Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., Есіркепов М. М. хаттама №


* 5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері



жүктеу 4,4 Mb.
бет19/23
Дата20.05.2018
өлшемі4,4 Mb.
#14472
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
* 5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:


Жағдайлық есептерді шешу, глоссарий, кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу, тақырып бойынша көрнекілік құралдар


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Жағдайлық есептерді

шешу, глоссарий, кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу, тақырып бойынша көрнекілік құралдар



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Жұмысқа белсенді түрде қатысып, жауап беруде ерекше ой-пікірін көрсеткенде, білімінің тереңдігін байқатып, тақырыпты басқа да салалардағы ғылыми жетістіктермен ұштастыра білгенде қойылады.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Жұмысқа белсенді түрде қатысып, жауап беруде қателіктер жібермей, жұмысқа белсенді араласып, білімінің жақсы екендігін көрсеткенде қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Сабаққа баяу түрде қатысып, бағдарлама материалдарын жүйелеуде едәуір қателіктер жібергенде қойылады.,

Қанағаттанарлықсыз

0-49 балл



Топпен жұмыс істеуге қатыспады, оқытушы сұрақтарына жауап беруде көп қателіктер жіберіп, жауап беруде ғылыми терминологияны пайдаланбады.


Тест тапсырмаларын орындау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тесттік тапсырмаларды орындау


Өте жақсы

86-100 % дұрыс жауап

Жақсы

75-85 % дұрыс жауап

Қанағаттанарлық

50-74% дұрыс жауап

Қанағаттанарлықсыз

50% -дан төмен дұрыс жауап


Рефераттар дайындау және қорғау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Рефераттар дайындау және қорғау



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, тиянақты, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға сенімді, қатесіз жауап береді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберді.

Қанағатта__нарлық'>Қанағатта

нарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, бел жазылған Рефератты қорғауда тексті оқиды. Берілген сұрақтарға сенімсіз және қателіктермен жауап береді.

Қанағатта

нарлықсыз

0-49 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, компьютерде басылған, ұқыпсыз жазылып, уақытында тапсырылмады. Рефератты қорғау кезінде тексті оқиды. Сұрақтарға жауап беруде бағдарлама материалдарынан ауытқып, дұрыс жауап бермеді.

Тақырыптық презентация


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тақырып

тық презен

тация


Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.

Қанағаттанар__лық'>Қанағаттанар

лық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.

Қанағаттанар

лықсыз

0-49 балл



Презентация белгіленген уақытта тапсырылған жоқ, көлемі 20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-ден аз. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.


Тест тапсырмаларын дайындау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тест тапсырмаларын дайындау

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті және адекватты. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленген.




Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес.




Қанағаттанар

лық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз. Тест тапсырмалары нақты емес, дәл емес, ұқыпсыз құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленбеген.




Қанағаттанар

лықсыз

0-49 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз, сұрақ дұрыс қойылмаған.. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптарының жауабы 50%-дан төмен, дәл белгіленбеген.

Ережеге сәйкес, оқыту барысында бірнеше бақылау түрі колданылады.

Оқу журналына орташа бағасы қойылады.
Аралық бақылау


Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тестілеу/әңгімелесу



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді. Тест сұрақтарына 86-100% дұрыс жауап берді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады. Тест сұрақтарына 75-85% дұрыс жауап берді.

Қанағатта

нарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады. Тест сұрақтарына 50-74% дұрыс жауап берді.

Қанағатта

нарлықсыз

0-49 балл



Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады. Тест сұрақтарына 50% -дан төмен дұрыс жауап берді.


Рейтинг

Пән бойынша үлгерім жалпы бағамен анықталады:

ЖБ ═ ЖРБх 0,6+ҚББх0,4; мұнда:

ЖБ – жалпы баға

ЖРБ – жіберілу рейтингісінің бағасы;

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы.

Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) пән бойынша жалпы үлгерімнің (ЖБ) 60 % құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы жалпы бағаның (ЖБ) 40% құрайды:

Емтиханға жіберілу рейтингісінің

бағасы (ЖРБ) ═ АғББ+АрББ ;

2

Мұнда: АғББ – үлгерімді ағымдық бақылау бағасы



АрББ – үлгерімді аралық бақылау бағасы, 2 аралық бақылау:

(АрББ1 + АрББ2)/2

Үлгерімді ағымдық бақылау (АғББ) ═ практикалық сабақтардың орта бағасы + ОЖСӨЖ орта бағасы + СӨЖ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

ДӘРІС КЕШЕНІ
Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2210
Мамандық: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 225сағат (5 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 2, III-IV
Дәріс көлемі: 15 сағат


Шымкент 2013 ж.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы – 5В110400 негізінен құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланды:


хаттама № ___ “ __ ”________ 2013 ж

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. __________ Есіркепов М.М.



Дәріс № 1.
1.Тақырыбы: Микробиологияға кіріспе. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроорганизмдердің жіктелуі және номенклатурасы. Бактериялардың морфологиясы және ультрақұрылымы.
2. Мақсаты. Студенттерге микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Бактериялар мен вирустардың жіктелу принциптерін талдау және морфологияларын жіктеп талқылау.
3. Дәріс тезистері:

Микробиология иммунология медицинада іргелі-теориялық және клиникалық пен медициналық профилактикалық пәндер арасында аралық орынды алады. Микробиология барлық медициналық пәндермен тығыз байланысты (хирургия, терапия, онкология, жүйке - жүйелері аурулары, урология, офтольмалогия, эндокринология, эпидемиология, педиатрия, стоматология, жұқпалы аурулар, медицина алдын - алу, фармациялық пәндермен). Кез келген дәрігер негізгі микробиология және иммунологияны жете меңгеріп, оны практикада ауруға микробиологиялық диагноз қоюда пайдалана білу керек.

Қазіргі уақытта статистикалық мәліметтер бойынша 70 % жұқпалы ауру, сондықтан дәрігер микробиологиялық әдістерді (бактериологиялық, бактериоскопиялық, серологиялық, вирусологиялық, биологиялық) бактериялардың, вирустардың морфологиясын жете меңгеру керек.

Бактериялар прокариоттарға жатады. Бактериялар пішініне қарай кокк тәрізді, таяқша тәрізді, иілген, бұралған, жіпшелі болып бөлінеді.

Шар тәрізді бактерияларға микрококтар, диплококтар, пневмококтар, стрептококтар, стафилококтар, сарцинналар жатады.

Таяқша тәрізді бактериялар спора түзетін, спора түзбейтін болып бөлінеді. Иілген бактериялар - спираль тәрізді бактериялар: спириллалар, спирохеталар.

Спирохеталар 3 түрге бөлінеді. 1.Трепонема, 2. Боррели .3. Лептоспиралар.

Риккетсиялар адамда риккетсиоз ауруын шақырады, цитоплазмада қосарланып көбейеді, биттердің, бүргелердің, кенелердің ағзасында жақсы көбейеді. Романовский-Гимзе әдісімен боялады.

Хламидиялар–облигатты жасуша ішілік паразит, тек тірі ағзада көбейеді, олар (АТФ) және (ГТФ) синтездемейді. Адамдарда хламидиялар көзді зақымдайды трахома, коньюктивит, урогенитальді ағзада және өкпеде ауруды шақырады.

Актиномицеттер – тармақталған жіпше және таяқша грам оң бактериялар. Патогенді актиномицеттер актиномикозды, нокардия-нокардиозды, микобактерия туберкулезді алапесті, коринебактерия-күлді шақырады.

Микоплазмалар-майда бактериялар жасуша қабырғасы жоқ, адамдарда А типті пневмонияны шақырады.

Бактерия жасушасының құрылымы – цитоплазмалық мембрана, жасуша қабырғасынан, нуклеойд, капсула, микрокапсула, жіпшелер, кірпікшелер, споралардан тұрады.


4. Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

  4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

  5. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005

  6. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995

Қосымша:

  1. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

  2. Колонизация резистенттілік. Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

  3. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

  4. Микробиологияда қолданылатын орыс-латын-қазақ тіліндегі медициналық терминдер: словарь. – Қарағанды, 1992.

  5. Рысұлы М. Микробиология: оқулық. – Алматы, 1998


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Бактериялардың жіктелуі қандай ерекшеліктеріне қарай негізделеді?

  2. Бактериялардың L-трансформациясы?

  3. Эндоспора және спора түзу – бактериялардың қолайсыз жағдайда тіршілік етуінің қорғаныштық формасы?

  4. Прокариоттар мен эукариоттардың айырмашылығы?


Дәріс № 2.
1. Тақырыбы. Микроорганизмдердің физиологиясы.
2. Мақсаты. Студенттерге анаболизм және катаболизм процестерінің арақатынасын түсіндіру. Микроорганизмдердегі метаболизмнің негізгі этаптарын қарастыру. Қоректік заттардың микроб клеткасына ену механизмін түсіндіру.
3. Дәріс тезистері:

Бактериялардың физиологиясы – бактериялардың тіршілігін, зат алмасуын, қоректенуін және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Бактериялардың зат алмасуын зерттеу оларды дақылдандыруда, таза дақылдарын бөліп алып идентификациялауда үлкен орын алады. Патоген, шартты патоген бактериялардың физиологиясын зерделеу,олар тудыратын жұқпалы аурулардың патогенезін зерттеу, микробиологиялық диагноз қоюда, емдеу және олардың алдын алу, адам мен қоршаған орта қарым-қатынастарын реттеу, сонымен қатар биотехнологиялық процестерді қолдана отырып, бактериялардан биологиялық белсенді заттарды алу үшін қажет.

Бактерияларды қоретік орталарда өсіру, таза дақылды бөліп алу әдістері жұқпалы ауруларға диагноз қоюда маңызы жоғары.

Бактериялардың қоректенуі классификациясы бойынша аутотрофтар, гетеротрофтар, фототрофтар, хемотрофтар,литотрофтар, органатрофтар болып бөлінеді. Гетеротрофтық дәреже барлық бактерияларда бірдей емес.



Гетеротрофтар – көміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көпатомды спирттер, аминқышқылдар болып табылады.

Энергия көзі ретінде күннің жарығын пайдаланатын организмдерді фоторофтар деп атайды.

Ал тотығу – тотықсыздандыру реакцияларының нәтижесінде пайда болған энергияны пайдаланатын организмдерді хемотрофтар деп атайды.

Бактериялардың ішінде сапрофиттер өлген органикалық заттармен қоректенеді, паразиттер қоректік затты макроорганизмдерден алады. Паразиттер облигатты және факультативті болып бөлінеді.Облигатты паразиттер жасушадан тыс жерде мүлдем тіршілік ете алмайды. Факультативті паразиттер сапрофиттер тәрізді иесінің жасушасынсыз қоректік орталардан организмнен тыс тіршілік етіп көбейе алады.

Бактерияларды in vitro жүйесінде дақылдандыру қоректік орталарда жүзеге асырылады. Жасанды қоректік орталар келесі талаптарға сай болуы тиіс.


  1. Бактериялардың барлық тіршілік процестері суда өтетіндіктен кез келген қоректік ортада жеткілікті мөлшерде су болуы қажет.

  2. Гетеротрофтық бактерияларды дақылдандыру үшін, ортада органикалық көміртегі көзі болуы керек. Бұл қызметті түрлі органикалық қосындылар атқарады: көмірсулар,аминқышқылдар,органикалық қышқылдар,майлар.

  3. Ақуыз, нуклеотидтер,АТФ, коферменттер синтездеу үшін бактерияға азот, күкірт,фосфат және басқа да минералдық заттар мен микроэлементтер қажет. Азот көзі ретінде пептон болуы мүмкін, сонымен қатар көптеген бактериялар азот көзі ретінде амоний тұздарын пайдалана алады.Күкірт пен фосфорды бактериялар бейорганикалық тұздар ретінде пайдалануы мүмкін : сульфаттар және фосфаттар күйінде. Ферменттердің дұрыс жұмыс жасауы үшін бактерияларға кальций, Mg, Fe иондары қажет, оларды қоректік орталарға фосфат тұздары ретінде қосып отырады.

  4. Көптеген микроорганизмдерің өсіп-өнуінде орта рН маңызды орын алады. Ортаның рН-ын белгілі бір деңгейде ұстап отыру, бактериялардың өздерінің тіршілік өнімдерінің нәтижесінде пайда болған улардан өліп қалмауы үшін қажет. Осы мақсатта қоректік ортаны фосфаттық буфер көмегімен буферлеп қояды.

  5. Ортаның белгіленген осмостық қысымы болуы керек. Қажет болған жағдайда қоректік орталарға өсу факторларын, кейбір бактериялардың өсуін басатын ингибиторлар,ферменттер әсерін күшейтетін субстраттар мен индикаторлар қосылады.

  6. Қоректік орталар стерильді болуы тиіс.

Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық және тығыз болып келеді.

Бактериялардың дақылдылық қасиеттері.

Сұйық қоректік орталарда бактериялар біркелкі лайланып,тұнба беріп немесе бетінде қабыршақ үлбір түзіп өседі. Тығыз қоректік орталарда бактериялар колониялар түзеді. Колония тығыз қоректік ортада көбейіп түзілген бір бактерия жасушаларының шоғыры.

Колониялардың пішіні микроорганизімдердің белгілі бір түріне тән. Колониялар көптеген қасиеттері бойынша ажыратылады.

1. Мөлшері :

-ұсақ (0,1-3 мм)

-орташа (3-5 мм)

-ірі (5мм ден үлкен)

2. Пішіні:

-домалақ

-дұрыс емес пішінді, жолбарыстың жалы, маргаритка гүлі сияқты.

3. Айнала шеті

- Тегіс


-кедір-бұдыр тісшеленген.

-шашақталған

4. Беті:

- тегіс-S- типтес

- бұдырлы - R- типтес. Бактерия ферменттері 6 класқа бөлінеді; оксидоредуктаза, трансфераза, гидролаза, лигаза, лиаза, изомераза. Ферменттер бактерия жасушасының ішінде орналасатын –эндоферменттер, сыртқы ортаға бөлінетін ферменттер –экзоферменттер болып бөлінеді. Тыныс алу түріне қарай бактериялар қатаң аэроб, микроаэрофильдер, облигатты анаэроб, факультативті анаэроб, қатаң анаэроб болып бөлінеді.
4. Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
5. Әдебиет:

Негізгі:


  1. Медициналық микробиология: оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..

  2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-Алматы, 1997

  3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.

  4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

  5. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб.-4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005

  6. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

  7. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

  8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

  9. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб./ Под ред. Л.Б. Борисов.-М.,1995


жүктеу 4,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау