Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ


Персоналды дамыту мен оқыту



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет33/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   113

Персоналды дамыту мен оқыту 
және мамандарды даярлау
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпо-
рындары тобының кадрлық саясаттың 
басым бағыттарының қатарында — 
персоналды кәсіби дамыту және оқыту.
Кәсіпорындар тобында қызметкер-
лерді даярлау, қайта даярлау және 
біліктілігін арттыру процестері 
жүйеленді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» 
АҚ кәсіпорын қызметкерлерін даярлау 
шеңберінде Қазақстан Республикасы-
ның және шетелдердің 33 жоғары оқу 
орны мен 10 колледжі ынтымақтаса-
ды. Бүгінгі таңда компания қаражаты 
есебінен сала мен аймақ үшін бейінді 
мамандықтар мен кәсіптер бойынша 
335 студент оқиды, олардың 158-і 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және 
оның ЕТҰ қызметкерлері және 177-і 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және 
оның ЕТҰ-мен еңбек қатынастарында 
тұрмайтын жеке тұлғалар. 2018 жылы 
жоғары оқу орындары мен колледж-
дерде дайындық шығындары 213,5 
млн. теңгені құрады.
2018 жылы қызметкерлерді оқытуға арналған шығыстар
Персонал санатының атауы
Адам/семинар  
саны
Оқуға арналған  
шығыстар, мың теңге
АУП
3 338
688 532
Өндірістік персонал
23 444
1 023 970
БАРЛЫҒЫ
26 782
1 712 502
Бір қызметкерге орташа жылдық оқу сағаттарының  
саны, адам-сағат 
*
 
Қызметкерлердің санаты
2016 
жыл
2017 
жыл
2018 
жыл
Өзгеріс  
2017-2016
Өзгеріс  
2018-2017
Барлығы, оның ішінде
31,2
36
32,5
15%
−10%
 жоғары басшы
61,4
80
59,6
30%
−25%
орташа басшы
43,3
61
45,2
41%
−26%
әкімшілік персонал
49,5
49
32,1
–1%
−35%
өндірістік персонал
28,9
33
31,1
14%
−6%
 404-1 
*
 Бір қызметкерге оқу сағатының төмендеуі корпоративтік форматта оқытуды енгізумен байланысты, 
яғни оқудан өткен қызметкерлер саны артты, ал 1 қызметкерге шаққанда сағаттар саны төмендеді.
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен 
оқитын студенттер өндірісте практи-
кадан өтеді, онда әр студентке кәсіпо-
рынның тәжірибелі қызметкерлері қа-
тарынан тәлімгер бекітіледі. Сонымен 
қатар тәлімгерлер тағылымдамадан 
өту бағдарламалары бойынша, соның 
ішінде «Жас Өркен» тағылымда-
ма бағдарламасына, «Жас маман» 
бағдарламасына қатысушыларға, 
сондай-ақ дарындар мен мұрагерлер-
ге бекітіледі. 
Оқытудың білім беру бағдарлама-
ларынан басқа, «Қазатомөнеркәсіп» 
ҰАК» АҚ мен ЕТҰ-да кәсіби бағыттар 
бойынша, оның ішінде Қазақстан 
Республикасының заңнамасына 
сәйкес міндетті оқыту бойынша, 
сондай-ақ нысаналы бағдарламалар 
мен жобаларды (көшбасшылықты да-
мыту, ұқыпты өндіріс, корпоративтік 
мәдениет, қауіпсіздік мәдениеті және 
т.б.) іске асыру үшін қызметкерлердің 
біліктілігін арттыру бағдарламалары-
на үлкен көңіл бөлінеді. 
 404-2 
компанияның қаражаты
есебінен сала мен өңір үшін
бейінді мамандықтар бойынша
оқып жатыр
335
студент
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 79


ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ
Ұжымдық шарт және кәсіподақтар
Топ қызметкерлерінің шамамен 73%–
ы «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің 
салалық кәсіптік одағы» қоғамдық 
бірлестігінің мүшелері болып табы-
лады, ол 2018 жылғы 31 желтоқсанда 
15 046 мүшеден тұрады, барлығы 
— Топ қызметкерлері. 2018 жылғы 31 
желтоқсандағы жағдай бойынша топ 
қызметкерлерінің 98% ұжымдық шарт 
қатысушылары болып табылады. Топ 
кәсіпорындарының ұжымдық шарт-
тарында, мысалы, 12 жасқа дейінгі үш 
немесе одан да көп баланың анасы 
немесе жалғыз басты ата-анасы әлеу-
меттік қамтамасыз ету бойынша ұзақ 
демалыстарға өз құқығын пайдала-
натын қызметкерлердің белгілі бір 
санаттары үшін өтемақы төлемдерін 
алу құқығы сияқты белгілі бір қосым-
ша әлеуметтік жеңілдіктер көзделеді. 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының 
белгілі компанияларының ұжымдық 
шартында бұрынғы қызметкерлер 
үшін жеңілдіктер қарастырылған 
және оларға әлеуметтік жеңілдіктер 
ұсынады. Топтың ағымдағы ұжымдық 
шарттарының тұрақты жаңарту шар-
тымен орташа қолданылу мерзімі (үш 
жыл) болады.
 102-41 
Топ компанияларының ұжымдық 
шарттарында қызметкерлердің еңбек 
жағдайларына әсер ететін Компания 
қызметіндегі елеулі өзгерістер туралы 
қызметкерлер мен олардың өкілдерін 
алдын ала хабардар ету міндеттемесі 
бар. Көптеген ұйымдарда хабарлау-
дың ең аз мерзімі төрт, ал бірқатар 
жағдайларда екі аптаны құрайды.
 402-1 
Бұдан басқа, Компанияның ұжымдық 
шартында мынадай аспектілерді ре-
гламенттейтін ережелер бар:
•  еңбек заңнамасына сәйкес қызмет-
керлерге еңбекақы төлеу нысаны; 
•  инфляция деңгейіне жалақы ин-
дексациясын жүргізуді бақылауды 
қамтамасыз ету; 
•  некеге тұру кезінде, зейнеткерлікке 
шығу кезінде, бала туу және отбасы 
мүшелерінің қайтыс болуы кезінде 
қызметкерлерге материалдық көмек 
төлеу және т. б; 
•  жұмыс уақыты және қызметкер-
лердің демалыс уақыты;
•  салауатты және қауіпсіз еңбек 
жағдайларын жасау; 
•  қызметкерлерді кәсіби даярлауды, 
қайта даярлауды және біліктілігін 
арттыруды ұйымдастыру; 
•  қызметкерлердің кепілдіктері мен 
әлеуметтік қорғалуы; 
•  қызметкерлерді сауықтыру және 
санаториялық-курорттық емдеу 
және демалыс;
•  қызметкер зейнеткерлік жасқа жет-
кенде жұмыс берушінің бастамасы 
бойынша еңбек шартын бұзған 
жағдайдағы өтемақы төлемдері;
•  ұжымдық шарттың тараптарымен 
анықталған басқа да мәселелер.
Әлеуметтік саясат, төлемдер және 
жеңілдіктер
Персоналға сыйақы беру жүйесінің 
ажырамас бөлігі — барлық қызмет-
керлерге кепілдік берілген ұжымдық 
шартта көзделген «Қазатомөнеркәсіп» 
ҰАК» АҚ қызметкерлеріне арналған 
әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер. 
Сондай-ақ, жасына немесе мүгедекті-
гіне байланысты еңбек шартын бұзған 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыс 
істемейтін зейнеткерлеріне әлеумет-
тік жеңілдіктер беру бөлігінде ерекше 
жеке жағдайлар көзделген.
Ұжымдық шартқа сәйкес қызметкер-
лерге әлеуметтік кепілдіктер мен 
жеңілдіктерді қамтамасыз ету үшін 
жыл сайын Кәсіподаққа «Қазатомө-
неркәсіп» ҰАК» АҚ жылдық жалақы 
қорының кемінде 2,5% бөлінеді. 
Кәсіподаққа 2018 жылы шамамен 200 
млн. теңге бөлінді.
Бұдан басқа, жыл сайын «Қазатомө-
неркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы 
қызметкерлерін медициналық сақтан-
дыруға ақшалай қаражат бөлінеді 
(2018 жылы 822 млн.теңгеден астам 
қаржы бөлінді).
Қызметкерлерге көрсетілетін мате-
риалдық көмек санаториялық-ку-
рорттық емдеуге және басқа да 
сауықтыру іс-шараларына, бала туған 
кезде, жұмыскерлер зейнеткерлік-
ке шыққан кезде, 18 жасқа дейінгі 
мүгедек балалары бар отбасыларына, 
көп балалы отбасыларға, қызметкер 
қайтыс болған жағдайда, қызмет-
кердің мерейтойы күніне және басқа 
да жағдайларға байланысты төлемге 
бағытталған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыс 
істемейтін зейнеткерлері үшін: 
мемлекеттік, кәсіби мерекелерге, ме-
рейтой күндеріне, жұмыс істемейтін 
зейнеткер қайтыс болған жағдайда, 
сондай-ақ оларға медициналық 
қызмет көрсетуде материалдық көмек 
көзделген.
Топ кәсіпорындарының ұжымдық 
шарттарында жоғарыда көрсетіл-
гендерге ұқсас қызметкерлерді 
әлеуметтік қолдау шаралары немесе 
өзге де әлеуметтік қолдау шаралары 
да бар. Топтың кейбір кәсіпорындары 
Қазақстан Республикасының заңнама-
сымен кепілдік берілген нормалардан 
тыс жеңілдіктер береді.
Топ кәсіпорындарында толық және 
ішінара жұмыспен қамтылған қыз-
меткерлердің жеңілдіктеріне қатысты 
айырмашылығы жоқ.
 401-2 
Бұдан басқа, ЕТҰ-ны жою/қайта 
құрылымдау кезінде қызметкерлерге 
жәрдемдесу ретінде:
•  кәсіпорын тобына аутсорсинг 
бойынша қызмет көрсететін Топ 
кәсіпорындары мен ұйымдарға қыз-
меткерлердің жұмысқа орналасуына 
жәрдем көрсету;
•  персоналды қайта даярлауға бағыт-
талған әр түрлі бағдарламаларды 
іске асыру;
•  өтемақы төлеу.
 404-2 
80 | Жылдық есеп. 2018
             3. Орнықты даму 


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау