, саралаудың логикалық негізіне зерттеу жүргізу үшін, ең алдымен қылмысты саралаудағы таным, яғни танырлық баға беру процесін талдауымыз қажет. Яғни, логикалық негіздің әуелгі басынан талдауды бастасақ, алғашқы мәселе таным төңірегінде өрбиді. Таным мәселес философия мазмұнында түбегейлі орын алатын үлкен мәнді иеленетін, материализмен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған мәселе. Оның басты себебі танымның қайшылыққа толы күрделі процесс екендігінде.
Бірақ, қылмысты саралауда эмпиризмдік таным өзіне спецификалық тәсілді, арнайы құрамды жүзеге асырмайды, құқықтық норманы қолдану кез келген сатыда әдістемелік танымды жүзеге асырады. Қылмысты саралаудың заңдылық тәсілі формальды-догматикалық әдісі тану құқығын құрайды. Қылмыстық заңды қолдану эмпиризмдік дәреже абсолютті фактіде істің мән-жайында маңызы ерекше зор.
Қылмысты саралау танымды бағалау процесі болып табылады;
Құқықтық бағанң объективтік құрылымда қалыптасуы іс-әрекеттің саралауында айқындалады және қылмыстық құқықтық норма қоғамға қауіпті іс-әрекеттің саралауын анықтайды;
Қылмысты саралаудың танымдық әрекеті тәжірибелік іс-әрекетте байқалады. Сондықтан қылмысты саралаудың әдістемелік негізі танмдық бағалау процесінде жүзеге асырылады.
Танымдық қылмысты саралау процесінде спецификалық таным процесін жүзеге асырады [22,40б].
Біздіңше, эмпиризмдік жағдайда таным тәсілі міндетті түрде теориялық тануды бейнелейді. Эмпирикалық таным тек бір ғана сезімдік қабылдауға келіп тірелмейді. Объектілерді байқағанда және олар мен эскперимент жасағанда зерттеушілер белгілі бір ойларды басшылыққа алады. Екінші жағынан теориялық таным тек абстракцияларды пайдаланумен ғана шектелмейді. Ғылыми теориялар туғыза отырып, қылмысты саралауда эмпириялық жолмен анықталған шындық негізге сүйенеді. Біздің пікірімізше, қазіргі жағдайда таным теориясы ретінде қылмысты саралауда материалистік диалектиканың тәжіриблік рөлі және теориялық рөлі арта түскеніін көріп біліп отырамыз. Логикалық тұрғыдан қарағанда, кез келген заңгер істің алғашқы саралау кезеңін бастағанда тікелей логика нысанымен жүзеге асырады. Ал, құқықтық гипотеза нормасы әрқашанда логикалық тұрғыдан диспозициямен, санкциямен байланысты. Барлық құқықтық нормалар логикалық тұрғыдан тиянақты, сөзсіз, болжамсыз және шартты саралауды жүзеге асырады. А.А. Старченко: «Қазіргі жаңа ғасырдағы құқықтық әдебиеттерде деонтикалық, логикалық, норманы мазмұны ұқсастық деонтикалық операторлар арқылы «міндетті», «тыйым салынған», сыныптарды анықтайды» - деді. Сондықтан сынып нормасы белгілі бұйрық арқылы бұйрық техникалық, грамматикалық норманы бекітеді. Логикалық тұрғыдан қылмысты дұрыс саралауда онтологиялық, гаосеологиялық, логикалық мағынасы бір-бірімен тығыз байланыста болады [30,43б]. Жоғарыдағы көрсетілген пікірлердің мазмұны жағынан әр түрлі болғанымен, бағыттары бір мағынаны көрсетеді. Біздің пікірімізше, логикалық, философиялық қылмысты саралау өз алдында дедуктивтік және индуктивтік шартты жүзеге асырады, сонымен қатар қылмысты саралау динамикалық аспектіде силлогизмді бенелейді. Мәселен, сот, прокуратура, жауап алу, тергеу органдарында логика нысанына мән бермеудің белгілі қасиеттер диалектикалық таным тәсіліне мән бермегендіктен пайда болады. Бұл көбінесе қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтамаудан кездеседі.
Қылмысты саралау және объективтік кезеңі. Қылмысты саралаудағы объективтік шындыққа байланысты үлкен дау туады. Объективтік шындық сот өндірісінде бар болса, біріншіден (философиялық түсінікте) қайсы бағытта сипатталады (салыстырмалы, абсолютті, объективтік). Екіншіден адамзат ойының, яғни заңгердің (танымдық баға беру) шындығы сот үкімінде көрсетіледі ме? Деген қарама қайшылықтар орын алады. Заңгерлердің бір тобы «шындық» тек философиялық категорияда ғана орын алады, - десе, екінші тобы қоғамда адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасып, дамиды деген пікірді жоққа шығарады. Сонда олардың тұжырымдауы бойынша,сот істі қараған кезде, «шындықсыз» кінәнә анық мәлімдемейді. Әрин, бұл пікір ұғымды, дұрыс айтылған пікірлермен сыйыса алмайды. Тергеу, прокуратура, сот органдарының әрекеті белгілі объективтік шындықты қажет етеді. Объективтік шындықсыз сот ешқандай істі өз мақсатында жүзеге асыра алмайды. Сонда, қылмысты саралауда объектитвік шындықтың қажеті бар ма, әлде жоқ па? Бұл тұрғыда, объективтік шындыққа диалектикалық тұрғыдан қарау керек. Ендеше диалектиканың заңы бойынша шындықтың ілгері басуы оның өз бойынша іштей пісіп-жетіліп объективке айнала бастауынан туындайды. Әйтпесе шындықтың өзінде қайшылас пайда болып қылмысты саралауда іштей өзгерістерге ұрындыруы мүмкін. Бұл арада біз М.С. Строговичтің, «Материалдық шындықтың түсінігі белгілі қылмыстық істің негізінеқатысты қалыптасып айқындайды, бірақ қылмысты саралау мәселесінде құқықтық баға бере алмайды» деген пікіріне жүгінеміз [31,64б]. Осы пікірге ұқсас пікірді басқа да ғалымдар сынға алды. Жоғарыдағы пікірмен В.Н. Кудрявцев келіспейтінін білдіре отырып, төмендегі тұжырымға келеді. Заңгер біріншіден, қылмыстық заңды дұрыс қолдануды пайымдайды. Тергеу, прокуратура, сот органының объективтік шындықты бағалау жүйесі үш түрлі элементтен түрады:
а) істің мән-жайы белгісі шындыққа, ақиқатқа негізделеді;
б) қылмыстық құқықтық норманың мазмұны көрсетіледі;
в) қарастырылған қылмыстық құқықтық норманың белгілері іс-әрекеттің шындыққа негізделген белгілернің арақатынасы көрсетіледі, «а» және «б» элементтері қылмысты саралауда маңызы зор. Кез келген заңгердің шындыққа негізделген іс-әрекетінің мәні диалектикалық қайшылыққа тап болып күреске бейім тұрады. Осыған орай, шындыққа негізделген істің мән-жайы нағыз объективтік шындықтың төңірегінде өрбиді. Сондықтан бұл мәселен шешу үшін объективті шындықтың болашағы қандай жолдар мен белестерден өтеді, оның дамуы қалай қалыптасады деген ойға келіп тіреледі. Бұл жерде объективтік шындық, адамдардың тәжірибелік іс-әрекетінің негізінде түсіндіріледі [27,51б]. Бұл шешім дескриптивтік деп аталады (дескриптивтік деп- пікір айтуды айтамыз). Шынында да сан ғасырлар бойы орын алып келген объективтік шындықтың пайда болу негізін толық дәлелдейді. Мысалы, дескриптивтік: «А. қасақана мылтық пен атып адамды өлтіреді» бұл арады дескриптивтіке «шындықты нақты дәлме дәл жеткізіп айту». Алайда «заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар екендігін дұрыс белгілеуді, т.б. негіздерді қараған кезде объективтік ақиқатты басшылыққа алуы қажет». Шынында да, іс әрекетті пайымдап ойлап, объективтік шындыққа негіздеп диалектиканың заңына байланыстырып, қоғамдық тәжірибелік өмірімен ұштастыра отырып, тереңінен ашып көрсету түптің түбінде жетістікке әкеледі. Сот тергеуінің ерекшілігі расында да , белгілі гнеосологиялық талапты елемеу материалдық құқықтық және процесуалдық заңда көзделетін ықтимал құбылыс. Процесуалдық құжатта объективтік шындықтың жүзеге асырылуын бейнелейтін болсақ, ендеше қылмысты саралау қылмыстық құқықтық нормалармен белгілі мән-жайдың байналысын бейнелеумен сипатталады. Алайды, философиялық тұрғыда норма мен белгілі шындық, ақиқаттың байланысы жалпы мен жеке категория ұқсас. Яғни, норма мен шындық қылмысты саралауда бір-бірімен қатысты, байланысты ішкі, сыртқы белгілерінің ұқсастықтары арқылы эмпирикалық логикаға енеді. Норманы бағалау және олардың объективтік белгісі анықталса, дұрыс масштабы бағалау шындығы тәуелсіз бағалаусыз объектіде жүзеге асырылады. Бұл көзқарас философиялық тұрғыда орнын табады. Ал құқықтық мағынады шындыққа негізделген норманың байланысы құқықтық қатынаста қалыптасады. Зерттеліп отырған қатынасты жан-жақты даму үстінде қарастыру үшін дескриптивтік әдіс қолданылады. Мысалы, «А. тікелей қасақаналықпен құқыққа қарсы Б. өмірінен айырады, демек ҚК көзделген баппен адам өлтіреді». Жоғарыда айтылғандай, толық ілгіріде шындық немесе жалған категориясы пікір алмасуда. Ғылыми теорияда және тәжірибеде жүйелі құрылымдық әдісінің қылмысты саралауда шындыққа негізделу, заңдалақтардың даму, мән-мағынасын ашу маңызы зор. Мәселен, «шындық» құқықтық аймақтарда адамдардың құқық бұзушылығын өзара қамтамасыз етеді және шындық философия, логика, психология сияқты ғылым салаларымен тығыз байланысты. Алайда, В.Н. Кудрявцев өз пікірін орынды ұсынды. «Құқықтық бағасыз шындыққа негізделген қылмысты саралауда, заң талаптары бұлжытпай орындалады», - дейді. Біздің пікірімізше,объективтік шындық білім іс-әрекеттің ішінде пайда болып, жаңа жағдайда қалыптасып, өсіп жетіледі. Егер шындықты пайда болып, қалыптасқан күйінде, бүгінгі жағдайда зерттесек, оның қандай әдістерден туындағанын, қазіргі мәнін айқындаймыз. Сонау көне замандағы философиядан бастап, ойшылдар өмір шындығының осы жағына ерекше назар аударып, талдау жасады, оның мәнін ашуға ұмтылды. Сондықтан да бұл мәселені шешу объективтік шындықтың қандай жолдар мен белестерден өтеді, оның дамуы қалай қалыптасады деген диалектикалық ойға келіп тіреледі. Бұл жерде шындық тергеу, сот, прокуратура қызметкерлерінің тәжірибелік іс-әрекетінің де негізінде түсіндіріледі. Тек қана адамдардың тәжірибесі арқылы мәні ашылып, жүзеге асуына жағдай жасайды. Сондай-ақ сот өндірісінде қылмысты саралау процесінде адамдардың өндірістік материалдық қызметіне сүйене отырып, қоғамдағы қылмыстарды алдын ала анықтап, объективтік шындықты ғылыми негізде айландыруымыз керек, яғни шындықты материалистік диалектиканың басқа да категорияларын бүгінгі қоғамдық дамудың өзекті мәселелері мен тығыз байланыстырып, дүниетанымның теориялық құралы ретінде пайдалануымыз қажет. Бұл арада біз А.В. Наумов пен А.С. Новиченконың шығарған қорытындысына жүгінеміз. Бірінші, соттың қылмысты саралаудағы қорытындысы шындықтың бөлшегін құрайды. Екіншіден, қылмыстық әрекетті дұрыс құқықтық бағалау объективтік шындық көрінісі болып табылады. қылмыстық саралаудағы шындық объективтік және субъективтік шындықты сипаттайды. Кез келген қылмысты саралау «болжамдылыққа» танымдық ретінде айқандалады. Сонымен қатар, қылмысты саралаудағы «шындық» механикалық топтастыруда объективтік, абсолюттік, салыстырмалы, диалектикалық шындықты айқындайды [22,58-59б].
Рефераты на Stud24.ru
|
Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте 209615 рефератов
|
Список предметовКриминология
Достарыңызбен бөлісу: |