«ЖҮкті әйелден анамнез жинау» Мақсаты: жүктілік ағымын, ерекшеліктерін анықтау Құрал -жабдықтар


ҮЛКЕН ЖАМБАСТЫҢ СЫРТҚЫ ӨЛШЕМДЕРІН ӨЛШЕУ



жүктеу 76,34 Kb.
бет19/36
Дата04.06.2020
өлшемі76,34 Kb.
#30849
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
13377015стандарт акушерия

ҮЛКЕН ЖАМБАСТЫҢ СЫРТҚЫ ӨЛШЕМДЕРІН ӨЛШЕУ.


Мақсаты-үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу және анықтау.

Көрсетулері –жүкті әйелдің әйелдер консультациясына алғашқы келуі, тар жамбас.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.

Ресурстары- тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық, Мартин жамбасөлшегіші, дәкелік шариктер, спирт, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал .

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қазіргі зерттеулердің қажеттілігін және маңызын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

4. Әйелден арқасымен тақтай төсекке жатуын, астына бір реттік жаялықты салуын, ішін ашуын, аяқтарын жамбассан және тізе буындарында жайуын және аяқтарын бірге қосуын сұраңыз.

5. Мартин жамбасөлшегісін алыңыз және жүкті әйелге бетіңмен қарап, тақтай төсектің оң жағына отырыңыз. Жамбасөлшегіштің тармақтарын қолдарыңызға алыңыз, үлкен және сұқ саусақтар түймешіктерді ұстайды, ал шкала бөліктерін жоғары қаратыңыз. Жамбасөлшегіштің түймешіктерін спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

6. Сұқ саусақтармен мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қылқандарын пальпация жасаңыз, соларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын

Distantia spinarum-ды (қалыптыда 25-26 см) өлшеңіз.

7. Distantia spinarum-ды өлшегеннен кейін, әріқарай саусақтарды мықын сүйектерінің қырларымен артқа қарай жылжыта отырып, ең алыстағы нүктелерді табыңыз, осыларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын Distantia сristarum-ды (қалыпты жағдайда 28-29 см) өлшеңіз.

8. Distantiа сristarum –ды өлшегеннен кейін, жамбасөлшегішті санға қарай түсіріңіз, пальпация жасап, сан сүйектерінің үлкен ұршықбастарын табыңыз, осыларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын Distantia trochanterica-ны (қалыпты жағдайда 30-31 см) өлшеңіз. Егерде сүйектердің ұршықбастарын пальпация жасауға болмаса, онда жүкті әйелден аяқтарын қозғалтуын сұраңыз және сандағы ұршықбасын бекітіңіз.
9. Distantia trochanterica-ны өлшегеннен кейін, әйелден орнынын өзгертуге: арқасымен акушербикеге қарай бұрылып, бүйірімен жатуын, төменгі аяғын жамбассан және тізе буындарында бүгуін, ал жоғарғы аяғын созуын сұраңыз. Жамбасөлшегіштің бір түймешігін сыртқы жағына қойыңыз. V-бел омыртқаның қылқан өсінділерімен 1-сегізкөз омыртқа арасына, яғни сегізкөзүсті шұңқырдың үстіне, ол Михаэлис ромбысының жоғарғы бұрышымен сәйкес келеді. Ал екінші түймешегін алдыңғы жағына-қасаға буынының жоғарғы қырының ортасына қойыңыз, сосын сыртқы конъюгатаны Conjugata externa-ны (қалыпты жағдайда 20-21 см) өлшеңіз.

10. Өлшеп біткеннен кейін әйелге тұруын сұраңыз.

11. Жамбасөлшегішті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.

12. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

13. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

14. Нәтижелерін құжаттарға енгізіңіз.

 

 



Ескерту. Қолдарыңыз және жамбасөлшегіш жылы болуы қажет. Conjugata externaең зор тәжірибелік маңызы бар, себебі осының өлшемімен шын конъюгатаның (кіру жазықтығының түзу өлшемінің) өлшемінанықтауға болады.


жүктеу 76,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау