Мұның жасалуы төрт түрлі:
а) Жіктік-жақ жалғауы жалғанып, көмекші болған отыр, тұр, жүр, жатыр сөздерін негізгі мағыналы үнемді көсемшеден соң қою арқылы: мен газет оқып отырмын.
ә) Бара, келе, апара, әкеле сөздері жатып көмекшісімен тіркесуі арқылы: Баймағамбет келе жатыр. Ол газетке мақала әкеле жатыр.
б) негізгі етістік үнемі көсемшелі (-ып,-іп, -п) болып, бара жатыр, келе жатыр, күрделі етістіктері тіркесуі арқылы жасалады. Өндіріс күннен күнге өсіп келе жатыр.
в) -лы, -лі жұрнағы қосылып, сындық мәнге ауысқан сөздерге (ілулі, байлаулы) көмекші болып, отыр, жатыр, жүр, тұр тіркелсе; Оған көңіл аударған ешкім жоқ, қол-аяғы әлі байлаулы жаты.
Ауыспалы осы шақ. Басқа сөздердің ыңғайына қарай бірде осы шақ, бірде келер шақ мағынасында ауысып жұмсалатын етістіктің түрлері бар: жазып отырмын (осы шақ), жазады (қазір жазады) болып келетін ауыспалы осы шақ жасалу тұлғасына қарай етістіктің түбіріне ең әуелі көсемшенің –а, -е, -й жұрнағы, одан соң жіктік жалғаулары жалғанады: отыр – а, мын, жыр –е, -мін; чөйле –й, -мін, көр-е-сің, сөйле-іңді т.б.Олар жасалу түріне, беретін мағынасына қарай екі түрлі. Мәселен, мен кинодан келемін сөзін сөйлемде келтіріп былай айтуға болады: Мен кинодан келемін десек келемін ауыспалы осы шақ мағынасында болса, Мен жиналысқа сағат екіде келемін десек, келемін ауыспалы келер шақ.
Нақ осы шақтың күрделі түрі ауыспалы осы шақтың мағынасында айтыла береді: жүріп келеді, сөйлеп келеді. Жанбота ат үстінде газет оқып келеді.Тұйық етістікке – да, - де қосымшасын қосып, одан кейін жіктік жалғауын жалғау арқылы ауысплы осы шақ жасауға болады.Мұндай тұлғада жасалуы – қазақ тілінде кейінгі кезде пайда болған құбылыс. Ал, Байымбетова Жүзімкүл осы шақты нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп
Ғалым Н. Оралбай шақ категориясын ашық рай тұлғаларының ішінде қарастырып, ашық рай мен шақ өте тығыз байланысты деген пікір білдіреді. Ашық райдың көрсеткіші жоқ, бірақ шақ көрсеткіштері ашық райдағы реалді қимылды білдіруге қызмет етеді деп есептейді.
Өткен шаққа – жедел, бұрынғы, ауыспалы, қатыстық өткен шақтарды жатқызса, осы шақтың екі түрін көрсетеді: нақ, ауыспалы осы шақ. Келер шақты – ауыспалы, болжалды, мақсатты деп үшке бөледі.
Н. Оралбайдың осы жіктемесімен Б. Қасым да, А. Салқынбай да келіседі. Тек аталған ғалымдарда өткен шақтың қатыстық деген түрі жоқ.
Сонымен, қазіргі қазақ тіл білімінде етістіктің шақ категориясы біршама зерттелгенімен,әлі де шешуін таппаған мәселелер баршылық. Осы шақ пен келер шақты тануда үлкен алшақтық болмағанымен, өткен шаққа келгенде басы ашылмаған жайттарға тап боламыз. Өткен шақтың ғалымдар еңбектерінде түрлі қырынан қарастырылып, әртүрлі мағыналық топтарға бөлініп, түрліше аталып жүргенін байқаймыз. Мысалы «жедел өткен шақ» деп атап жүрген шақтың түрі күмән туғызатыны рас. Себебі мұнда істің өту сапасы – тез өтуі, кенеттен өтуі, жай өтуі т.б. мүлде сөз болмайды. Ондай реңктер амалдың өту сипаты категориясында қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |