Дисперсиялық талдаудың негізгі мақсаты таңдамалы дисперсияны екі құрамдас бөлікке бөлу:
біріншісі – бұл орташа мәндердің өзгеруіне әсерін тігізетін факторге сәйкес келетін факторлық дисперсия;
екіншісі – бұл кездейсоқ себептер әсерінен пайда болатын, орташалардың өзгергіштігіне әсерін тигізбейтін қалдық дисперсия.
Зерттелетін факторды сандық жағынан бағалау үшін осы құрамдас бөліктерді Фишер белгісімен салыстыру қолданылады.
Факторлық дисперсия (S2факт) – бұл фактордың әсерінен таңдаманың орташа шамаларының өзгеруіне сәйкес келетін дисперсия:
,
мұндағы SSфакт - орташа квадраттық ауытқулардын факторлық қосындысы, k - фактор деңгейлерінің саны; r - әр топтағы мәндер саны; - жалпы орташа; хтоп - топтық орташа.
Қалдық дисперсия (S2қалд) – бұл орташа шамалардың өзгеруіне ықпал етпейтін, кездейсоқ себептер әсерінен ғана болатын дисперсия:
,
мұндағы SS қалд – ауытқулар квадраттарының қалдық қосындысы.
Жалпы дисперсия – бұл факторлық және қалдық дисперсияның қосындысы:
,
мұндағы .
Бірфакторлық дисперсиялық талдау – белгіге тек бір фактордың тегізетін әсерін зерттеудің статистикалық әдістерінің жүйесі.
Бір факторлық дисперсиялық талдау әдісі, белгі нәтижесі шарттың өзгеру әсерінен немесе қандай да бір фактор дамуының өзгерулері зерттеліп отырған жағдайларда ғана қолданылады.
Бір факторлық дисперсиялық талдауды жүргізу ретті.
1) Нөлдік және баламалық болжамды тұжырымдау:
Но: топтық бас орташалар тең. Тандамалы орташалардың айырмашылығы кездейсоқ шыққан, фактор әсерін тигізбейді.
Н1: тандамалы орташалардың айырмашылығы кездейсоқ емес және фактор әсерінен болады.
2) «р» маңыздылық деңгейі (фармация, медицина және биологияда р=0,05) беріледі.
3) S2факт және S2қалд есептеледі.
Егер S2факт ≤ S2қалд болса, онда нөлдік болжам қабылданады.
Егер S2факт >S2қалд болса, Фишер-Снедекор үлестірумі бар белгі есептеледі:
4) f1=k-1 және f2=k(r-1) еркіндік дәріжелеріне сәйкес Фишер-Снедекор үлестірім кестесінен анықталады.
5) Fбақ және салыстырылады:
Егер Fбақ< болса, онда берілген маңыздалақ деңгейінде Н0 нөлдік болжам қабылданады және фактор орта мәндеріне елеулі әсерін тигізбейді деген қорытынды шығарылады.
Егер Fбақ > болса, онда нөлдік болжам қабылданбайды да, фактордың әсері елеулі деп танылады.
«F» белгінің сипатты таңдамалылар бойынша есептелген орташалар теңдігі туралы нөлдік болжамды қабылдаумен немесе қабылдамаумен тікелей байланысты.
«F» белгіні дисперсиялық қатынас деп атайды. Дисперсиялық талдау нәтижелері жинақталған кесте:
Нұсқалар, дисперсия көзі
|
Ауытқулар квадраттарының қосындасы
|
Еркіндік дәріжелер
саны
|
MS орташа квадрат
|
Fбақ
|
|
Топаралық (А факторы)
|
|
k-1
|
S2факт
|
|
|
Топішілік (қалдық)
|
|
k(r-1)
|
S2қалд
|
|
|
Жалпы
|
|
n-1
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |