Таңдамалы дисперсия – бұл кездейсоқ шаманың, оның орташа мәнінен шашырау өлшемі:
егер таңдама вариациялық қатармен берілсе, онда формуласымен есептелінеді;
егер таңдама кесте түрінде берілсе, онда формуласымен есептелінеді.
Түзетілген таңдамалы дисперсия – бұл формуласымен есептелінетін шама.
Орташа квадраттық ауытқу – бұл формуласымен есептелінетін шама.
Түзетілген орташа квадраттық ауытқу - бұл формуласымен есептелінетін шама.
Қатар деңгейінің көрсеткіші болып, орташа шама және құрылымды орташа (мода және медиана) табылады.
Вариациялық қатардың әртүрлі болуының көрсеткіші болып, таңдаманың құлашы (ауытқу шамасы), дисперсиясы, орташа квадраттық ауытқуы табылады.
Процентили – бұл вариациялық қатарды бірдей жүз бөлікке бөлетін зерттелетін сандық белгінің мәні.
Квартили – бұл вариациялық қатарды бірдей төрт бөлікке бөлетін зерттелетін сандық белгінің мәні.
Децили – бұл вариациялық қатарды бірдей он бөлікке бөлетін зерттелетін сандық белгінің мәні.
Бас жинақтың сипаттамалары (бас орташа, бас дисперсия, бас орташа квадраттық ауытқу) параметрлер деп аталады.
Әдетте параметрлер белгісіз, сондықтан оларды таңдамалы деректердің негізінде жуықтап бағалауға болады.
Осы жуықтап алынған мәндер бас жинақтың параметрлерінің бағасы деп аталады.
Кейбір жеке параметрді бағалау, нүктелік бағаны береді.
«» таңдамалы орташа бас орташаның, ал «» түзетілген таңдамалы дисперсия бас дисперсияның нүктелік бағасы болып табылады.
Егер баға таңдамалының репрезентативтілігі бойынша есептелсе, оңда ол параметр туралы дұрыс түсінік бере алады.
Тек кездейсоқ таңдама ғана бас жиынды бере алады және оның негізінде «жақсы» бағалауға жетуге болады.
«Жақсы» баға төрт белгіні қанағаттандыру керек: дәлелділік, ығысбаушылық, әсерлік және жеткіліктік.
Стандартты қате – бұл сол таңдаманы қайта қарастырған кезде бірнеше әртүрлі тәжірибелік мәндерінің орташа мәндері өзгеретін шама.
Бас жиының параметрлерінің аралық бағасы деп, параметрдің шын мәнін берілген ықтималдығына қарай жабатын аралығын айтады.
Аралық бағаны сенімділік аралығы деп атайды, ал оған сәйкес келетін ықтималдылықты сенімділік ықтималдылығы немесе (1-р) түрінде анықталатын бағаның сенімділігі, мұндағы р – бұл сенімділік аралығының маңыздылық деңгейі. Медициналық-биологиялық зерттеулер үшін ол р=0,05.
Сенімділік аралығы бас жиынның орташа арифметикалығы шамалар үшін таңдамалы ортаға салыстырғанда симметриялы болады және қатынасынан анықталады. Мұндағы –- Стьюденттін пайыздық нүкте таралымы, - таңдаманың стандартты қатесі, =s/, мұндағы s – түзетілген орташа квадраттық ауытқу.
Достарыңызбен бөлісу: |