Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша SWOT- талдауы
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
жұмыссыз халық саны 2013 жылдан 2015 жылға дейін 16,9 мың адамнан 16,4 мың адамға, аз қамтылған отбасылар санының 925 отбасыдан 729 отбасыға дейін азайды, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 3,7%-дан 3,1% дейін.
жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық пунктке төмендеді және 4,9 %-ды құрады;
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда;
жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар қаржыларының жеткіліктілігі.
әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын қамту;
медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған мүгедектер, қарттар, мүгедек балалар санының артуы;
әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілерін бейімдеуді жүргізу;
еңбек инспекциясымен түсіндіру жұмыстары мен тексерулердің жүйелі түрде жүргізілуі;
кәсіпорын басшыларымен ынтымақтастық, оларды еңбекті қорғау мен қауіпсіздікке ынталандыру.
|
еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, еңбек нарығында дәрігерлер, мұнайшылар, электргаз дәнекерлеушілердің үлкен сұранысқа ие болуы;
қала және ауыл тұрғындары арасындағы жұмыссыздық деңгейлерінің сәйкессіздігі;
ауылдық елді мекендерде бос жұмыс орындары санының аздығы;
мемлекеттік бюджеттен жәрдемақылар алу белгілі бір азаматтар санаттары үшін ақша алудың жалғыз көзі болып;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін ҮЕҰ-дың материалдық-техникалық базасының болмауы;
мүгедектерді жеке оңалту бағдарламалары мүгедектердің өтініштері негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен дайындалады, ал келесі жылға бюджетті қалыптастыру ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қалыптастырылады, сәйкесінше бюджетті қалыптастырғаннан кейінгі ЖОБ уақытылы орындалмайды;
кәсіпорындарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздік бойынша білікті мамандардың болмауы;
еңбек міндеттерін атқаруда жұмысшылардың өндірістік қауіпсіздік бойынша білімдерінің төмендігі;
өндіріс құралдары мен өндіріс үрдісі ұйымдастырылуының қанағатсыз жағдайы
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
ауылдық жерлер тұрғындары үшін басымдығымен жұмыссыздар мен өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал жасау;
жұмыс орындарын құру, соның ішінде уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы;
жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, қайта даярлау;
бос жұмыс орындары және бос қызметтер жәрмеңкесін өткізу.
мүгедектерді әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігі шектеулі адамдарға максималды тәуелсіздікті, толық физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік және кәсіби мүмкіндіктерді сақтау мен қол жеткізуге және олардың өмірінің барлық салаларына толық араласуына мүкіндіктер береді;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ҮЕҰ-дың қызмет ету аясын кеңейту;
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіпорындардың жаңа деңгейге жетуі.
|
кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
жасырын жұмыссыздық;
жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азамат мәртебесін және табыстар туралы анықтаманы ұсынуды талап етеді).
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ҮЕҰ-дың белсенділігінің төмендігі.
бөгде адамдардың тұрақты күтіміне мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдар санының артуы;
психоневрологиялық үй-интернаттардағы кезектілік;
қатерлер
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты жазатайым оқиғалары деңгейінің жоғарлығы.
|
Облыс бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саясатын іске асыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай отыр:
халықтың жекелеген топтарын, әсіресе әйелдерді, жастарды, 50 жастан үлкен адамдар мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар кездеседі;
білікті кадрлар даярлау деңгейі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмейді;
мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіле бермейді;
қоғамдық жұмыстар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан тиімді бола бермейді;
мемлекеттік және салалық бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларда нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмысқа орналастыру мардымсыз деңгейде қамтамасыз етілуде;
медициналық-әлеуметтік мекемелерде медицина мамандарының жетіспеуі болып табылады, соның ішінде психиатр дәрігерлер, невропотологтар, терапевтер;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға, сонымен қатар инфрақұрылымдарды бейімдеуге қаржының жеткіліксіздігі;
қозғалыс кезінде қиындықтар бар мүгедектер үшін бейімделген қоғамдық көліктің болмауы;
әлеуметтік маңызы бар объектілерді ішінара бейімдеу, нысандарға қолжетімділік пандустарды орнатумен ғана шектеледі.
кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың алдын-алу жұмыстарының нашар ұйымдастырылуы.
Мәдениет
Соңғы жылдары аймақтың мәдениет саласының қызметі бірқалыпты дамуда. 2013-2015 жылдары мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 13,1 млрд. теңгені құрады. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 26,5%-ға өскені байқалады.
2016 жылдың 1 қаңтарына облыста 755 мемлекеттік мәдениет мекемелері қызмет етуде: 2 облыстық драма театры, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, облыстық камералық оркестр, 396 кітапхана, 277 клубтық үлгідегі мекемелері, 5 автоклуб, 5 кинотеатр, 43 киноқондырғы, 16 музей, 3 мәдениет және демалыс саябағы, көрме залы, облыстық тарих және археология орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау мемлекеттік инспекциясы, облыстық халық шығармашылығы орталығы, жастар шығармашылығы орталығы және облыстық мәдениет және өнер орталығы.
2015 жылы театрлар 486 спектакль қойды (2014 ж. - 455), соның ішінде мемлекеттік тілде - 208 (43%). Театр өнеріндегі жаңа қойылымдардың үлесі 3,0% құрады. Есепті мерзімде қазақ драма театры мен А.Островский атындағы драма театры 15 жаңа қойылым қойды.
Клуб мекемелері 2015 жылы 38010 мәдени-көпшілік шара (фестивальдар, байқаулар, форумдар, акциялар, айтыс, концерт, шығармашылық есеп және т.б) өткізіп, 1764,3 мың адам қамтылды. 2014 жылмен салыстырғанда (37278 мәдени-көпшілік шара, 1612,3 мың адам қамтылған) өткізілген мәдени-көпшілік шаралардың – 732-ге (1,9%-ға), келушілердің 152,0 мың адамға (10,1%-ға) өскені байқалады.
2015 жылы кәсіби ұжымдар 396 концерт қойып, 85,8 мың адамды қамтыды. 2014 жылмен салыстырғанда (339 концерт, 69,9 мың көрермен) өткізілген концерт саны 16,8 %-ға, көрермен саны 22,7%-ға көбейді.
Облыстағы мұражайлар 2015 жылы 265 көрме ұйымдастырылды (2014 ж.-250 ), 202 дәріс оқылды (2014 ж.-178), 6803 экскурсия өткізілді (2014 ж.-5563). Мұражайларға келушілер саны 101,5 мың адам, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 17%-ға (86024адам) артық. Мұражай қорының жаңа жәдігерлермен жаңару үлесі 3,2% (5612 мың жәдігер) құрайды.
2015 жылы облыс кітапханаларының кітап қоры 5607,0 мың дананы (2014 ж. – 5359,7 мың дана) құраса, соның ішінде қазақ тілінде – 2151,6 мың дана. Кітап қорының жаңару үлесі 4,6% құрайды.
Кітапханалардың жалпы оқырмандар саны 309,4 мың болды, бұл 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1673 оқырманға көбейген.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек кездесетін кітап қорынан 2015 жылы 375 кітап сандық форматқа аударылды (2014 ж. - 372). Барлығы 2311 дана кітап сандық форматқа аударылған.
Облыс аумағында 6 мың мәдени және археологиялық ескерткіш тіркелсе, оның ішінде 187-сі монументалды өнер және архитектуралық ескерткіштер болып табылады, олардың 14-і республикалық және 173-і жергілікті маңызды болып табылады. 2013-2015 жылдары облыста 7 монументалды ескерткіш пен мүсіндер орнатылды.
Республикалық «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы Зеленов ауданы Переметное ауылындағы аудандық мәдениет үйі, жергілікті бюджет есебінен Теректі ауданы Приречное және Төңкеріс ауылдары, Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу өткізілді. 2015 жылы 4 мәдениет объектісін күрделі жөндеуге 278,1 млн.теңге бағытталды.
2013-2015 жылдары «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» б.в. компаниясының облыстың әлеуметтік саласының дамуына бөлінетін қаражат көлемінен Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылында кітапханасы бар Мәдениет үйі мен Орал қаласында көпбейінді облыстық Мәдениет және өнер орталығы, сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Казталов ауданы Жаңажол және Бостандық ауылдарында кітапханасы бар ауылдық Мәдениет үйлерінің ғимараттары салынды.
Мәдениет саласы бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
аймақтың жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;
мәдениет саласына, мәдениет нысандарының реконструкциясы мен жөндеуіне бөлінген қаржының көбеюі.
|
мәдениет мекемелері жүйесі дамуындағы диспропорцияларға байланысты, тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігі;
ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі, ауылдық жерлерде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі;
ауылдық жерлерде типтік Мәдениет үйлерін салуға деген қажеттілік.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
ұсынылатын мәдени қызметтің өсуі мен дамуы;
кітапхана процестерін автоматтандыру мен ақпараттандыру.
|
мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының төмен болуына байланысты, еңбек нарығында мамандандырылған кадрлардың айтарлықтай болмауы;
тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігінің артуы.
|
Облыста мәдениет саласындағы негізгі көрсеткіштер өскенімен, тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігі, мәдениет нысандарының салынуы, сонымен қатар өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени мұраның тиісті деңгейде насихатталмауы мәселелері шешілмей тұр. Мысалы, 300 тұрғыны бар 55 елді мекенде клуб, 12 елді мекенде кітапханалар жоқ. Жылжымалы мәдениет мекемелерінің және бейнемобилдің (барлығы 5 автоклуб) тапшылығына байланысты шалғайдағы аймақтарды мәдениет қызметімен қамту қиын болып отыр. Облыс тұрғындарына заман талабына сай сапалы мәдени қызмет көрсету үшін мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайының төмендігі (музыкалық аспаптардың, заманауи жабдықтар мен сахналық киімдердің жоқтығы) кері әсер беріп отыр. Облыстық орталық мұражайдың сандық форматқа айналдыратын материалдық жабдықтарының жоқтығына байланысты мұражай қорымен толық танысуға аймақ тұрғындары қол жеткізе алмай отыр. Мәдениет ұйымдарында арнайы мамандар (реставраторлар, бутафорлар, бағдарламашылар) тапшылығы, шығармашыл көшбасшылары мен жаңа үлгідегі басқару кадрларының жетіспеушілігі байқалады.
Мәдениет саласының дамуына алдағы уақытта қарастырылатын басты бағыттар: еңбекке ынтасын, кәсіби табыстарға жетуін қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы ұлттық мәдениет өнімдерінің үлесін көбейту (кино, кітаптар, театр қойылымдары, телебағдарламалар); мәдениет мекемелеріне келушілердің санын арттыру; әрбір аймақтағы тұрғындарды қоғамның дамуына үлес қосуына, әлеуеметтік белсенділік танытуға мәдени-көпшілік шаралар өткізу арқылы тарту.
Дене шынықтыру және спорт
Облыста 57 спорт түрі дамытылады, оның ішінде: 28 олимпиадалық, 16 олимпиадалық емес, 6 ұлттық, 4 техникалық, 1 мүгедектер және 2 басқа спорт түрлері.
Облыс бойынша спорттық ғимараттардың саны 1553 бірлікті құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 29 бірлікке көбейді (2014 ж. – 1535 бірлік, 2013 ж. – 1524 бірлік).
Облыста 24 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі, Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, 3 кәсіби клуб (волейбол, футбол, спорттық ойындар) және аудандарда 7 спорт клубы жұмыс істейді.
2015 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 158 973 адамды немесе облыс халқы санынан 25,3% құрады. Спортпен шұғылданушылардың саны 2013 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 15% өсті (2014 ж. – 150287 адам, 2013 ж. – 138242 адам).
Балалар спорт ұйымдарында спортпен шұғылданушылардың саны 2013 жылдан бері 445 адамға азайды, 10377 адамды құрады. Себебі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 «Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау бойынша оқу-жаттығу процесі іске асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметінің ережелерін бекіту туралы» бұйрығы қабылдануына орай, барлық оқу кезеңдері (жоғары спорттық шеберлігі, спорттық жетілдіру, оқу-жаттығу, бастапқы дайындық, спорттық-сауықтыру) бойынша спорт мектептері топтарын толықтыру деңгейі төмендеді
2015 жылы 126 мың адамның қатысуымен 2007 спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.
2015 жылы облыс спортшылары спорт түрлері бойынша ресми халықаралық жарыстарда (Әлем, Азия чемпионаттары, Әлем Кубогы кезеңдері) 29 медаль, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 377 медаль, республикалық және халықаралық турнирлерде 106 медаль ұтып алды. Барлығы 512 медаль.
2014-2015 жылдары Орал қаласының Зашаған кентінде 320 көрермендік орынға, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында және Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында 160 көрермендік орынға дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталып, ғимараттар қолданысқа тапсырылды. Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебін күрделі жөндеуге бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі уақытта ғимаратта жөндеу жұмыстары аяқталды.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру, оқу орындарындағы оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі, тұрғындар арасындағы дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысы, мүгедектердің дене дайындығы мен спорты, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау, дене шынықтыру мен спортты насихаттау бойынша жұмыстар жалғасуда.
2015 жылы дене шынықтыру және спорт ұйымдарын қаржыландыруға 2,9 млрд. теңге (в 2013 ж. – 3,6 млрд.теңге, 2014 ж. - 3,7 млрд.теңге) бағытталды.
Спортты дамытудағы SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
облыстың қолайлы географиялық жағдайы;
спорттың бұқаралық сипат алуы, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен қамтылуы;
спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары санының тұрақты өсуі;
ұлттық спорт түрлерінің серпінді дамуы;
спортшылар мен бапкерлерді халықаралық спорттық аренадағы жоғары жетістіктері үшін материалдық ынталандыру шаралары.
|
жаттықтырушылық жұмыстың төмен жалақысына байланысты, жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі;
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жабдықталған арнайы спорт ғимараттарының жоқтығы;
мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктері қалыптастырылмаған;
мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің спорттық материалдық-техникалық базаларының осалдығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту;
материалдық-техникалық базаны нығайту;
дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылданатын адамдардың үлесін арттыру;
Ресей Федерациясының көршілес облыстарының спортшыларымен жолдастық кездесулер, біріншіліктер өткізу.
|
компьютерлік ойындар сынды ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;
перспективаның болмауына байланысты, спорттық резерв пен жоғары білікті мамандардың кетуі.
|
Спорттың бұқаралық сипатын арттыру, дене шынықтыру мен спорттың аясын кеңейту мақсатында алынған шараларға қарамастан, ауылдық жерлердегі спорт ұйымдарының желісін дамыту, спорт ұйымдарын (мектептер, клубтар) материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемалық мәселелер болып отыр.
Кәсіби кадрлардың тапшылығы, спорт кешендерінің жетіспеушілігі, дене шынықтыру мен спорт саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы бұқаралық спортты дамытуда үлкен қиындықтар туғызып отыр.
Туризм
Облыс экономикасы дамуының перспективалық бағыттарының бірі бірегей географиялық орналасуы, жайлы табиғи-климаттық жағдайлары, қызмет көрсету мен демалу саласының базалық инфрақұрылымы, мол тарихи-мәдени мұрасы бар жоғары әлеуетті туристтік сала болып табылады.
32-кесте
Туризмнің даму көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіштердің атауы
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Нысандар саны (бірлік)
|
43
|
48
|
58
|
Қызмет көрсетілген келушілер саны, (мың адам)
|
71 032
|
72 930
|
94 461
|
Оның ішінде
|
|
|
|
резиденттер (ішкі)
|
57 791
|
61 117
|
79 335
|
резидент еместер (сырттан келушілер)
|
13 241
|
11 813
|
15 126
|
Бөлмелер саны
|
1 447
|
1 490
|
1 484
|
Бір жолғы сыйымдылық
|
2 632
|
2 738
|
2 735
|
Төсек-тәулік беру (мың. теңге)
|
223 994
|
318 123
|
302 459
|
Толтырылу коэффиценті ( %)
|
23,3
|
34,9
|
30,3
|
Орналастыру нысандарымен жалпы көрсетілген қызмет көлемі, млн. теңге
|
1 317,9
|
465,8
|
1970,3
|
2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі мен ішкі туризмнің келушілер саны 33%-ға артты.
2015 жылы келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің көбеюіне байланысты келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 10 бірлікке ұлғайып, 58 бірлікті құрады, онда бір жолғы сыйымдылығы 2735 төсек-тәулік құрайтын 1484 бөлме бар. Олар 94 461 адамға қызмет көрсетті және көрсетілген қызметтер сомасы 1970,3 млн. теңгені құрады. Орналастыру орындары қызметтерінің көлемі (мейрамхана қызметін қоспағанда) 2013 жылмен салыстырғанда 49,5%-ға көбейді.
Ішкі туризм мен сырттан келу туризмінің артуы 2015 жылға сәйкес келеді (2013 жылмен салыстырғанда 33%-ға және 2014 жылмен салыстырғанда 29,5%-ға артық), бұл 2015 жылы облыста Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен, жақын және алыс шет елдерінің қатысуымен өткізілген халықаралық іс-шаралар санының көптігіне байланысты.
2015 жылы қызмет көрсетілген келушілердің үлес салмағы ҚР бойынша жалпы қызмет көрсетілген келушілердің санынан ішкі туризм бойынша (резиденттер) 2,5% құрады, сырттан келу туризмі бойынша (резидент емес) 2,2 % құрады.
33-кесте
Ішкі және сырттан келу туризмі
адам
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
ҚР
|
БҚО
|
ҚР
|
БҚО
|
ҚР
|
БҚО
|
Ішкі туризм (резиденттер)*
|
2721710
|
57791
|
3129876
|
61117
|
3115416
|
79283
|
Сырттан келу туризмі (резиденттер емес)*
|
586 038
|
13 241
|
679 018
|
11 813
|
692 250
|
15 178
|
* келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қосқанда
Ішкі туризмнің дамуы қолда бар туристтік әлеует туралы жарнамалық-ақпараттық өнімді дайындау арқылы іске асырылады.
2015 жылы төмендегі іс-шаралар өткізілді: Батыс Қазақстан облысына Самара облысы делегациясының сапары, Латын Американың атақты фотограф-саяхатшысы Луиса Панкорбо үшін Орал қаласында және Жайық өзені бойымен экскурсия ұйымдастыру, РФ Орынбор облысы және Батыс Қазақстан облысының қатысуымен Жайық өзені бойымен тарихи-мәдени, экологиялық және спорттық экспедициясы, Бөкейордасы ауданындағы «Хан ордасы» мұражай кешенінде жарнамалық туры, Орал қаласындағы қолөнер шеберлерінің қатысуымен қолөнер Фестиваль-жәрмеңкесі, шекаралас аймақтардан келген туристік командаларының қатысуымен «Европа-Азия» фестивалі, Ресей Федерациясы Орынбор облысында «ОРЕНБУРЖЬЕ – 2015» V Евразиялық Экономикалық Форумы, Алматы қаласындағы 15-ші «KITF-2015» Қазақстандық Халықаралық туристтік көрмесі, сонымен қатар Турцияның Стамбул қаласындағы «EMITT» Халықаралық туристтік көрмесі өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |