КҮРДЕЛІ РЕСУРСТАР
Топтың өтімділігіне қойылатын талап-
тар, негізінен, айналым капиталын
қаржыландыруға, күрделі шығындарға
және борышқа қызмет көрсетуге қаты-
сты. Топ, негізінен, ақша ағындарына
операциялық қызметтен, сондай-ақ аз
дәрежеде айналым қаражатын қаржы-
ландыру және қажетті ұзақ мерзімді
қаржыландыру үшін қаржыландыру-
дың сыртқы көздерінен тарихи тәу-
елді болды. Компания болашақта Топ
бұрынғыдай операциялық қызметтен
ағындар қозғалысына байланысты
болады деп күтуде. Оның үстіне,
Компания белгілі бір инвестициялық
жобаларды қаржыландыру туралы
келісімдер жасау мүмкіндігін қарасты-
ра алады. Топ, сондай-ақ, өнеркәсіптік
серіктестермен бірлескен кәсіпорын-
дар құру есебінен өз қызметі үшін
капитал алады және бұрындары бо-
рыштық капиталдың халықаралық на-
рықтарында қаржыландыру тартқан.
АЛЫНҒАН ДИВИДЕНДТЕР
Сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларында, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қаржы-
қаражатын басқару кезінде қаржылық орнықтылықты сақтауға ерекше назар
аударады. Қаржы-қаражатты басқару саясаты үздіксіз қызметті және бизнестің дамуын
қамтамасыз етуге қабілетті капиталдың тұрақты базасын қолдауға бағытталған.
Компания Топ үшін негізгі компа-
ния болып табылады және өзінің
бизнес-операцияларынан түсетін
кірістен басқа, өзінің еншілес ком-
панияларынан, БК мен қауымдасқан
компаниялардан және басқа инвести-
циялардан дивидендтер мен басқа
да төлемдерді алады. 2017 және 2018
жылдары Топ 36 486 млн теңге және 12
773 млн теңге көлемінде дивидендтер
алды. 2018 жылдағы төмендеу, негізі-
нен, Топ құрылымының өзгеруіне бай-
ланысты болды (толығырақ 30-бетте
«Компания активтерінің құрылымы»
қараңыз). Компания өзінің дауыс беру
құқығын еншілес ұйымдардан, БК мен
қауымдасқан компаниялардан диви-
дендтік ағындарды барынша арттыру
үшін пайдалануға ұмтылады. Компа-
нияның Қазақстан Республикасындағы
инвестициялар объектілерінен алған
дивидендтеріне дивиденд салығы
салынбайды.
2018 жылы Компания «Самұрық-Қазы-
на» Қорының атына 161 661 млн теңге
мөлшерінде дивиденд төледі.
АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
Төменде келтірілген кестеде Топтың
2017 және 2018 жылдары 31 желтоқ-
сандағы жағдайы бойынша айналым
капиталы көрсетілген.
2.6
Өтімділік және күрделі
ресурстар
Көрсеткіш
2017 жыл
(1)
2018 жыл
(2)
Ауытқу
Тауарлық-материалдық қорлар
169 675
170 261
–
Дебиторлық берешек
58 085
94 477
63%
Өтеуге ҚҚС
24 182
29 799
23%
Басқа да ағымдағы активтер
18 396
18 322
–
Алдын ала төленген пайда салығы
5 493
4 366
(21)%
Кредиторлық берешек
(112 642)
(51 534)
(54)%
Қызметкерлерге сыйақылар
(173)
(147)
(15)%
Пайдаға салынатын салық бойынша міндетте-
мелер
(5 618)
(977)
(83)%
Басқа да салықтық және міндетті төлем міндет-
темелері
(4 168)
(10 711)
157%
Басқа да ағымдағы міндеттемелер
(14 349)
(30 319)
111%
ТАЗА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
138 881
223 537
61%
(1)
2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша МАЭК көрсеткіштерін қамтиды.
(2)
Топтан шығаруға байланысты МАЭК көрсеткіштерін қамтымайды.
Топтың айналым капиталы, млн теңге
58 | Жылдық есеп. 2018
2. Қаржылық және операциялық қызметке шолу