46
* 2015 жылдан бастап атмосфера ауасының және жер бетіндегі судың ластану
деңгейі
ИЗА
5
орнына ИЗА
6
, ИЗВ орнына КИЗВ жаңа көрсеткіштерімен бағаланады, сондықтан 2015
жылдың көрсеткіштері өткен жылғы көрсеткіштермен тең емес.
Су ресурстарын қорғау шегінде жер бетіндегі судың гидрохимиялық
мониторингі, суды қорғау жолақтарын салу және жайластыру, түбіне терең
бойлау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Тұрақты негізде «Таза жағалау», «Жасыл планета үшін», «Экологиялық таза
қала» атты экологиялық акциялар, сондай-ақ, экологиялық сенбіліктер және
өзгелер жүргізіледі.
Қаланың автокөлік құралдарының санын 100% қамту мақсатында жол
полициясының техникалық диагностика станциясында техникалық байқаудан өту
сәтінде қолданылған газ қалдықтарын бақылау бойынша тексеру бекеті
ұйымдастырылған.
«Жасыл жолақты» дамыту, «жасыл клиньдер» қалыптастыруды дамыту.
«Жасыл жолақтың» орман алқаптарында 9,6 миллионнан астам ағаш,
шамамен 1,9 млн. желек өсуде. 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда бір
тұрғынға есептегенде жасыл желектер алаңы маңызды түрде өсті (12,7 м
2
–ден 15-
15,5 м
2-ге
).
Жалпы Астана қаласының жер бетіндегі су көздерінің ластанудың негізгі
және басты проблемасы су артерияларына ағынды, сарқынды судің рұқсат
етілмеген қалдықтары болып табылады.
Сарыбұлақ өзенінің және Нұра – Есіл арнасының жағдайы алаңдатады, бұл
жерлерде судың ластануы жоғары. Ақбұлақ бұлағының және Астана қаласы
басты артериясы Есіл өзенінің ИЗВ
6
өсуде.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойныша қалада 2306 контенйер
алаңдарында орналасқан 9 529 контейнер бар. Күн сайын қала аумағынан
жиналатын ҚТҚ көлемі орта есеппен маусымына байланысты 700-750 тоннаны
құрайды.
2015 жылы қалдықтарды қалыптастыру көздерінің құрылымында үй
шаруашылығы қалдықтары (52,6% немесе 237,7 мың тонна), өзгелер (оның ішінде
көше қалдығы, саябақтағы қалдықтар және базарлардағы қалдықтар) (27,5%
немесе 112,6 мың тонна) және тұрмыстық қалдықтар (22,3 % немесе 100,9 мың
тонна) ие.
2012 жылы Астана қаласының солтүстік – батысына қарай 7 км жер
учаскесінде қалдықтарды көмудің қолданыстағы полигонына жақын маңда алаңы
5 га ҚТҚ қайта өңдеу бойынша кәсіпорын салынды. Қоқысты қайта өңдеу
кешенінің (бұдан әрі - ҚӨК) өндірістік күштілігі жылына 300 мың тонна ҚӨК
құрайды.
2012 жылдың 24 желтоқсанынан 2013 жылдың 10 маусымы бойынша ҚӨК
жұмыс істеу кешенінде 66 278 тонна қабылданды, оның ішінде көму үшін
полигонға 24 066 тонна брикеттелген қалдықтар, 36 823 тонна тиелген қоқыс
тасылды.
Қалдықтардың көлемі 5 389 тоннаны құрады (қайта өңдеу тереңдігі 8,13%
құрады). Қалдықтардың орташа тәуліктік қабылдауы ҚТҚ 633 тоннасын құрады.
47
ҚӨК қалдықтардың тәуліктік қабылдауы 200 тоннадан артық емес, қалада
тәулігіне шамамен 600-700 тонна ҚТҚ жиналады.
SWOT талдау
Күшті жақтары (S)
Осал жақтары (W)
1.
Есіл
өзенінде,
Ақбұлақ
және
Сарыбұлақ бұлақтарында, «Нұра - Есіл»
арнасында су жолағының бар болуы.
2.
Пайдаланылған
газ
қалдықтарын
бақылауды тексеру бекеттерінің бар болуы.
3.
Қоқыс өңдеу кешенінің болуы.
1. Энергияның
баламалы
көздерінің
болмауы.
2. Автономды
қазандықтардың
көп
көлемі.
3. Тазарту орын-жайларының және кәріз
желілерінің тозуы.
Мүмкіндіктер (O)
Қауіптер (T)
1.
ЕХРО-2017 өткізу есебінен қалада
баламалы энергетиканы дамыту.
2.
Қоғамдық
көлік
үшін
отынның
баламалы көздерін пайдалану.
3.
Қалдықтарды екінші рет қайта өңдеуді
және жоюды енгізу энергияны сақтау
саясатын іске асыруға мүмкіндік тудыарды,
бұл
табиғи
ресурстарды
үнемдеуге,
қалдықтар
көлемдерін
азайтуға
әсерін
тигізеді.
1.
Құрылыс жұмыстарының көптігінен
атмосфераның шаңмен ластануының өсуі.
2.
Автокөлік
санының
ұлғаюы
атмосфералық ауаның автокөліктің түтінді
газ шығаруының өсуіне әсерін тигізеді.
3.
Қатты
тұрмыстық
қалдықтар
көлемінің жыл сайын өсуі.
4.
Есіл өзені бассейнінің ластануы.
Негізгі проблемалар:
автокөлік санының өсуі және экологиялық таза отынды жеткіліксіз
пайдалану әсерінен қозғалмалы ластау көздерден атмосфераға зиянды ластаушы
заттарды лақтырудың ұлғаюы;
автономды қазандықтардың көп болуы, ЖЭО-1 және ЖЭО-2, сондай-ақ,
салынып жатқан ЖЭО-3 болуы;
құрылыстың, жер жұмыстарының үлкен көлемдері, жолдарды жеткіліксіз
абаттандырудың әсерінен атмосфераның шаңмен ластануының өсуі;
ЖЭО-1-ге жақын аумақта қатты жел болған жағдайда қаланы күлді шаңмен
баурайтын күл үйіндісінің болуы.
Сорғыш-тазалау станциясының жұмыс өнімділігі нақты жүктемеден төмен
болуы;
Нөсер арнасының инфрақұрылымы құрылыс салынған аумақтардың
шекараларына сәйкес келмейді.
2.6. Мемлекеттік қызметтер
2015 жылдың қорытындысы бойынша 4 921 мың мемлекеттік қызмет
көрсетілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда (2741,5 мың мемлекеттік қызмет
көрсету) көрсетілген мемлекеттік қызметтер санынан 1,8 есеге жоғары, оның
ішінде:
- халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 106,4 мың (үлесі – 2,2 %),
2,6 есеге өсім (40,1 мың мемлекеттік қызмет көрсету);
- электронды нысанда – 204,1 мың (үлесі – 4,1 %), 26 есеге өсім (8 мың
мемлекеттік қызмет көрсету).