Ескерте кететін бір жайт – Қ.Кемеңгерұлы тұйық райды алғашқылардың бірі болып, рай категориясынан бөлек алып, «неопределенная форма» деп атайды да, оның толық түріне -мақ/-мекқосымшасын, қысқа түріне –ыу/-іу жұрнағын жатқызады. П.М.Мелиоранский, Н.Созонтов еңбектерінде, сол сияқты А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов еңбектерінде де бұл жұрнақ жалғанған етістіктер райдың бір түрі ретінде танылған болатын. Қ.Кемеңгерұлы бұларды рай категориясынан бөлек алып қарастырады. Алайда Қ.Кемеңгерұлының бұл топшылауы кейін ғалымның репрессиялануына байланысты ескерілмей‚ көп жылдар бойы тұйық етістік рай категориясына жатқызылып келді. 1963 жылы ғана К.Неталиеваның «Имена действия в современном казахском языке» деген кандидаттық диссертациясында мұндай етістіктердің рай категориясына қатысы жоқ екені дәлелденіп, олар «қимыл атауы» деген терминге ие болды.
А.Байтұрсынұлының сенімді рай көрсеткішіне жатқызған -ғай/-гей жұрнақтарын Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралында» қалау рай түрінде береді. Бүгінгі таңдағы грамматикаларда да бұл жұрнақ қалау райдың көрсеткіші ретінде танылып жүр. Қ.Кемеңгерұлы өзі ұстаз тұтқан А.Байтұрсынұлының еңбектеріндегі рай категориясына қатысты ойларын басшылыққа алып, қуаттағанымен, ғалымды қайталамай, өз тарапынан оны өзгертіп, рай категориясы туралы түсінікті одан әрі дамыта түскенін көреміз.
Қазақ тілінің табиғатын терең түсініп, ерекшеліктерін дөп басып тани білген А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы сияқты ғалымдардың репрессия құрбаны болып, еңбектерін пайдалануға тыйым салынуына байланысты рай категориясын танып-танытуда олардың еңбектері назардан тыс қалып, қазақ тілінде де орыс тіліндегідей 4 рай бар деген түйін жасалды.
Қазақ тіл білімінде осы ойды қуаттап, «орыс тіліндегідей 4 түрлі рай бар» деген тұжырымға келіспейтін ғалымдар да бар. Рай категориясын топтастыруда өзіндік ерекшелігі бар ғалымдардың бірі – Ы.Маманов. Зерттеуші «Вспомогательные глаголы в казахском языке» деген еңбегінде райдың «сослагательное наклонение» (-р еді, -ған/-ген, болар еді); «желательно-сослагательное наклонение» (-са екен, -етін екен) сияқты түрлерін көрсетеді. Ы.Мамановтың бұл жіктелісінен Қ.Кемеңгерұлының топтастыруына ұқсастық байқалады. Қ.Кемеңгерұлының «сослагательное наклонение» термині де, -р еді көрсеткіші де, сол сияқты «желательное наклонение» мен оның көрсеткіші де Ы.Мамановта қолданылған. Ғалым Қ.Кемеңгерұлының жіктеуіне тағы да өз тарапынан көрсеткіштер қосады. Мұндай ұқсастықтарына қарап, Ы.Маманов Қ.Кемеңгерұлы топтастыруымен таныс болып, оны мақұлдаған деп ойлаймыз.
Ал 1966 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі. (Етістік)» деген оқулығында Ы.Маманов райдың 6 түрін көрсетеді. Олар: ашық рай, қалау рай (а) ерікті: ғы кел, ә)тілекті: -ғай), шартты рай, шарттылық рай (-р еді, -атын еді), бұйрық рай, өтініш рай (-у етті, -са етті). Ы.Мамановтың рай түрлерін А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы топтастыруымен салыстырар болсақ‚ үш ғалымның да ашық‚ бұйрық‚ шартты райды тануы ұқсас екенін көреміз:
А.Байтұрсынұлы
|
Қ.Кемеңгерұлы
|
Ы.Маманов
|
ашық
|
ашық
|
ашық
|
билік
|
бұйрық
|
бұйрық
|
болжал: -р еді
|
болжал: -р еді
|
шарттылық:
-р еді, -атын еді
|
шартты реніш
(-са + шы)
|
шартты
-са + шы
|
шартты
-са + шы
|
қалау (-са екен)
сенімді (-ғай)
|
қалау
-са екен (қалау)
-ғай
|
қалау
-ғы кел
-ғай
|
–
|
–
|
өкініш: -у етті
-са етті
|
Ы.Маманов мен Қ.Кемеңгерұлында -са + шы түрінде берілген шартты рай реңкі А.Байтұрсынұлында «реніш рай» деп берілген. Ы.Мамановта «шарттылық рай» терминімен берілген -р едікөрсеткіштері А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлында «болжал рай» деп аталған. Сол сияқты Ы.Маманов пен Қ.Кемеңгерұлында қалау рай көрсеткіші ретінде берілген -ғай жұрнағы А.Байтұрсынұлында сенімді рай ретінде бөлек жіктелген. Ал Ы.Мамановта өкініш рай түрінде берілген -у етті, -са етті көрсеткіштері А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлында кездеспейді. Қ.Кемеңгерұлының «Оқу құралында»
Достарыңызбен бөлісу: |