Жұмыс бағдарламасы пән: Геронтология, гериатрия Пән коды gg 3217 Мамандық 051101 «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



жүктеу 5,02 Mb.
бет8/24
Дата31.01.2018
өлшемі5,02 Mb.
#8201
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Омыртқа остеохондрозы

Егде және қарт жастағы адамдарда тірек-қимыл аппараты ауруларының ішіндегі омыртқа остеохондрозы негізгі өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі заманда өмірдің жағдайының өзгеруіне (аз қимылдау, тамақтану тәртібінің сапасының өзгеруіне) байланысты жер шары тұрғындарының 40-80% остеохондрозбен ауырады. Бұл ауру қарттарда кең тараған 60 және одан үлкен жастарда тұрғындар популяциясында остеохондроз жиілігі 95-100%-ды құрайды. Остеохондрозбен ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады, бірақ ерлерде жиі өршу болып көп жағдайда ота жасалынып мүгедектікпен зейнетке шығады. Жыл өткен сайын ауыратын науқастар саны көбеюде. Остеохондроз тек медицинаның ғана емес әлеуметтік мәселе болып табылады. Омыртқа остеохондрозы омыртқа жотасының дегенеративті– дистрофиялық өзгерістері жиі 30 жастан асқанда дамиды. Соңғы жылдағы зерттеулер нәтижесі бойынша остеохондроз жасаруда. Аурудың рентгенологиялық және клиникалық белгілері қазіргі кезде 12-15 жастағы балаларда да кездеседі. Омыртқа жотасының дегенеративті–дистрофиялық өзгерісінің идеологиясында эндогенді (дизэмбриогенез,омыртқаның аномальды дамуы, тұқым қуалаушылық, жастық өзгерістер) және экзогенді (омыртқаның жарақаты, интоксикациялар және т.б) өзгерістер болып табылады. Омыртқаның ең жиі зақымданушы бөлігі омыртқааралық дискі болып табылады, өйткені олардың қанмен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан регенерацияланбайды. 35-40 жаста дисктің барлық элементтерінде - ядро, фиброзды сақина, гиалинді пластинкасында біртіндеп кебуі мен тығыздалуы байқалады. Содан кейін екіншілік спондилез – омыртқаның денесінің шеттерінен сүйекті өсінділер (остеофиттер) дамиды. Остеохондроз кезінде остеофиттермен шығыңқы дискілердің жұлынды және өсінділерін, жұлын тамырларын қысуынан неврологиялық бұзылыстар болады.



Остеохондроздың клиникалық көрінісі полиморфты. Ол омыртқаның зақымданған деңгейімен анықталады.Омыртқа остеохондрозының негізгі түріне мойын және бел- сегізкөз бөлігінің зақымдануы болып табылады. Мойын омыртқасының остеохондрозы-ағзаның анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты клиникалық көріністері және полиморфизммен айқындалады. Клиникасы көптеген: цервикалгия, кардиалгия, жұлындық, түбіршекті, омыртқа артериялары, алдыңғы сатылы бұлшықеттер, иық-жауырын периартрит, эпикондилит, білек сүйегінің стилоиды және т.б. әртүрлі комбинациялық синдромдарды құрайды. Жас келе түбіршекті синдром жиілейді. Мойын бөлігі омыртқасы жұлыны түбіршектерінің қысылуы мойын, иық, бұғана, білек, қол басы, бұлшықеттерінің созылмалы парестезиялы ауырсынуымен байқалады. Қозғалыстағы бұзылыстар әсіресе білезік пен саусақтарда кездеседі. Терінің сезімталдығы бұзылады. Мойын омыртқасының остеохондрозы көп жағдайда созылмалы цервикалгиямен көрінеді. Ол басты ұзақ бір бағытта ұстағанда, белсенді қозғалтқанда, жүйке түбіршектерінің компрессиясы және ирритациясы ретінде байқалады. Омыртқа артериясының симпатикалық жүйке шоғырының ирритациясында және мойын омыртқасының жарты ай тәрізді сіңірлі – сүйекті өсінділерімен компрессиясында, доға өсінділері буындардың шығуында омыртқа артерияларының синдромы туындайды. Ол бастың шүйде, төбе аймағының қысып, басып ауруымен, бас айналуымен, құлақтың шулауымен, көздің көруі мен құлақтың естуінің төмендеуімен және т.б. сипатталады. Қарттар мен егде жастағы адамдарда синкопальды, вертебральды синдром байқалады. Бұл кезде басты тез бұрғанда омыртқа мен базиллярлы артериялар бассейнінде ишемия үдеуінен – науқастың басы айнып, жүрегі айналып, құсу, кейде талып қалу да байқалады. Мойын омыртқасының остеохондрозы жүрек аймағының ауырсынуымен (кардиалгиямен) көрінеді. Спинальды синдромы кезінде мойын, иық аймағының ауырсынуы, әлсіздік, гипотензия, қол бұлшықеттерінің атрофиясы, беткейлі сезімталдылығының бұзылыстарымен көрінеді. Иық, жауырын периартритінде иық буынның ауырсынуымен, жиі оң жақтың, түнгі ұйқы кезінде тұмсық тәрізді өсінділердің ауырсынуымен, дельта тәрізді бұлшықеттің инсерциясының, иықтың ротациясының шектелуімен, қолдың қызметінің төмендеуімен сипатталады. Алдыңғы сатылы бұлшықет синдромында иық және қол басының ауырсынуы парестезиямен, қолдың әлсіздігімен, ауырлықты сезінуімен, терінің жергілікті бозаруымен, тері қызуының көтерілуімен, пульстің ассиметриясымен сипатталады. Зақымдалған жағының бұлшықетін басқанда, терең дем шығарғанда, басты қарсы жағына бұрғанда ауырсынулар сезіледі. Аурудың клиникалық белгілерін науқасты физикалық зерттеулер толықтырады. Мойын омыртқасының остеохондрозында мойынды алға еңкейткенде қысқаруына, лордоздың үдеуіне, кейде мойынның аздаған сколиозы әсерінен бір жағына қисаюына және анталгиялық қалыпқа әкеледі. Қарттарда бұл өзгерістер қайта қалпына келмейтін органикалық сипатта болады. Мойынның тіндерін, кеуде қуысын пальпациялағанда, қозғалыс кезінде «сықыр» естіледі. Егде жастағылар және қарттарда мойын омыртқасының остеохондрозында жұмсақ тіндерінде дистрофиялық өзгерістер анықталады. Жас ұлғайған сайын алақан апоневрозының контрактурасы, тыртықты тығыздалулар анықталады. Қарттарда мойын омыртқасының остеохондрозы жиі спондилезбен, унковертебральды неоартрозбен, артроздармен, Шморл жарықтарымен және т.б. бірге жүреді. Омыртқалардың рентгендік зерттеулерінде омыртқааралық қуыстардың кішіреюін, сүйекті өсінділермен омыртқаның денесінің субхондралды склероздану мен азғана остеопороздар анықталады.
Бел омыртқаларының остеохондрозы.

Клиникалық симптомдарына бірінші ауырсыну, түбіртекті және статикалық синдромдармен сипатталады. Бел омыртқасының остеохондрозының этиологиясында жарақаттық факторлардың алатын орны ерекше.

Негізгі клиникалық белгілеріне бел – сегізкөз аймағының (люмбалгия) ауырсынуы немесе оның жамбас пен сан аяққа иррадиациялануына (люмбоишалгия) немесе тек аяққа (ишалгия) берілуімен жүреді. Жиі ауырсыну бел аймағының, бел – сегізкөз аймағының физикалық күш түсуден кейін, ұзақ ыңғайсыз қалыпта отырғанда, бірден еңкейгенде, қатты ауырсынумен басталады. Ауырсыну жайылмалы, шаншыған, сирек сыздаған сиппатта болады. Ауырсыну оқыс қимылда, дененің қалпын өзгерткенде, бір қалыпта ұзақ отырғанда, түшкіргенде, жөтелгенде, және т.б. жағдайда ұлғаяды. Ауырсыну және сипағандағы сезімталдылық төмендейді. Кейде гиперестезия болады. Тұрақты Ласега симптомында созылған аяқты жоғары көтергенде ауырсыну болады. Сонымен қатар қайшылы Ласега симптомында зақымданған жақтағы ауырсыну сау аяқты көтергенде пайда болады. Созылмалы белгілерінің симптомдарына: Нери – басты пассивті еңкейткенде бел аймағында ауырсыну пайда болуы, Дежерина жөтелгенде, түшкіргенде ауырсыну сол жерде пайда болуы, Вассерман – науқасты ішіне жатқызып, аяқта, жамбас – сан буынды ауырсыну шап аймағында бүккенде пайда болуы. Мацкевич – тізе буынды ішіне қерай бүктіргенде сан сүйегінің алдыңғы беткейін ауырсынуы жатады, соңғы екі симптом сан жүйкесінің невритінде байқалады. Көп науқастарда бел омыртқасының остеохондрозында балтыр бұлшықетінің атрофиясы анықталады. Бұлшықеттер атрофиясы оның тонусының төмендеуімен кейбір бұлшықет топтарының парезіне дейін байқалады, бірақ сирек кездеседі. Омыртқааралық дискілердің дегенеративті өзгерістері вегетативті бұзылыстармен бірге жүреді. Ауа – райы өзгергенде, түшкіргенде ұлғаятын, ашып, шаншып, қышымалы ауырсынумен, жүйке түбіршектерінің зақымданумен жүреді. Сонымен қатар вазомоторлы бұзылыстар: аяқ – қолдың мұздауы, тері қызуының төмендеуі, тамырлы спазм, пульстың жоғалуына дейін білінеді. Вегетативті бұзылыстарға трофикалық симптомдар: цианоз, дисгидроз, терінің қабыршақтануы, кебуімен білінеді.

Бел омыртқасының остеохондрозы висцеральды синдромдарына – зәрді ұстай алмауы, болмай қалуы, сфинктердің салдануы, жамбас түбі бұлшықетінің салдануы, зәр шығару кезінде ауырсынумен және қуықтың гипотониясымен байқалады. Бел омыртқасының остеохондрозы бел лордозының болмауымен немесе тегістелуімен сипатталады. Сирек гиперлордоз – «тақтай симптомы», «асқақ жүріс» пайда болады. Бұл ауырсынумен бірге жүреді. Бел омыртқасының остеохондрозы ауыр асқынуында «ат құйрығының» компрессиялық синдромы (салданған ишиас) бұның нәтижесінде баяу және жіті люмбоишиалгиялық синдромынан өкше парезі, зәр шығару бұзылып, зәрдің бөгелуіне дейін әкеледі: сонымен парезден кейін ауырсыну және вертебральды синдромдар жойылады. Бел омыртқасының остеохондрозының динамикасы клиникалық белгілерімен рентгендік симптомдардан (омыртқааралық аймақтың тарылуы) тұрады.

Емі

Остеохондроздың емі кешенді түрде жүргізіледі. Рационалды тамақтануды сақтау, емдік тамақ, семіздікпен күресу (майлы, тез қорытылатын көміртектерді қолданбау керек, аздыратын емдәм және т.б), адекватты қимыл тәртібін сақтап, емдік дене жаттығуларын орындау.Өршу кезінде зақымдалған бел омыртқа бөлігіне тыныштық жағдай жасау ұсынылады: жартылай төсекті тәртіп, төсеніш асты шитті кереует, тек бас және мойынға арналған пәс жұмсақ жастық, құрғақ жылу тағайындау, ауырсынуды басатын тітіргендіргіштер: қыша қағаздар тағайындау. 8-10 күндік қатаң емес төсек тәртібі ауырсынуды азайтады, қозғалу белсенділігін арттыру керек, ол остеопороз бен бұлшықет атрофиясын болдырмайды. Мойын омыртқасының остеопорозында құрсауды бастапқыда үнемі, кейіннен кезеңдік жартылай қатты жағына тағу керек. Бел омыртқасының остеохондрозында кезеңдік құрсау тағу керек, белге салмақ аз түсу үшін, физикалық жұмыс істеушілерге штангисттің белбеуін тағу керек. Дәрмекті емі қарттарда гериатриялық фармакотерапияның тәртіптері бойынша тағайындалады. Жіті кезеңде анальгезирлеуші дәрмектер (баралгин 1-2 таб – 2-3 рет тәулігіне, 0,5мл бұлшықетке, анальгин 50% - 1 мл бұлшықетке, тәулігіне – 2 гр-нан аспау керек) транквилизаторлармен бірге (феназепам, реланиум) берілу керек, новокаин – гидрокортизонды блокадалар: симпаталгияда финлепсинді антидепрессанттармен (амитриптиллин және седативті дәрмектермен) бірге берілу керек. Тиімді болмағанда тамыр ішіне инфузиямен анальгетиктер (баралгин) кортикостероидтар, новокаин, десенсибилизирлеуші дәрмектермен бірге тағайындалады.



Патологиялық бұлшықет тонусын төмендетуге баклофен, фенибут, реланиум, лидокаин және т.б. миорелаксанттар беріледі. Ісікті басу үшін жіті кезеңде алғашқы үш күнде: фуросемид және лазикс бұлшықетке; урегит, сорбитол тамыр ішіне, кейде күшті (фуросемид) және калий сақтаушы салуретиктер беріледі. Қабынуға қарсы терапия ретінде вольтарен (диклофенак), мовалис, метиндол, напроксен бұлшықетке тағайындалады. Жіті кезеңде айқын ауырсыну синдромында кортикостероидтар (дексаметазон ішке және метипред бұлшықетке) тағайындалады. Бейстероидты қабынуға қарсы дәрмектерді 10-14 күннен артық берілмеу керек. Қан айналымды жақсарту үшін трентал, эуфиллин, но – шпа, компламин, эскузан, троксевазин тағайындалады. Кешенді терапияға сіңіретін әсерлі: биогенді белсендіргіштер (шыны тәріздес дене, плазмол, ФиБС, гумизоль, алоэ) бийхинол, лидаза, пирогеналь, синаптикалық нейрональды өткізгіштік жақсарту үшін: прозерин, амиридин, сангвиритин беріледі: метаболикалық және жалпы қуаттандырғыш терапия: В тобының дәрумендері, токоферол, аевит, фосфаден, АТФ, кокарбоксилаза, румалон, аскорбин қышқылы тағайындалады. Ганглиоблокаторлар (бензагексоний, ганглерон) ұзақ ауырсыну синдромында нейтрофикалық бұзылысында бұлшықет атрофиясында ретоболил Е дәрумендерімен және антихолинэстераза дәрмектерімен беріледі.

Жергілікті көңіл аударушы (отвлекающий) және қабынуға қарсы дәрмектер димексид тағайындалады. Негізгі кешенді емге емдік дене шынықтыру, әсіресе емдік гимнастика жатады. Ол омыртқа тініндегі метаболизмді қалыптастырушы, бұлшықет қызметінің белсенділігін жоғарылатып, қозғалу көлемін ұлғайтады.

Емдік гимнастика 5-10 күннен 35 минутқа дейін жүргізіледі Гериатрияда емдік гимнастиканы қауыптілікті сақтап қолданылады. Тез қимылды гимнастикаларды алғашқы кезде қолданбайды. Гимнастиканы, жаттығуларды бұлшықеттерді босататын жаттығулармен алмастырып отырады. Ауырсыну синдромдарында тыныс алу жаттығуларын тағайындайды. Керекті кешенді емге уқалау да жатады. Теріні механикалық тітіркендіру метаболизмді жақсартып, қан – лимфа айналымды жақсартып, жүйке жүйесінің қызметін жоғарылатады, бұлшықеттің жұмысын жақсартуға ауырсынуды басатын әсер береді. Уқалауды жіті ауырсынуды басқаннан кейін сипалаумен жайлап бастайды. Мойын омыртқасының остеохондрозында жағалық аймақты, жоғарғы кеуде аймағын, керек болса қолды да уқалайды. Бел омыртқасының остеохондрозында осы аймақты, төменгі кеуде бөлігін, жамбас аймақты, аяқты уқалайды. Уқалауды күніне 20-30 минуттан 10-15 рет жүргізеді. Физиотерапияны қарттарда байқап, кейбір шектеулермен қолданады. Оларға ультра күлгін сәулелендіру, ультрадыбыс, синусоидальды модульдеуші токтар, фоноферез жатады. Гидрокартизон немесе новокаин, парафин, озокерит, балшықпен емдеу, гидротерапия – радонды, сульфидті, шөптік ванналар ем курсына 10-12 рет, мануалдық терапия, ине шаншу және т.б., қарт науқастарды санаторлы – курорттық емді өзінің климаттық аймақтарындағы санаторияларда өткізіледі.

Остеопороз. Қауіп факторлары. Клиникалық әйгіленуі, асқынуы. Алдын алу шаралары . Тұрмыстық жарақаттың алдын алу.
Остеопороз – жүйелі, үдемелі түрде қаңқа жүйесіндегі сүйек тығыздығының төмендеуі және сүйек құрылымының бұзылуымен сипатталатын ауру болып табылады.

Остеопороз барысында сүйектің қалыпты құрылымының айтарлықтай бөліктері жойылып, архитектоникасы жоғалып, босаңсып, борсып, аз – кем салмақ әсерінен сүйек сынғыш келеді.

Остеопороз аса кең таралған «ХХ ғасырдың үнсіз эпидемиясы» атанған, көбінесе сырқат адам өзінің сүйектері остеопорозға ұшырағаннан хабарсыз, тек кальций жетіспеуінен сүйек сынғанда ғана байқалатын ауру түрі. Бұл жағдайда жоғалған кальций орнын толтырып, сүйек массасының жоғалған бөлігін қалпына келтіру қиынға соғады.

Остеопороздың типтері:

Постклимактериялық - әйел ағзасында эстроген гормондарының бөлінуі азаюынан болады. Бұл типтегі ерте остеопорозда етеккір келуі 1-3 жыл бұрын тоқтап, омыртқа жотасы бойы ауырады. Бұл уақыттан кейінірек, шамамен 65 жастан асқан соң екі аяқ, сан және басқа сүйек бөліктерінің ауырсынуы байқалады.

Жасөспірімдік остеопороз – соңғы жылдары остеопороздың «жасарып», сүйектің сынғыштығы балалар мен жастарда көбейгені байқалуда.

Қарттық остеопороз - жалпы ағзаның қартаюынан, қаңқаның салмағы мен тығыздығы төмендеуінен 75-80 жастан асқан қарт кісілерде кездеседі.

Кортикостероидты остеопороз - кортикостероидты гормондарды ұзақ қабылдау әсерінен дамиды.

Остеопороздан жиі көрініс беретін сынық түрлері:

- сан сүйегі мойнының сынуы;



  • кәрі жіліктің сынуы;

  • омыртқалардың компрессиялық сынуы.

Адам ағзасындағы сүйектердің көлемі, тығыздығы, салмағы өсу үдерісі барысында ұлғаяды. Әйел адамдарда бұл құбылыс 20-23 жаста, ер адамдарда 24-27 жаста тоқтайды. Осы жастан кейін керісінше сүйек массасы кеми бастайды. Адамның жасы анағұрлым ұлғайған сайын, сүйек те «қартайып», жұмсарып, жүріс – тұрысы, дене тұрқы өзгереді.

Остеопорозға барлық адам дерлік ұшырайды – балалықта (жасөспірімдік остеопороз), әйелдерде (50-60 жастағы әйелдердің жартысынан астамы), және 65-70-тен асқан ер адамдарда кездеседі.

Адам қаңқасы тек тірек – қимыл жүйесі ғана емес, минералдардың аса бай қорының көзі, минералдар алмасуындағы маңызды мүше. Остеопорозда сүйектің массасының азаюы ешқандай белгісіз, ауырсынусыз ондаған жылдар бойы жалғасуы сырқаттың қатерлілігін көрсетеді.

Остеопороздың пайда болуына алғашқы себеп – химиялық құрамы толыққанды емес тамақтану, қоршаған ортадағы уытты элементтердің ағзаға әсерінен зат алмасуының бұзылуы болып келеді. Сүйек тінінде зиянды стронцийдің 99% мен оның 8% изотоптары, бұлшықет тінінде цезий радионуклидінің 80% жинақталатыны дәлелденген. Біздің ағзамызда химиялық элементтер синтезделмейді, тек олар сыртқы ортадан су, тағам, ауа, тері арқылы түседі. Егер ағзасында ауыр металдар көбейіп, кальций, магний, марганец, цинк, кремний, мыс, фосфор, бор алмасуының бұзылуы болса, остеопороз дамуы заңды болады. Сүйек тінінің құрамы күрделі минералды құрамнан тұрады. Сүйек тінінің негізі кальций, фосфор магнийден тұрғанымен, олар өзара сүйек тінінде жақсы бекінуі үшін цинк, марганец, кремний, мыс, селен, темір, кобальт қажет. Сонымен бірге бор микроэлементінің жетіспеуінен кальций мен фосфаттардың сіңірілуі мен шығарылуы бұзылып, Д дәруменінің сіңірілуі төмендейді. Сондықтан остеопорозды емдеуде тек кальцийді қабылдау нәтиже бермей, осымен бірге оның марганец, мырыш, селен, темірге, магнийге антагонистігі остеопороз ағымын ауырлатады.

Остеопороздың дамуына алюминий, стронций, қорғасын, кадмий, бериллий сияқты микроэлементтердің мөлшері артуынан сүйек тініндегі кальций, магний фосфор, цинк, темір және басқа элементтер ығыстырылып шығуы да себеп болады. Бұндай көрініс орын алған жерде зәр жолдарында тас, буындарда сықыр пайда болып,сүйек жұқарады.

Босанғаннан кейін болатын остеопорозда кальций жетіспеушілігі емес,негізінен марганец жетіспеуі себеп болады. Марганец әйел ағзасындағы дофамин нейромедиаторының өндірілуіне,ал дофамин психологиялық қалыпты теңдікті сақтауға әсер етеді. Жас босанған әйелдердің тынымсыз, ашушаң болуы, қант диабетінің босанудан стресстік реакция алу әсерінен дамуына жол береді. Марганец, сонымен бірге супероксиддиисмутаза ферментін өндіруге жәрдемдеседі, оны жасартушы микроэлемент деп те атайды. Климакс кезінде бор, марганец, мыс сақталуына себеп болатын әйелдердің жыныс гормондары азаюынан,осы аталған микроэлементтер жетіспеуінен остеопороз дамиды.

Остеопороздың клиникалық әйгіленуі.

1. Дене салмағының төмен болуы остеопороз және сүйек сынуының негізгі факторы. Май тінінің азаюы мен бұлшықет массасының төмендеуі жарақаттанғанда сүйекті толық қорғай алмағандықтан, сонымен бірге нәзік, арық әйелдердің сүйегі жіңішке болатындықтан тез сынады. Егер салмақтың төмен болуы шектеуші ас мәзіріне байланысты болса,адам салмағын жоғалта отырып, сүйек массасын да төмендетеді.

2.Арқа-жота тұсы,бел тұсының үнемі ауыруы остеопороз дамығаннан күшейеді. Омыртқалардың сүйек қаңқасы әлсіреп,аяқ астынан омыртқа сынуына әкелуі мүмкін. Сондықтан постменопаузалық кезеңде арқа ауырып, бүкіреюі байқалса, тез арада остеопорозға тексерілу керек.

3. Бойдың төмендеуі. Жас ұлғая келе омыртқа аралық диск созылғыштығын жоғалтуына байланысты 60-80 жаста адамның бойы 1-2 см шөгеді. Бойдың шөгуі остеопорозда омыртқалар деформациясына да байланысты болады.

4. Сүйек сынғыштығы - 40-жастан кейін остеопорозға байланысты сүйектің сыну қауіпін арттырады.

5. Стероидты гормондарды қабылдау (бронх демікпесі, ревматоидты артрит) кальций сіңірілуін бұзады.

6. Темекі шегу менопаузаны тездетеді, кальций сіңірілуін нашарлатады.

7. Сүйектің сынғыш, нәзік болуына қалқанша безі жұмысының бұзылуы, несеп ауруы себеп болады. Балтыр бұлшықеттері жиырылып, шаштың түсуі, тырнақта терең сызықтар пайда болуы мүмкін.

Остеопорозды алдын алу және емдеу үшін ағзадағы макро – және микроэлементтерді анықтап білген жөн. Бұл үшін шаштың спектралді талдауы, ал қажетті болған жағдайда қан мен қан сарысуының спектралді талдауын жүргізген жөн. Шашты тексеру аса құнды ақпарат береді.

Спекралды талдауды тырнаққа, зәрге де жүргізуге болады. Бұл зерттеу остеопорозға бейімділік болған жағдайда дұрыс алдын алуға, қажет болған жағдайда дұрыс емдеуге жәрдем береді. Осыған орай дұрыс емдәм, микроэлементті препараттар, дәрумендер, биофосфонаттарды дұрыс таңдауға жол ашады. Биофосфонаттар – алендронат, ризедронат, этидронат, бонвива сияқты дәрілер постменопаузалық кезеңде остеокластардың белсенділігін, сүйек резорбциясын баяулатады.Көптеген сырқаттар бұл топ дәрісін ұзақ қабылдау тәртібін сақтамаудан толық нәтижеге жете алмайды.

.
4) Иллюстрациялы материалдар: берілген

5) Әдебиеттер

6) Қорытынды сұрақтар( кері байланысы):


  1. Остеопороз анықтамасы.

  2. Қатер факторлары .

  3. Остеопороз емдеуінің негізгі қағидалары.

5


1) Тақырыбы: Зәр шығу жүйесінің жасқа байланысты өзгеруі. Зәр шығу жүйесінін аурулары: гломерулонефрит, пиелонефрит. Қарттардағы клиникалық ағымының ерекшелігі.

2) Мақсаты: Қарт адамдарда несеп шығару жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру.
3) Дәріс тезистері:
Бүйрек аурулары қартайған шақтадағы жеке патология отандық нефрологтардың ойлары бойынша егде жастағы және қарт адамдардың өлімдерінің негізгі 4 себебінің бірі болып табылады. Бүйрек ауруларында жасқа байланысты ерекшеліктері бар. Жануарлармен адамдардағы зерттеулері дәлелденгендей жас келе бүйрек ұлпасының қызыметінің төмендеуі адам қартайғанда 1/3-1/2 нефрондарын жоғалтып дәнекер тіндер өсіп жастық нефросклероз түзіледі. Нефрондардың өлуімен қатар қалған жасушалардың компенсаторлы гипертрофиясы дамиды. Қартайған кезде бүйректің оттегіне қажеттілігі төмендейді, жасушаларда митохондри саны азаяды, жалпы АТФ-тың белсенділігі төмендейді, жалпы ағзадағы энергиялық алмасу қарқындылығы қысқарады. Үдемелі түрде бүйрек қанайналымымен шумақты фильтрациясының физиологиялық деңгейі төмендейді. Бүйректің экскреторлы (азотты, су мен электролит шығарушы) қызметі төмендеп бүйректің гипофункциясы дамиды. Бұған нейрогумаральды реттелудің жастық ерекшелктеріне байланысты зәр шығару жүйесінің жүйке бөлімінің ролінің азаюына, гуморальды белсенділігінің жоғарылауына байланысты. Бүйрек тостағаншалары, табақшалары, несеп ағар жас келе тығыздалады, эластикалығын жойып, көлемі ұлғайып ритмді қызметі бұзылып, рефлюкс жиілеп, қуық қабырғасы қалыңдап тығыздалып зәр шығаруы жиілейді. Қуықтың жас өзгеруіне байланысты жабушы аппараттың қызметі әлсіреп, зәрді ұстай алмауына алып келеді. Бұл зәр шығару рефлексін бақылаушы жоғарғы орталық жүйке жүйесінің қызметінің төмендеуінен болып табылады. Қарттық метаболикалық функционалдық, реттеуші құрылымдардың өзгерулері зәр шығару жүйесінің қартайғанда патологиясының өсуіне стресс кезінде декомпенсациялануы дәрмектердің мөлшерін азайтуға алып келеді.
Гломерулонефрит — стрептококктық инфекцияға тәуелді дамитын, шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің инфекциялық-аллергиялық ауруы.

Этиологиясы. Басты себебі - А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3-4-ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12-ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады.

Бүдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен
НВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғы-
шы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының
тромбозы.

Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады.

Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллигген, стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды.



Клиникалык, көрінісі: жіті гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері — ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның биіктеуі. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі — ісіну. Ісінуден бүрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан). Кейде кабақтар аса ісінгенгенде көз жасы еріксіз ағады. Денесі болбыр толық адамдардың жалпы ісінуі сырттан карағанда кейде байкалмайды. Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезінеді. Науқастардың көбі сауығу кезіндегі зәрдің көптеп бөлінуіне, соншама сұйықтыктың жиналғандығына таңқалады.

Науқастардың көбі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді. Аурудың тез дамыған түрінде ентікпе мен қүрғақ жөтелдің болуынан оны кейде жіті пневмониямен шатастырады.

Ентікпенің себебі - айналымдағы кан көлемінің көбеюінен және артериялык қысымның тез биіктеуінен болатын жүрек шамасыздығы. Жасы үлғайған адамдарда жедел гломерулонефрит алғаш жүрек шамасыздығымен білінуі мүмкін. Науқастардың 80%-да өтпелі артериялык гипертензия болады. Артериялық гипертония дамуының бас-ты себептері — натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы.

Қабынып ісінген бүйректің капсуласының керілуінен, науқастар-дың көбі бел аймағының ауырсынуына шағымдананады.

Жіті гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айрықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады (егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жіті гломерулонефритті созылмалы гломерулонефриттен айырады. Олигуриямен қатар зәрдің түсі өзгереді. Әдетте зәрдің түсі қызғылт, жас еттің шайындысына үқсайды, ал реакциясы кышқыл болса, онда түсі қара қоңыр болады. Гломерулонефритке тән несептік синдромның басты белгісі - жүптасып жүретін протеинурия мен гематурия (микро-, сиректеу -макрогематурия). Емі. Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде үстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады.

Диетотерапия. Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді.

Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз 7а емдәм үсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне).

Этиологиялық, ем. Егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жіті гломерулонефрит белгілі бір инфекцияның саддарынан күмәнсіз дамыса, мәселен жуық арада болып өткен стрептококктық инфекциядан кейін онда антибактериялық емді қолданады.

Қолданатын антибактериялық дәрмектер бүйрскке уытты әсер етпеуі тиіс. Көбіне қолданылатын — пенициллин 500 000 Б 4 сағат сайын 10-14 күн немесе оның жартылай синтезделген аналогтары, немесе эритромицин.

Тонзиллоэктомия жасау үшін оның көрсеткіштері айқын болуы тиіс. Егер тонзиллоэктомияны жасау қажет болса, оны жіті гломерулонефриттің басталуынан 12 ай өткен соң жасауға болады.



Патогенездік ем.

Стероидтық гормондар. Жіті гломерулонефритте стероидтық гормондар аса сақтықден қолданылады.

Стероидтар макрофагтардың фагоцитоздық қасиетін төмендете отырып, ағзаның иммундық комплекстерден тазартып тежейді және осының салдарынан жіті гломерулонефриттің созылмалыға айналуына септігін тигізеді деген пікірлер айтылуда. Егер антикоагулянтгық және антиагреганттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады. Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады.

Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн. Глюкокортикоидтардың колдану көрсеткіштері:

  • жіті гломерулонефриттің созылыңкы барысы, егер 2-3 аптадан
    кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса немесе оның кайтуы баяу болса
    және протеинурияның азаюға бейімділігі байқалмаса;

  • бүйректің жіті шамасыздығының дамуы;

жіті гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Преднизолонның оптимальді дозасы 1 мг/к. Тәуліктік дозаның

барлығын 8.00-12.00 сағат аралығында ішкізген жөн. Бұл дозадағы

емнің ұзақтығы 3-4 апта. Осы уақыт мерзімі өткен соң екінші күні преднизолонның дозасын бірден 2 есе кемітеді, содан кейін оның дозасын әдеттегі әдіспен, 3-5 күнде 2,5 мг-нан азайтып сүйемелдеу дозасына келтіреді (10- 5 мг). Ауруханадан шыққан кездегі преднизолонның дозасы 15-20 мг болуы тиіс.

Антикоагулянттық және антиагрег.анттық. ем. Шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның болуы және содан бүйрекіші қанағымының, шумақгық фильтрацияның төмендеуі гепарин мен антиаг-реганттарды қолдануды қажет етеді.

Гепарин — әсері тез антикоагулянт, қан ұюының барлық фазаларын тежейді, фибринолизді арттырады. Теріс зарядты болуынан, гепарин тамыр қабырғасының теріс зарядын қалпына келтіреді, сол арқылы протеинурияны азайтады. Гепарин тромбоциттердің адгезиялық және агрегациялық қасиеттерін төмендетіп, тромбтардың түзілуіне жол бермейді, осыған байланысты микроциркуляцияны жақсартады.

Альдостеронның синтезін тежеу арқылы, гепарин натрийурездік, диурездік және гипотензиялық әсер етеді. Гепаринді 5-10 мың Б. әр 4-6 сағат сайын (қанның ұю уақытын немесе тромбиндік уақытты қадағалау үстінде) бұлшықетке немесе құрсақ терісінің астына енгізеді.

Гломерулонефриттердің емінде гепаринді үзақ (6-8 апта) енгізеді. Гепаринді қанның ұю уақытын қадағаламастан ұзақ қолдану, қан кету мүмкіндігінен қауіпті (гематурия, инсульт, терілік қанталаулар, ас қорыту жолынан қан кетуі). Егерде қанның ұю уақыты қалыптыдан 2-3 есе, ал тромбиндік уақыт — 2 есе ұзарса, гепариннің дозасы тиімді саналады.



Кейде гепарин аллергиялық реакцияларды туғызады (есекжем, миалгия, бастың ауыруы, дене қызуының биіктеуі).

Гипоальдостеронизмнен болатын асқынулар сиректеу байқалады (гиперкалиемия, остеопороз, сүйектердің қақсап ауыруы, тромбоцитопения).

Гепарин 2 фракциядан түрады: біреуі төмен молекулалық - 7000 дальтон, екіншісі жоғары молекулалық - 25 000 дальтон. Жоғары молекулалық фракция басым антитромбопластиндік әсер етеді, негізіңде гепариннің геморрагиялық әсері осыдан болады. Төмен молекулалық фракциясы басым антитромбоздық әсер етеді, сондықтан геморрагиялық асқынуларды туғызу жағынан қауіпсіздеу. Осыған байланысты соңғы уақытта гепариннің, деполимеризация әдісімен жасалған төмен молекулалық түрлері кеңінен қолданылуда.

Фраксипарин — тез және үзақ антитромбоздық әсер етеді, антикоагулянттык әсері шамалы, 0,3-0,4-0,6 мл кұрсақтерісінің астына тәулігіне 1 рет енгізіледі.

Эноксапарин — 0,2, 0,4 мл қүрсак терісінің астына, тәулігіне 1 рет салынады.

Сулодексид (Вессел-2ф) — 600 линосомалық бірліктен (ЛБ) бүлшық етке тәулігіне 2 реттен 15 күн салынады, содан кейін капсула түрінде 500 ЛБ күніне 2 рет 2-3 ай ішкізеді. Вессел геморрагиялық асқынуларды бермейді, қолдануға ыңғайлы және оның антикоагулянттық, антиагреганттық әсері гепариннен кем емес.

Гепариндік ем курсын аяқтағаннан кейін 2-3 ай тікелей емес антикоагулянттарды қолданады — фенилинді (протромбин уақытын қадағалау үстінде).

Курантил тромбоциттерде цАМФ мөлшерін арттырып, олардың адгезиясы мен агрегациясын тежейді. Сонымен қатар тамыр қабырғаларында простациклиннің, Е2 простагландиннің синтезін арттырады, тамырларды кеңейтіп, бүйректің қанағымын жақсартады.

Гломерулонефритпен сырқаттанған науқастарға курантил антипротеинуриялық, антигематуриялық және жеңіл гипотензиялық әсер етеді. Гломерулонефриттің емінде курантилді үлкен дозада және ұзақ қолданады, шамамен тәулігіне 225-400 мг. Аталған дозадағы емнің ұзақтығы 6-8 апта, содан кейін оның дозасын сүйемелдеуші мөлшерге (тәулігіне 50-75 мг) алып келіп, емді әрі қарай 6-12 ай жалғастырады. Жанама әсерлері: бастың қатты ауыруы, беттің қызаруы. Жанама әсерлерін төмендету мақсатымен емді аз дозадан бастап, біртіндеп тәулігіне 25 мг көбейтуге болады.

Ацетилсалицил қышқылы. Аспирин, простагландин-синтетазаның ингибиторы болғандықтан, тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын тежейді. Антиагрегант ретінде аз дозада беріледі (0,25-0,5 г тәулігіне). Қолдану көрсеткіші — гемостаздың тромбоцитарлық буынының активациясы. Аз дозасы жанама әсер етпейді, бірақ ұзақ қолданғанда аспириннің гастропатиялық әсері есте болуы тиіс.

Трентал — фосфадиэстеразаны тежеу арқылы тромбоциттерде цАМФ-тың жиналуына септігін тигізеді, сондықтан антиагреганттық әсер етеді. Қолданылатын дозасы — 0,2-0,3 г/тәул.

Ісіну синдромын емдеу. Әдетте жіті гломерулонефритте болатын ісіну арнайы емді кажет етпейді. Сұйықтық пен ас тұзын шектеудің өзі, шамамен 14 күннен кейін ісінуді қайтарады. Ісіну қайтқанға дейін ішетін судың мөлшері диурезге тәуелді болуы тиіс (тәуліктік диурез + 400 мл),

Ісінудің ауыр түрінде, әсіресе ол артериялық гипертониямен қосарланса, диуретиктерді ішкізеді (гипотиазид 50-100 мг немесе фуросемид 40-60-80 мг тәулігіне). Ұзаққа созылған олигурияда фурасемидтің дозасын 240-480 мг/тәул дейін жеткізеді.

Ісіну болғанда судың тежелу теңдігі күнбе-күн қадағаланады (ішкен және шығарған судың мөлшерін өлшеп).

Гипертониялык, синдромды емдеу, Артериялық қысым 160, 170 мм сын. бағ. дейін биіктеуінде арнайы ем жүргізілмейді, тұзсыз диета және сұйыктықты шектеу 10-14 күннен кейін артериялық қысымды калпына келтіреді. Егер гипертензия жоғары болып және бассүйекішілік қысымның биіктеуінің белгілері болса (бастың қатты ауыруы), эклампсия дамуының қаупі төнсе, салуретиктерді (фуросемидті) қолданады, 300-400-500 мл қан ағызады, өйткені гипертензия гиперволемиялық 'болып табылады. Егерде гипертензия бұл шараларға берілмесе, онда гипотензиялық дәрмектер беріледі (нифедипин 0,02 г күніне 3 рет).

Жіті гломерулонефриттің нәтижесі нефробиопсияның қорытындысынаң анықталады. Көптеген пікірлерге қарағанда, жіті гломерулонефриттен толық айығып кету екіталай. Толық айықты дегеннің өзінде, 5 жылдан соң бүйректе морфологиялық бұзылыстар аныұталады, 15-20 жылдан кейін несеп синдромы болады.

Жіті гломерулонефритті басынан өткізген науқастар ылғал суықтан (соның ішінде су қоймаларында шомылудан), аса қыздырынудан, ауыр дене қызметінен, ұзақ уақыт аяқта тұрудан және бүйрекке әсер ететін дәрмектерді қолданудан сақтануы тиіс.


жүктеу 5,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау