6. Әдебиеттер:
1. Ахметқазиев А.А, Кельтенова Р.Т. Математикалық статистика, Алматы «Эканомика», 2002
2. Бектаев Қ.Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан», 1991
3. Жидкова О.И. Медицинская статистика (конспект лекций). – М. «Эксмо», 2007.
4. Савилов Е.Д,Мамонтова Л.М идр.Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе. – М. «МЕД пресс-информ», 2004.
5. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М:Изд РУДН, 2002.
Бақылау:
№3 Сабақ
1. Тақырыбы: Стьюдент белгісі: қолданылуы, есептеу мен шектеу үшін формула. t-белгісінің критикалық мәндерінің кестесі. χ2 - белгісі: қолданылуы, есептеу мен шектеу үшін формула.Талдау тізбесі. χ2 - белгісі мәндерінің кестесі.
2. Мақсаты: биомедициналық мәліметтерді зерттеуде t-Стьюдент және χ2 - Пирсонның белгілерін қолдану шартын және әдістемелік негізін үйрету.
3. Оқыту мақсаты: t-Стьюдент және χ2-Пирсонның белгілерін қолдануда қойылымның және статистикалық болжамды тексеру дағдыларын қалыптастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Есептің қандай жалпы қойылым түріне Стьюдент белгісін қолданады?
Стьюдент белгісін қолданғанда нольдік болжам қалай тұжырымдалады?
Стьюдент белгісінің статистикалық формуласы қандай?
t-белгісінің критикалық мәндерін анықтайтын кестені қалай қолданады?
Неліктен стьюдент белгісі медициналық-биологиялық талдауларда кең түрден қолданады?
Есептің жалпы қандай түріне Пирсонның χ2- белгісі қолданады?
Пирсонның χ2-белгісін қолданғанда нольдік болжам қалай тұжырымдалады?
Пирсонның χ2-белгісінің статистикалық формуласы қандай?
χ2-белгісінің критикалық мәндерін анықтайтын кестені қалай қолданады?
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жеке тапсырмаларды жазбаша орындау.
1 тапсырма.
Егер босану кезінде аналық жатыр мойны ұзақ ашылмаса, онда босану ұзақтығы артады және кесер тілігін жасау қажет. Ғалымдар Е2 простагландин гелінің әсерін аналық жатыр мойнының ашылу жылдамдағын анықтамақшы болды. Зерттеуде босанатын 2 топ қатыстырылды.
Бірінші топтағы босанушылардың аналық жатырының мойнына Е2 простагландинген гелін, ал екінші топтағы босанушыларға плацебо гелін енгізді. Екі топтағы 21 босанушының жастары, бойы және босану уақыттары шамамен бірдей. Простагландин гелін пайдаланған топтағылардың босану уақыты орташа 8,5 сағатқа (орташа ауытқуы 4,7 сағат), ал бақылау тобындағылар 13,9 сағатқа (орташа ауытқу 4,1 сағат) созылды.
Е2 простагландин гелі босану ұзақтығын қысқартады деп тұжырым жасауға бола ма?
2 тапсырма.
Ғалымдар ашық жүрекке галотанды (9 ауру) және морфинді (16 ауру) анестизиямен ота жасауда орташа артериалды қан қысымы және жалпы периферикалық тамырдың кедергісін анықтады.
Нәтижесі:
Көрсеткіш
|
Галотан (n=9)
|
Морфин (n=16)
|
Орташа
|
Орташа ауытқу
|
Орташа
|
Орташа ауытқу
|
Жүректің жақсы жұмыс істеуіндегі орташа артериалды қан қысымы, мм рт. ст.
|
76,8
|
13,8
|
91,4
|
19,6
|
Жүректің ең жақсы жұмыс істеуінде жалпы переферикалық тамырдың қарсыласуы, дин с см-5
|
2210
|
1200
|
2830
|
1130
|
Галотанды және морфинді анастезияда бұл гемодинамикалық көрсеткіштердің статистикалық мәндерінде елеулі айырмашылық бар ма?
3 тапсырма.
Екі топтағы ой өрістері бірдей балалар екі әртүрлі әдіспен оқытылды. Оларды таңдамалы түрде тестілеу барысында келесі нәтижелер алынды:
- бірінші топтағы таңдау көлемі n1=20, , ;
- екінші топтағы таңдау көлемі n2=10, , .
Қарастырылып жатқан әрбір топтағы білім алушылардың көрсеткіштері: орташа мәні белгісіз және дисперсиясы да белгісіз бірақ бірдей қалыпты үлестірілген.
Маңыздылық деңгейі тең болғанда, топтардың орташа көрсеткіштерінде үлкен айырмашылық бар ма?
№4 тапсырма
Арнайы зерттеу арқылы қарт адамдардың инсулинмен емделгенге дейінгі қандағы ақуыздың бар болуының орташасы 81.04±1.7, ал емделгеннен кейін 79.33±1.6 болғаны анықталды.
Көрсеткіштердің айырмашылығын ақиқат деп айтуға бола ма, ол заңдылық па? Осының негізінде инсулинмен емдеу қан құрамындағы ақуызды төмендетеді деп айтуға бола ма?
№5 тапсырма
Медик-студенттердің емтихан тапсырғанға дейін және тапсырғаннан кейін жүрек соғысына зерттеу жүргізілді. Емтиханға дейінгі жүрек соғысы 98.8±4,0, ал емтиханнан кейін 84.0±5,0 құрады.
Емтиханнан кейін жүрек соғысы төмендеп, қалыпты күйге жақындайды деп есептеуге бола ма?
№6 тапсырма
Медик-студенттердің емтиханға дейін және емтиханнан кейін артериялық қысымына зерттеу жүргізді. Емтихан тапсырғанға дейін ең жоғары қысым 127,2±6,0, ал емтихан тапсырғаннан кейін 117±4,0 мм сын.бағ. құрады.
Емтихан тапсырғанға дейін студенттердің артериялық қан қысымының шынында да жоғарылауы орын алды деп айтуға бола ма?
№7 тапсырма
Коронарлық атеросклерозбен ауырған науқастардың қан сарсуындағы холестериннің құрамы холин қабылдағанға дейін 231,0±4,0 мг% және емделгеннен кейін 204,0±3,0 мг% құрады.
Холин қабылдау қан сарсуындағы холестеринді төмендетеді ме?
№8 тапсырма
Көлемі n=200 , «Х» бас жинақтан алынған таңдама статистикалық қатар түрінде берілген:
xi
|
0,3
|
0,5
|
0,7
|
0,9
|
1,1
|
1,3
|
1,5
|
1,7
|
1,9
|
2,1
|
2,3
|
υi
|
6
|
9
|
26
|
25
|
30
|
26
|
21
|
24
|
20
|
8
|
5
|
Маңыздылық деңгейі р=0,05 χ2- Пирсон белгісінің көмегімен «Х» бас жинақтың қалыпты үлестірілгені туралы болжамды тексеру керек.
№9 тапсырма
Шоктың бастапқы сатысында орташа артериялық қысым (мм сын. бағ.) зерттелді. Таңдаманың көлемі n=50 болған деректер келесі түрде берілген: 112,110,107,103,108,109,111,110,103,103,109,102,113,106,108,105,108,104,99,112112,103,101,98,100,97,98,100,98,107,108,99,98,92,98,110,106,105,102,100,101,100,95,100,105,100,102,102,99,97.
Маңыздылық деңгейі р=0,05 χ2- Пирсон белгісінің көмегімен «Х» бас жинақтың қалыпты үлестірілгені туралы болжамды тексеру керек.
|