6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1.Стафилококтық инфекциялардың зертханалық диагностикалаудың негізгі әдістері?
2. Аса патогенді стрептококтар?
3. Менингиттен кейінгі иммунитеттің түрі?
4. Жіті гонореяның диаагностикасы?
Дәріс № 9.
1. Тақырыбы: Ішек инфекцияларының қоздырғыштары. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері. Лабораториялық диагноз қою принциптері,алдын алуы, емдеуі.
2. Мақсаты: Студенттерге ІЖА-ның – таралу жолдарын, инфекция ошағын, инфекция көзін анықтау, науқастан тексеру мақсатта алынатын материалды таңдауды, микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.
3.Дәріс тезистері:
1. Морфологиясы - Энтеробактерия жанұясы Гр- таяқша, көлемі 1,5-0,8 мкм, қозғалмалы перетрих, кейбір түрлері капсула түзеді. Спора түзбейді. Микрокапсула полисахаридтерден тұрады (экзополисахаридтер). Капсуланың гидрофильді –құрамында көп мөлшерде су бар, ол бактерияның фагоцитозына кедергі жасайды, капсула бактерияны құрғап кетуден бактериофагтардың әсер етуіне кедергі жасайды.
Дақылдылық қасиеті- жәй қоректік орталарда 37С жақсы өседі, Yersinia түрінен басқасы. Факультатив анаэроб. Оксидаза теріс, каталаза оң. Энтеробактериялар кең спектірдегі биохимиялық белсенділікке ие. Энтеробактерияларды идентификация жасағанда Фогеса- Проскауэра реакциясына қарай анықтаймыз, индолды өндіреді, мочевинаны ыдыратады эндотоксин яғни микроорганизм бұзылғаннан кейін бөлініп шығатын токсин түрін бөледі. Жанұяның кейбір түрлері ақуызды токсин өндіреді, цитотоксигендік және энтеротоксигенді қасиетке ие, кейбір жағдайда гемолизин бөледі. Белгілі бір түрлері антифагоциттік белсенділікке ие, яғни оған капсула, суперкапсид мутаза және аденилатциклаза, беткейлік ақуыздар және спецификалық антигендер кіреді.
Антиген құрылымы: Бактериялар соматикалық О-антиген, жіпшелі Н-антиген, капсулалы К-антиген түзеді.
Эшерихиялар-Echerichia. Ең маңызды түрі Е.coli 1885ж Т.Эшерих бірінші болып қоздырғышты тапты.Морфологиясы. Ішек таяқшасы Гр- таяқша, перетрих, кейбір түрлерінің микрокапсуласы бар.Дақылдылық қасиеті. Қатты қоректік ортада S- R колониялар түзеді .
S-колониялары тегіс, жалтыр, жартылай мөлдір. Сұйық қоректік ортада лайланып көбейеді.Биохимиялық қасиеті өте жоғары белсенді.Антиген құрылымы. E.coli күрделі антигендік қасиетке ие.
А) соматикалық О-антиген -171 түрі анықталған.
Б) беткей К-антиген (а, в,е,)антигендерге бөлінеді. 97-түрі бар.
В) типке тән Н-антиген 57-түрі анықталған.
Эпидемиологиясы. Инфекция тасушы ірі қара мал, ауру алиментар жолмен жақсы қайнатылмаған ет арқылы жұғады.Клиникасы. ЭПТ –бір жастағы балдарда дияреяны шақырады, көп жағдайларда аурухана ішілік инфекция түрінде дамиды, көкірек жастағы балдарда жасанды тағаммен тамақтанатын балдарда кездеседі. ЭПТ-жіңішке ішектің эпителия беткейінде көбейеді, микроворсинкаларды бұзады эпителидің апикальді беткейін зақымдайды.Иммунитет -қалыптаспайды
Микробиологиялық диагноз. Бактериологиялық, бактериоскопиялық, серологиялық әдістер қолданылады.
2.Шигеллалар– (Shigella)1898жылы К.Шига микробты толықтап зерттеп 4 түрге бөледі.
S .disenteriae-12серовары бар.
S.fleхneri.- 9 серовар.
S.boydi - 18 серовар.
S. sonnei - 1 серовар.
Морфологиясы- қозғалмайды, таяқша, спора капсула түзбейді.Дақылдылық қасиеті –жәй қоректік ортада жақсы өседі. Қатты қоректік ортада майда тегіс, жалтырақ, жартылай мөлдір колониялар түзеді, сұйық қоректік ортада диффузды лайлануды шақырады. S.sonnei қатты қоректік ортада S-R колониялар түзеді.Биохимиялық қасиеті белсенділігі төмен.
Антиген құрылымы. Барлық шигеллаларда О- антиген, олар сероварларға, ал S.fleхneri серовар ішінде және сероварларға бөлінеді.Токсигендік фактор-Григорьева-Шига түрі экзотоксин, ал қалған түрлері тек эндотоксин бөледі.
Микробиологиялық диагноз. Негізгі диагностикалық әдіс бактериологиялық әдіс. Серологиялық әдісті антидененің кеш пайда болуына байланысты сирек қолданады.
Нәжісті тексеру күрделі себебі бактерия сыртқы ортаға тұрақсыз. Нәтижелі әдіс 1) аурудан бірінші күні қоздырғышты тез анықтаймыз. 2)жаңадан алынған нәжісте қоздырғыш тез табылады. Ең нәтижелісі аурудың төсегінде алынған тексерілетін материалды 30% глицерин +70% физиологиялық ертіндіге салу керек.
Сальмонеллалар:
Сальмонеллалардың серологиялық классификациясы Ф. Кауфман және П.Уайт ұсынысы бойынша О, Н және К антигенге ие. Барлық сальмонеллалар О-антигендерiн жалпыламасы бойынша 67 серотопқа бөлiнедi. Сальмонеллалар - қысқа грам терiс, екi шетi жұмыр. Көбiнесе олар қозғалмалы болып келедi. (перетрихтер). Спора және капсула түзбейдi. Биохимиялық қасиеттерiне байланысты сальмонелла туыстығының iшiнде түрлiк атауының бiрi берiлген.
Iш сүзегi қоздырғыштары – S. typhi және S. Рaratyphi, өлшемдерi 1-3,5 х 0,5-0,8 мкм грам терiс таяқшалар. Сорпада өскенде, лайсан түске енедi, ЕПА – да диаметрi 2-4 мм тегiс, нәзiк, дөңгелек жылтыр колониялар түзедi. Vi – антигенге ие, колониялар лай түстес болады. Эндо ортасындағы өсiп шыққан колониялар түссiз де, висмут-сульфит.
Iш сүзегi және паратиф қоздырғыштарының биохимиялық қасиеттерi бойынша өзара айырмашылықтары бар, S. typhi, глюкоза, мальтоза, маниттi қышқылға дейiн ферменттейдi, ал паратиф қоздырғыштары қышқылға және газға дейiн ферменттейдi. Қоздырғыштар индолды түзбейдi, желатиндi ыдыратпайды, күкiрттi сутектi түзедi. Iш сүзегi және паратиф қоздырғыштары О және Н антигендерiне ие. Аталған антигендермен бiрге, тағы басқа беткейлiк, вируленттi Vi – антигенi. Бұл антиген жаңадан бөлiнiп алынған дақылда кездеседi, көбiнесе олар сыртқы факторлардың әсерiнен, дақылды ұзақ уақыт сақтағанда, 100°С –та 10мин. Шамасында тез жайылып кетедi.
Жалпы жағдайға байланысты iш сүзегi және паратиф қоздырғыштары сыртқы ортада бiрнеше күннен, бiрнеше айға дейiн сақталады. Су канализациясында 10 күнге дейiн, көлшiк суларында 4 апта ,жемiс жидек - ағаштарында 5-10 күн, май құрамында 3 ай, 60°С-та 30 минутта өледi, қайнату кезiнде тез арада өледi. Дезинфектанттарда бiрнеше минуттардан кейiн өледi. Iш сүзегi және паратиф А-нын инфекция көзi болып ауру адам не болмаса бактерия тасымалдаушылар. Паратиф В-ның ауру адамдардан басқа, жануарлар болуы мүмкiн және құстар. Жұғу механизмi фекальды-оральдi жол арқылы.
Iш сүзегi және паратиф қоздырғыштары фагоцитоз процесiне қарсы тұрып, лимфа жүйесiнiң клеткасында көбейеді. Олар экзотоксин түзбейдi. Негiзгi патогендiк факторларының Уi-антигенiне басқа, жоғары токсинге ие эндотоксинiмен ерекшеленедi. Фибринализ, гиалуронидаза плазмокоагулаза сияқты патогенездi факторлары сирек кездеседi, ДНК – аза 78-85 % де ғана кездеседi.
Iш сүзегi өте ауыр, өткiр түрдегi инфекциялық ауру, жалпы интоксикациямен, бактерия және iштегi лимфатикалық аппаратын зақымдаумен сипатталады.Аурудың дамуы бірнеше стадиялармен сипатталады.Аурудың алғашқы күндерiнде ет қосылған элективтi ортаға (Раппопорт ортасы) қанды егiп гемо дақылын бөлiп алады. Себiндiнi 37°С 18-20 сағат инкубациялайды. 2-шi кунi сүзек бактерияларының өсу салдарынан ортаның түсi өзгерiп, лайсыздандырылады. Сонан соң Раппопорт ортасынан алынған дақылды Эндо ортасына жекеленген колониялар Рессель ортасына немесе өңделген қоректiк ортаға себедi. Осы орталарда өскен дақыл ”шұбар” қатар ортасына сеуiп, шынығады агглютинация реакциясын жүргiзуге пайдаланылады. Соңғы диагноз ”шұбар ” қатарының және агглютинация реакциясының мәлiметтерiнiң негiзiнде қойылады.
Iш сүзегiн емдеу үшiн антибиотиктер пайдаланылады. Иммунопрофилактика үшiн вакцинаның 3 типi шығарылады - өлi 50-70°С аттенурленген, тiрi жоғарғы протективтi эффект көрсететiн, бiрақ жанама әсер беру мүмкiн және S typhi- дiң капсуласынан алынған антигендi вакцинаға клиникалық тексеру жүргiзiлуде.
Сальмонеллездi лабораториялық диагностикалауда негiзгi әдiс-бактериологиялық. Зерттелетiн материалды байыту ортасына (селенит), магниi бар егедi. Дифференциальды диагностикалық орта ретiнде Эндо, висмут-сульфит агар, Раппопорт орталары қолданылады. Коллонияны қосымша идентификациялау үшiн О-сальмонеллездi фаг, толықтай идентификациялау үшiн алдымен поливаленттi адсорбирленетiн О және Н-сарысулары, сонан соң моноваленттi О және Н сарысулары пайдаланылады. Емдеу үшiн антибиотиктердi қолданады.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..
Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997
Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.
Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993
Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995
Қосымша:
Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000
Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.
Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.
Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.
Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Эшерихиоз қоздырғышының аты?
2. Дизентерия қоздырғышының аты?
3. Тырысқақ қоздырғышының аты?
Дәріс №10.
1. Тақырыбы. Аса қауіпті инфекциялар. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері. Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы, емдеуі.
2. Мақсаты: Студенттерге аса қауіпті инфекциялардың – оба, туляремия, сібір жарасы, бруцеллез ауруларға микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.
3. Дәріс тезистері:
1.Y. pestis-оба қоздырғышы.Қоздырғыш спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды капсула түзеді.Факультативті анаэроб. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Қалыпты өсу температурасы 28 С, бірақ 2 ден 40С арасында да өсуі мүмкін. Қоректік орталарда өсуін жылдамдату үшін ортаға сульфит натриді, гемолизденген қан қосылады.Тығыз қоректік ортада 8-12 сағ сынған әйнек тәрізді колония түзеді,18-20сағ соң R-формалы колония түзеді. Плазмокоагулазаны, фибринолизин, гемолизин, лецитиназаны, РНКазаны синтездейді, рамнозаны және сахарозаны ферменттемейді, декстринді ферменттейді. Термостабильді О-антиген және термолабильді капсулалы К-антигені бар. Адамның бұл ауруды жұқтыруы әбден мүмкін. Адам бүргенің шаққанынан кейін обаның бубонды түрімен ауырады, ауа арқылы өкпе түрімен ауырады. Аурудан кейін өмір бойлық иммунитет қалыптасады. Аурудың айқын клиникалық белгілері микробтық токсикалық және септикалық әсеріне байланысты. Егер қоздырғыш тері арқылы организмге енген болса, онда енген жерде пустула, карбункул сияқты қабынулар пайда болады, яғни обаның терілік түрі байқалады. Обаның өкпелік түрінде жиі қабыну процессіне плевраның да қосылуымен өтеді. Өкпеде серозды гемморагиялы, сосын некротикалық қабыну процесі пайда болады. Инкубациялық кезең 1-3 күнге дейін созылады. Обаның бубонды, өкпелі, септикалық түрлері болады.
Микробиологиялық диагноз. Бактериологиялық әдіс. Ол үшін бубоннан пунктант, ауыз жұтқыншақ шырышы, қақырық, қан, пустула, қоймалжыңынан-ликвор, секционды материал, тірі кеміргіш, кеміргіштің мәйіті, бүргелер, су, ауа, алынады.
Алдын-алу емдеу әдістері –этиотропты терапия, стрептомицин, тетрациклин, левомицитин, аминогликозидтер тағайындалады. Ауыр түрлерінде стрептомицин мен левомицетин бірге тағайындалады. Бактериологиялық зерттеу бубонды түрінде дене қызуы қалыптасқаннан кейін 4 аптадан кейін, өкпелік түрінде дене қызуы қалыптасқаннан кейін 6 аптадан соң алынады.
Реконвалесценттер 3 ай бойы диспансерлік бақылауда болады.
Обаның эпидемиялық аймақтарында тұратын халықтар егілуі қажет, тірі обалық вакцина қолданылады, ол тері үстіне 1 рет егіледі, 7 жасқа дейін -1 тамшы, 10-60 жастағыларға 3-тамшы немесе тері астына 1 рет 0,5 мл. Осы әдіс бойынша 1 жылдан соң ревакцинация жасалынады.
2. Francisella tularensis –тулеремия қоздырғышы болып жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процессін дене қызуының көтеріліуімен, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен өтеді. Тулеремия қоздырғышы өте майда /0,3-0,5 мкм/ полиморфты, Гр- таяқша, спора түзбейді, қозғалмайды, капсула түзуі мүмкін. Факультативті анаэроб. Әдеттегі қоректік ортада өспейді. Сары уыз қосылған қоректік ортада қан+цистеин қосылған Франсиса ортасында жақсы өседі. Оптимальды температура 37-38С, РН-6,8-7,4. Тауық эмбрионында, сарыуыз қапшығында жақсы өседі. Жасанды қоректік ортада бактерия аттенуациясы байқалады S – формадан R – формаға өтеді.Биохимиялық қасиеті өте төмен, мальтоза глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады. Антиген құрылымы –О антиген, беткейлі VI-антиген түзеді. Бруцелламен антигендік туыстығы бар. R – формалы түрі VI – антигенді, вируленттілік және иммуногендік қасиетін жоғалтады .Патогендік факторы. S- формалы коллониясы вирулентті. Патогендік қасиеті қабықты антигендік комплекспен және эндотоксинмен байланысты. Лабораториялық жануарлардың ішінде теңіз шошқасы, ақ тышқандар өте жоғары сезімтал.Аурудың патогенезінде қоздырғыштың лимфа жолымен таралуының маңызы өте жоғары. Микроб және оның токсині қанға өтіп бактеремияға алып келеді.
Аурудан. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 3 аптаға дейін, 3-7 күн. Ауру жедел басталады кенеттен 38-39 С, қалтырау, бас ауру, организімнің улануы байқалады. Бубонды, жарақат-бубонды, көз-бубонды, абдоминальды, өкпелі, септикалы түрдегі клиникалық түрлері бар. 6% өлімге алып келеді.
Микробиологиялық диагноз. Тексерілетін материал; қан, бубон пунктанты, жарақаттан жұғынды, көз коньюктивасынан бөлінген сұйықтық, қақырық.Бактериологиялық, биологиялық, бактериоскопиялық әдістерді қолданамыз. Романовский –Гимзе әдісімен бояалады. Серологиялық әдіс ТГАР, КБР, РИФ.
Аллергиялық әдіс. Тері ішіне, тері үстіне, екі енгізу түрінде де аллерген концентрациясы әр түрлі. Нәтижесі 24-36-48 сағ кейін тексеріледі. Оң нәтиже бергенде инфильтрат диаметрі 5 мм дейін болуы мүмкін.Емдеу әдісі. Антибиотиктер, стрептомицин, тетрациклинді қолданамыз.
2. Vibrionoceae- әулетiне жатады. Оның 4 туысы бар, туысының 25 - ке жуық түрi бар. Бұл спора, капсула түзбейтiн, қысқа иiлген немесе тiк, грам терiс таяқшалар, диаметрi 0,5 және ұзындығы 1,5-3,0 мкм қозғалады-монотрих. Вибрионда аэробтар және факультативтi анаэробтар болады. Тырысқақтың вибрионы қоректiк ортаны талғамайды. Ол 0,5-1% бар 1% сiлтiлi пептон суында жақсы және жылдам көбейедi. Өскенде 6-8 сағаттан соң нәзiк сұр түстi пленка түзедi, шайқағанда оңай бузылып ыдыстың түбiне лайланып шөгедi.Сiлтiлi ЕПА-да жылтыр шыны сияқты мөлдiр, көгiлдiр дақтары бар диск тәрiздi қоймалжың консистенциялы колония түзедi.
Бактериоскопиялық зерттеу кезiнде тырысқақтан алынған зерттеу материалынан жұғынды дайындап, Грам бойынша бояп “iлiнген тамшы” препараттарын дайындаймыз. Бактериологиялық зерттеу кезiнде материалды түрлi сұйық және тығыз қоректiк орталарға егедi. Екiншi этапта жұғынды жасап, Грам бойынша бояп қозғалғыштығын анықтайды, нитрозоиндолды тексеру және 0 – сарысумен шыныда агглютинациясын жасайды. Үшiншi этапта колонияның сипатына назар аударып, 0-сарысуымен және Инаба, Огава сарысуымен шыныға агглютинация реакциясын қояды. Дақылды идентификациялағанда бөлiнген дақылдын тырысқақ фагына сезiмталдығын анықтап, оның генотиптiк қасиеттерiн биохимиялық активтiлiгiн анықтайды.
Тырысқақты эксперсс-диагностикалау үшiн келесi әдiстердi пайдаланылады: 1. Тырысқақ сарысуымен және типтiк тырысқақ фагымен вибрионды иммобилизациялау нәжiстiң тамшысын немесе судың бетiндегi материалдан 0-сарысулы тырысқақпен, типтiк Огава және Инаба немесе типтiк тырысқақ фагтармен өңдейдi. Одан “жаншылған” тамшы препаратын дайындап микроскоппен қарайды. Қараңғы және вибриондардың қозғалысы тоқтайды. 2. Иммунофлюоресценттi әдiс. Зерттелiнетiн материялардың препаратын флюоресцирлеушi тырысқаққа қарсы сарысуымен өңдеп, люминесценттiк микроскоппен зерттейдi. Препараттардан вибриондар ашық сары - жасыл түспен жылтырап көрiнедi. Вибрион тасымалдаушылықты анықтау үшiн, серологиялық зерттеу қолданып агглютинация реакциясы немесе РПГА қояды, сондай – ақ лизис реакциясы арқылы вибриоцидтiк антиденелердi анықтайды.
3.Бациллалар. Түйнеме- адам және жануарларда кездесетін өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лимфатикалық аппараттың зақымдалуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Түйнемелі бацилла (B.anthracis) өте ірі таяқша ,мөлдір капсула мен қоршалған. Қоздырғыштың вегетативті және спора тәрізді түрлерін ажыратады. Вегетативті түрлері тірі организмде кездеседі. Споралары қоршаған ортада көп кездеседі және өте тұрақты.Гр- қозғалмайды, капсула түзеді.Спорасы ортасында орналасқан, оваль тәрізді.Тірі организмде, жарылмаған мәйітте спора түзбейді.
Аэроб. Әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі. Пісірілген, шикі картопта бактерияны өсіруге болады.Сұйық қоректік ортада мақта тәрізді үйінді түзеді, лайлануды шақырмайды, қатты қоректік ортада ірі, шеттері тегіс емес R-формалы колониялар түзеді.
Биохимиялық белсенділігі жоғары, глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтоза, крахмал, инулинді қышқылға дейін ыдыратады.Сүтті 3-5 тәулікте ыдыратады.
Түрлік полисахаридті және текті белокты капсулалы антиген түзеді. Вирулентті штамдары көп мөлшерде капсулалы затты синтездейді, антифагоцитар белсенділікке ие күрделі экзотоксин түзеді, белокты комплекс ісінуді шақырады.
Микробиологиялық диагноз.Тексерілетін материал –карбункул, қақырық, нәжіс, қан, зәр.
Серодиагностикасында ТГАР,РИФ, КБР, ТЕГАР, реакция термоприципитация реакциясы Асколи. Арнайы алдын-алу әдістері сібір күйдіргісіне қарсы тірі вакцина СТИ (санитар техникалық институт). Иммунизация эпидемиялық көрсеткішке қарай риск группасына жүргізіледі .
Ауруды бөлектеу және күдіктілерді мәйітті және өлген жануар мәітін зақымдалған аймақты жағу .
Ауру жануарлар тұрған жерді залалсыздау .
Суды тазалау .
Залалданған аймақты хлорлау.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..
Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997
Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.
Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993
Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995
Қосымша:
Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000
Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.
Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.
Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.
Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Y. Рestis агрессия факторы?
Оба зертханалық диагностикасының ерекшелігі?
Бруцеллез зертханалық диагностикасының басты әдістері?
Туляремия қоздырғышы эпидемиологиясының ерекшелігі?
Сібір жарасы қоздырғышының дақылдық қасиеттері?
Тырысқақ қоздырғышына сипаттама?
Дәріс №11.
1. Тақырыбы: Микология негіздері. Грипп. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Қасиеттері.
2. Мақсаты : Студенттерге микология ұғымы жайында түсінік беру және грипп вирусын талдау.
3. Дәріс тезистері:
Микоздар адамдардың ,жануарлардың ,өсімдіктердің арасында кең тараған аурулар. Дегенмен , мұндай инфекциялар соңғы жылдарға дейін 15-20 жыл бұрын алаңдатушылық туғызбады. Қазіргі кезде саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар жиі кездесе бастады және өте ауыр түрде көрініс беретін болды. Оның әртүрлі себептері бар, соның ішінде ең маңыздысы-иммундық жүйе қызметінің бұзылуы, науқастың иммундық қорғанысының зардаптануы. Иммундық тапшылықтың жиі кездесуі өз кезегінде медицинаның биологияның жетістіктерімен байланысты.
Саңырауқұлақтар адамдарда 4 топқа бөлінетін аурулар қоздырады:
1. Аллергиялық аурулар. Микогенді аллергия кең тараған, ауыр түрде өтеді. Ауруларда жоғарғы сезімталдық дамиды.
2. Саңырауқұлақтармен улану. Улы саңырауқұлақтарды ас тағамдар мен пайдалану асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына, кейбір жағдайда бауыр қызметінің толық тоқтауына соқтырады саңырауқұлақтық токсикоз.
3. Микотоксикоздар. Саңырауқұлақтар мен біріншілік улану организмге кейбір зең саңырауқұлақтар өндіретін екіншілік метоболиттер-микотоксиндердің түсуімен байланысты. Организмдерге тағамдармен, ауамен түскенде олар асқынулар қоздыруы, кейде өлімге әкелуі мүмкін.
4. Микоздар - патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар қоздыратын терінің, шаш, тырнақ, әртүрлі тіндер мен ағзалардың аурулары. Зақымдалған ошақтардың орналасуына байланысты келесі микоздарды ажыратады:
-кератомикоздар беткейлік микоздар -терінің беткейлік қабаттары және шаш зақымданады.
-эпидермомикоздар,эпидермофития,дерматомикоздар-эпидермис, шаш және тырнақтар зақымдалады.
-теріастылық микоздар-тері, тері астылық майлы қабат,бұлшықет,фасциялар шандырлар зақымдалады.
-терең микоздар жүйелік иммундытапшылыққа шалдыққан адамдарда дамиды, шартты-патогенді саңырауқұлақтар қоздырады.
-оппортунистік микоздар-иммундық қорғанысы әлсіреген ауруларда дамиды, сапрофитты және шартты-патогенді саңырауқұлақтар қоздырады.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:
Негізгі:
Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..
Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997
Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.
Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993
Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002
Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995
Достарыңызбен бөлісу: |