белгілері ми қанайналымы бұзылысының көрінісіне ұқсайды. Миокард инфарктінің бұл түрі ауыр церебральдік атеросклерозы бар науқастарда байқалады.

Шеткері (перифериялық) түрі. Бұл түрінде жүрек тұсында, төс маңында, тіпті кеуде сарайында ауырсыну болмайды. Ауырсыну иррадиация аймақтарында ғана (иықта, жақта, мойында т.б.) сезіледі. Ауырсыну деңгейі әртүрлі, бірақ көбіне айтарлықтай емес. Инфарктінің бұл түрі көбіне ауыр атеросклерозға шалдыққан егде, қарт адамдарға тән.

Симптомсыз ''мылқау'' түрі. Миокард инфаркті жасырын дамиды. Көрінісінде себепсіз әлсіздік, бастың аздап ауыруы мен айналуы, шамалы ентікпе, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, АҚ құбылысы, субфебрильдік қызба байқалуы мүмкін. Науқас өз жағдайын жағымсыз ауа райымен, салқындаумен байланыстырып, бұл белгілерге мән берместен жүре береді. Симптомсыз миокард инфаркті кездейсоқ тексерілгенде немесе ЭКГ-да қалған тыртықтану өзгерістерімен анықталады. Миокард инфарктісінің симптомсыз түрі кенет өлім себебінің бірі болып табылады.

Оң қарыншаның жіті шамасыздығымен дамитын түрі. Миокард инфаркті оң қарыншаның жіті шамасыздығынан басталады. Бұл жағдайда оң қабырғаасты өткір ауырады, бауыр тез ұлғаяды, жүрек айнуы, құсу байқалады және 18-20 сағаттан кейін ісіну пайда болады. Оң қарыншалық инфаркт кеуденің оң жартысынан түсірілген кеуде тіркемелерінде анықталады.

Тотальді жүрек шамасыздығымен дамитын түрі. Миокард инфарктінің бұл түрінде ауырсыну болмайды. Сол және оң қарыншаның көлемі қатар некрозға ұшырауынан іркіліс екі шеңберде бір уақытта дамиды. Сол қарынша шамасыздығы жүрек астмасы және өкпенің ісінуімен, оң қарынша шамасыздығы үлкен шенбердегі дамитын жіті іркіліспен (бауырдың тез ұлғайып, қатты ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу т.б.) білінеді.

Шартты түрде миокард инфарктісінің астмалық, коллапстық, церебральдік, диспепсиялық, аритмиялық, симптомсыз және оң қарыншаның жіті шамасыздығымен, тотальді жүрек шамасыздығымен дамитын түрлері жатады. Инфаркттің типті түріне қарағанда бұлардың барысы ауыр және өлімге жиі алып келеді. Өлімнің жиілігі бір жағынан кеселдің уақтылы анықталмай, науқастың ауруханаға кеш түсуінен де болады.



Миокард инфарктінің ауырсынусыз түрлері көбіне жас ұлғайған шақта, жүйелі атеросклероздың ауыр түрінде, миокард инфарктімен бірнеше рет ауырған адамдарда, ЖИА артериялық гипертониямен, қантты диабетпен қатар жүргенде, яғни ауырсынуға сезімталдық төмендеген жағдайларда дамиды. Бұдан басқа барысына қарай миокард инфарктісінің рецидивтеуші, созылыңқы және қайталамалы түрлерін айырады.

Рецидивтеуші миокард инфаркті – инфаркттің өткір және өткірлеу кезеңдерінде (3-4 апта ішінде) жаңа некроз ошақтарының дамуымен сипатталады. Егер жаңа некроз ошақтары 8 аптадан (бұрынғы инфаркт тыртықталғаннан) кейін пайда болса, оны қайталамалы миокард инфаркті деп атайды. Миокард инфарктінің созылыңқы барысы – некроз ошағындағы репарация үдерісінің баяу жүруінен болады. Бұл жағдайда зертханалық, ЭКГ – лық көрсеткіштердің динамикасы қалыңқы келеді. Инфаркттің барысы ұзарып, науқастың сауығуы көпке созылады. Мұндай барыс әлсіреген, қосымша аурулары, ауыр стеноздаушы коронаросклерозы бар кәрі адамдарға тән.

жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау