Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., Есіркепов М. М. хаттама №



жүктеу 4,4 Mb.
бет20/23
Дата20.05.2018
өлшемі4,4 Mb.
#14472
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Қосымша:

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

  2. Колонизация резистенттілік. Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

1. Бактериялардың қоректену түрлерін атаңыз?

2. Бактериялардың негізгі қоректену механизмі?

3. Бактериялардың тыныс алу типіне қарай классификациясы?

4. Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың классификациясы?

5. Бактериялардың өсу факторлары?



Дәріс № 3.
1. Тақырыбы: Жалпы вирусология. Вирустарды қазіргі кездегі жіктеу принциптері. Вирустар және бактериофагтардың морфологиясы және құрылымы.
2. Мақсаты. Студенттерге вирустардың қазіргі кездегі жіктелуі және номенклатурасын, сонымен қоса продуктивті және интегративті инфекция кезіндегі вирустың жасуша-иесімен әрекеттесу кезеңдерін түсіндіру.
3. Дәріс тезистері:

Вирустық аурулар өнімді және персистирленген инфекциялар түрінде жүреді. Соңғысы – латентті, созылмалы және баяу өтеді. Вирустардың инфекциялық ерекшеліктері:

Вирустың нуклеин қышқылының жарақатталған жасушасының ДНҚ-на құрастырылуы, яғни интегративті инфекция шақыру қабілеттігі (вирогения), ол гепатит В, аденовирусты және герпес инфекцияларында, ЖҚТБ және т.б. жүреді. Вирусемия кезеңі ол кезде вирус қан айналуында болады. Адам ағзасының иммунды жүйесінің лимфоцит жасушаларын жарақаттау. Ядроішілік және цитоплазмаішілік қосындылардың түзілуі.

Сондықтан вирустық инфекцияларға диагноз қою мақсатымен вирусологиялық зерттеу тәсілдері кеңінен қолданылу керек.

Вирустар облигатты жасуша ішілік паразит. Вирустардың репродукциясы 6 стадиядан тұрады.1.вирионның жасушаға адсорбциялануы. 2.вирустың жасушаға енуі. 3.«вирустың шешінуі». 4.вирус компоненттерінің синтезделуі. 5. вирионның құрылуы. 6.вирионның жасушадан шығуы.

Вирустарды дақылдандыру. Адам және жануарлардың вирустарын дақылдандыру вирустық инфекцияларға зертханалық диагноз қою үшін, вирустық инфекциялар кезіндегі патогенез бен иммунитетті зерттеу үшін,сонымен қатар диагностикалық және вакциналық препараттар алу үшін жасалынады. Вирустарды үш биологиялық үлгілерде дақылдандырады: зертханалық жануарлар организмінде, құстардың дамып келе жатқан эмбриондарында көбіне тауық эмрионында және жасуша тіндерінің дақылдарында.

Өсіріп алынған вирустарды индикациялау және идентификациялау әдістерімен анықтайды. Вирустарды индикациялау,немесе олардың репродукциялануын көрсету, вирустардың түрлі биологиялық қасиеттерін және олардың сезімтал жасушалар мен әрекеттесу ерекшеліктерін табуға негізделген. Вирустарды идентификациялау (түрін, типін анықтау) вирустардың антигендерінің сәйкес келетін антиденелермен әрекеттесуіне негізделген иммунологиялық реакциялармен іске асырылады.

Бактериофагтар- (« бактерия» және гректің phagos-жалмаушы –бактерияға спецификалық енетін,оларды толық жойғанша лизистегенше ішінде паразиттенетін бактериялардың вирустары). Пішіні мен құрылымдарының ұйымдастырылуына байланысты фагтарды бірнеше морфологиялық типтерге бөледі: жіпше тәріздес,майда куб тәріздес кейбіреулерінде өсінді аналогтары болады, сперматазоид пішіндес фагтар, дәлірек айтсақ басы куб тәрізді де жиырылатын немесе жиырылмайтын құндағы бар құйрықшалы өсіндісі болады.

Антигендік қасиеті –бактериофагтың құрылымында иммундық қасиеттерге ие, организмде спецификалық антиденелердің түзілуін туғызатын, топтыспецификалық және типтік спецификалық антигендер болады. Бактериофагтар мен әрекеттескен антиденелер олардың бактерияларға тигізетін гемолитикалық белсенділігін бейтараптай алады. Типоспецификалық антигендеріне байланысты фагтарды серотиптерге бөледі.

Фагтардың резистенттілігі - адам вирустарына қарағанда, бактериофагтар қоршаған орта факторларына төзімді болып келеді. 65-70° температура, жоғары мөлшерде УК- сәулеленудің, иондаушы радиация,формалин және қышқылдар әсерлерінен инактивацияланылады. Төменгі температурада және кептірген кезде ұзақ сақталады. Бактериофагтар –вирус бактериялары РНК және ДНК түзуші болып бөлінеді.

Фагтарды жұқпалы ауруларға зертханалық диагноз қоюда, бактериалардың түрлік идентификациясын , яғни фаговарларын анықтауға болады. Бактериофагтарды практикада емдік және алдын-алу мақсатта жұқпалы ауруларда қолданылады. Ішсүзектік, сальмонеллалық, дизентериялық көкіріңдік стафилококтық, стрептококтық фагтар және аралас препараттар (колипротеилік,биобактериофаг, т.б) шығарылады.Бактериофагтарды көрсеткіштері бойынша пероральды, паренторальды немесе жергілікті тәсілмен сұйық, таблетка күйінде, балауыз немесе аэрозоль түрінде тағайындайды. Бактериофагтарды гендік инженерияда рекомбинантты ДНК алу үшін вектор ретінде кеңінен қолданылады.


4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

  4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

  5. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005

  6. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995

Қосымша:

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

  2. Колонизация резистенттілік. Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Вирустардың биологиялық ерекшеліктері?

  2. Вирустарды дақылдау әдістері?

  3. Вирустарды идентификациялау әдістері?

  4. Бактериофагтардың (фагтардың) биологиялық ерекшеліктері, олардың формалары?

  5. Қоршаған орта объектілерінен фагтарды бөліп алу?

  6. Фагтарды анықтаудың сандық және сапалық әдістері?


Дәріс № 4.
1. Тақырыбы: Микроорганизмдердің экологиясы. Адам денесінің қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз (дисбиоз). Судың, топырықтың, ауаның микрофлорасы.
2. Мақсаты. Студенттерді экожүйенің негізгі факторларымен таныстыру, оларға анықтама беру. Микробтардың басқа биогендік элементтер айналымындағы рөлін, дисбактериоздың пайда болу себептерін, оны зертханалық диагностикалауды және емдеуді түсіндіру.
3. Дәріс тезистері:

Микроорганизмдер экологиясы (oikos- грек сөзінен аударғанда-үй, тіршілік ету орны)-микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді. Микроорганизмдер топырақта,суда,ауада,өсімдектерде,адам организмінде және жануарларда,тіптен космоста да табылады. Адам ағзасында микроорганизмнің 500-ден астам түрі мекендейді.

Олар адам ағзасының қалыпты микрофлорасын құрап, бір-бірімен және адам ағзасымен тепе-теңдік жағдайда мекендейді (эубиоз).

Стерильді ағзаларға қан, лимфада, ішкі мүшелер (өкпе, жатыр) бас және жұлын миы, жұлын сұйықтығы жатады.Жоғарғы тыныс жолдарына микроорганизм шаңмен түседі, оның көпшілігі, мұрын және ауыз жұтқыншақтарында ұсталынып қалады. Асқорыту трактісі сандық және сапалық құрамдары бойынша микроорганизмдермен тығыз байланысты.

Ауыз қуысында: актиномицеттер, бактероидттар, бифидобактерия, эубактерия, фузобактерия, лактобактерия, гемофильді таяқшалар лектотрихтер, нейссериялар, веилонеллалар т.б кандида саңырауқұлағымен, қарапайымдылар. Қалыпты микроорганизмнің ассоциаценттары және олардың тіршілік ету өнімдері тіске дақ түсіреді.

Асқазан микрофлорасы: лактобациллалар, ашытқылар, сирек грамтеріс бактериялар. Асқазанда РН болғандықтан микроорганизм аз болады.

Тоқ ішекте микроорганизм өте көп мөлшерде 250млрд-қа дейін микроб болады. Оның 95% -тін анаэробтар құрайды. Жатырдағы бала стерильді болып табылады. Ол туылғанда стерильді болып туылады. Оның санитарлық жағдайына, тағамдануына байланысты 3 айға таман қалыпты микрофлора қалыптасады.

Қалыпты микрофлора теріде, ауыз қуысында, жоғарғы тыныс жолдарында, асқорыту және зәр шығару жүйелерінде болады.

Қалыпты микрофлора резидентті және транзиторлы деп бөлінеді.

Резидентті (қалыпты) –ағзада әрдайым обилгатты жағдайда болады.

Транзиторлы (уақытша) –ағзада ұзақ болмайтын уақытша болатын микрофлораны айтамыз.

Терінің микрофлорасы: терінің бетінде оның қабыршақтанған тердің әсерінен (Терде L- глобулин Ld-ер С және А, трансферин, лизоцим т.б. микробтарға қарсы заттар болады) микроорганизмдер салыстырмалы түрде аз болады.

Теріде пропионибактреиялар, кориноформы бар стафилокок, Pityrosporum ашытқылары Candida- ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар, сирек микрококтар, Muc fortuitum.

Терінің өзін өзі тазалау процесі жуынғанда болады да, ал жедел түрде өсуі кір теріде жүреді, ағзаның әлсіреген кезінде көбейіп жатқан микроорганизмдер адамға иіс береді. Дәріханада, заводтарда жұмысшылардың кір қолмен дайындаған препараттары дәрі-дәрімектердің бұзылуына алып келеді.

Коньютиктиваның микрофлорасы 47% жағдайда лизоцимнің көмегімен стерильді болады. Кейбір жағдайда нормебактериялар, миноплазмалар, адено-герпес вирустар кездеседі.

Бүйректер, несепағарлар, жатыр, простата әдетте стерильді. Сыртқы жыныс жүйелерінің микрофлорасына эпидермальді стафилококтар ,коринеформалы бактериалар, көгерткіш стрептококктар, сапрфитті микробактериялар,кандида энтеробактериалар жатады. Алдыңғы уретраның шырышты қабығында екі жыныста да қалыпты жағдайда стафилококктар , патогенсіз нейсериялар , коринеформды бактериялар, сапрофитті трепонемалар және т.б. кездеседі. Қынаптың қалыпты микрофлорасын-лактобактериялар,бифидобактериялар,бактериодтар,пропионобактериялар,пептострептококтар,кориноформды бактериялар және т.б. құрайды. Анаэробтар басымырақ болады,анаэробтар мен аэробтар қатынасы 10:1. Репродуктивті кезеңінде грам+ бактерия басым болса, менопауза кезеңінде ол грам- бактериялар мен алмасады. Дені сау әйелдердің 5-60 %-ында гарднерелла вагиналис, 15-30% -ында микоплазма болады. Микрофлора құрамы минструальды цикл, жүктілік және т.б. факторларға байланысты болады.

Жатыр қуысы мен қуық қалыпты жағдайда стерильді.

Микрофлора құрылымының адам жасына қарай өзгеруі.

Нәресте стерильді болып туылады,бірақ туу жолдарынан өткенде,ілеспелі микрофлораны жұқтырып алады. Микрофлораның қалыптасуы нәресте анасының организмінің микрофлорасымен және қоршаған орта микрорганизмдері мен қатынаста дамиды. Ең алғаш микробтар нәрестенің терісіне ,шырышты қабатына түседі,әрі қарай микрофлораның қалыптасуы босану болған ортаның санитарлық жағдайы мен қоректендіру типіне байланысты. Нәрестенің үш айлығында қалыпты микрофлорасы ересектердің микрофлорасымен ұқсас және тұрақты болады. Туылған соң бастапқыда ауыз қуысында аэробтар болса , тіс шыққан соң анаэробтар болады. Емшекпен қоректендіргенде микрофлора негізі –бифидобактериялар болады. Жасанды қоректендіргенде шала туылған және әлсіз балаларда бифидобактериялар көбеюі бұзылады, транзиторлы микрофлора саны, грам-теріс бактериялар және коктар саны артады. Мұндай балдарда жиі ішек аурулары дамиды.

Ағзаның иммунитетінің төмендеген кезінде қалыпты микрофлораның өкілдері іріңді-қабыну процестерін шақыруы мүмкін. Сонымен қатар алда айтып кеткендей ішек микрофлорасының қоршаған ортаны ластауы мүмкін.

Қоршаған ортаның факторларының әсерінен, стресс жағдайларынан, антимикробтық сәуле және химиотерапияны ретсіз және кең қолданғанның нәтижесінде микрофлораның және адам ағзасының динамикалық-эубиоз жағдайының бұзылуы мүмкін. Нәтижесінде колонизациялық резистенттілік бұзылады. Аномальды көбейген микроорганизмдер метаболизмнің токсикалық өнімдерін бөле бастайды индол, аммиак, күкіртсутегі. Микрофлораның қалыпты функциясының бұзылуының нәтежесінде туылатын бұл жағдайды дисбактериоз немесе дисбиоз деп атайды. Дисбактериоз микрофлораның құрамына кіретін бактериялардың сандық және сапалық өзгеруіне алып келеді. Дисбактериоз кезінде тек бактерия ғана емес басқа да топтағы микроорганизм өзгеруі мүмкін (вирустар, саңырауқұлақтар т.б.). Яғни дисбактериоз деп біз қалыпты микрофлораның сандық және сапалық өзгеруін айтамыз, ол эндогенді информацияға жатады.

Қалыпты микрофлораны толтыру яғни қалыптастыру үшін біз эубиотиктерді қолданамыз.

Эубиотик препараттары дегеніміз леофильды кептіру арқылы алынған ішек қалыпты микрофлорасына кіретін тірі бактериялар-бифидобактериялар. Ішек таяқшасы, лактобактериялар т.б. Олар мына препараттар бифидумбактерия, лактобактерия колибактерия, субтилин, бификол.

Адамның ауыз қуысы аутохонды (қалыпты) микрофлораны құрайтын әр түрлі микроорганизмдерден тұрады. Ол жерде көптеген тағам оптимальді рН. Температура болғандығы микроорганизм осы жерге жабысып көбеюге мүмкіндік береді. Қалыпты микрофлораға кіретін көптеген шартты-патогенді микроорганизм қызыл иектегі, парадонтаның т.б. ауруындағы маңызы зор.

Бірақ та сілекейде бактериоцитті компоненттер (иммуноглобулин, лизицим, ферметтер) және қомақты эпителиальды жабынды болғандықтан, ол жерде микроорганизмнің патогендік процесінің пайда болуы тежеледі. Иммунды тапшылық жағдайы кезінде, эпителияның тұтастығы бұзылғанда шартты-патогенді микроорганизм жұмысына кіріседі.


4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

  4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

  5. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005

  6. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995

Қосымша:

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

  2. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы?

  2. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасының биологиялық ролі?

  3. Қалыпты жағдайда адам ағзасында қайсы мүшелер стерильді?

4. Дисбактериоз /Эубиоз және дисбиоз/?

5. Дисбиотикалық жағдайдың лабораториялық диагностикасы?

6. Дисбактериоздың коррекциясы және профилактикасы?

7. Дисбиотикалық жағдайды диагностикалауға болады ма?

8. Дисбактериоздың коррекциясы және профилактикасын қалай жүргізеді

9. Эубиотиктер дегеніз не?


Дәріс № 5.
1. Тақырыбы: Инфекция туралы ілім. Инфекциялық процестің жалпы сипаттамасы. Инфекция түрлері. Микроорганизмдердің (бактериялардың, вирустардың, қарапайымдылардың) патогенділігі және вируленттілігі.
2. Мақсаты. Студенттерге инфекция туралы түсінікке анықтама беру және инфекциялық аурулардың кезеңдерін түсіндіру сипаттама беру.
3. Дәріс тезистері:

Инфекциялық үрдіс инфекциялық аурудың негізін құрайды. Инфекциялық ауру даму үшін макроорганизмге микроорганизмнің әсер етуі қажет. Инфекциялық кезең бірнеше этаптан тұрады.

1. инкубациялық кезең.

2. продромальді кезең.

3. аурудың жандануы.

4. аурудың сауығуы.

Инфекциялық үрдістің дамуында паразит феномені негізгі маңызды роль атқарады. Паразит қожайын есебінен қоректеніп ағзасын уақытша немесе мәңгілік мекен етіп, екі организм бір-бірімен қарама-қарсы жағдайда өмір сүреді.

Инфекциялық үрдістің стадиялары.

Бірінші стадия –микробтың макроорганизмге енуі яғни қақпа арқылы кірген жерінде үйреніп қалыптасып, макроорганизм жасушасына жабысады.

Екінші стадиясында-колонизация қақпада микроорганизмдер яғни кілегей шырышты қабатта, теріде жайылып жасушамен ұлпаларға тарала бастайды.

Үшінші стадиясы-диссеминация жайылу, микроорганизм бүкіл ағзаға таралады.

Төртінші стадиясы- макроорганизмнің қорғаныс спецификалық, бейспецификалық факторларын микроорганизмнің токсинін нейтралдауға, ағзадағы гомеостазды қалыптастыруға жұмсалады.

Бесінші стадия – инфекциялық үрдістің аяқталуы яғни организмнің микробтардан тазаруы организмде иммунитеттің қалыптасуы. Кейбір жағдайда үрдіс өліммен аяқталуы мүмкін, егер микробтар мен макроорганизм арасында тепе-теңдік қалыптасса микроб тасып жүрушілік байқалады.

Инфекциялық процесстің көрінісі әр қилы. Шығу тегі бойынша ажыратады: экзогенді инфекция – микроб сырттан келіп жұққанда пайда болады; эндогенді инфекция (син: парэнтеральді, аутоинфекция) – макроорганизмнің өзінде болған микробтар және қалыпты микрофлораның шартты – патогенді өкілдері қоздыратын инфекция. Эндогенді инфекцияның пайда болуы микроорганизмнің резистенттілігін және екіншілік иммунды тапшылық дамуына әкелетін факторлардың әсерінен микроорганизмнің қорғаныс күштерінің әлсізденуімен байланысты.

Қоздырғышты қандай жерде орналасуына және жиналуына байланысты ошақты және генерализацияланған (жайылған) инфекциялар деп бөледі. Ошақты инфекция кезінде (син: локальді, жергілікті инфекция) қоздырғыш инфекциясының кіру есігінің аумағында қалады және макроорганизм бойынша таралмайды. Ал генерализацияланған инфекция кезінде микроб әр түрлі жолдармен (лимфогенді, гемотогенді, бронхенді және периневральді) бүткіл макроорганизмге таралып жайылады. Осылай етіп бөлу шартты, өйткені макроорганизмнің резистенттілігі төмендегенде, ошақты инфекция генерализацияланған инфекцияға айналуы ықтимал. Жергілікті, ошақты қабыну процесі көбінесе жалпы генерализацияланған инфекциялық процесс патогенезінің сатысы ғана болып табылады. Егер микроб қанда ұзақ уақыт болмаса және көбеймесе (бұл жағдайда қан тасымалдаушы орта қызметін атқарады) бактеримия, риккетсимия, спирохетемия, вирусемия, паразитимия дейді. Бактеримия, вирусемия және т.б. – барлық инфекциялық және трансмиссивті механизммен жұғатын инвазиялық аурулардың патогенезінің сөзсіз түрде қажетті кезеңі (этапы). Қан ағымымен микроорганизмге таралып, микробтар жасушалық элементтермен ассоциялануы немесе плазмада бос түрінде қалуы мүмкін. Жасушалық мембранасы микробтарды қолайсыз жағдайдан қорғайды. Антигенемия қанда бүтін микроб жасушасы немесе микробтың жекелеген антигендері (мысалы, бактериялардың О-, Н-, К- антигендері) түрінде болуы. Антигенемия – бактериямия, вирусемия және т.б. қарағанда, кең ауқымды түсінік. Антигенемия микробтар қанға түспеген жағдайда да болады (тырысқақ, шигеллез кездерінде). Қанда токсин болғанда токсинемия дейді. Микроб кіру аумағында қалып қойып, аурудың барлық негізгі симптомдары бактериялық белокты токсиндердің әсер етуімен байланысты инфекциялар – токсинемиялық инфекциялар деп аталады (сіреспе, ботулизм, газды гангрена). Микробтар қанда және лимфада тұрақты мекендеп, көбейетін жағдайларды сепсис деп атайды. Сепсис (грек; sepsis - іріңдеу) немесе септицемия. Септицемия – инфекция кіру есігі белгісіз жағдайда болатын сепсистің бір түрі. Кіру есігінен шеткері жатқан ішкі органдарда екіншілік іріңді ошақтар пайда болса септикопиемия деп атайды.

Микробтың бір түрімен қоздырылса – моноинфекция; ал бір мезетте бірнеше микробтар қоздыруға қатысса – аралас немесе микстинфекция деп аталады. Микст-инфекциядан екіншілік инфекцияның айырмашылығын ажырата да білу керек.



Екіншілік инфекция кезінде микробтың бір түрімен қоздырылып дамыған инфекциялық процеске, бірінші микробтың әсерінен макроорганизм резистенттілігінің төмендеуі нәтижесенде, басқа бір микробпен немесе микробтармен қоздырылған инфекциялық процес қосылады. Екіншілік инфекцияны көбінесе адам ағзасының қалыпты микрофлорасының өкілдері қоздырады (мысалы, грипп кезінде бактериялық пневмонияның дамуы). Суперинфекция – аурудан айықпай тұрғанда сол микробтың қайтадан жұғуы нәтижесінде болатын инфекция, ол аурудың сол кезеңіндегі клиникалық көріністерінің күшейуіне әкеліп соқтырады. Реинфекция – аурудан толық жазылып кеткеннен кейін сол микробтың қайтадан жұғуынан болатын инфекция. Егер инфекциялық процесс кезінде оған тән клиникалық симптомдары толық және айқын дамыса, инфекцияның манифестік түрі (лат; manifestus – айқын, анық), ал клиникалық белгілері білінбесе – инаппарантты (син: белгісіз, симптомсыз) түрі деп аталады. Микроб пен микроорганизмнің өзара әсерлесуінің ұзақтығына қарай шартты түрде инфекциялық процестің екі типін ажыратады.

Бактерия токсині –эндотоксин, экзотоксин.


4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

  4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

  5. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005

  6. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995

Қосымша:

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

  2. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998.


жүктеу 4,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау