Жұмыс бағдарламасы мамандықтың жұмыс оқу жоспары және 20 ж бекітілген элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген



жүктеу 3,94 Mb.
бет1/25
Дата14.12.2017
өлшемі3,94 Mb.
#4102
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы

«Программистің логистикалық мәдениеті» пәні бойынша


Силлабус

Павлодар



Мамандық бойынша элективтік пәндер каталогы негізінде әзірленген пәннің оқу жұмыс бағдарламасына бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________________Пфейфер Н.Э.

«___»__________ 2013 ж.

Құрастырушы: ИжАЖ кафедрасының доценті, п.ғ.к. Джарасова Г.С.


Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
«Программистің логистикалық мәдениеті» пәні бойынша

5В060200 Информатика, 5В070300 Ақпараттық жүйелер мамандығы студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың жұмыс оқу жоспары және «___» _______ 20___ ж. бекітілген элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген.


Кафедра отырысында ұсынылған 2013 ж. «___»_________ №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Оспанова Н.Н.


ФМжАТФ оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«_____»______________ 2013 ж.№____хаттама

ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. «____»_____________2013 ж.


ОӘб құпталды

ОӘБ бастығы ____________ Жұманқұлова Е.Н. «____»_____________2013ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«_____»______________ 2013 ж. №____хаттама



1. Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы «Программистің логистикалық мәдениеті»

Пән – элективтік пәндер каталогының пәні



Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 3

Барлық аудиториялық сағаттар – 45 сағат

Лекция - 22,5 сағат

Практикалық сабақтар – 22,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

оның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат

Жалпы сыйымдылық – 135 сағат



Бақылау формасы

Емтихан – 3 семестр



Пререквизиты

Пәнді оқу барысында келесі пәндер бойынша қалыптасқан білік пен дағды қажет: бағдарламалау тілдері және ақпараттық технологиялар.



Постреквизиты

Пәнді оқу барысында қалыптасқан білім, білік және дағды алдағы уақытта информатика-математикалық бағыттағы пәндерді меңгеруге қажет



2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты

Джарасова Гульжан Сагидуллаевна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Ғылыми, әдістемелік және басқа да жетістіктері

Предикатты программалаудың синтаксистық және семантикалық құрамы зерттелді; предикаттар арқылы автоматты программалаудың верификациялық моделі жасалды; «Информатика» мамандығы студенттерін есептеулер әдісін қолдана отырып оқыту әдістемесі жасалды; болашақ информатиктердің автоматты бағдарламалардың предикатты зерттеу әдістемесі жасалды; «профильды мектеп – жоғары оқу орны» оқыту жүйесінде информатиканы оқытудың профильды-бағдарлы әдістемесі жасалды; автоматты бағдарламалардың дедуктивты верификациялау әдісі қалыптастырылды; оқыту тренажерларын құрастыруда предикаттар теориясы әдістемесін қолдану әдісі жасалды.

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-407, тел. 67-36-87 (ішкі 11-25)

yulzhan@mail.ru

3. Оқу пәні «Программисттың логикалық мәдениеті» пәні информатиканың негізгі әдістері мен технологияларын оқу барысында студенттер мен магистранттардың информатиканың базалық және профильды пәндері бойынша білімдерін тереңдету. Курстың тәжірибелік жағы таным методологиясы облысында білік пен дағдыны қалыптастыруға; логикалық есептеу бойынша білік пен дағдыны қалыптастыру; «абстракциядан» әдісін қолдануға; бағдарламалау саласында индеуктитвты және дедуктивты әдістерін қолдануға дағдылану.

Бағдарламаның мақсаты студенттердің абстрактылы логика-алгебралық ойлауын дамыту; объектілердің, құбылыстардың, және қоршаған орта үрдістерінің математикалық модеоін қалыптастыруға дағдылану; заманауи бағдарламалық тілдердің және ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерімен анықтау; ғылымның жаңа әдіснамаларын меңгере отырып олады меңгеруде білік пен дағдыны қалыптастыру.



Пәнді оқудың міндеттері

Оқу үрдісі барысында қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:



  • пәндердің пәнаралық және пәнішілік байланыстарын анықтай отырып студенттер мен магистранттардың бойында программисттың логикалық мәдениетін қалыптастыру;

  • студенттер мен магистранттардың бойында жалпы пәннің құрылымын, технологиясын және есетеу схемасын қалыптастыра отырып логикалық мәдениеттің негізінде стандартты емес жағдайларда қолдана білуге дағдылану;

  • студенттер мен магистрантарыдң бойында математикалық логиканың логикалық есептеулер, «абстракциядан» әдісін, индуктивты және дедуктивты әдістері бойынша құзыреттілігін қалыптастыру.

4. Білімге, іскерлікке, дағдысына, құзыретке қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті



  • логика-алгебралық пәндерге тән математикалық таным әдістерін және ғылыми-танымдық құралдар жүйесінің негізінде қолданбалы есептерді шығаруда қолдана білу;

  • ғылыми таным негізінде логика-алгебралық ғылымның рөлі;

білулері:

  • тілдің құрылымын;

  • семантиканың құрылымын;

  • жартылай-рекурсивты функциялар классының құрылымын;

  • алгебралық жүйелердің құрылымдық қасиетін сипаттауда формальды тілдерді қолдану;

қолдана білу:

  • «Дәлелдеу» ұғымын

  • «Алгоритм» ұғымын

  • «Анықталғандық» ұғымын

  • «Тиімді есептеу» ұғымын

Тәжірибешілік дағдыларды меңгеру:

  • Формалды тілдердің және оларды ңсемантикаларының синтаксистық құрылымының технологиясы;

  • Формальды тілдердің мүмкіндіктерін қолдана білу;

  • Формальды тілдердің алгоритмдық қасиеттерін программалау тілдерінің тиімді қасиеті ретінде қолдану;

құзыретті болу:

  • «абстракциядан» әдісін, программалауда индуктивты және дедуктивты әдістерін қолдана білу;

  • Java тілінде есептерді шығара білу.

5 Пәннің тақырыптық жоспары

Сабақтардың түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу



Тақырыптар атауы

сабақтардың түрлері бойынша аудиториялық сағаттардың саны

СӨЖ

дәрістер

тәжірибелік

зертханалық

барлығы


оның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе

1













2

Болашақ информатиктерді дайындаудың құрылымы

1







4




3

Негізгі интеллектуалдық құралдардың математикалық алғышарттары

1

2




6

2

4

Пікірлер алгебрасы

2

2




8

2

5

Предикаттар алгебрасы

2

2




8

2

6

Гомоморфизмдер мен изоморфизмдер

2

2




8

2

7

Формальды тілдердің синтаксистық құрамының алгебралық құрылымы

2

3




10

2

8

Бағдарламалау тілдерінің семантикалық анализ технологиясы

2

3




10

3

9

«Дәлелдеу», «Алгоритм», «Анықталғандық» және «Тиімді есептеу» ұғымдары

2

2




8

2

10

Есептерді модульды түрде және рекурсивты жолмен шығару әдісі (бағдарламалау).

2

2




4

2

11

Программисттың логикалық мәдениетінің информатико-математикалық негіздері

3

2




14

2

12

Бағдарламаны верификациялаудың логико-математикалық әдістері


2,5

2,5




10

2,5

Барлығы: 135 (3 кредит)

22,5

22,5

0

90

22,5

5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Нурбекова Ж.К. Теоретико-методологические основы обучения программированию: монография. – Павлодар, 2004. – 225с.

  2. Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В. Интеграционные методы преподавания алгоритмических языков в университетском курсе информатики// Материалы международной научно-методической конференции «Математическое моделирование и информационные технологии в образовании и науке». - Алматы: АГУ им. Абая, 1998.

  3. Дроботун Б.Н. Методическая система обучения логико-алгебраическим дисциплинам в высших учебных заведениях: дисс. ... докт.пед. наук.- Алматы, 2008. – 442 с.

  4. Нурбекова Ж.К. Фундаментальное и опережающее обучение программированию студентов по специальности «Информатика»: дисс. …докт. пед.наук.- Алматы, 2007.

  5. Джарасова Г.С. Экспериментальное исследование формирования логической культуры будущих информатиков // Вестник ПГУ.- 2009.- №1.- С.62-69.

  6. Джарасова Г.С. Обучение будущих информатиков применению рекурсивного метода программирования // Материалы научно-практической конференции «Информационные и коммуникационные технологии в образовании» - Екатеринбург: ГОУ ДПО ИРРО, 2009. – С.280-282; 308 с.

  7. Нурбекова Ж.К., Джарасова Г.С., Байгушева К.М. Междисциплинарные связи при формировании логической культуры будуших кадров в области информатики// Бюллетень центра информатики и информационных технологий в образовании. - М.:ИСМО РАО, 2008. - Вып.4.- С.70-74; 152 с.

  8. Клини С.К. Математическая логика: Пер. с англ. – М.: Мир, 1973. – 480с.

  9. Дроботун Б.Н., Джарасова Г.С. К проблеме формирования алгоритмической культуры студентов// Материалы научной конференции молодых ученых, студентов и школьников, III Сатпаевские чтения. – Павлодар, 2003.- Т.7.- С. 49-54.

  10. Дроботун Б.Н., Джарасова Г.С. Порядковые отношения и методологические подходы к их изучению // Республиканский научный журнал «Поиск» .- 2005.- №4.- С.261 – 264.

Қосымша әдебиет

  1. Дроботун Б.Н., Джарасова Г.С. О концепции изучения алгебраических систем с точностью до изоморфизма // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия физико-математические науки.- 2006.- №1(15).- С. 58 – 66.

  2. http://cmap.coginst.uwf.edu/info/

  3. http://dl.nw.ru/theories/cmaps/

  4. Глобализация и конвергенция образования: технологический аспект: научное издание / Под общей редакцией профессора Ю.Б. Рубина. – М.: ООО «Маркет ДС Корпорейшн», 2004. – 540 с.

  5. http://www.yugzone.ru/mindmap.htm

  6. Дроботун Б.Н., Джарасова Г.С. Из опыта изучения элементов дискретной математики в средней школе// Материалы научной конференции молодых ученых, студентов и школьников, II Сатпаевские чтения.- Павлодар, 2002.- Т.2.- С. 30-38

  7. Дроботун Б.Н., Джарасова Г.С. Программа факультатива «Элементы дискретной математики» в школе (9 кл) // В кн: Факультативы по школьным дисциплинам (информатика, математика, биология, физика, химия), серия «Портфель молодого учителя».- Павлодар: НИЦ ПГУ, 2003.- С.19-22.

  8. Дроботун Б.Н., Джарасова Г.С. Вводный курс математики. - Павлодар: Научно-издательский центр ПГУ им.С.Торайгырова, 2004. – 300с.

  9. Дроботун Б.Н., Джарасова Г.С. К проблеме методического обеспечения дистанционного обучения// Материалы международной научно-практической конференции «Компьютеризация обучения и проблемы гуманизации образования в техническом ВУЗе». – Пенза, 2003.- С.459-462.

  10. Дроботун Б.Н. Из опыта пропедевтического понятия «Алгоритм» //Вестник ПГУ им.С.Торайгырова. Серия педагогическая. -2007.- №1.- С. 60 – 66.

  11. Дроботун Б.Н. О концепции содержательного мотивационно-ориентированного подхода в системе вузовской логико-алгебраической подготовки //Высшая школа Казахстана.- 2008.- №2.- С. 55-60.


Кіріспе
Бүгінгі таңда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының алдында білім беру сапасын арттыру, оның күнделікті өмірде қолданылу мәселесі туындауда (экономикалық, әлеуметтік, мәдени, демографиялық, т.с.с). Ақпаратқа жедел түрде анализ беретін білік пен дағдыға негізделген ақпарат ағынының көбеюі, өндірістің және технологияның дамуы, нарықтық экономика жағдайында бәсекелестіктің өсуі – аталғанның бәрі IT-кадрларын дайындауда жоғары талаптар қоюға міндеттейді. Болашақ IT-кадрларды заман талабына сай оқыту дегеніміз, олардың кәсіби шығармашылығында кез-келген жағдайда оңтайлы шешім қабылдай алуы.

Кәсіби шығармашылығы жағынан жұмыс істеуі, эргономикалық компьютерлік және экономикалық жағынан тиімді технологияларды құрастыру және жетілдіру жұмыстарына араласуы, әр түрлі салаларда үрдісті автаматтандыруы – информатика бакалаврларын кәсіби дайындауда негізгі міндеттері болып саналады. Информатика бакалаврларын құзыретті дайындау мәселесін зерттей келе жоғары мектепте бағдарламалауға үйретудің төрт деңгейлі моделі ұсынылды (1-кесте):


1-кесте – Жоғары мектепте бағдарламалауға үйретудің төрт деңгелі моделі

1 деңгей

Метадеңгей

Теорияны қабылдау

Абстракцияның жоғарғы деңгейлері

2 деңгей

Мақсатты

Дәлелдеуге үйрету

3 деңгей

Мазмұнды

Бағдарламаның дұрыстығын дәлелдеу

Абстракцияның төменгі деңгейлері

4 деңгей

Үдерісті

Индукция/дедукция

«Құзыреттілік» ұғымы (лат competentia, compete сөзінен – бірлесіп қол жеткізу, қол жеткіземін, сәйкес келу) сөздіктерді «бір мәселені талқылауда қажет білімнің болуы», «хабардар болу»деген ұғымдармен анықталады. Д. А. Власова дефиниционды анализ жасай келе, құзыреттілік ұғымын құзыретті ұғымынан туындайды деп есептейді, яғни, құзыретті адамның білім, білік және дағдысын анықтайтын ұғым ретінде, ал, құзыреттілік – адамның жеке өтіліне негізделген алғашқы семантикалық категориясы ретінде, белгілі бір білім жүйесінің бар болуы ұғымы ретінде анықтайды.

Жоғарыда келтірілген модель ЮНЕСКО-ның АКТ-ны қолданудағы мұғалімдердің құзыреттілігі нормаларына сай мамандарды дайындаудың экономикалық моделіне сәйкес IT-кадрларының құзыреттілік деңгейін анықтайды: техникалық модель  білімді тереңдету  білімді қалыптастыру (2-кесте).
2-кесте – Білім берудің төртдеңгейлі және экономикалық модельдерін сәкестендіру


ЖОО бағдарламалауға үйретудің төртдеңгейлі моделі

ЖОО мамандарды дайындаудың экономикалық моделі

1 деңгей

Метадеңгей

Білімді қалыптастыру

2 деңгей

Мақсатты

3 деңгей

Мазмұнды

Білімді тереңдету

4 деңгей

Үдерісті

Техникалық сауаттылық


Құзыреттілік бірнеше педагогика-психологиялық зерттеулерде үш аспектінің жиынтығы ретінде беріледі:

- мағыналы, жалпы мәдени контекстте жағдайды адекватты түрде түсіну;

- мәселелі-тәжірибелі, мәселені адекватты түрде түсіне білу, жағдайға байланысты мақсат, міндеттерді тиімді орындау;

- коммуникативті, мәдени контексттік жағдайында адекватты түрде араласуға негізделген.



Егер адам кәсіби аясынан тыс жағдайда құзыретті болса (жоғарыда аталған үш аспект), онда ол жалпы мәдени құзыреттілікке сай болады. Кәсіби құзыреттілікте негізгі мәселелі-тәжірибелі аспектіге көп көңіл бөлінеді, ал жалпы мәдениде – мағыналы және коммуниктивті. Негізінде барлық үш аспектіде маңызды болып табылады, себебі, кәсіби білім барлық салаға қатысты жалпы мәдени және құзыретті тұлғаны дайындауға бағытталған. Кәсіби құзыреттілік кез-келген адамның жалпы мәдени құзыреттілігінің негізі болып табылады.

Д. М. Власованың кәсіби құзыреттіліктің негізгі саласы ретінде келесілер анықталған: қажеттілі-себепті (себептің негізін құрайтын әлеуметтік қағидалар, қажеттіліктер, қызығушылықтар жиынтығы), операциялы-техникалық (кәсіби маңызды қасиеттердің, арнайы және жалпы білімнің жиынтығы), саналы (адамның өз біліміне, тәртібіне, адами келбетіне, қызығушылығына, өзін-өзі ұстау әдістеріне баға беруі, өз-өзін сезіне алатын және ойлай алатын тұлға ретінде бағалауы).

Жоғарыда келтірілген құзыреттілікті анықтауға негізделген позицияларға сай болашақ информатиктерді дайындаудың моделін құрастырайық. Аталып өткендей бүгінгі таңда мамандығына сәйкес жоғары орнының түлектерін дайындауда кәсіби талаптарды анықтайтын құжат ретінде Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты болып табылады. 5В060200 – Информатика, 5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 6М060200 – Информатика, 6М011100 – Информатика, 6M070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы түлектерінің білім деңгейлерін анықтауға қойылатын талаптарын белгілеген кезде, келесі құзырлықтар ескеріледі: әлеуметті-этикалық, экономикалық және ұйымдастырушы-бақылаушылық, кәсіби.

Болашақ информатиктердің кәсіби құзырлықтарына қойылатын талаптар:

- негізгі білім беру бағдарламасына сәйкес келетін теориялық білімді және тәжірибелік дағдыны меңгеру;

- компьютерлік жүйенің бірнеше түрінде жұмыс істей білу тәжерибесі, алгоритмдік тілдерді, стандартты бағдарламалық қамсыздандыруды және жақын әдістерді, мәліметтер қорын және қолданбалы бағдарламаларды, графика құралдарын, эксперт жүйелерін және қолданбалы есептерді және теориялық есептеді шешуде білім қорын қолдана білу;

- заманауи есептеу техникасын, телекоммуникацияларды және байланыс құралдарын білу;

- ақпараттық технологиялардың даму тенденциясын білу;

- информатика саласында өзінің кәсіби шығармашылығын дамыта алу;

- өзінің кәсіби шығармашылығына сәйкес арнайы әдебиеттерді және басқа да ғылыми-техникалық ақпаратты игеру, отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін білу.

Кәсіби құзіреттілік талаптарына сай және Computing Curricula (http://se.math.spbu.ru/main.html, http://www.computer.org/) материалдарының негізінде болашақ информатиктердің нақты нені меңгеру керектігін анықтайық. Олар:



Пәнге деген жүйелі көзқарас. Білімнің нақты модулімен байланысты оқытудың мақсаты, жеке концепциялар мен тақырыптарға сай болуы мүмкін, ол өз алдына кейін фрагментті меңгеруге әкеліп соғады. Білім алушылар жалпы жүйені жоғары деңгейде түсіне білу керек. Бұл түсінушілік жеке компоненттерді меңеруге жеңілдетеді және компьютерлік жүйелердің жалпы құрылымын түсінуге жеңілдетеді.

Теория мен тәжірибенің байланысын түсіну. Информатиканың фундаментальды аспектісі – теория мен тәжірибенің тепе-тең болуы, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуы. Түлектер материалдың теориялық бөлімін түсінумен шектелмей, теорияның тәжірибеге әсерін түсіне білуі керек.

Информатиканың негізгі әдістерін меңгеруі. Оқу үрдісі кезінде студенттер көптеген жалпы әдістермен танысады: синтез, анализ, абстракция, рекурсия, эволюциялық өзгерістер, индукция және дедукция. Студенттер осы әдістерді кең түрде қолдана білу керек және оларға үйреткен тақырып аясында ғана емес жалпы түрде қолдана білуі керек.

Үлкен жобада қатысу тәжірибесі. Түлектер алған білімдерін сауатты түрде қолдана білу үшін олар шынайы бір жобаға қатысулары керек. Тәжірибенің бұл түрі алған дағдыларын тәжірибе жүзіне қолдануға жол ашады және әр түрлі курстарда алған білімін қолдануға мүмкіндік береді.

Бейімделу. Информатиканың осынша қысқа уақытта соншалықты өзгеріске ұшырау қабілеті. Сондықтан түлектер салада болып жатқан өзгерістерге қарай жаңа дағдыларды қалыптасыру үшін терең іргелі білімге ие болу керек.

Болашақ информатиктерді дайындайтын бағдарламаның мазмұнын анықтайтын білім беру стандарттарында, пәннің типтік оқу бағдарламаларында компьютерлік техниканың қарқынды дамуы ескерілмейді. Информатиктерді дайындайтын бүгінгі бағдарламада студенттерді дайындаудың жаңа моделіне, яғни, студенттердің өздігінен жаңа білім, білік, дағдыны меңгеруге негізделген әдістемелік оқу жүйесін жобалау мен құрастыруға негізделу керек.

Осылайша, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған болашақ информатиктерді дайындау, олардың бойында өздігінен білімді игеруге, қолдануға және тереңірек зерттей білуге бағытталған оқыту әдісі болып табылады.


жүктеу 3,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау