ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
9
3.1 СМқ: Кәсіптік және әлеуметтік құзыреттілігіне ие
азамат пен патриоттың өзіне сенімді және бәсекеге
қабілетті тұлғасын тәрбиелеу.
Стратегиялық
міндеттер (СМ)
1.1.1 СМ: Өңір және тұтас ел үшін жоғары білікті
бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қамтамасыз
ететін кәсіптік оқу бағдарламаларын жетілдіру;
1.1.2 СМ: Диссертациялар қорғау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру жолымен университеттің кадрлық
әлеуетін күшейту;
1.1.3 СМ: Университет материалдық-техникалық база-
сының дамуы;
1.1.4 СМ: Білім беру қызметтері сапасына бақылау
жүргізудің заманауи тетіктерін пайдалану;
1.1.5 СМ: ЮНЕСКО және Болон үрдісінің Лис-сабондық
конвенциясы талаптарына сәйкес келетін кадрларды
даярлау;
1.1.6 СМ: Білім, ғылым, өндіріс бірлігін жүзеге асыру.
2.1.1 СМ: Заманауи ғылыми инфрақұрылымды құру;
2.1.2 СМ: Ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру;
2.1.3 СМ: Ғылыми зерттеулер сапасын арттыру;
2.1.4 СМ: Ғылыми қызметкерлерді ақпараттық қор-
лармен қамтамасыз ету.
3.1.1 СМ: Студенттердің ЖОО ішіндегі және сыр-
тындағы ұйымдарға қатысуына қолдау көрсету;
3.1.2 СМ: Студенттерді белсенді әлеуметтік өмірге
дайындау және олардың әлеуметтік құзыреттілігін
арттыру;
3.1.3 СМ: Әлеуметтік тәуекелдерді төмендету бойынша
іс-шаралар сапасын қамтамасыз ету;
Қаржыландыру
көздері
Ақылы білім беру қызметтер көрсетуден түскен кірістер.
Кіріспе
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
10
Кез келген елдің жетістікті дамуында жоғары білім анықтаушы рөл
атқарады. ХХІ ғасырдағы технологияның өзгеруі интеллектуалды ресурстардың
жоғары деңгейіне негізделіп, алдыңғы қатарлы елдердің осы ресурстарға
байланысты бәсекелілігі тек экономиканың ғана емес, сондай-ақ тұтастай
қоғамдық өзгерістердің болуының негізгі факторы болып табылады.
Жоғары оқу орнының білім беруі адами ресурстардың негізгі факторы
болуымен қатар экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін
стандарттарға сай болуы тиіс. Бұндай сәйкестіктің нысанды көрсеткіші –
халықаралық аккредитация және әлемнің жетекші университеттерінің
рейтингісіне ену. Қазіргі заманғы университет үш жақты міндетті шешуі тиіс:
елдің қажеттілігін бағдарлауы, сонымен бірге жахандық деңгейдегі бәсекеге
қабілеттілік, жұмыс берушінің талабына сай мамандар дайындау.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын жүзеге асыра отырып,
аймақ үшін, білім беру, бизнес, техника және т.б. салалар бойынша мамандарды
дайындауда
тәжірибесі
бар
Халықаралық
гуманитарлық-техникалық
университеті жаһандануға байланысты өзгеретін әлемдік нарықтың жағдайына
бейімделген мамандарға деген қажеттілігін толық қанағаттандыруға тырысады.
Университеттің қызметі ҚР-ның «Білім туралы» заңына, Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 922 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтардағы №
131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 7 желтоқсанындағы №
1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға
арналған Білім беруді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы № 958
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-
инновациялық дамуы бойынша 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы, ҚР Үкіметі өкімімен 02.03.2005ж. бекітілген №195 «Жоғары
кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүргізетін білім беру ұйымдарының типтік
ережесіне» сәйкес жүргізіледі.
ХГТУ-нің 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары, еңбек
нарығының барлық талаптарына жауап беретін, біліктілігі және қабілеті
бәсекелес болуға мүмкіндік беретін жаңа буын мамандарын дайындауда
академиялық ортаны қалыптастыруға бағытталған инновациялық тұрғыдан
жоғары оқу орнын қалыптастырудың болашағын анықтайтын концептуалды
құжат болып саналады.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті маман даярлауда
халықаралық әлемдік деңгейдегі озық технология, инновациялық әдіс-тәсілдерді
қолданып, оқу үрдісінде кеңінен насихаттайтын қазіргі заман талабына сай, білім
мен ғылымның инновациялық дамуын алға қойып отырған алдыңғы қатарлы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
11
білім ордаларының бірі. Университетіміз 2008, 2014 жылдары Мемлекеттік
аттестаттаудан нәтижелі өтті. Жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында
халықаралық
гуманитарлық-техникалық
университеті
Халықаралық
гуманитарлық-техникалық университеті Кырғыз-Ресей қашықтан білім беру
Институты (Қырғызстан Республикасы), Өзбекстан Республикасының
жануарлар әлемі және өсімдік генофонды институты (Өзбекстан Республикасы),
Құқықтану институты (Ресей Республикасы), Тәжікстан педагогикалық
университеті (Тәжікстан Республикасы), Автономды коммерциялық емес
қосымша білім беру ұйымы «Үздіксіз қосымша білім берудің сібір институты»
(Омск), Омскі мемлекеттік педагогикалық университеті, Омск қаласы), Шығыс
экономика
құқықтану
гуманитарлық
академиясының
заманауи
технологиялармен білім беру институты (Томск қаласы), AGH Ғылыми
техникалық университеті (Краков қаласы, Польша), (К.Д.Ушинский атындағы
Ярославь мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Республикасы),
«Манас» атындағы қырғыз-түрік университет (Қырғызстан Республикасы),
А.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан
Республикасы), Халық өнерінің жоғарғы мектебі Омбы филиалы (Ресей
Республикасы), Белорус мемлекеттік техникалық университеті (Белоруссия
Республикасы), И.Раззаков атындағы Қырғызстан мемлекеттік техникалық
университеті (Қырғыз республикасы), Вильдау қаласының қолданбалы ғылым
техникалық университеті (Германия Республикасы), Пловдив қаласының тамақ
технология университеті (Болгария Республикасы) М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университетімен, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
Қазақ-Түрік университетімен және Д.Сокольский атындағы катализ және
электрохимия институтымен (Алматы қаласы), консорциумдық келісім-шарт
бойынша бірлесіп қызмет атқаруда. Болашаққа сенімді қадам басу-білікті маман,
білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны
халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық
тәжрибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізуде.
2013 жылы университет «Сала көшбасшысы» медалімен марапатталып,
Ұлттық сертификатқа ие болды.
Мемлекеттік лицензияға сәйкес, бүгінгі таңда университет білім,
гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, өнер,
жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы төмендегідей
21 бакалавриат мамандығы мен 1 магистратура мамандығы бойынша білім беру
қызметін жүргізеді.
а) Бакалавриат:
1. 5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
2. 5В010300 - Педагогика және психология
Достарыңызбен бөлісу: |