Жұмыс бағдарламасы мамандықтың жұмыс оқу жоспары және 20 ж бекітілген элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген



жүктеу 3,94 Mb.
бет12/25
Дата14.12.2017
өлшемі3,94 Mb.
#4102
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
7.2-сурет – Синтаксис және семантика
Семантиканың формальды анықтамасы бүгінгі күнге дейін анықталмаған, сондықтан нақты қорытынды жоқ.

Формальды тілдердің семантикасын сипаттауда көптеген модельдердің түрлері мен әдістері құрастырылған (7.1-кесте).


7.1-кесте – Формальды тілдердің семантикасын сипаттаудың модельдері

Модельдер

Спецификациялар моделі, тілдің түрлі функциялары арасындағы қатынастар сипаттайды және де, егер бағдарлама осы қатынастарды жүзеге асырса онда ол спецификацияға қатысты дұрыс болып табылады

Аппликативты модельдер, осы тілде жазылған әрбір программа есептейтін функциялардың қолданылуы


Грамматикалық модельдер, грамматикаға кеңейтілулерді енгізуге негізделеді

Семантикаларды сипаттаудағы аталған әдістердің барлығы белгілі бір типті бөліп қарастыру көзделген – мәндер категориясы (семантикалық категориялар, примитивтер), сол арқылы және соның негізінде белгілі бір семантикалық тілде одан да күрделі ұғым беріледі.



Семантиканы сипаттау әдістері

Программалау тілдерінің семантикасын сипаттауда үш әдіс кеңінен тараған:

1) Операциялық (абстрактілі машинаның бір күйден екінші күйге өтуі), мысалы, П.Лендин машинасы;

2) Аксиоматикалық (программаны құрайтын объектілер жиынтығы), мысалы, Хоардың аксиоматикалық әдісі мен Флойдтың индуктивты тұжырымдау әдісі;

3) Денотациялық (программаға қатысты абстракциялар функциясы), мысалы, Д.Скоттың семантикалық домендер теориясы.

Транслятор - қандай да бір программалау тілінде жазылған программалары объектілі тілде бейнеленген жұмыс істейтін программаға айналдыратын арнайы программа. Бұл анықтама трансляцияланатын программалардың барлық түрлеріне қатысты. Мұндай программалардың трансляциялау процесі бойынша өз ерекшелігі бар. Қазіргі уақытта трансляторлар негізгі 3 топқа бөлінеді:

- ассемблер;

- компилятор;

- интерпретатор.



Ассемблер – символдық құрылымды машиналық тілдің командаларына айналдыратын (жүйелік) қызмет көрсетуші жүйелік программа. Ассемблердің ерекшелігі символдық бір команданы машиналық бір командаға трансляциялайды. Ассемблер тілі (автокод деп атайды). Жүйенің компьютердің командаларын қабылдауын жеңілдетуге және осы командалар жүйесінде программаларды жеңілдетуге арналған.

Компилятор – программалау тілдерінің бірінде жазылған программаны машиналық тілдегі программаға трансляциялауды орындайтын қызмет көрсетуші программа. Ассемблер сияқты программаның бір тілден екінші тілге айналдыруды қамтамасыз етеді. Берілген тілдің командаларының машиналық тілдің командаларынан әжептеуір айырмашылығы бар. Мысалы: кейбір тілдердің бір командасы машиналық тілдің 7-10 командасына сәйкес келеді. Программалау тілдерінде алдын-ала сипатталатын берілгендердің типтері қолданылады. Себебі, программалау алгоритмдерді кодтауға емес берілгендер мен кластардың мұқият ойластырылған құрылымына сүйенеді. Мұндай тілдерден трансляциялау процесі компиляция деп, ал берілген тілдер жоғары программалау тілдері деп аталады.

Интерпретатор – берілген программаны әрбір оператор бойынша трансляциялайтын және орындайтын арнайы программа немесе құрылғы. Компилятор сияқты программаны машиналық тілге айналдырмайды. Берілген тілдің командасын қабылдаған соң орындайды. Интерпритатордың кемшілігі программаны орындау жылдамдығының төмендігі. Интерпретаторды пайдаланатын программалар машиналық тілде жазылған программаға қарағанда 50-100 есе баяу орындалады (7.3-сурет).

7.3-сурет – Компилятор және интерпретатордың құрылымы

жүктеу 3,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау