Құрастырған: ________________ доцент, т.ғ.к. Баубеков К.Т.
Жылуэнергетика кафедрасы
«Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергияны үнемдеу» пәні бойынша
5В071700, 050717 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналган
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ҚР МБС 3.08.343-2006 және типтік оқу бағдарламасының негізінде әзірленді
Кафедра отырысында ұсынылды 201_ ж. «___»_____№ __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________С.А. Глазырин 201_ ж. «__»______
Энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
201_ ж. «___»__________ № хаттама
ОӘК төрайымы _____ Кабдуалиева М.М. 201_ ж. «__»______
КЕЛІСІЛді
Факультет деканы_________Кислов А.П. 201_ ж. «__»_______
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы __________ Варакута 201_ ж. «__»_______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
201_ ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Пән мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мақсаты – жылуэнергетикада, отын-энергетикалық кешенінде, өнеркәсіп салаларында, көлікте, аграрлық кәсіпорындарда, тұрмыстық-коммуналдық секторда энергияны үнемдеу және қайталанатын дәстүрлі емес энергия көздерін қолдану жөнінде білімдерін, дағдыларын және бейімділіктерін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері – қазіргі кезде Қазақстан Республика-сындағы энергияны үнемдеу және энергияның баламалы көздерін пайдалану проблеммаларымен таныстыру. Энергоресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған өндірістік, техникалық және экономикалық тетіктерді үйрену.
2 Пререквизиттер
«Жылуэнергетикада және жылутехнологияда энергияны үнемдеу» курсы, студенттердің Физика, Химия, Жадығаттану, Техникалық термодинамика, Сұйық және газ механикасы, Жылумаңызалмасу, Қазан қондырғылары және бу генераторы, ЖЭС мен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы су және отын технологиясы, Жылу энергетикалық жүйелер және энергияны қолдау» курстарын игеру барысында студенттердің алған білімдері мен дағдыларына негізделген.
3 Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Энерготасығыштарды тарату мен өндіру жүйелері, Қазандық қондырғыларды пайдалану, ЖЭС-дың су-химиялық режимдері, Энергетикалық жабдықтардың коррозиясы мен консервациясы, Жылуэнергетикалық жабдықтарды жөндеу және пайдалану.
Курсты игеру барысында студенттердің келесі түсінктері болуы қажет:
- энергияны үнемдеудің нормативтік-кұқықтық және норма-тивтік-техникалық базасы жөнінде;
- энергияны үнемдеудің негізгі терминдері мен қағидалары туралы;
энергия үнемдеу технологиясының қазіргі замандағы және болашақтағы жалпы мәселелерімен танысу және Қазакстан Республикасының энергияны сақтау мен энергия көздерінің дәстүрлі емес түрлерін ендіру туралы мемлекеттік саясатымен танысу;
- энергия үнемдеу технологиясының негіздерін талқылау;
-су және отынды пайдаланудың тиімді әдістері туралы.
Пәнді үйрену барысында студенттер білу керек:
- қазіргі кезде Қазақстан Республикасында және дүние жүзінде энергияны үнемдеудің күйі, проблеммалары, және даму бағыттары туралы;
-өнеркәсіп салаларындағы энергияны үнемдеудің бағыттары мен масштабтарын ;
- энергияны үнемдеудің мемлекеттік саясаттың қағидалары туралы;
- энергияның баламалы көздерін пайдалану күйі мен потенциалын;
- энергияның баламалы көздерін пайдалану проблеммаларын;
- энергоаудит мақсаттары мен міндеттерін.
Пәнді үйрену барысында студенттер икемді болуы (істей білу қажет):
өндіріс кәсіпорынның отын – энергетикалық балансын құрастыруды және талдауды;
халық шаруашылығы салаларында энергияны пайдалану тиімділігін бағалауды;
энергияны үнемдеу шараларың ойластыруды;
- жылу технологиялық қондырғылар мен жүйелердің энергетикалық және эксергиялық баланстарын есептеуді.
Пәнді үйрену барысында студенттер практикалық машықтарды иемденуі қажет:
- гелио-, жел-, және биоэнергетикалық қондырғыларды есептеуді;
- энерготасығыштарды бақылау және есептеу әдістерін және аспаптарын;
- екінші реттік энергетикалық ресурстарды колдану тәсілдерін және энерготехнологиялық алмастыру әдісін зерттеу;
жылутехнологиялық өндірістің казіргі заманғы индустриялык даму этапында энергияны тұтыну мәселелерін қою және шешу кабілетін калыптастыру;
- студентті дипломын орындауға даярлау, қойылған техникалық мәселенің тиімді шешуін тандауға, информациялык-аныктамалык адебиетпен жүмыс істеуге машықтандыру.
Тематический план дисциплины
|
|
Форма
ФСО ПГУ 7.18.2/07
|
Достарыңызбен бөлісу: |