42
201,3 км-ге дейін 17,8%-ға, көшелік желілер – 223,3 км-ден 304,2 км-ге дейін
36,2%, ішкі орамдық желілер – 154,8 км-ден 201 км-ге дейін 29,8%-ға ұлғайды.
Кәріз желілерінің тозу деңгейі 2013 жылғы 43,5 %-дан 2014 жылғы 31%-ға
және 2015 жылғы 29%-ға дейін қысқарды. Сонымен бірге, желілердегі апат 3,2%-
ға, 94 жағдайдан 91 жағдайға дейін қысқарды.
Коммуналдық қызметтер төлемінің сараланған тарифтерін ендіру бойынша
іс-шараларды іске асыру мақсатында орнатылған есептеу құралдары 39,4%-ға,
1479 бірліктен 2062 бірлікке дейін ұлғайды.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы. Тұрғын үй секторы
энергетика мен өндіріс секторынан кейін жылу және электр энергиясын
тұтынатын үшінші ірі сектор болып табылады. Тұрғын үй ғимараттары 24,1%
электр және 26,2%жылу энергиясын тұтынады.
Қазіргі таңда қалада тұрғын үйлер саны 36 233 бірлікті құрайды. Сыруды
қажет ететін алаңдар 588 мың шаршы метр немесе 11 264 пәтер, олар 42 қайта
жаңарту ауданына бөлінген, оның ішінде 5 қабатты 66 үй; 4 қабатты – 13 үй, 3
қабатты – 19 үй, 2 қабатты – 147 үй, 1 қабатты (барак) – 127 үй; жер үйлер 2 579
үй.
2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласында 2 352
көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) орналасқан, олардың 353 объектісі немесе 15,0%
күрделі жөндеуді қажет етеді, аппатты жағдайдағы сыруға жататын 371 үй немесе
15,8%.
ТКШ жандандыру бағдарламасымен қамтылған 88 КТК, оның ішінде
қайтарылған қаражат есебінен 32. Апатты жағдайдағы кондоминиум
объектілерінің үлесі 2010 жылы 12,3%, 2015 жылы -8% құрады. 176 тұрғын үй
техникалық зерттеумен қамтылды.
2013-2015 жылдар кезеңінде 33 көппәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу
жүргізілді, жұмыстың жеке түрлері бойныша ағымдық жөндеу 43 көппәтерлі
тұрғын үйде жүргізілді, 18 үйде лифт шаруашылығының 30 құралы
ауыстырылды.
2015 жылдың қорытындысы бойныша жалпы жинау алаңы 76 млн. шаршы
метрлі құрады, бұл 2013 жылдан 18,6%-ға (64,3 мың шаршы метр) көп.
Ішкікварталдық аумақтарды жинауға ерекше назар аударылады, бұнда
тазалау алаңы 2015 жылы 46,6 млн. ш.м. құрады. Қаланың әрбір учаскесінде
тұрғын үй орамдары мен шағын аудандарын абаттандыру және көгалдандыру іске
асырылады.
13-кесте
Аумақтарды дамыту жұмыстарын өткізу серпіні
Көрсеткіштің атауы
Өлшем
бірлігі
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Аумақтарды көгалдандыру көлемінің ұлғаюы
%
100,0
109,4
100,1
Аумақтарды көгалдандырудың жалпы ауданы, о.і.:
кв. м
9 795 068
10 719 513
10 735 146
Газондар
кв. м
6 492 160
6 645 060
6 675 031
Гүлбақтар
кв. м
161 938
169 061
159 723
Саябақтар мен гүлзарлар
кв. м
3 140 970
3 905 392
3 900 392
Жөндеуді қажетсінетін аула аумақтарының
үлесін төмендету
%
52,1
23,3
18,7
43
Көрсеткіштің атауы
Өлшем
бірлігі
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
Аулалық аумақтардың саны
бірлік
1 407
1 437
1 462
Жөндеуді қажетсінетін аула аумақтарының саны
бірлік
733
335
274
Энергияны сақтау және энергия тиімділігін арттыру. 2015 жылдың
қорытындысы бойынша елорда экономикасының ЖӨӨ энергия сыйымдылығы
2000 жылдың бағаларында мың АҚШ долларына 0,13 тнэ құрады (2013 жылы –
0,2), бұл Қазақстан өңірлері арасында Алматы облысынан (0,06) және Қостанай
облысынан (0,05) кейін ең төменгі көрсеткіш болып табылады және жалпы
республикалық көрсеткіштен 10 есеге (1,27) төмен.
Республиканың отын – энергетикалық теңгерімінің құрылымында елорда
4,2% тас көмір (3328,3 мың тонна), 7,6% табиғи газ (930,7 млн. куб метр), 3,9%
электр энергиясын (2888,5 млн. кВт/сағ), 4,9% жылу энергиясын (3901 мың Гкал),
8,7 бензин (407 мың тонна), 3,8 газойл (294 мың тонна).
Энергияны сақтау бойынша шараларды іске асыру қазіргі уақытта өндірісті,
тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жандандырудың
негізгі құралдарының бірі болып табылады. Энергия тиімділігін көтеру және
энергияны сақтау бойынша іс-шараларды оңтайлы түрде іске асыру
энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ, Астана қаласының
бәсекеге қабілеттілілігін көтеруді қамтамасыз етеді.
Өңір экономикасының өсуімен энергетика ресустарын тұтыну ЖӨӨ бір
қарқында өседі, себебі экономикалық өсу қарқыныда өнім өндірудің ұлғаюымен,
ресурстарды тұтынумен сүйемелденеді. 2016 жылы елорданың қолда бар қуаты
371 МВт электр және 2363 Гкал жылу энергиясын құрайды.
Энергияны сақтау әкімдіктің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі
болып табылады.
Энергияны тұтыну құрылымы көрсеткендей, 23,4% өндіріс секторына, оның
ішінде электр станцияларының өндірістік қажеттіліктеріне 15,7%, халықтың
шаруашылық қажеттіліктеріне 24,1% көлік секторына 5,5%, құрылысқа 12,7%,
мемлекеттік басқару органдарына 13,7%, экономиканың өзге де салаларына 28,3%
тиесілі.
Осылайша, энергия тұтыну құрылымының талдауы энергия ресурстарын
негізгі тұтынушылар өндіріс секторы және халық болып табылады.
Көшелік жарықтандыруда электрүнемдеу маңызды рольге ие. 2014 жылдың
қорытындысы бойынша көшелік жарықтандыруды қамтамасыз етуге шамамен
39180 мың кВ.ч. (1,2%) тұтынылылады, қазіргі таңда 48 мың көшелік және
саябақтық жарықтандыру нүктелері бар, оның ішінде энергия сақтаушы 9,6%
немесе 4,6 мың жарық нүктесі.
Бюджет секторында энергияны сақтау оның әлеуметтік маңыздылығына
байланысты зор мәнге ие. Қазіргі таңда бюджеттік ұйымдарда шамамен 300 мың
жарық нүктесі, оның ішінде энергия сақтаушы 80% немесе 240 мың жарық
нүктесі бар.