2 нұсқа.
Егер орташа және орташа квадраттық ауытқу бастапқы талдау кезінде есептелінген болса, сонымен қатар t-белгісінің қолдану шарты орындалғаны белгілі болса, Statistica бағдарламасының басқа рәсімін қолдануға болады.
Statistics мәзірін, Basic Statistics модулін, Difference tests: r, %, means (Другие тесты) рәсімін таңдаймыз.
Диалогтық терезедегі екі топтың әр қайсысына сәйкесінше параметрлерді қойып және есептеу жүргізіп, біз «р»-ның мәнін аламыз (4.6 сурет).
4.6 сурет. Difference tests: r, %, means (Другие тесты)
рәсімінің сұқбаттық терезесі
Алынған нәтижелерді келесі түрде түсіндіруге болады:
- егер р>0,05, онда орташалардың айырмашылығының болмауы туралы нөлдік болжам қабылданады;
- егер р<0,05, онда нөлдік болжам қабылданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |