Жылдың басты оқИҒалары


VII. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. ЖЕКЕ ЖҰМЫС



жүктеу 6,02 Mb.
бет22/40
Дата14.05.2018
өлшемі6,02 Mb.
#13231
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40

VII. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. ЖЕКЕ ЖҰМЫС



Оқырмандар санаты (топтар)

Оқырмандар саны

%

Жұмыскерлер.

1437

8,4

Солардың ішінде, құрылысшылар


84

0,5

жүргізушілер

34

0,2

металлургтер

1119

6,5

электриктер

24

0,1

слесарлар

17

0,1

басқа мамандықтар

159

0,9

Қызметкерлер.


1593

9,3

Солардың ішінде:







білім беру саласының қызметкерлері

769

4,5

финансистер мен экономистер

283

1,6

медицина қызметкерлері

73

0,4

мемлекеттік қызметшілер

17

0,09

инженерлік техникалық сала қызметкерлері

134

0,8

басқа мамандықтар

317

1,8

Жеке кәсіпкерлер

25

0,1

Жұмыссыздар

113

0,7

Мектеп оқушылары. Соның:

жасы 15-ке дейінгі балалар

8327

49

15-24 арасындағы жастар, олардың ішінде

4088

23,9

ЖОО студенттері

1202

7,2

Басқалар (зейнеткерлер мен үй шаруасындағы адамдар)

325

1,9

Барлығы

17110

100



Маркетинговые исследования, социологические опросы, анкетирование (анализы)

Социологиялық зерттеулер халықтың білім беру, ақпараттық және мәдени қажеттіліктерін ескеретін, жергілікті өзін-өзі басқару және жоғарыда тұрған ұйымдармен қарым-қатынас «қалыптастыруға», кітапхана жұмысына назарларын аудартуға, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің нарықтағы орнын анықтауға және т.б. таптырмайтын ақпарат көзі болып табылады.

Әр кітапхана өз оқырмандарына кітап таңдауда оларға пәрменді және мақсатты көмек көрсете отырып, пайдаланушылардың мүдделерімен сұраныстарын қанағаттандыруға ұмтылады. Бұл кітапханашы өз оқырмандарының мәдени деңгейін, қажеттіліктерін білсе ғана көрсетіледі. Осыған орай кітапхана қызметкерлері пайдаланушылардың қызығушылықтарын анықтауға зерттеулер жүргізді.

2017 жылдың 1 тоқсанында «Жастар қандай кітап оқиды?» тақырыбында сауалнама жүргізілді (С.Сейфуллин атындағы ОҚК).

Соңғы он жылдықта Қазақстанда кітап пен кітап оқу адамдардың өмір салтындағы қажетсіз атрибутқа айналды. Қазіргі жастар алдыңғы буын өкілдері секілді кітап оқуға аса құштар емес, дегенмен аз да болса оқиды. Сонымен бірге, оқырмандардың оқырман әдеттері де қарқынды өзгеріске ұшырауда. Кітап оқу мәртебесі, ұзақтығы (бос уақыттағы оқу уақыты), сипаты, баспа мәтінімен жұмыс тәсілі, оқу шеңбері, оқу сарыны мен оқуға деген ынта да өзгеріске ұшырауда. Кітаптар адамдарды өтірік пен шындықты, адалдық пен арамдықты, жақсы мен жаманды айыра білуге, өзін-өзі түсінуге жетелейді. Кейде кітап оқу рақат пен жан тыныштығын берсе, енді бірде ашу мен ызаны тудырады.

Аталған сауалнама мақсаты оқушылар мен студенттердің қандай кітап оқитынын және не үшін кітап оқитынын анықтау, заманауи жас оқырманның оқырман портретін жасауға ұмтылу болды. Зерттеуге 15-21 жас аралығындағы 47 респондент, негізінен АОО студенттері қатысты.

Кітап оқу жүйелілігіне келсек, сауалнамаға қатысушылардың 47%-ы аптасына 1 рет кітап оқиды, 16%-ы - күнде, 1%-ы - айына 1 рет не одан да сирек оқиды екен

Заманауи оқырманның оқырман портретін жасауда оның қандай кітап оқитынын сипаттауды қажет етеді.

Сауалнамаға жауап берушілерге ұсынылған тізімнен өздеріне ұнайтын шығарма жанрларын таңдау ұсынылды. Нәтижесі мынадай: бірінші орында – фантастика (47%), оқиғалар мен детективтерді қатысушылардың 27%-ы таңдаған. Жас оқырмандар тарихи шығармалар (15%) мен басқа да жанрларға көңіл бөледі екен.

Сауалнамаларға қатысушылардың 45,1% кітапты негізінен С.Сейффулин атындағы Орталық қалалық кітапханадан, 29%-ы басқа филиалдардан және 25,9%-ы үйлеріндегі кітапханадан алады екен.

Келесі кезекте жастарды көркем әдебиетті оқуда не қызықтыратынын анықтадық. «Кітап оқу сен үшін ...» сөйлемін толықтырулардан байқағанымыз оқудың танымдық рөлі бірінші орында емес. Қуантатын бір жайт сұралғандардың басым бөлігі үшін кітап оқу бос уақытты өткізу тәсілі екені:



  • демалыс - 19%

  • маңызды сұрақтарға жауап табу – 33%

  • тапсырмаларды орындау қажеттігі - 37%

Жауаптардың ішінде көңіл көтеру, жаңа білім алу, қызығушылық, өздігінен білім алу деген сияқты оқырмандардың өз жауаптары да болды.

Балалар өз достарына М.Әуезовтың «Абай жолы», І.Есенберлиннің «Көпенділер», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Ч.Абдуллаевтың детективтері, В.Пановтың «Тайный город», Антуан де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» және т.б. кітаптарды оқуға кеңес береді.

Қорытындылай келе, жас буын өкілдері аз оқыса да, барлық жанрлардағы әдебиетті оқиды, дегенмен детективтер, оқиғалар, фантастика сияқты шытырман сюжетті кітаптарды көбірек таңдайды. Алайда, сүйікті авторлар мен әдеби кейіпкерлер туралы сұрақтарға жауаптарды талдай келе, негізінен оқу орындары бағдарламасындағы шығармаларды оқиды екен. Осыған орай, кітапхана өз жұмыс тәжірибесінде заманауи жас оқырмандарды алаңдататын, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне жауап беретін, тұлғааралық қатынастар, руханият, гуманизм мен адамгершілік сұрақтарын қозғайтын «бағдарламалық емес» көркем әдебиетті насихаттауға бағытталған, креативті мазмұндағы іс-шараларды пайдалану керек.

2017 жылдың 3 тоқсанында «Қағаз кітап пен электрондық кітаптың қайсы жақсы?» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізді (С.Сейфуллин атындағы ОҚК). Сауалнамаға 67 адам қатысты. Сауалнамаға жауап берушілердің басым бөлігі кітапхананың тұрақты оқырмандары болып табылады.

«Сіз көркем әдебиет оқисыз ба (оқу бағдарламасы бойынша емес, өзіңіз үшін)?» деген бірінші сұраққа қатысушылардың барлығы да (100 %) «иә» деп жауап берді.

Сауалнамаға негізінен әйел адамдар қатысты – 59 адам.

Қатысушылардың жас ерекшеліктері 18 бен 69 жас аралығында: 18-24 (27а.- 40,3%), 22-37 (23а- 34,3%), 49-55 (7 а.- 10,4%), 55-69 (10а.- 14,9%).

Білім деңгейлері: орта – 15 (22,3 %), орта арнаулы – 32 (74,8%), аяқталмаған жоғары – 6 (8,9 %), жоғары – 14 (20,9 %).

Сауалнамаға қатысушылардың жұмыс түрі: студент – 25 (37,3 %), қызметкерлер – 15 (22,3 %), зейнеткерлер – 8 (11,9%),

Қандай жанр сізге жақын? Қызығушылықтар келесідей болды: басым көпшілігі прозаны: фантастика, мистика және оқиғалар, детективтер мен тарихи романдарды оқыса, кейбір оқырмандар психология және философияға қатысты әдебиетті, сол сияқты өзін-өзі дамытуға арналған кітаптарды оқиды екен.

Сіз электрондық әлде дәстүрлі (баспа) кітаптарды қалайсыз ба? Неліктен? Сауалнамаға қатысқан 67 адамның тек төртеуі ғана электрондық кітапты қалайды екен, себебі электрондық кітап «қолайлы, арзан, сәнді». Осы 4 адамның үшеуі электрондық та, баспа кітапты да қатар оқи береді екен.

Басқа қатысушылар тек баспа кітаптарды оқығанды жақсы көреді. Себептер әр түрлі: біреулер «әдет» десе, енді біреулер «кітапты қолмен ұстап, парақтағанды» ұнатады екен.



Интернет баспа кітапты ығыстыра алады ма?

Жауаптардың нұсқалары: иә, бірақ толықтай ығыстыра алмайды; жоқ деп сенемін, электрондық және баспа кітап әлі ұзақ уақыт бойы бірге қолданылады.

Бұл сұраққа 67 қатысушының үшеуі ғана болашақта электрондық кітаптар ғана қалады деп жауап берген. Он бір адам электрондық кітап пен баспа кітап ұзақ уақыт қатар қолданыста болады десе, қалған қатысушылар баспа кітаптар әрқашан қолданыста болады деп санйады.

Баспа кітаптың айналымнан біржола кеткенін қалайсыз ба?

Сұралғандардың ешбірінің кітаптың қолданыстан алынуын қаламайтыны қуантты. Сауалнама қорытындысы кітап әлі талай жыл өзінің негізгі қызметін атқарады деген сенім ұялатты.

Қарыштап дамып жатқан мына әлемде оқырмандардың да қалаулары өзгеруде. Бұрынғы әдеби дәстүрлердің орнын жаңа көзқарастар ығыстырған құбылмалы әлемде кітап пен кітап оқудың рөлі әлі де маңызды. Кітапхананың негізгі міндеті – оқырмандарды көркем әдебиетті оқуға тарта отырып, кітап оқуға деген қажеттілікті әдетке айналдыру болып табылады.

Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға ақпараттық-кітапханалық көмек

Кітапхана қызметкерлері әртүрлі бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді. Бұқаралық іс-шаралардың нысандарының әртүрлі болуы уақыт талаптарына және оқырмандардың сұранымына сай.
Балқаш қаласының 80 жылдығы

Наурыз мейрамын мерекелеу және қаламыздың 80 жылдық мерейтойы аясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және орталықтандырылған кітапхана жүйесі әжелер арасында «Отбасылық салт-дәстүр» атты байқау ұйымдастырды. Байқауды өткізудегі басты мақсат өскелең ұрпақ арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау. Сондай-ақ, қаламыздың бұрымды қыздары арасында «Бұрымды қыз» байқауын ұйымдастырды. Ару қыздарымыз шаш күтімен бөлісіп, салт-дәстүр, қазақ тілінен білімдерін сынаумен қатар, өз өнерлерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды – Мұхтархан Н., 2- ші орынды – Арманқызы А., 3-ші орынды – Рүстемова Ж.иеленіп,жеңіске жетті. Барлық қатысушы арулар алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.




С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана қаламыздың 80 жылдығы аясында «Балқаш қаласының құрметті азаматы», Медицина саласының үздігі, дәрігер Тоқашова Жеңіс Тоқашқызымен «Мейірімі мол жан» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесу қонақтары Балқаш қаласының орталық ауруханасының кәсіподақ ұйымының төрайымы Ахметжанова Г.С. Самоджанқызы, осы аурухананың медбикесі Филиппова Е.П. келіп қатысты. Шараға қатысқан Балқаш медициналық колледжінің студенттері өнегесі мол, тәжірибелі дәрігердің өмірі мен қызмет жолынан мағлұмат алып, сұрақтарына жауап алды. Алматы обылысындағы Н.Бозжанов атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген дәрігердің сол кездегі бағаларын мектеп директоры Аманжолова Г.А. видео құттықтауында көрсетіп, Ж.Тоқашқызымен мақтанатындарын айтып өтті. Ж.Тоқашқызының әріптестері, шәкірттері Галиева Г.К. мен Терлікбаева Р.М. видео құттықтау лебіздері тамашаланды. Жеңіс Тоқашқызының жемісті еңбек жұмысының қызығы мен қиындықтарымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерімен бөлісті.


жүктеу 6,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау