Жұмыс оқу бағдарламасының
титулдық парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/30
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс кафедрасы
050729 - Құрылыс мамандығының студенттеріне арналған
Құрылыс өндірісінің технологиясы II
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Мамандықтың мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартының және
типтік бағдарламаның негізінде әзірленген
жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/31
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
___________ Пфейфер Н.Э.
20__ж. «___»____________
Құрастырушы: _________ аға оқытушы Танырбергенова Г.К.
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс кафедрасы
Құрылыс өндірісінің технологиясы II пәні бойынша
050729 - Құрылыс мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
3.08.355-2006 және ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен 22 маусымдағы 2006 жылы
бекітілген «Құрылыс өндірісінің технологиясы II» типтік бағдарламасының негізінде
әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2010 ж. «___»____________№_____ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Ельмуратов С.К. 2010 ж. «___» ___________
Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2010 ж. «___»___________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы _______________ Козионов В.А.
2010 ж. «_____»___________
КЕЛІСІЛДІ
Сәулет-құрылыс факультет деканы _____________ Кудерин М.К.
2010 ж.
«____»__________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ Варакута А.А.
2010 ж. «_____»___________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2010ж. «___»______________ №____ Хаттама
1 Пәннің мақсаты - студенттерді теориялық негіздер жөнінде және
үймерет түрінде өнім алуға қүрылыс-жинақтау жұмыстарының жеке түрлерін
орындауды тәжірибе жүзінде іске асыруға білім жүйесімен қаруландыру.
Пәннің міндеті - әр түрлі функционалды міндет атқаратын үймереттерді
қазіргі заманғы әдістер және тәсілдермен тұрғызуға теориялық негізді игеру.
Пәнді оқудың нәтижесінде студенттер білу міндетті:
- жұмыс өндірісінің жобасының құрамы мен құрылымын;
- үймеретті тұрғызу кезінде тасқынды әдіс негіздерін;
- үймеретті түрғызу кезінде құрылыс-жинақтау жұмыстарын мерзімдік
жобалауын;
- құрылыс бас жоспарын жобалау негізін;
- құрылыс алаңын
материалды-техникалық қамтамасыз етуді
ұйымдастыруын;
- әр түрлі функционалды міндет атқаратын үймереттерді тұрғызу
әдістерін;
- үймеретті түрғызу кезінде орындалатын жұмыстардың сапасын
қамтамасыз етуін;
жасай алу керек:
- ұйымдастыру-технологиялық құжаттарды;
- объектілік және мамандандырылған тасқындарды жобалауды;
- үймеретті тұрғызудың әдістерін вариантты салыстыруды;
- түрлі міндет атқаратын үймеретті тұрғызу технологиясын;
білікті болу керек:
- әр түрлі міндет атқаратын үймеретке немесе оның бөліктеріне жұмыс
өндірісі жобасын жасауға;
- үймеретті тұрғызу бойынша жұмыс құрамын анықтауға;
- үймеретті тұрғызуға еңбек сыйымдылығын және ұзақтылығын
анықтауға;
- орындалатын құжаттарды толтыруға;
- объектілік және мамандандырылған тасқындарды жобалауды, үймеретті
тұрғызу бойынша жұмыс құрамын анықтауға, үймеретті тұрғызуға еңбек
сыйымдылығын және ұзақтылығын анықтауға, орындалатын құжаттарды
толтыруға практикалық машықтарды иемденуі қажет.
2 Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған
білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: «Құрылыс өндірісінің
технологиясы I», «Құрылыс конструкциялары II», «Геотехника II».
3 Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар
келесі
пәндерді меңгеруі үшін қажет: Құрылыс өндірісінің технологиясы III, таңдаулы
бойынша курстар пәндері.
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
р/с
Тақырыптардың атауы
Сабақ түрлері бойынша байланыс
сағаттарының саны
дәріс-
тер
практи-
калық
(сем)
зертха-
налық
студия-
лық
жеке СӨЖ
1
Кіріспе. Үймереттер мен ғимараттар
тұрғызу технологиясының негізгі
ережелері
2
15
2
Құрылысты ұйымдастырудың
тасқынды әдістері
2
4
3
Құрылыс алаңын инженерлік дайындау
2
15
4
Объектілік кұрылыстық бас жоспар
6
5
Құрылыс алаңын материалды-
техникалық қамтамасыздандыру
4
6
6
Үймеретті толық құрамалы
конструкциялардан тұрғызу
технологиясы
8
30
7
Тұтас құймалы темірбетоннан
үймереттерді тұрғызу технологиясы
8
30
8
Металл конструкцияларынан
үймереттерді тұрғызу технологиясы
3
БАРЛЫҒЫ :
15
30
90
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
1 тақырып. Кіріспе. Үймереттер мен ғимараттар тұрғызу технологиясының
негізгі
ережелері
Оқылатын пәннің мақсаты мен мазмұны, олардың басқа пәндермен
байланысы. Құрылыс өндірісінің даму сатылары. Әр түрлі конструктивтік
шешімдерімен үймереттер мен ғимараттарды отандық және шетелдік
тәжірибесімен тұрғызу. Құрылыс аймағындағы үймереттер мен ғимараттардың
даму қарқыны.
Құрылысты ұйымдастыруды және жұмыс өндірісін жобалау. Жұмыс
өндірісінің жобасы, оның түрлері мен мазмұны.
Күрделі және арнайы жеке технологиялық жұмыс орындауға ЖӨЖ
жасаудағы реттеуші ережелер. Үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу
технологиясын вариантты жобалау. Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғау.
2 тақырып. Құрылысты ұйымдастырудың тасқынды әдістері
Тасқынды әдістердің негізгі ережелері және тасқын түрлері. Тасқынды
жобалау және оның заңдылығы. Тасқынның негізгі параметрлері. Тасқын
параметрлерінің есебі. Жүйелік жобалау және объектілер құрылысын басқару
туралы түсінік.
3 тақырып. Құрылыс алаңын инженерлік дайындау
Құрылысқа алаңды инженерлік дайындау жөніндегі жүмыстардың құрамы
және міндеті. Тіректі геодезиялық жүйе жасау. Құрылыс алаңын қоршау. Алаңды
тазарту. Жасыл көшеттерді қорғау және қайта отырғызу. Топырақтың өсімдік
қабатын алу және оны сақтау шаралары. Ағаш және оның түптерін кесіп, тазарту.
Құрылысты бөлшектеу және бүзу. Инженерлік жүйелердің орнын ауыстыру.
Аймақты тік тегістеу, жер беті су басуынан қорғау.
4 тақырып. Объектілік кұрылыстық бас жоспар
Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызу кезеңіне құрылыстық бас жоспар
жасау, оның негізгі элементтері және жасау реттілігі. Жебелі крандардың жылжу
бағытын, мұнаралы кранасты жолдарын, жолдарды, объект маңындағы
қоймаларды, ірілендіру алаңдарын, крандарды жинау және бөлшектеу орындарын
көрсете отырып, крандарды орналастыру және байлау. Уақытша және
жылжымалы үймереттерді құрылыстық бас жоспарда орналастыру.
5 тақырып. Құрылыс алаңын материалды-техникалық қамтамасыздандыру
Құрылысты материалды-техникалық қамтамасыздандырудың құрамы мен
міндеті. Құрылысты қызмет ету үшін жылжымалы үймереттер. Қүрылысты
электр энергиясымен, жылу және басқа энергетикалық қорлармен қамтамасыз
етудің қажеттілік есебі. Құрылыс алаңына судың кажеттілігі, уақытша сумен
жабдықтау және әкетуді ұйымдастыру есебі.
6 тақырып. Үймеретті толық құрамалы конструкциялардан тұрғызу
технологиясы
Толық құрамалы түрғын және қоғамдық үймереттердің құрылыс-
конструктивтік шешімдері. Жобадағы үймереттің сүлбелері, қабаттар, ұзындығы
және конфигурациясы.
Құрамалы өнеркәсіптік үймереттердің құрылыс-конструктивтік шешімдері.
Үймереттерді тұрғызу әдістерінің жіктелуі. Жинақтау жұмыс өндірісін
кешенді механикаландыруды қамтамасыздандыратын машиналар мен
механизмдер және технологиялық жабдықтарды таңдау. Технологиялық көліктің
қажеттілігін, сипаттамасын анықтау және олардың түрлері. Конструкцияны
дәлдеу, оларды уақытша және тұрақты бекіту тәсілдерін таңдау.
Жинақтау жұмыстары өндірісінің мерзімдік жоспарын тұрғызу.
Жұмыстардың реттілігі және араластылығы. Тасқынды ұйымдастыру.
Жинақтау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету. Техника-экономикалық
көрсеткіштер.
Тұрғын үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясы. Іріпанелді
үймереттерді тұрғызу. Көлемді элементтерден үймеретті тұрғызу. Темірбетон,
болат және бетон конструкцияларынан құрастырылған үймереттер.
Өнеркәсіптік үймереттерді жинақтау технологиясы. Құрамалы темірбетон
конструкциясынан бірқабатты, азқабатты және көпқабатты үймереттерді тұрғызу,
біркелкі параметрлері. Конструктивтік элементтері әр түрлі материалдардан
тұратын үймереттерді тұрғызу. Жұмыстың сапасымен қамтамасыз ету. Техника-
экономикалық көрсеткіштер.
7 тақырып. Тұтас құймалы темірбетоннан үймереттерді тұрғызу
технологиясы
Тұтас құймалы және тұтас құймалы-құрамалы үймереттердің құрылыс-
конструктивтік шешімдері. Үймереттердің алымдарға және қабаттарға
(ярустарға) бөлу.
Үймереттерді тұрғызу қарқындылығы және бетондау өнімділігі.
Үймереттерді тұрғызу қарқынын жылдамдату әдістері (бетонға жылу әсерін
тигізу, қатыратын үдеткіш-қосымшалары бар бетон қоспаларын қолдану).
Бетон қоспаларын дайындау, жеткізу, беру, қабылдау және төсеудің
қолайлы технологиялық сүлбесін таңдау. Материалды-техникалық қорлар.
Қалып элементтерінің, машиналар, механизмдер және тасымалдау
құралдарының санын іріктеу.
Объектіде крандарды, бетонсорғыштарды, пневмо-айдағыштарды,
қалыпты және оны ірілендіріп жинайтын, арматураны, құрылыс материалдары
мен бұйымдарды сақтайтын алаңшаларды орналастыру және байлау.
Объектінің жерасты және жерүсті бөліктерін жасауға, жалпы құрылыс және
жинақтау жұмыстарының өндірісіне мерзімдік жоспарын жасау. Жұмыстардың
реттілігі және араластылығы. Тасқынды ұйымдастыру.
Жұмыс сапасын қамтамасыз ету. Техника-экономикалық көрсеткіштер.
Іріқаңқалы және блокты-қаңқалы қалыптармен үймеретті тұрғызу.
Жылжымалы қалыптармен үймеретті тұрғызу. Көлемді-жылжымалы қалыптармен
үймеретті түрғызу. Тұтас құймалы-құрамалы конструкциялармен үймеретті
тұрғызу. Жұмыс сапасын қамтамасыз ету.
8 тақырып. Металл конструкцияларынан үймереттерді тұрғызу
технологиясы
Металл конструкцияларынан үймереттерді жинақтау технологиясы.
Конструкцияларды орнату бойынша жұмыстардың құрамы. Жинақтау
процесінде конструкциялардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Көтергіш және
қоршау конструкцияларын жинақтау. Ұстындарды, кранасты арқалықтарын,
итарқалық фермаларды, ригельдерді және қабатаралық арқалықтарын
жинақтау. Ірі өлшемді тақталарды және қабырға панельдерін жинақтау. Металл
конструкцияларының жинақтық қосылыстары.
4.3 Практикалық (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтардың
мазмұны мен тізімі
1 тақырып. Үймеретті ярустарға бөлу және алымдардың өлшемдерін
анықтау.
2 тақырып. Тасқын параметрлерінің есебі.
3 тақырып. Жинақтау крандарын байлау, крандардың қауіпті жұмыс
аймағын анықтау. Құрылыс бас жоспарларын жасау және жобалау.
5 тақырып. Уақытша койма алаңдарымен және әкімшілік-тұрмыстық
үймереттермен, сумен, жылумен, энергиямен қамтамасыздандыру есептері.
6 тақырып. Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызу бойынша жұмыстың еңбек
сыйымдылығын анықтау. Жинақтау крандарын таңдау және оларды техника-
экономикалық салыстыруы. Жүк қамтығыш қондырғыларын таңдау.
7 тақырып. Қалып жүйелерінің варианттарын техника-экономикалық
салыстыруы. Бетон қоспаларын беру үшін техникалық құралдарды таңдау.
Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспарын, жұмысшы кадрларының жылжу
графигін және материалдық қорлардың қажеттілік варианттарын жобалау.
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
№
СӨЖ түрі
Есеп беру
түрі
Бақылау түрі
Сағатқа
шаққандағы
көлемі
1
Дәріс сабақтарына дайындалу
Сабаққа қатысу
15
2
Практикалық сабақтарға
дайындалу (сабақтың
тақырыбы бойынша
материалды меңгеру,
тапсырмаларды шешу және
т.б.)
Жұмыс
дәптері
Сабаққа қатысу
15
3
Аудиториялық сабақтың
мазмұнына кірмеген
материалды меңгеру
Конспект
Коллоквиум
15
4
Семестрлік тапсырмаларды
орындау ( КЖ-с)
КЖ-с
КЖ-с қорғау
40
5
Бақылау шараларына
дайындалу
1 МБ, 2 МБ
5
Барлығы:
90
4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1 тақырып. Кіріспе. Үймереттер мен ғимараттар тұрғызу технологиясының
негізгі
ережелері
Құрылыс-технологиялық белгілері және функционалды міндеті бойынша
құрылыс объектілерінің жіктелуі.
3 тақырып. Құрылыс алаңын инженерлік дайындау
Аймақты тазалау және жерді бастапқы қалпына келтіру технологиясы.
6 тақырып. Үймеретті толық құрамалы конструкциялардан тұрғызу
технологиясы
Толық-құраламы үймереттердің құрылыстық-конструктивтік шешімдері.
Қабатаралық және қабаттық көтеру әдістерімен үймеретті тұрғызу.
Конструктивтік элементтері әр түрлі материалдардан тұратын үймереттерді
тұрғызу.
7 тақырып. Тұтас құймалы темірбетоннан үймереттерді тұрғызу
технологиясы
Арнайы міндет атқаратын қалыптармен үймеретті тұрғызу.
4.4.3 Курстық жоба (жұмыс) тақырыптары
Тақырыбы: Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызу бойынша жұмыс өндірісі
жобасының жеке бөлімдерін орындау.
Курстық жұмыс А1 форматта немесе альбом түрінде А3 форматта
түсініктеме қағазымен (15-20 бет) орындалады.
Курстық жұмыста келесі сұрақтар қарастырылады:
1. Үймереттің жерүсті бөлігінің жұмыс көлемдерін анықтау;
2. Еңбекшығыны және еңбек ақысы калькуляциясын жасау;
3. Жұмыс өндірісі үшін машиналар және механизмдерді таңдау.
4. Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызу кезінде механикаландыру
варианттарын салыстыру;
5. Жұмыс өндірісінің технологиялық сүлбелерін жасау.
6. Жұмыстың еңбек сыйымдылығы анықтау және бригада құрамының
есебі.
7. Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызу бойынша жұмыс өндірісінің
мерзімдік жоспарын құрастыру.
8. Материалды-техникалык қорлардың қажеттілігін анықтау.
9. Жұмыстың сапасын және қабылдау талаптары.
10.
Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді анықтау: жалпы
еңбек
сыйымдылығы, ұзақтылыгы және өзіндік құны.
11.Техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар.
5 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1.
Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттар құрылыс технологиясы.
Оқулық. Астана, 2003.
2.
Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология
возведения зданий и сооружений. - Москва: Высшая школа, 2003.
3.
Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. -
Москва: Высшая школа, 2003.
4.
Афанасьев А.А. и др. Технология возведения полносборных
зданий.Учебник.-М.,АВС, 2000.
Қосымша
5.
Гофштейн Г.Е., Ким В.Г., Нищев В.Н. и др. Монтаж
металлических и железобетонных конструкций. Москва: «Стройиздат», 2001.
6.
Кернев А.Д. Организация строительного производства. Курсовое и
дипломное проектирование. - Ростов на Дону, «Феникс», 2006.
7.
Трушкевич А.И. Организация проектирование строительства. -
Минск: «Высшая школа», 2004.
8.
Хамзин С.К. Монтаж строительных конструкций. Учеб. пособие. -
Астана: Фолиант, 2005.
9.
Самойлов В.С. Справочник строителя. Жилищное строительство.
М.: Изд. «Аделант», 2006.
10.
Тарануха Н.Л. Технология и организация строительных процессов. -
М., 2005.
11.
Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства.
Курсовое и дипломное проектирование. Учебник. - М., 2006.
12.
Серов В.М., Серов А.В., Нестерова А.В. Организация и управление в
строительстве, 2006.
13. СНиП РК 1.03-06-2002. Строительное производство. Организация
строительства предприятий, зданий и сооружений.
14.
СНиП РК 1.03-05-2001. Охрана труда и техника безопасности в
строительстве.
Мамандықтың (тардың) жұмыс
оқу жоспарынан көшірме
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
050729 - Құрылыс
мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пән атауы Құрылыс өндірісінің технологиясы II
Оқу
нысаны
Пәннің еңбек
сыйымдылығы
Семестр бойынша
бақылау түрлері
Семестр
Семестр бойынша студенттердің
жұмыстарының көлемі
кре-
дит-
тер
академиялық
сағат
кре-
дит-
тер
аудиториялық сабақ
(ак. сағат)
СӨЖ
(ак. сағат)
бар-
лығы
ауд СӨЖ емт сын
КЖ-
а
КЖ-
с
бар-
лығы
дәр пр. зерт.
бар
лы
ғы
СОӨЖ
ЖОБ негі-
зіндегі
күндізгі
3
135 45
90
6
6
6
3
45
15 30
90
45
Кафедра меңгерушісі ____________ Ельмуратов С.К. 2010ж. «___» __________
Document Outline - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
- 4 Пәннің мазмұны
- 4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
- 2 тақырып. Тасқын параметрлерінің есебі.
- 3 тақырып. Жинақтау крандарын байлау, крандардың қауіпті жұмыс аймағын анықтау. Құрылыс бас жоспарларын жасау және жобалау.
Достарыңызбен бөлісу: |