Жылдарға арналған Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы



жүктеу 264 Kb.
бет1/3
Дата01.02.2020
өлшемі264 Kb.
#27944
  1   2   3

Павлодар облысының білім беру басқармасы

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі



2018-2020 жылдарға арналған Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

 

 



 

 

 



 

 





Қазақстан Республикасы

еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелген « » ___ 2018 ж.

№ ____тіркеу берілген

________________________________

Аты-жөні (қолы, мөрі)

 

 



 

 

Павлодар қ.



1. Жалпы ережелер
1.1. Бұл салалық келісім (әрі қарай – Келісім) білім және ғылым саласындағы қызметкерлер мен жұмыс берушілер тараптары мүдделерінің келісімі және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу мақсатындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалды.

1.2. Тараптардың өкілетті өкілдері:

Жұмыс берушілер тарапынан – Павлодар облысының білім беру басқармасы (мәтін бойынша әрі қарай – «Басқарма»);

Қызметкерлер тарапынан – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ (мәтін бойынша әрі қарай – «Кәсіподақ»).

1.3. Бұл Келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Кәсіподақтар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттеріне, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ережесіне, 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметкерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімінің нормаларына негізделеді.

1.4. Басқарма мен Кәсіподақ (мәтін бойынша әрі қарай – «Тараптар») әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу келісіміне, осы Келісім міндеттерін уақытылы және толық көлемде орындау жөнінде өзара тығыз қарым-қатынасты дамыту туралы келісімге келді.

1.5. Басқарма Кәсіподақтың білім және ғылым қызметкерлерінің өкілетті өкілдігі екендігін, ұжымдық келіссөздер жүргізу, салалық ұйымдардағы ұжымдық шарттар мен барлық әлеуметтік әріптестіктер деңгейіндегі салалық келісімдерді жасау құқығын мойындайды, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкіл болу ісіндегі қызметін нығайтуға міндетті.

1.6. Білім жүйесіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі негізгі қағидаттарын орнататын әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде Тараптар осы Келісімнің мәртебесін мойындайды.

1.7. Осы келісімнің өрісі білім беру органдары, жұмыс берушілер және Кәсіподақ ұйымдарына таралады.

1.8. Осы Келісімнің негізгі ережелері Басқарманың және Кәсіподақтың құрылымына кіретін салалық, қалалық және аудандық келісімдеріне, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық шарттарға енгізілетін негіз болып табылады.

Осы Келісім мен еңбек заңнамаларымен белгіленген еңбек және ұжымдық шарттар қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерін бұзбауы тиіс.

1.9. Осы келісімнен туындайтын ережелер минималды болып есептеледі, олар қалалық және аудандық келісімдер мен салалық ұйымдарда ұжымдық шарттар жасаған жағдайда аталмыш ережелер қалыс қалмауы тиіс.

Келісім бойынша жұмыс берушілер ұйымдардағы жасалған (қабылданған) ұжымдық шарт негізіндегі қызметкерлерге деген жоғары міндеттемелер мен кепілдіктердің көлемі шектелмейді.

1.10. Осы Келісімді жасау бойынша жүргізілетін ұжымдық келіссөздер немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін, сонымен қатар оның жүзеге асу барысын қадағалау, жоспарланған мәселелер мен туындап жатқан даулы жағдайларды қарастыру үшін тең дәрежедегі әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі үнемі жұмыс жасайтын Салалық комиссиясы құрылады.

Салалық комиссия құрамын Тараптар өздері айқындайды.

Комиссияның Ережесі, жұмыс тәртібі, Салалық комиссия қызметі мен құзыреті комиссияның қаулысымен бекітіледі. Салалық комиссия өздерінің отырысын күнтізбелік жылдың ішінде қажеттілігіне байланысты екі мәртеден кем емес қалыпта өткізеді.

1.11. Осы Келісімнің орындалмауы жағдайында мүдделі тұлғалар осы Келісімге қол қойған салалық комиссияны немесе басшыларды жазбаша түрде хабардар етеді. Тараптар келіп түскен (ұсынылған) ақпаратты талқыға салып, тиісті шешім қабылдайды.

1.12. Кәсіподақ органдардың барлық деңгейде қабылдайтын шешімдері, ұжымдық шарттардың ережелері салалық комиссияның қабылдайтын әлеуметтік әріптестік жөніндегі шешімдер мен бас, салалық және аймақтық келісімдерге сәйкес болуы тиіс.

1.13. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге тараптардың құқықтары бар. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастама жасаған тарап Келісім жасаудың тәртібі негізінде келіссөз жүргізу туралы екінші тарапқа жазбаша ұсыныс жолдайды.

Келісімге енгізілетін тараптардың өзгерістері мен толықтырулары осы келісімнің ажыратылмайтын бөлігі болып саналатын жеке хаттамамен және қосымша келісіммен рәсімделеді.


2. Әлеуметтік әріптестіктің дамуы мен Келісім тараптарының әрекеттерін үйлестіру
2.1. Осы келісімнің тараптары өз мойындарына келесі міндеттемелерді алады:

2.1.1. Әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында аталмыш Келісімнің реттеу құралы болып табылатын еңбек қатынастары, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, қабылданған шешімдер мен нормативтік-құқықтық актілер жөніндегі мәселелер туралы уақытылы да толық ақпаратты екі тарап бір-біріне жолдау.

2.1.2. Салалық аймақтық келісімдердің және ұйымдардағы ұжымдық шарттардың тиімділігі мен пәрменділігін (ықпалдылығын) көтеруге, оны жасауға барынша ықпал ету.

2.1.3. Заңнамамен белгіленген жеке-дара және ұжымдық еңбек тартыстарын шешу тәртібін сақтау, қызметкерлер тарапынан төтенше шарамен шешу жолын, яғни ереуіл тудыруды алдын алу мақсатында пайда болатын дауларды шешуде, оларды болдырмау жағдайындағы барлық құқықтық мүмкіндіктерді пайдалану.

Еңбек дауларын, ұжымдық еңбек дауларын, ереуілдерді алдын алу жөнінде бірлесіп шаралар өткізу.

Тиісті жағдайда Салалық комиссия шешімімен тең негізде:

- еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөнінде Кеңес құру;

- ұжымдық еңбек дауларын алдын алу мен олардды шешу мәселелері жөнінде Кеңес құру;

- келісімдерді, ұжымдық шарттарды қабылдау және жасау кезіндегі бақылаушылар тобын құру.



2.2. Басқарма:

2.2.1. Еңбек қатынастары мен әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты Кәсіподақ өкілдерін мемлекеттік салалық бағдарламалар, нормативтік құқықтық актілер бойынша жасалатын (қабылданатын) жобалар жөніндегі коллегиялық (алқалық) басқару органдарына, комиссияларына, және басқа да жұмыс органдарына (топтарына) қосады.

2.2.2. Кәсіподақпен кеңестер жүргізеді, Кәсіподақтың сұрауы бойынша қызметкерлер құрамы мен саны, еңбек төлемінің жүйесі, персоналдардың санаттары бойынша орташа жалақыларының көрсеткіші, еңбекті қорғау жағдайының көрсеткіші, қызметкерлер санын (штатын) жаппай қысқарту шараларын жүргізу мен жоспарлау, білім және ғылым саласындағы қаржылық қамтамасыз етудің мемлекеттік органдар тарапынан қабылданған шешімдері, әлеуметтік-еңбек мәселелері туралы қажетті ақпараттарды ұсынады.

2.2.3. Кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдары өкілдерінің білім беру ұйымдарының басқарушы органдары жұмыстарына қатысуға ықпал етеді (қамқорлық, педагогикалық кеңестер және т.б.).

2.2.4. Білім беру ұйымдарының рейтінгісін айқындау барысында ұжымдық шарттың болуын ескеру.

2.3. Кәсіподақ:

2.3.1. Басқарманың сұрауы бойынша Кәсіподақ құрамы, саны, статистикалық мәліметі, Кәсіподақтың ұйымдары, еңбек заңнамалары мен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің орындалуы, саладағы әлеуметтік әріптестік туралы ақпаратты және басқа да мәліметтерді ұсынады.

2.3.2. Жұмыс берушілер өкілдерімен еңбек заңнамаларының негіздері, кәсіптік одақтар туралы заңнамалар, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестікті құқықтық реттеу мәселелері жөнінде белсенді оқу жұмыстарын жүргізеді.

2.3.3. Жасалған салалық аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттардың есебін (жүргізілуін) қамтамасыз етеді, талдау жасап, жалпылайды, алдыңғы қатарлы тәжірибесін әлеуметтік әріптестік саласында таратады (ендіреді).


3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары
3.1. Тараптар келесі міндеттемелерді мойындарына алады:

3.1.1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоспарын орындауға бағытталған әрекеттерді бірігіп белсенді орындау (атқару).

3.1.2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарын жалғастыру. Жергілікті билік органдарымен бірлесіп сала қызметкерлеріне әлеуметтік, экономикалық қолдау көрсетіп, білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен (кадрлармен) қамтамасыз ету.

3.2. Басқарма міндеттері:

3.2.1. Саланың басымды дамуы үшін облыстық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру мәселесін уақытылы шешу, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау, балалар мен жастарға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

3.2.2. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссияға жылына бір рет саладағы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде ақпараттарды ұсыну.

3.3. Кәсіподақ міндеттері:

3.3.1. Мемлекеттік бағдарламаның талап ететін міндеттерін шешуде еңбек тәртібін нығайту, еңбек ұжымдарын шоғырландыру үшін кәсіподақ жұмысындағы барлық нысандарды (формаларды) пайдалану.

3.3.2. Педагогтың қоғамдағы жағымды имиджін қалыптастыру бойынша кәсіби конкурстар (байқаулар), акциялар (науқандар), БАҚ-пен бірлескен жобалар, форумдар, слеттер, дөңгелек үстелдер және тағы басқа шаралар жүргізу жұмыстарын даярлауға қатысу.

3.3.3. Кәсіподақ мүшелеріне тегін заң-құқықтық, кеңестік көмек көрсету, кәсіподақ ұйымдарының қызметтерін құқықтық қорғауда атсалысу.
4. Еңбек қатынастары
4.1. Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары ҚР еңбек заңнамасымен, Бас келісіммен, осы салалық келісіммен, білім беру ұйымдарындағы ұжымдық шарттармен реттеледі.

4.2. Еңбек шартының мазмұны, оның жасалу тәртібі, өзгертілуі мен бұзылуы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, басқа заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерге, білім беру ұйымдарының жарғыларына (ережелеріне) сәйкес анықталады және қолданыстағы еңбек заңнамаларымен, сонымен қатар Бас келісіммен, тарифтік салалық, аймақтық, осы келісіммен салыстырғанда қызметкердің жағдайы төмендетілмейді.

4.3. Қызметкермен еңбек шарты жазбаша түрде, жұмыс беруші мен қызметкердің қолдары қойылған екі нұсқада жасалады. Еңбек шарты еңбек шарттарын есепке алатын кітапта (журналда) тіркеледі. Тараптардың қолдары қойылған, білім беру ұйымының мөрі соғылған еңбек шартының бір нұсқасы қызметкерге беріледі. Екінші нұсқаның қызметкер қолына берілгендігі туралы еңбек шарттарын тіркейтін кітапта (журналда) белгі болады.

Еңбек шарты жұмысқа шығуы туралы бұйрық шығаруға негіз болады.

4.4. Тұрақты сипаттағы жұмысқа қызметкерді қабылдауда жұмыс туралы еңбек шарты белгісіз мерзімге немесе кемі бір жылға қабылдануы мүмкін. Бұл ереже қызметкердің қосымша жұмыс атқаратын жағдайда жасалатын еңбек шарты болып табылады.

Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны екі реттен аспайды. Еңбек қатынастары жалғастырылған кезде еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі; белгілі бір жұмыстың орындалу барысында; уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытында; маусымдық жұмысты орындау барысында. Егер тараптардың ешқайсысы еңбек шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе, еңбек шарты ұзартылады.

Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда тараптардың ешқайсысы жұмыс күні ішінде еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабардар етпесе ол бұрын жасалған дәл сол мерзімге ұзартылған деп есептеледі.

4.5. Еңбек шартының талаптары ҚР Еңбек кодексімен белгіленген тараптардың жазбаша түрде келісімдері бойынша ғана өзгертіле алады.

Жұмыс беруші, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабарлаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, еңбек жағдайының (талаптарының) өзгеруі туралы білім беру ұйымдарының басшылары қызметкерді және бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін өзгеріс енгізілетіннен он бес күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде ескертулері тиіс.

4.6. Педагогикалық қызметкерлерге оқу жүктемесінің көлемі (педагогикалық жұмысы) кәсіподақ комитетінің пікірін назарға ала отырып, оқу жоспарының сағатымен, оқу бағдарламасымен, кадрлардың қамтамасыз етілуімен, басқа да белгілі талаптармен белгіленеді.

Педагогикалық қызметкердің оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында ескеріледі, сонымен қатар қызметкердің жазбаша келісімімен тараптар өзгерістер енгізулері мүмкін.

Сыныптардың, топтардың және жаңа оқу жылында оқу жүктемелерінің анықтау мақсатында оқу жылы аяқталмас бұрын және қызметкерлердің жазғы демалыстарына шықпай тұрып алдын ала қызметкерлердің оқу жүктемелерінің көлемі белгіленеді.

Жұмыс беруші педагогикалық қызметкерлерді кезекті еңбек демалысына дейін оларды жаңа оқу жылына алдын ала оқу жүктемесінің көлемімен жазбаша түрде таныстыруы тиіс. Жаңа оқу жылының басталуымен нақты оқу жүктемесі алдын ала белгіленген оқу жүктемесінің көлемімен білім беру ұйымындағы штаттық кестесінің өзгеруіне, тәлімгерлер (оқушылар) контингентінің толымдауына, оқу жоспарының өзгеруіне орай сәйкес келмеуі мүмкін.

4.7. Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесін белгілеу кезінде қызмет атқаратын ұйым негізгі жұмыс орны болып саналатын болса, онда олардың оқу жүктемесінің көлемі, сыныптардағы, топтардағы оқу жоспары мен көлемі толық сақталады. Әкімшіліктің бастамасымен бұл санаттағы педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемін оқу жылының басында да және келесі жаңа оқу жылында да азайту мүмкін емес, тек оқу жоспары мен бағдарламасының, сыныптардың азаюына байланысты ғана төмендеуі мүмкін.

Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесі оқу жоспарымен бекітілетін сағаттар санына байланысты бірінші және екінші жартыжылдықта әртүрлі болулары мүмкін.

Педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі заңнамамен айқындалған нормативтен жоғары не төмен болу жағдайы қызметкердің жазбаша келісімімен бекітіледі.

4.8. Негізгі жұмыс орнында қызмет атқаратын педагогикалық қызметкерлер оқу жүктемесінің көлемі 1 ставкадан кем емес болса, онда білім беру ұйымында қызмет ететін негізгі жұмыс орны болып саналатын педагогикалық қызметкерлерге, сонымен қатар басқа білім беру мекемесінің педагогикалық қызметкерлеріне (оның ішінде білім беру басқармасы органдарының, оқу-әдістемелік кабинеттері, орталықтар қызметкерлері) қосымша жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

4.9. Үш жасқа дейінгі бала күтімі демалысында жүрген педагогикалық қызметкерлер үшін оқу жүктемесі жалпы негізде белгіленіп, олардың жүктемесі басқа қызметкерлерге беріледі.

4.10. Оқу жүктемесі демалыс және мереке күндеріне жоспарланбайды.

4.11. Еңбек шартындағы еленетін немесе ұйым басшысының бұйрығымен оқу жылы ішінде педагогикалық қызметкерлердің бір жылдың ішіндегі оқу жүктемесімен салыстырғанда оның жоғары не төмен өзгеруі келесі жағдайда мүмкін:

а) екі тараптың өзара келісімі бойынша;

б) жұмыс берушінің бастамасымен келесі жағдайда:

- оқу жоспары мен бағдарламасы бойынша сағат санының азаюында, сыныптардың, топтардың қысқаруында;

- жұмыста жоқ қызметкерді уақытша алмастыру үшін өндірістік қажеттілікке байланысты оқу жүктемесінің көлемін уақытша көтеру (қызметкердің келісімінсіз оқу жүктемесінің ұзақтығын ұлғайту күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы тиіс);

- қаңтарылу, жұмыстың бос тұруы кезінде, ұйымдағы (мекемедегі) жұмыстың қаңтарылуына (бос тұруына) байланысты қызметкерге өзінің мамандығы мен біліктілігіне сәйкес басқа жұмыс немесе басқа мекемеде жұмыс тапсырылған жағдайда бір айға дейін ғана мерзім беріледі (ауа райына байланысты сабақтардың болмауы, карантин және басқа да жағдайлар),

- бұрын осы оқу жүктемесін атқарған педагогикалық қызметкердің жұмыс орнындағы еңбек дауын қарастырып, оны тиісті органдардың шешімімен қайта қызметке алғанда;

- бала күтіміне байланысты еңбек демалысынан шыққан мерзімде немесе аталмыш еңбек демалысының аяқталуына байланысты әйелдің (қызметкердің) жұмысқа шығуы жағдайында.

4.12. Еңбек шартын жасау барысында жұмыс беруші немесе оның өкілетті өкілі қызметкердің қолын қойғыза отырып, оны осы келісіммен, білім беру ұйымының Жарғысымен (Ережесімен), ішкі еңбек тәртібімен және ұйымның қолданыстағы басқа да еңбекке қатысты нормативтік құқықтық актілерімен таныстыруы керек.

4.13. Қызметкермен еңбек шарты тек Қазақстан Республикасының Еңек кодексімен белгіленген немесе ҚР басқа да заңдары негізінде ғана тоқтатылуы мүмкін.

Жұмыс берушілер қызметкерлердің дербес деректерін жинап, оларды өңдеу және қорғау (сақтау) жөнінде келесі міндеттерді мойындарына алады:

1) қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға дербес деректер туралы мәлімет бермеу;

2) қызметкерлердің дербес деректеріне рұқсатты тек арнайы өкілетті органдардың қызметкерлеріне ғана беру. Бұл орайда аталмыш арнайы өкілетті органдардың тұлғалары құзыреттік міндеттеріне орай қызметкер туралы нақты керек деректі ғана және алынған деректерді құпиялылықта ұстау керек.

3) ұйым ішінде қызметкердің жеке дербес деректерін тарату жұмыс берушінің жазбаша актісі негізінде қызметкердің танысуымен ғана жүргізілуі тиіс.
5. Қызметкерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру
5.1. Тараптар келесі келісімдерге келді:

5.1.2. Жұмыс берушінің міндеттері:

5.1.2. Барлық қызметкерлердің кәсіби даярлығын, қайта даярлығын және біліктіліктерін арттыруын ұйымдастыру.

5.1.3. Бес жылда бір рет бюджеттік қордың қаражатына білім беру ұйымдарындағы педагогикалық және медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруы міндетті.

5.1.4. Қызметкердің жұмыстан босатылу мен басқа қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде жұмыстан босатылып жатқан қызметкерді жаңа жұыс орнына орналастыру мақсатында озық оқумен қамтамасыз етуі міндетті.

5.1.4. Қызметкерді біліктілігін арттыруға оқуға жіберген кезде оның жұмыс орнын (лауазымын), жұмыс орнындағы еңбекақысын сақтау, егер қызметкер оқу мақсатымен басқа жерге жіберілетін болса, онда қызметтік іссапарға жіберілетін тұлғалар үшін заңнамамен төленетін іссапар шығындарын (тәуліктік, жол шығындары, қонақ үй шығындары) төлеуі міндетті.

5.1.5. Білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру.

Аттестаттау нәтижесіне байланысты алынған біліктілік санаттарына жаңа оқу жылынан бастап қосымша ақы белгілеу, ал педагогикалық емес санаттағы қызметкерлерге біліктілік алынған күннен бастап қосымша ақы төлеуі тиіс.

Білім беру ұйымдарындағы медициналық қызметкерлердің аттестатталуы денсаулық сақтау қызметкерлеріне белгіленген заңнамамен қарастырылады.
6. Қызметкерлерді жұмыстан босату және олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету
6.1. Еңбекпен қамту, жұмыскердің біліктілігін арттыру саласында, кәсіби білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді жәрдемдесуге тараптар міндет алады.

6.2. Тараптар келісті:

6.2.1. Жұмыс берушілер тарапынан бастауыш кәсіподақ ұйымына қызметкерлердің саны немесе штаттың қысқару жөнінде жазбаша түрде бір ай бұрын хабарлама беруі тиіс, егер аталмыш білім беру ұйымында жаппай қысқарту (5 адамнан 10 адамға дейін) жүргізілетін болса, бір жарым ай бұрын жазбаша түрде Аумақтық кәсіподақ ұйымына (Кәсіподақ филиалына) хабарлама беруі тиіс, тіпті білім беру ұйымының жабылуы (қызметінің тоқтатылуы) немесе жаппай қысқарту (бір ай ішінде 10 адамнан астам) жүргізілетін жағдайда, екі ай бұрын хабарлама беруі тиіс.

6.2.2. ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағының 1 және 2-тармақшаларына (ұйымның жабылуы, штаттың немесе қызметкерлердің қысқартылуы) сәйкес қызметкерлер жұмыстан босатылуы туралы хабарлама алса, жұмыс іздеу мақсатында жалақысы сақталатын жұмыстан тыс аптасына бес сағаттан кем емес уақыт беруі тиіс.

6.3. Тараптар келесі келісімге келді:

6.3.1. Қызметкерлер санын немесе штатты қысқарту барысында басымдық құқығына ие болатын қызметкерлер:

- зейнеталды жасындағы қызметкерлер (зейнеттен 3 жыл бұрын);

- осы ұйымда 10 жыл және одан көп мерзім қызмет атқарған қызметкерлер;

- көпбалалы ата-аналар (төрт және одан көп балалар);

- еңбекте жоғары сапалы көрсеткіштері бар қызметкерлер.

6.3.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуы барысында жұмыстан босатылатын қызметкерлер үшін кепілдіктер мен өтемақылар төленеді, сонымен қатар вакансия (бос лауазым) пайда болған жағдайда аталмыш санаттағы қызметкерлер басымдық құқыққа ие болады.

6.3.3. Ұйымда бос орын, оның ішінде уақытша (белгілі мерзімге) қызметтің пайда болған жағдайында, бұрын қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған, өзін оң жағынан көрсеткен және тәртіптік жазаға тартылмаған, басымдық құқықтарына ие болған қызметкерлер алынады (орналастырылады).

6.3.4. Жұмыс орындарын мәжбүрлі қысқарту барысында (лауазымдарды) ең алдымен төмендегі тәртіптер негізге алынады:

- вакансияларды жою, қосымша қызмет атқаратындарды жұмыстан босату;

- әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер санын қысқарту;

- мамандықтар мен лауазымдарға қосымша жұмыс істеуге тыйым салу;

- жұмыстан босатылған қызметкерлерді ішкі бос орындарға (вакансияларға) ауыстыру, бос орындар болмаған жағдайда Білім беру басқармасына қарасты білім беру ұйымдарындағы бос орындарға орналастыру.

7. Жұмыс уақыты және демалу уақыты
7. 1. Тараптар келесі келісімге келді:

7.1.1. Ұйымдағы қызметкерлердің жұмыс уақыты жұмыс берушінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісілген жұмыс уақытының тәртібі туралы Ережемен, оқу кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, ауысым кестесімен, сонымен қатар еңбек шартының талаптарымен, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерімен және нұсқауымен, ұйымның Жарғысымен (Ережесімен) анықталады.

7.1.2. Білім беру ұйымының басшылығына, әкімшілік-шаруашылық, оқу-көмекші және қызмет көрсету қызметкерлеріне жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспайтын межелік созылмалылығы белгіленеді.

7.1.3. Білім беру ұйымдарының басшылық қызметкерлерінен басқа, педагогикалық қызметкерлеріне қысқартылған жұмыс уақытының созылмалылығы еңбекақысының ставкасы бойынша аптасына 36 сағаттан аспайды.

Педагогикалық қызметкерлердің нақты созылмалы жұмыс уақыты еңбекақысының ставкасына белгіленген педагогикалық жұмыс уақытының межесіне, оқу жүктемесінің көлеміне, қосымша атқарылған қызметіне, еңбек тәртібіне және Жарғыға байланысты болып келеді.

7.1.4. Толық емес жұмыс күні – толық емес жұмыс күні немесе толық емес апталық жұмыс келесі кездерде белгіленеді:

- жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісімдері бойынша;

- жүкті әйелдің, 14 жасқа дейінгі баласы (18 жасқа дейінгі мүгедек бала) бар ата-ананың (қамқоршысы, заңды өкілі), сонымен қатар медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы біреуінің күтушісінің өтініші бойынша жүргізіледі.

Толық емес жұмыс уақытын атқаратын қызметкер үшін еңбек демалысының ұзақтығына ешбір кедергі келтірмейді.

7.1.5. Сабақтар арасында үзіліс болмауын сақтайтын педагогикалық қызметкердің жұмыс уақытын рационалды пайдаланатын сабақ кестесі құрылады (жасалады).

Бір ставкада оқу жүктемесі бар, дәріс (сабақ) жүргізетін педагогикалық қызметкерлерге бір аптада әдістемелік жұмыс жүргізуге және біліктілігін арттыруға бос бір күн беріледі. Әдістемелік күннің берілуі жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді.

7.1.6. Сабақ (дәріс) жүргізу сағатынан, кезекшілік, білім беру ұйымының жоспарымен қарастырылған сабақтан тыс шаралардан (педагогикалық кеңес отырысы, ата-аналар жиналысы және т.б.) бос уақытында педагогикалық қызметкер өзінің қалауынша жұмсауы мүмкін.

7.1.7. Педагогикалық қызметкерлерді демалыс немесе мереке күндері жұмысқа шығару тек қызметкердің жазбаша келісімімен және жұмыс берушінің ресми бұйрығы негізінде жүргізіледі, қызметкердің келісімінсіз жұмысқа тартылуы келесі жағдайда мүмкін:

1) төтенше жағдайында, табиғи апатты немесе өндірістік апаттарды болдырмау, олардың салдарын шұғыл жою мақсатында;

2) жазатайым жағдайларды болдырмау немесе тергеу барысында, өлім немесе мүлікке зардап келген жағдайда;

3) алдағы уақытта білім беру ұйымының және оның құрылымдарының жұмыс қарқыны жағымды бағытта жұмыс атқаруына ықпал ететін шұғыл жағдай, жоспарланбаған шұғыл жұмыстарды орындауда.

Демалыс және мереке күндері атқарылған жұмыс екі есе көлемде төленеді. Қызметкердің өз қалауы бойынша оған басқа күндері демалыс берілуі мүмкін.

7.1.8. ҚР Ееңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші шамадан тыс жұмыс атқаруға 18 жасқа дейінгі, жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден, мүгедектерден басқа қызметкерлерді олардың жазбаша келісімімен кепілдігі мен шектеулігін есепке ала отырып, тартуы ықтимал.

7.1.9. Білім беру ұйымының қызметкерлерін еңбек шартында, лауазымдық міндеттерімен қарастырылмаған жұмыстарға тарту Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған қызметкердің жазбаша келісімімен, жұмыс берушінің жазбаша өкімімен және қосымша ақы төлене отырып жүргізіледі.

7.1.10. Білім беру ұйымдарындағы күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарда (каникулдарда) педагогикалық және басқа да қызметкерлер еңбек демалысымен қатар келмесе, аталмыш демалыстар жұмыс уақыты болып саналады.

Бұл уақыт межесінде педагогикалық қызметкерлер демалыс басталғанға дейін оқу жүктемесінен аспайтын педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарына тартылады. Каникул (демалыс) уақытындағы жұмыс кестесі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісімі бойынша басшының бұйрығымен бекітіледі.

Педагогикалық қызметкерлер үшін каникулдық уақыттың кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін жағдайда қызметкерлердің келісімімен бір айдың ішінде жұмыс уақытының жинақталған есебі белгіленуі мүмкін.

7.1.11. Каникулдық уақытта оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персонал (қызметкерлер) белгіленген жұмыс уақыт аралығында арнайы білімді қажет етпейтін (жеңіл жөндеу, аумақтағы жұмыс, ұйымды күзету және т.б.) шаруашылық жұмыстарға тартылады.

7.1.12. Жылдық кезекті төленбелі еңбек демалысының кезегі күнтізбелік жылдың басталуынан он күннен кем емес мерзімде бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің келісімімен ұйымның басшысы бекітеді.

Кезекті жылдық жазғы немесе басқа да ыңғайлы уақыттағы еңбек демалысына келесі қызметкерлер басымдық құқықтарына ие:

а) кәмелет жасына толмаған балаларды (18 жасқа дейін) тәрбиелейтін ата-аналар (қамқоршылар);

б) үш және одан көп балалары бар әйелдер;

в) еңбек зақымы келген (алған) қызметкерлер;

г) сауықтыру жолдамалары бар кез-келген қызметкерлер.

Қызметкердің еңбек демалысын созу, ауыстыру, бөлу немесе шақыру ҚР ЕК 93-95-баптарына сәйкес тек қызметкердің келісімімен ғана жүзеге асады.

7.2. Жұмыс берушінің міндеттері:

7.2.1. Жыл сайын қызметкерлерге төленбелі және тиісті созылмалы еңбек демалысын беру. Тамыз бен қазан айлары аралығында қызмет атқарған жұмысқа қабылданған педагогикалық қыметкерге оқу жылы аяқталған соң аталмыш санаттағы қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес созылмалы еңбек демалысын алдын ала беру.

Жазғы каникул уақытында нақты жұмыс атқарған уақыты үшін қызметкердің жазбаша келісімінсіз созылмалы еңбек демалысын бермеу.

7.2.2. Білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіп бойынша жалпы орта, кәсіби және техникалық, орта білімнен соң, қосымша, арнайы және мамандандырылған оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс аптасын алты күндік ретінде бекіту.

Білім беру басқармасы, білім берудің әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету ұйымдарында аптасына алты күндік жұмыс уақыты бекітілсін. Жалпы демалыс күні ретінде жексенбі саналады.

Егер жоспар бойынша жалпы мектептің шараларына қызметкер тартылмаған болса немесе жеке іс жоспарымен белгіленбеген жағдайда, мұғалімнің сенбі күні мектепте болуы міндетті емес.

7.2.3. Білім беру ұйымдары бойынша педагогикалық қызметкерлердің тамақтану және демалу үшін үзілісі, кезекшілік кестесі, ауысым кестесі, демалыс және мереке күндеріндегі кезекшілік ішкі еңбек тәртібінің Ережесімен белгіленеді.

Жұмыс беруші тарапынан педагогикалық қызметкерлер үшін тамақтану үзілісі оқушылардың сабақ аралығындағы үзілістермен (қоңырау) қатар беріледі. Ішкі еңбек тәртібінің Ережесіне сәйкес педагогикалық қызметкерлер үшін демалу және тамақтану үзілісі 30 минуттан кем болмау керек.

7.2.4. Педагогикалық қызметкерлер үшін кезекшіліктің созылмалылығы сабаққа дейінгі 20 минуттан басталып, сабақтан кейінгі 20 минуттан аспауы керек.

7.2.5. Тараптар күзетші, тәрбиеші, режим бойынша кезекшілер, жатақхана бойынша кезекшілер, қазандық құрылғыларының операторлары, пеш (от) жағушылар, тәрбиешілердің көмекшілері, медициналық бикештер мен дәрігерлер жұмыс уақыттарының жинақталған есебін енгізуді айқындады. Жұмыс уақытының жинақталған есебіне ауыстыруды кәсіподақ комитетінің дәлелденген ой-пікірін есепке ала отырып, ұйым басшысының бұйрығымен орындалады. Есептік мерзім ретінде тоқсан (3 ай) болып есептеледі, бұл орайда ауысым ұзақтығы 12 сағаттан кем емес аралығы ұсынылады.

 


жүктеу 264 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау