Жұмыс бағдарламасы балалар хирургиясы пән бойынша


Балалардағы лимфадениттер, аденофлегмона, фурункулдер, карбункул



жүктеу 4,29 Mb.
бет18/25
Дата17.11.2017
өлшемі4,29 Mb.
#554
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Балалардағы лимфадениттер, аденофлегмона, фурункулдер, карбункул.

Лимфаденит – лимфа түйіндерінің қабынуы, балаларда жиі кездесетін ауру. Яғни организмнің кез келген патологиялық жағдайына лимфа түйіндері жауап береді. Қабыну реакциясын шақыратын микроорганизмдер, олардың токсиндері лимфа тамырлары арқылы жақын жатқан лимфа түйіндеріне түсіп, залалсызданады. Адам организмінде лимфа түйіндері қорғаныс фильтр ролін атқарады, яғни бактерияларды, олардың токсиндерін, клетка және ұлпалардың ыдырау өнімдерін тежейді. Бұл кезде лимфа түйіндердегі микроб өзінің вируленттілігін әлсіретеді, фагоцитоз жолымен жойылады немесе керісінше, лимфа түйіннің өзінің қабынуын шақырады. Лимфадениттер жиі бастан өткен инфекциялық процесстің асқынуы болып байқалады. Лимфа түйініне инфекция өте сирек жағдайларда гемотегенді жолмен немесе қабынулық процесс түйінге көршілес ұлпалардан өтеді.

Балаларда жиі бас пен мойыннан лимфаны жинайтын лимфа түйіндері зақымданады (60%), яғни ауыз қуысының жиі болатын ауруларымен түсіндіріледі (баспа, тіс жегі, стоматит және т.б.). Қан аймағында әдетте қолтық асты лимфа түйіндері, сирек шынтақ лимфа түйіндері қабынып, іріңдейді. Аяқ аймағында әдетте шап лимфа түйіндері, сирек тізе асты аймағындағы лимфа түйіндері қабынады. Лимфа ағымының бағыты мен жолдарын білу арқылы, инфекциялық кіру қақпасын анықтауға болады. Сонымен қатар, табан мен бақайларда орналасса жиі шап лимфа түйіндері зақымдалады, ал тізе асты лимфа түйіндері қабыну реакциясын бермейді.

Лимфа түйіннің патоморфологиялық қабынуы клеткалық инфильтрациямен, капсуланың трабенерлирлы перделердің ісінуімен, қыртысы және милық заттардың айқын гиперемиясымен, оның клеткасылық элементтердің инфильтрациясымен көрінеді.

Синустар кеңейген, олардың саңлауында көптеген клеткалық элементтер (регионарлы катаралды лимфаденит). Кейде ошақты немесе диффузды қан ағулар болуы мүмкін (геморрагиялық формасы). Егер бұл сатыда ошақтан лимфа түйініне микробтар мен іріңді қабыну өнімдердің түседі тоқтаса, онда қабыну процессі кері қайтады. Егер бұл өнімднрдің түсуі көбейсе, онда серозды лимфаденит іріңді лимфаденитке ауысады. Бұл сатыда түйін ұлпасында іріңді ыдырау ошақтары пайда болады, процесс өршігенде жалпы абцесске бірігеді. Іріңді процесс бездің капсуласын қамтуы мүмкін және айналасындағы борпылдақ клеткаға өтуі мүмкін, сонда аденофлегмона дамиды. Аденофлегмона уақытында емделмесе, терең флегмонамен асқынуы мүмкін.

Клиникалық белгілері: лимфаденит- белгілері бір аурудың көрінісі. Серозды лимфаденит кезінде жалпы симптомдар негізгі сырқаттың белгілерімен бірге жүреді (дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, мазасыздық). Жергілікті ұлғайған және ауырсынатын лимфа түйіні анықталады, кейде лимфангент болуы мүмкін.

Іріңді лимфаденит кезінде жалпы симптомдар күшейеді, дене қызуы 39ӘС дейін көтеріледі, қалтырау пайда болады, тамыр соғысы жиілейді. Жергілікті бір немесе бірнеше ұлғайған және ауырсынатын терімен біріккен лимфа түйіндері анықталады, үстіндегі тері қызарған, флеоктуация анықталады.

Аденофлегмона кезінде науқастардың жалпы жағдайының ауырлығы күшейеді: дене қызуы жоғары, ерні құрғақ, ентігу, тахинардия, кейде қалтырау. Жергілікті шекарасы анық емес үлкен аймақты қабынулық инфильтрат анықталады. Тері гиперемияланған, айналасындағы ұлпалар кернелген. Қабыну инфильтраттың ортасында флеоктуация анықталады, ал кейде жұқарған тері арқылы іріңді құрамы көрінеді.

Ажыратпалы диагностика қиын емес лимфа түйіннің зақымдануын жеңіл анықтауға болады, аурудың этиологиясы жөнінде қиындықтар туады.

Туберкулезді лимфаденит кезінде басталуы әдетте жедел емес, ұзақ ағымды, температуралық реакция болмайды, аурудың анемнезі тән, туберкумен пробалары оң мәнді.

Антибиотиктердің әсерінен лимфадениттің клиникалық белгілері өзгеріп, диагноз қою қиындыққа түседі. Ісіну жоғалады, дене қызуы жоқ, бірақ лимфа түйіннің ұлғаюы жойылмайды. Одан кейін процесс әлсіз өтеді, жиі түйінде жұмсарады, абцесс түзіледі. Клиникалық ағымы бойынша ауру туберкулезді лимфаденитке ұқсас. Клиникалық симптомдарды, инфекцияның кіру қақпасын анықтауға жеңілдік беретін анамнез, жедел басталуы диагнозды дұрыс қоюға көмектеседі.

Пупартов байламының астындағы лимфа түйіндер қабынса, әсіресе кіші жастағы балаларда, қысылған жарықпен шатастыруға болады, бірақ симптомдардың болмауынан жарықты лимфаденитпен ажыратуға болады.

Терең жамбас лимфа түйіндерінің жедел қабынуы ауру тобы болып табылады яғни мықты лимфа безінен шығатын денофлегмона. Инфекциялық біріншілік ошағы фурункул, карбункул, инфицирленген жара түрінде барлық аймақта болуы мүмкін, олардан лимфа тамырлары шап бездеріне бағытталып, мықым бездерінде тоқталады.

Бала организмнің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл ауру нәрестелер мен кеуде жасындағы балаларда өте ауыр өтеді. Балаларда түйіннің капсуласы жұқа, сондықтан, қабыну айналасындағы ұлпаларға тез таралады. Одан басқа нәрестелерде лимфа түйіннің клеткалық және ұлпалық құрылымы толық дамымаған, қан түзу функциясы жақсы, ал қорғаныс функциясы әлсіз дамыған. Сондықтан бұл себептен инфекциялық агент тоқтамай, одан әрі қарай мүшелер мен бүкіл организмге таралады.

Мықым лимфадениті кезінде клиникалық белгілердің ішінен интоксикация, сепсис жағдайы, жоғары дене қызуы, қалтырау, еріннің құрғақтығы, жалпы әлсіздік ұйқы мен тәбетінің бұзылуы бірінші орынға шығады. Қарағанда санның контрактурасы және мықым шұңқырында ісік анықталады. Бұл ауру кезінде санды бүгу өте ерте пайда болады, тұрақты ұсталынады. Омыртқа жотасының күшейген лордозы байқалады.

Асқынған жағдайларда ісік барлық мықын шұңқырын алып, скарков үшбұрышына жалғасады. Бұл кезде мықын шұңқырынан флеоктуация анықталады (В.Ф. Войне-Ясенцкий, 1946).

Егер мықын шұңқырында инфильтрат және инфекцияның кіру қақпасы анықталса, диагноз қою қиын емес. Кейде эпифизарлы остеомиелит кезіндегі жамбас-сан бұлшық зақымдануы, аппендикулярлы инфильтрат, жамбас сүйегінің остеомиелиті немесе паранефритке күдік туу мүмкін.

Жамбас-сан буынның ауруын жоққа шығару үшін созуға керек, бұл кезде контрактура жойылады.

Жамбас-сан бұлшық ауруы кезінде бупидағы барлық қозғалыстар аз шектелген, ал мықын флегмоналар кезінде салуы жазу мүмкін емес, ал бүгу және басқа қалған қозғалыстар еркін жасалынады. Аппендикулярлы инфильтратпен ажыратпалы диагностика жүргізгенде рентгенография, ұқыпты жиналған анамнез, тік ішекті саусақпен тексеру көмектеседі.

Емі: жедел лимфаденит кезінде іріңдеу болмаса емі консервативті. Зақымданған жерге компресс, УЗИ және негізгі ауруды емдеу.

Іріңді лимфаденит кезінде жедел операция іріңдікті ашу көрсетілген. Жансыздандыру жалпы. Флеоктуация үстінен тіліп жасалынады, іріңді шығарғаннан кейін қуыс антисептикалық ерітінділермен жуылып, резеңкемен дренаж жасалынады. Жараға гипертоникалық ерітіндімен таңғыш салынады. 2-3 күн ішінде ірің шығуы аяқталады, маймен таңғыш таңуға болады.

Аденофлегмоналар кезінде, әсіресе мықын лимфадениті кезінде балалар хирургиясында қабылданған емі бойынша жүргізіледі. Іріңдікті ашқанда жараны саусақпен тексеру, қалталарды ашу және дренаждау міндетті түрде болуы керек. өмірге маңызды мүшелердің функциясын қалпына келтіруге бағытталған инфузионды және антибиотикотерапия тағайындалады. Серозды формалардың болжамы жағымды, ал аденофлегмоналар мен терең лимфадениттер кезінде күрделі.




  1. Тақырыбы: Тері мен жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктері:

лимфангиома, гемангиома, пигментті дақтары.

Тератома және дермоидты кисталар.



  1. Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.

  2. Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Лимфангиома, гемангиома, пигментті дақтар, тератома және дермоидты кисталар қатерсіз ісіктердің ішінде жиі балаларда кездесетін түзілістер. Морфологиялары әр түрлі. Гемангиома мен лимфангиома өсу барысында қасындағы ағзаларға өтіп, олардың арасына араласа өсіп ағзаларды жойып жібереді. Қатерсіз ісіктердің қатерлі ісіктерге өтуі мүмкін болғандықтан, қатерсіз ісіктермен туылған балаларды нәресте кезінде операция жасап ісікті алып тастайды.
4. Сабақтың мақсаты:

Интерндерге лимфангиома, гемангиома, пигментті дақтарды, тератома және дермоидты кисталарды диагностика жасауға және емдеуге үйрету.


Интерн білуге тиіс:

- лимфангиоманың, гемангиоманың, пигментті дақтардың, тератома

және дермоидты кисталардың этиологиясын, патогенезін;

- лимфангиоманың, гемангиоманың, пигментті дақтардың, тератома

және дермоидты кисталардың балаларда жиі орналасуын;

- қатерсіз ісіктердің клиникалық белгілерін;

- қатерсіз ісіктердің ажыратпалы диагностикасын;

- хирургиялық емнің түрлерін;



Интерн істей алуға тиіс:

- қатерсіз ісіктері бар науқастарды тексеруді;

- зерттеу нәтижелеріне интерпретация жасауды;

- операция алдындағы дайындықты жүргізуді;

- операцияның техникасын.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- ісіктердің жіктелуі;

- қатерсіз ісіктердің морфологиясы;

- балалардағы қатерсіз ісіктердің этиопатогенезі;

- тері және жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктеріне жүргізілетін

хирургиялық емнің техникасы.



б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- тері және жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктерінде жүргізілетін

зерттеу әлдістері;

- қатерсіз ісктердің ажыратпалы диагностикасы;

- лимфангиома, гемангиома, пигментті дақтары, тератома және

дермоидты кисталардың клиникалық белгілері;

- лимфангиома, гемангиома, пигментті дақтардың, тератома және

дермоидты кисталардың хирургиялық емінің әдістері;

- гемангиоманың консервативті емінің әдістері;

- қатерсіз ісіктерге жасалған операциядан кейінгі асқынулар.


6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R-суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Под ред. Ю. Ф. Исакова «Хирургические болезни детского возрастаң. Геотар-Мед, М в 2-х томах, 2006.

  2. Подкаменев В.В. «Хирургические болезни детского возраста М. Медицина 2005 г.

  3. Под ред Тихомировой В.Д Детская оперативная хирургия.. И. Инф-изд агентство Лик «2001 г.

  4. Донецкий С.Я «Общие проблемы детской хирургииң монография 1984 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Пыков М.И., Ваталин К.В.. «Детская ультразвуковая диагностикаң М., 2001г.

  2. Рокицкий М.Р. «Ошибки и опасности в хирургии детского возрастаң. Л., Медицина. 1993г.


1.Тақырыбы: Абдоминалды эндовидеохирургия.

2.Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.

3.Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Қазіргі заманда қолданылатын эндоскопияның артықшылығы көп, диагностика және ем үшін қолданылады. Оның даусыз артықшылықтарына мыналар жатады: операциялық жара кішкентай болуы, травматизмнің аз болуы, бактериалды жағдайда операцияның жүргізілуі, ішкі ағзаларға кең көлемде ревизия жасау мүмкіншілігі, косметикалық эффектісінің болуы, операциядан кейінгі кезеңнің аз уақытта өтуі. Сондықтанда балалар хирургиясында абдоминальді эндовидеохирургия үлкен орын алады.


4. Сабақтың мақсаты:

Интерндерді абдоминальді эндовидеохирургия ерекшеліктерімен таныстыру.


Интерн білуге тиіс:

- лапороскопиялық хирургияның ерекшеліктерін;

- абдоминальді эндовидеохирургияның шығу тарихын;

- лапороскопия кезінде қолданылатын құралдарды;

- лапороскопиялық операцияларды жүргізу әдісін;

- лапороскопиялық операцияға көрсеткіштер және қарсы

көрсеткіштерді.

Интерн істей алуға тиіс:

- лапороскопиялық операцияға көрсеткіштерді және қарсы

көрсеткіштерді анықтауды;

- операцияға лапороскопиялық құралдарды дайындауды;

- лапороскопиялық операцияларды жүргізуді;

- операциядан кейінгі кезеңде науқастарға ем тағайындауды.


5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- лапороскопиялық хирургияның ерекшеліктері;

- лапороскопиялық хирургияның даму тарихы;

- эндовидеохирургияға керекті құралдар;

- лапороскопиялық операция жүргізудің әдістемесі.

б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- лапороскопиялық операциялардың көрсеткіштері;

- лапороскопиялық операциялардың қарсы көрсеткіштері;

- лапороскопиялық операция кезіндегі жансыздандыру;

- операция кезіндегі асқынулар;

- операциядан кейінгі кезеңде науқастарды емдеу.


6. Ақпараттық – дидактикалық блок.

7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R-суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Под ред. Ю. Ф. Исакова «Хирургические болезни детского возрастаң. Геотар-Мед, М в 2-х томах, 2006.

  2. Подкаменев В.В. «Хирургические болезни детского возраста М. Медицина 2005 г.

  3. Под ред Тихомировой В.Д Детская оперативная хирургия.. И. Инф-изд агентство Лик «2001 г.

  4. Донецкий С.Я «Общие проблемы детской хирургииң монография 1984 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Пыков М.И., Ваталин К.В. «Детская ультразвуковая диагностикаң М., 2001г.

  2. Рокицкий М.Р. «Ошибки и опасности в хирургии детского возрастаң. Л., Медицина. 1993г.


1. Тақырыбы: Кіндік туа біткен жыланкөзі; толық және толық емес жыланкөзі (өт және зәр жолдарының даму ақаулары). Дифференциальды диагностикалық критерилер. Оперативті емнің уақыты мен көрсеткіштері.

2. Оқу сағатының саңы: 7сағ.20мин.

3. Тақырыптық өзектілігі (оқып үйрету дәлелдері):

Балалардың кіндік жылан көздері қан тамырларының және урахустың даму ақауынан пайда болады. Кіндік жфыланкөздерін кіндіктің іріңді қабыну ауруларынан ажырату өте маңызды. Себебі диагнозға қарай емдеу тәсілдері әртүрлі. Сонымен қатар асқынуларының алдын-алу үшін диагностикалық әдістерді дұрыс пайдалана білу маңызды.

Кіндік бауы тускеннен кейін кіндік тереңінде серозды грануляцияның қабат қалыптасады, оны сулы кіндік дейді (мокнущий). Бұл жағдайды кіндік жылан көздерінен ажырата білу керек.

Кіндік жарығы – кіндік сақинасы апоневрозды жетілмеуімен сипатталады. Ол жерде жіңішке ішек құрылымы бар,жарық қапшығы түзеледі.

Балаларда көп жағдайда жарықтық шығу туа пайда болып есептеледі.

4. Сабақтың оқу мақсаты:

Балалардағы кіндік аймағының патологияларын білу өте маңызды. Интерндер кіндік жыланкөздерін кіндіктің іріңді қабыну ауыруларынан ажырата білуі тиіс.

Интерндер дұрыс диагноз қоя білу үшін кіндіктің әр ауыруына дұрыс диагнозын қоя білу керек.

Дәрігер - интерн білуге тиіс:


  • эмрионда кіндік бауының қызметінің маңыздылығын;

  • туылғаннан кейінгі кіндік бауының инвалюциясы;

  • кіндік жыланкөздерінің этиопатогенезін;

  • кіндік жыланкөзінің клиникалық белгілері.

Дәрігер - интерн істей алуы тиіс:

  • кіндік жыланкөздерін диагностикалау жолдарын;

  • рентгендиагностика жасауды;

  • қуыққа катететр арқылы индигокорминді жіберуді;

  • оперативті емнің рационды әдісін анықтауды;

  • операциядан кейінгі емді дұрыс ұйымдастыруды.


5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- бала кіндігінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі;

- құрсақтың алдыңғы қабырғасының анатомиясы;

- эмбионның ішек және зәр шығару жолдарының дамуын.



б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- операцияға көрсеткіш және қарсы көрсеткіштер;

- операциядан кейінгі асқынуларды бағалау;

- лакмусты қағазды қолдануды білу;

- қуыққа катетер арқылы дәрі жіберуді.
6. Ақпаратты-дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны:
- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R-суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.
8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:


  1. «Под ред. Исакова Ю.Ф «Хирургические заболевания детского возраста» Геотар-Мед, в 2-х томах. 2004 г.

  2. Г.А. Баиров «Неотложная хирургия детей» Л., Медицина. 1983 г. – 408 стр.

  3. С.Я. Долецкий,В.Г. Акопян, В.В. Гаврюшев. «Хирургия новорожденных» - М., Медицина, 1979 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. «Гнойная хирургическая инфекция у детей». Сультанбаев Т.Ж., Ленюшкин А.И. Алма-ата, 1984 г.

  2. «Детская хирургия». Ашкраф К.У., Хандрен Г.М. в 2-х томах, 1996 г.

  3. «Неотложная хирургия детского возраста». М.Ф.Рошаль. 1997г.

  4. Степанов Э.А., Г.В. Красовская. «Абдоминальная хирургия у детей» - М: - Медицина, 1988, - 415 стр.


1. Тақырыбы: Мойынның туа біткен кистасы мен жыланкөзі, мойындырық венасының флебэктазиясы, дифференциялды диагностикасы, оперативті емнің уақыты мен көрсеткіші.

2. Оқу сағатының саны 7 сағат 20 минут.

3. Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Балаларда туа біткен мойын торсылдағы және жыланкөзі жиі кездеседі. Бұл патологиялар косметикалық дефект болғандықтан және іріңдеген кезде қатерлі асқынуларға әкелетін болғандықтан хирургиялық коррекцияны өзіне талап етеді. Балалардың бұл ауырудан жызылып кетуі дұрыс жүргізілген ажыратпалы диагностикаға және уақытылы жасалған операцияға байланысты.

Мойындырық флебэктазиясы бар науқасқа уақытылы операция жасалмаса, науқас қан кетуден өлуі мүмкін.
4. Сабақтың мақсаты:

Интерндерге мойынның туа біткен кистасы мен жыланкөзін, мойындырық венасының флебэктазиясын диагностика жасауды және емдеуді үйрету.


Интерн білуге тиіс:

- туа біткен мойын торсылдағы және жыланкөзінің, мойындырық

флебэктазиясының этиопатогенезін;

- туа біткен мойын торсылдағы және жыланкөзінің, мойындырық

флебэктазиясының клиникалық белгілерін;

- туа біткен мойын торсылдағы және жыланкөзінің, мойындырық

флебэктазиясының операциялық емінің уақытын;

- хирургиялық емге көрсеткіштерін.



Интерн істей алуға тиіс:

- зерттеу әдістерін жүргізуді;

- ажыратпалы диагностканы жүргізуді;

- туа біткен мойын торсылдағы және жыланкөзінің, мойындырық

флебэктазиясы кезінде жүргізілетін операциялық емнің әдістерін.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:

а) негізгі білім бойынша:

- мойын даму ақауларының этиопатогенезі;

- мойын даму ақауларына диагностика жасаудың әдістері;

- киста мен жыланкөздің мойында орналасулары;

- мойындырық флебэктомиясын диагностикалау әдістері;

- мойынның анатомиясы.



б) осы сабақ тақырыбы бойынша:

- туа біткен мойын торсылдағы және жыланкөзіне, мойындырық

флебэктазиясына операция жасауға көрсеткіштер және қарсы

көрсеткіштер;



  • туа біткен мойын торсылдағы және жыланкөзінің, мойындырық

флебэктазиясында операция алдын дайындық;

  • туа біткен мойын торсылдағы және жыланкөзінің, мойындырық

флебэктазиясының операциялық емінің әдістері.
6. Ақпараттық – дидактикалық блок.
7. Сабақтың мазмұны

- Өз бетімен атқаратын жұмыс. Лабораторлық зерттеу, тәжірибелік дағдыны меңгеру және бекіту, ситуациялық есептерді шешу. Интерндердің диагностика кабинетіндегі жұмысы, анамнез жинау, клиникалық тексеру, науқас балалардың ағым ерекшеліктері мен патогенезін терең білу және т.б..

- Оқытушымен бірге атқаратын жұмыс. Жеке немесе топпен; өз бетімен өткізген жұмыс қорытындысын талдау, аурулардың клиникалық талдауы және дәрігерлік қарауға, инструментальды зерттеу әдістерін жүргізуге, тақырыптық ауруларды, ауыр науқастардың ауру тарихын талдау. R-суреттерді интерпретациялау, инструментальды-лабораториялық зерттеулерді талдау, хирургиялық манипуляцияларға қатысу және т.б..

- Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау. Тест тапсырмалары, ситуациялық есептер, тәжірибелік дағдылар т.б.. Түнгі кезекшілік туралы есептері. Алған білімді нығайту.


8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. «Под ред. Исакова Ю.Ф «Хирургические заболевания детского возрастаң Геотар-Мед, в 2-х томах. 2004 г.

  2. Г.А. Баиров «Неотложная хирургия детейң Л., Медицина. 1983 г. – 408 стр.

  3. С.Я. Долецкий,В.Г. Акопян, В.В. Гаврюшев. «Хирургия новорожденныхң - М., Медицина, 1979 г.

Қосымша әдебиеттер:

  1. «Гнойная хирургическая инфекция у детейң. Сультанбаев Т.Ж., Ленюшкин А.И. Алма-ата, 1984 г.

  2. «Детская хирургияң. Ашкраф К.У., Хандрен Г.М. в 2-х томах, 1996 г.

  3. «Неотложная хирургия детского возрастаң. М.Ф.Рошаль. 1997г.

  4. Степанов Э.А., Г.В. Красовская. «Абдоминальная хирургия у детейң - М: - Медицина, 1988, - 415 стр.


1. Тақырыбы: Остеомиелиттің атипті формасы.

2. Оқу сағатының саңы 7сағ.20мин.



  1. Тақырып өзектілігі (оқу дәлелдемесі):

Ағзаның иммунобиологиялық қасиеті жоғары болған жағдайда біріншілік - созылмалы остеомиелит дамиды. Бұл кезде іріңдік оқшауланып түзіледі. Организмде ұзақ уақыт өтетін созылмалы остеомиелит ішкі ағзалардың амилоидозына әкеледі. Осы жағдайда иммунноэлектрофарез қолдану қажет. Бұл уақытылы преамилоидоз жағдайын диагностика жасауға және уақытылы ем жүргізуге көмектеседі.
жүктеу 4,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау