Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Қазақстан Республикасы 08. 013-2009 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленген және С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кеңес отырысында 20 ж



жүктеу 359 Kb.
бет2/3
Дата23.11.2018
өлшемі359 Kb.
#24078
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

4 Пәннің мазмұны


Әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталган Қазақстан Республикасындағы білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасуы 5В010300 -«Педагогика және психология» мамандығынан бакалаврларды даярлаудың мазмұнын қайта қарауды талап етті. Бұл мамандықтан кәсіпқой бакалаврларды даярлауда негізгі пән - педагогика ерекше орын алады.

Педагогика - адамзаттың тәжірибесін мақсатқа бағытты беру процесі және жас ұрпақты өмір мен іс-әрекетке даярлау жөніндегі ғылым.

Педагогика философияның қойнауынан шыкты, дамудың өте ұзақ жолынан өте отырып, қазіргі кезде адам тәрбиесі жөніндегі саласындағы күрделі ғылымга айналды, басқа ғылыми пәндермен тығыз байланысты.

Педагогика адамды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, принциптері, мәні, мазмұны, әдістері мен түрлері жөніндегі ғылым ретінде көрінеді.

Бұл курсты оқу студенттерге төмендегідей мүмкіндік береді:


  • тәрбие мен окытудың ғылыми негіздерін, педагогиканың негізгі категорияларын, оның құрылымын, мектептегі оқу-тәрбие процесін құрудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, қазіргі кездегі педагогика ғылымының даму тенденцияларын меңгеруге;

  • өзіндік педагогикалық көзқарасты қалыптастыруға;

  • болашақ маман араласатын шын педагогикалық іс-әрекетті одан әрі жетілдіру және өздігінен білім алу үшін негіз жасауга.

Студенттерді тәрбие мен оқытудың ғылыми негізде жасалган жүйелерімен таныстыру олардың білім беру процесінің мүмкіндіктері женінде ой-өрісін кеңейтеді, оны тұтас процесс ретінде құрудың қажеттігін көре білуді қамтамасыз етеді, тұлғаны тәрбие және оқытудың субъекті ретінде түсінуге көмектеседі.

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

(ЖОБ негізінде күндіз оқитын студенттерге арналған)





Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Д

Т

СӨЖ

1

2

3

4

5

1 семестр

1

Педагогиканың жалпы негіздері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде

2

2

7

2

Педагогиканың әдіснамалық негіздері

2

2

8

3

Педагогиканың аксиологиялық негіздері

2

2

7

4

Педагогикада мақсатты анықтау

Оқушы тулғасын дамыту, әлеуметтендіру және тәрбиелеу



2

2


8

5

Оқушы тұлғасы - тәрбиенің объекті және субъекті

Тұтас педагогикалық процесте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру



2

2


8

6

Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері

Оқушыларға жекелік-даралық тұрғыдан қарау



2

2


7

7

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі. Мектепте 12-жылдык білім беруге өтуде педагогикалық процесті
ұйымдастыру ерекшеліктері

2

2


8

8

Білім берудің жаһандануы

1

1

7




1 семестр бойынша барлығы

15

15

60




2-семестр










9

Тәрбие теориясы. Тәрбиенің мәні.

2

2

10

10
Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері

2

2

10

11

Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру

Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе



3

3


10

12

Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары

3

3

10

13

Дүниеге көзқарас - қалыптасушы тұлғаның негізі

2

2

10

14

Ұжым - тәрбие құралы

Ұжымда оқушы тұлғасын қалыптастыру



3

3


10

2-семестр бойынша барлығы

15

15

60

3-семестр

15

Оқыту теориясы. Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде

Оқытудың қазіргі кезеңдік жүйелері



1

2


9

16

Оқыту процесі - тұтас жүйе

2




6

17

Оқытудың заңдары, заңдылыктары және принциптері

Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру жүйесі



1

2


6

18

Қазіргі білім берудің мазмұны

2




6

19

Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары

Оқушыларды тұлғаға бағыттап оқыту



2

3


6

20

Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары

Сабақ - тұтас жүйенің элементі



2

2


6

21

Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау

Оқушы дамуының мониторингі



2

2


6

22
Оқушылардың оқуын мотивациялау

Оқыту процесінде оқушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіру

1

2


6

23

Оқытудың педагогикалық технологиясы

Оқушылардың ұжымдык танымдык іс-әрекетін ұйымдастыру



2

2


6

24

Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы рөлі. Педагогтың кәсіби қасиеттері







6

3-семестр бойынша барлығы

15

15

60

Барлығы

45

45

180


Пәннің тақырыптық жоспары

(КОБ негізінде сырттай оқитын студенттерге арналған)





Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Д

Т

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Педагогиканың жалпы негіздері. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде

1




3

2

Педагогиканың әдіснамалық негіздері

3,5

3

Педагогиканың аксиологиялық негіздері

3

4

Педагогикада мақсатты анықтау

Оқушы тулғасын дамыту, әлеуметтендіру және тәрбиелеу



1



3,5

5

Оқушы тұлғасы - тәрбиенің объекті және субъекті

Тұтас педагогикалық процесте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру





1


3,5

6

Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері

Оқушыларға жекелік-даралық тұрғыдан қарау








3,5

7

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

Мектепте 12-жылдык білім беруге өтуде педагогикалық процесті


ұйымдастыру ерекшеліктері

1



3,5

8

Білім берудің жаһандануы

3,5

9

Тәрбие теориясы. Тәрбиенің мәні.

1




3,5

10
Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері

3,5

11

Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру

Отбасы - өзіндік педагогикалық жүйе





1


3,5

12

Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары




1

3

13

Дүниеге көзқарас - қалыптасушы тұлғаның негізі







3

14

Ұжым - тәрбие құралы

Ұжымда оқушы тұлғасын қалыптастыру









3,5

15

Оқыту теориясы. Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде

Оқытудың қазіргі кезеңдік жүйелері



1




3

16

Оқыту процесі - тұтас жүйе

3

17

Оқытудың заңдары, заңдылыктары және принциптері

Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру жүйесі



3

18

Қазіргі білім берудің мазмұны




1

3

19

Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары

Оқушыларды тұлғаға бағыттап оқыту






1

3

20

Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары

Сабақ - тұтас жүйенің элементі






3

21

Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау

Оқушы дамуының мониторингі



1




3

22
Оқушылардың оқуын мотивациялау

Оқыту процесінде оқушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіру







3,5

23

Оқытудың педагогикалық технологиясы

Оқушылардың ұжымдык танымдык іс-әрекетін ұйымдастыру






1

3

24

Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы рөлі. Педагогтың кәсіби қасиеттері







3,5




Барлығы

6

6

78


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны
Негізгі бөлім. 1-тарау. Педагогиканың жалпы негіздері

1-тақырьш. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде

Педагогика ғылымы жөнінде жалпы түсінік. Педагогиканың категориялық аппараты. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және оның кұрылымы.



2-такырып. Педагогиканың әдіснамалық негіздері

Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогиканың философиялык негіздемесі. Педагогика әдіснамасының жалпы ғылыми деңгейі. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері.

3-тақырып. Педагогиканың аксиологиялық негіздері

Педагогиканың гуманистік әдіснамасынын негіздемесі. Педагогикалық құбылыстарды оқып үйренуде аксиологиялық тұрғыдан қарау. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік.
4-тақырып. ІІедагогикада мақсатты анықтау

Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Педагогикалық теория мен практика үшін тәрбие мақсаттарының маңызы. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие мақсатының қоғамдық-тарихи сипаттамасы. Тәрбие мақсатын қоюға әсер ететін факторлар. Тәрбие мақсатының көптүрлілігі. Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға туралы түсінік. Қазіргі кезеңдегі тәрбие мақсаттары.

5-тақырып. Оқушы тұлғасы - тәрбиенің объекті және субъекті

«Тұлға» түсінігі, оның дамуы мен қалыптасуы. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары. Тұлға - тәрбие максаты.

Адам, индивид, тұлға. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар. Адам дамуындағы және оның тұлғасының қалыптасуындағы биологиялылық және әлеуметтілік. Даму және тәрбие. Іс-әрекет - даму факторы. Тұлғаның өзіндік дамуындағы белсенділіктің ролі. Тұлға дамуының ішкі және сырткы факторлары. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» түсінігі.

6-тақырын. Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері

Жас кезеңдері. Акселерация. Дамудың біркелкі еместігі. Тұлғаның табиғи шамасы (әлеуеті) және балалардың жеке ерекшеліктері. Тұлғаны дамытуды іске асырудың мүмкіндіктері (көкейкесті мүмкіндіктер және «дамудың таяу зонасы») және оларды тұтас педагогикалық процесте оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда есепке алу.

7-такырып. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының принциптері. Қазақстандағы білім беру жүйесіне жалпы сипаттама. Үздіксіз білім беру жүйесі. Түрлі деңгейлік білім беру. Мектеп - үздіксіз білім берудің базалық деңгейі және әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Қазақстан Республикасындағы оқу-тәрбие мекемелері. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беретін мекемелер. Гимназиялар, лицейлер, колледждер.

Жалпы білім берудің мазмұнын дамытудың болашағы. Жалпы орта білім беретін 12-жылдық мектептің моделін құру.

8-тақырып. Білім берудің жаһандануы

«Білім берудің жаһандануы» түсінігі. Білім берудің жаһандануының мәні. Қазақстан мектебіндегі білім берудің жаһандануы. Оқушылардың жаһандалған ойлауын қалыптастыру жолдары. Қазіргі қоғамдағы білім берудің жаһандану перспективалары.

ІІ-тарау. Тәрбие теориясы

9-тақырып. Тәрбиенің мәні

Тәрбие теориясының пәні. Тәрбиенің міндеттері мен кызметтері. Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан қоғамындағы тәрбиеге караудың тұрғылары. Тәрбие түрлері.

10-тақырып. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері

Тәрбиенің заңдылыктары мен принциптері туралы түсінік. Тәрбие процесінің негізгі заңдылыктарына шолу. Тәрбие принциптеріне сипаттама.

11-тақырып. Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру

Тәрбие мазмұнының мәселелері. Азаматтық және патриоттық тәрбие. Құқықтық тәрбие. Ақыл-ой тәрбиесі. Мінез-құлықтық тәрбие. Еңбек тәрбиесі. Эстетикалық тәрбие. Экономикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Валеологиялық тәрбие. Дене тәрбиесі.

12-тақырып. Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары

Тәрбие әдістері туралы түсінік. Тәрбие әдістерін топтап бөлу (классификациялау). Тәрбие әдістеріне сипаттама. Тәрбие құралдары. Тәрбие формалары.

13-такырып. Дүниеге көзқарас - қалыптасушы тұлғаның негізі

Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру - қазіргі мектептің негізгі тәрбиелік міндеті. Дүниеге көзкарастың маңызы, қызметтері. Дүниеге көзқарастың негізгі түрлері. Дүниеге көзқарастың мәні және оның ішкі құрылымы. Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін мектептегі білім беру мазмұнындағы білімдер мен идеялардың жүйесі. Білімдерді терең және берік игеру - ғылыми көзқарасты қалыптастырудың негізгі алғышарты. Оқу және сыныптан тыс жұмыстар жүйесіндегі білімнің көзкарасқа, сенімге, тұлғалық идеалға ауысуына ықпал ететін дидактикалық және тәрбиелік шарттар. Оқушылардың дүниеге көзқарасының қалыптасқандығының критерийлері.

14-тақырып. Ұжым - тәрбие құралы

«Балалар ұжымы» түсінігі. Ұжым теориясының калыптасуы. Ұжымның белгілері. Ұжымның қызметтері. Балалар ұжымының типтері және құрылымы. Балалар ұжымының даму кезеңдері. Ұжымды құру және қалыптастыру әдістемесі. Тұлға және ұжым. Балалар ұжымының тұлғаға тәрбиелік әсері.

Еркін іс-әрекетті топтар және формалды емес бірлестіктер.

ІІІ-тарау. Оқыту теориясы

15-тақырып. Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде

Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың объекті, пәні, кызметтері және міндеттері. Дидактиканың категориялары. Дидактиканың негізгі мәселелері. Дербес әдістемелерді дидактикадан бөліп алу және оның олардың дамуына ықпалы. Үздіксіз білім беру жағдайындағы дидактиканың ролінің артуы.

16-тақырып. Оқыту процесі - тұтас жүйе

Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері. Окытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі. Оқыту - екі жақты процесс. Іс-әрекет оқытудың мәндік сипаттамасы ретінде. Тұтас оқыту процесіндегі оқу - оқушының танымдық іс-әрекеті. Оқыту процесінде бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік қалыптасуы. Оқыту функциялары. Окыту функцияларының арақатынасы. Оқыту түрлері. Оқытудың қозғаушы күштері. Дамыта окыту туралы түсінік. Оқыту процесінің тиімділігінің көрсеткіштері.

17-тақырып. Оқытудың заңдары, заңдылыктары және принциптері

Оқытудың заңы, заңдылықтары және принциптері түсінігі. Окытудың негізгі заңдарына, заңдылықтарына шолу.

Оқыту принциптері және ережелері.

18-тақырып. Қазіргі білім берудің мазмұны

«Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдап алудың принциптері мен критерийлері. Білім беру мазмұнын құраушы компоненттерге сипаттама. Қазакстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік білім беру стандарты. Білім беру мазмұнын белгілейтін нормативтік кұжаттар.

19-такырып. Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары

Оқыту әдістері - дидактика категорияларының бірі. Оқыту әдістері, тәсілдері және кұралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы. Оқыту әдістерін топтап бөлу (классификациялау) және оларға сипаттама. Оқыту кұралдарының өзара байланысы. Әдістердің оқытудын мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі. Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытудың әртурлі әдістерін қолдану ерекшеліктері. Оқытудың белсенді әдістері.

20-такырып. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары

Оқытуды ұйымдастыру формалары - тұтас жүйе элементі. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Сабақ - мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабактың типтері және құрылымы. Оқу пәнін оқыту, оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамыту жүйесіндегі сабак. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары. Окытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің ролі. Сабаққа қойылатын қазіргі заманғы талаптар. Сабақта ынтымақтастық, қарым-қатынас күйін тудыру. Сабақты талдау және өзіндік бағалау. Дәстүрлі емес сабақтар.

Шындықты тікелей танудағы оқытуды ұйымдастырудың формасы ретіндегі экскурсияның мәні. Экскурсияның түрлері. Экскурсияны таңдауга, өткізуге қойылатын талаптар және алынған нәтижелерді жинактау.

Оқытылатындардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары (үйдегі оқу жұмысы, ұзартылған күн тобындағы өзіндік дайындық, шағын комплектілі мектептегі жұмыс, өздігінен білім алу).

Оқытылатындардың тиесілі іс-әрекетті орындауға дайындығының барысында дербестіктерінің дәрежесін арттыру.

Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ерекшеліктері.

21-такырып. Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау

Окыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау. Бақылаудың максаттарына сәйкестігі. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижелерінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтауға бағытталуы. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері. Техникалық оқу құралдарын оқушылардың іс-әрекетін бақылау мақсатында пайдаланудың мүмкіндіктері.

Оқыту процесін және нәтижесін бағалауға психологиялық-педагогикалық талаптар. Оқушылардың іс-әрекетін бағалауға осы тұрғыдан қарау. Оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау және есепке алу. «Бағалау» және «баға» түсініктері. Оқушылардың бағаланбайтын іс-әрекеті.

Оқушылардың үлгермеушілігі. Оқушылардың үлгермеу себептері. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары.

22-такырып. Оқушылардың оқуын мотивациялау

«Оқудың мотивтері» түсінігі. Мотивтерді топтап болу. Оқу мотивтерін зерттеудің және қалыптастырудың тәсілдері. Оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру. Қызығушылық. Танымдық қызығушылық. Оқушылардың танымдық қызығушылығын калыптастырудың жолдары, тәсілдері, құралдары. Қажеттіліктер. Қызығушылықтар мен қажеттіліктердің байланысы. Оқушылардың оқу мотивтерін зерттеуді іске асыру.

23-тақырып. Оқытудың педагогикалық технологиясы

«Оқытудын педагогикалық технологиясы» түсінігі. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу (классификациялау). Педагогикалық технологияларға шолу. Оқытудың дәстүрлі (репродуктивті) технолологиясы. Дамыта оқытудың технологиясы. Бағдарламаландырылған оқытудың технолологиясы. Проблемалық оқытудың технологиясы. Оқытудың модульдык технологиясы. Окытудың орталықтандырылған технолологиясы. Оқытуды қашықтан басқару технологиясы. Оқытудың ойын технологиялары. С.Н.Лысенкованың авторлық педагогикасының технологиясы (сүйену схемаларын пайдалана отырып оза окыту). Р.Штайнердің Вальдорф педагогикасы. Оқытудың интегративтік технологиясы. Тұлғаға бағытталган білім беру технологиясы. Оқытудың ұжымдық тәсілдері. Оқытуды жекелендіру және дараландыру технологиясы.


жүктеу 359 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау