Жүйке жүйесі жайлы түсінік



жүктеу 1,43 Mb.
Дата09.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#32051
Лек. 7-1


Жүйке жүйесі жайлы түсінік

1.Нерв жүйесінің маңызы.

2.Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы.

Жүйке жүйесі адамдарда ұзақ эволюциялық даму нəтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының əсерінен өзгеріп күрделеніп отырады және ішкі-сыртқы тітіркендіргенгіштерін қабылдап, оған жауап беріп ағзаны өзгермелі жағдайларға бейімдейді, əртүрлі мүшелердің, ұлпалардың жəне жасушалардың қызметін реттеп оларды өзара жəне сыртқы ортамен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын жүзеге асырады. Адамда жүйке жүйесі еңбекпен, спортпен айналысуына байланысты өте күрделі жəне жоғарғы дəрежеде дамыған жүйеге айналған.

Жүйке жасушалары бір-бірімен жалғасып нейрондар тізбегін түзеді. Бұндай жағдайда бір жасушаның екінші жасушамен байланысқан жерін синапс деп атайды. Нейрон бойындағы нерв қозуы жасушаның дендрит-дене -аксон бағыты бойынша өтеді.

Ағзаның орталық нерв жүйесінің қатысуымен өтетін жəне ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакциясын рефлекс деп атаймыз.

Мысалы, төрт басты бұлшық еттің сіңірін, тізеден төмендеу жерден балғамен жайлап ұрсақ, еттің жиырылу нəтижесінен аяқ тізе буынынан дереу жазылады, жарық көзге түссе, көздің қарашығы дереу кішірейеді, ауызға бір нəрсе түссе сілекей бөлінеді. Рефлекстің (нерв импульсінің) жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды.

Жүйке жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

1) Орталық жүйке жүйесі.

2) Шеткі жүйке жүйесі.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Шеткі жүйке жүйесіне орталық жүйке жүйесінен тараған жүйкелер (нервтер) мен орталық жүйке жүйесінен тыс орналасқан жүйке жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

1) Соматикалық нерв жүйесі.

2) Вегетативтік нерв жүйесі.

Тірек – қимып аппаратын жүйке қозуымен, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігін соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі органдарды, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды.

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм.

Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты жүйкелері жатады.



Ми - артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.

Жұлын нервтері.

Адамда 31 жұп жұлын нервтері болады. Оларды жатқан жерлеріне қарай 8-жұп мойын, 12-жұп көкірек, 5-жұп бел, 5-жұп сегізкөз, 1-жұп құйымшақ нервтеріне бөледі.



Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы жүйкелердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозғалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) және көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталықтары бар. Ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.
жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау