Жиіліктік спектрді тиімді пайдалану


Қызмет көрсетілетін аумақты соталарға бөлу



жүктеу 0,62 Mb.
бет4/24
Дата13.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#40605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
GSM дипл гот

Қызмет көрсетілетін аумақты соталарға бөлу

Қызмет көрсетілетін аумақты соталарға бөлудің екі әдісі бар:


1)Байланыс жүйелерінде сигналдар таралуының статистикалық сипаттамаларын өлшеуге негізделген;
2) Белгіленген ауданда сигналдардың таралу параметрлерін есептеу немесе өлшеуге негізделген.
Бірінші әдісті жүзеге асыру кезінде қызмет көрсетілетін барлық аумақ формасы бірдей соталарға бөлінеді, содан кейін статикалық радиофизика заңдарының көмегімен, олардың өлшемдері мен өзара шектік әсер шарттары орындалатын басқа зоналарға дейінгі арақашықтық өлшенеді. Аумақты соталарға оптимальді бөлу үшін тек үш геометриялық фигура: үшбұрыш, квадрат және алтыбұрыш пайдаланыла алады. Ең ыңғайлы фигура алтыбұрыш болып табылады, себебі бағытталаудың дөңгелек диаграммасы бар антеннаны оның центріне орналастыратын болсақ, барлық дерлік сотаға қол жеткізуге болады.
Әдетте бірінші әдісті пайдаланғанда бірдей жұмыс каналдарын қолданатын соталар арасындағы интервал, өзара кедергінің рұқсат етілген деңгейін қамтамасыз етуге қажетті деңгейден көп болады. Сондықтан соталарға бөлудің екінші жолын пайдаланған дұрыс. Бұл жағдайда аумақ бойынша абоненттерге қанағаттанарлық қызмет көрсетуге жеткілікті минимальді базалық станциялар санын анықтау үшін жүйе параметрлерін мұқият өлшейді немесе есептейді, жергілікті жер рельефін ескере отырып базалық станцияны оранластырудың оптимальді орны анықталады, асқын жүктеме кезінде қатарлас орталық станциялар мен пассивті ретрансляторларды, бағытталған антенналарды пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
Әрбір сотаға шығыс қуаты үлкен емес және байланыс каналдарының саны шектеулі жіберуші(передатчик) қызмет етеді. Бұл осы жіберуші жиіліктер каналын кедергісіз, айтарлықтай қашықтықта орналасқан сотада пайдалануға мүмкіндік береді. Теориялық тұрғыдан қарағанда бұл каналдарды көршілес соталарда да пайдалануға болады. Алайда практикада түрлі факторлардың әсерінен қызмет ету зоналары айқасып кетуі мүмкін, сондықтан көршілес соталарда әртүрлі жиіліктер пайдаланылады.
Әртүрлі жиіліктер жиынтығынан тұратын соталар тобы кластерлер деп аталады. Кластерді сипаттайтын қасиеті, өлшемі – көршілес соталарда пайдаланылатын жиіліктер саны.
Ұялы байланыс принципі негізделетін негізгі идея, көршілес емес соталарда жиіліктерді қайта пайдалану болып табылады. 1-кезеңнің аналогты жүйелерінде пайдаланылған жиіліктерді қайта пайдалануды ұйымдастыру әдісі, базалық станциялардың дөңгелек бағытталған диаграммаларын пайдалануға негізделді. Ол қуаты бірдей сигналдарды барлық бағыттар бойынша таратуды ұсынды, бұл абоненттік станциялар үшін барлық базалық станциялардан барлық бағыттар бойынша кедергілерді (помехи) қабылдауға эквивалентті болды.
Белгіленген жиіліктер жиынын қайта пайдалану рұқсат етілген базалық станциялар бір-бірінен D қашықтықта орналасқан, ол қашықтық қорғаныс интервалы деп аталады. Бір ғана жиілікті қайта пайдалану мүмкіндігі ұялы байланыс жүйелерінде жиіліктік спектрді пайдаланудың жоғары эффективтілігін анықтайды. Әртүрлі жиіліктік каналдарды пайдаланатын көршілес базалық станциялар, станциялар тобын құрайды. Егер әр базалық каналға әрқайсысының ені FK жолақтардан тұратын m каналдар жиыны бөлінсе, онда аталған ұялы байланыс жүйесі алатын F жолақ ені, формуласымен анықталады. Мұндағы С-жүйеде болуы мүмкін минимальді каналдар санын анықтайды және жүйенің жиіліктік параметрі немесе жиіліктердің қайталану коэффициенті деп аталады. С коэффициенті пайдаланатын каналдар санына тәуелсіз және ұяшық радиусының кемуіне байланысты өседі. Осылайша өлшемдері кіші соталарда пайдалану арқылы жиіліктің қайталануын көбейтуге болады.
Алтыбұрышты соталарды пайдалану қолданылатын жиілік жолақтырының енін минимизациялауға мүмкіндік береді, себебі мұндай форма С және D шамаларының оптимал қатынасын қамтамасыз етеді.
Бір жиілік қайта пайдаланыла алатын соталар арасындағы D қорғаныс интервалын R сота өлшемі анықтайды. D қорғаныс интервалының шамасы мүмкін болатын кедергілер (помехи) деңгейі мен радиотолқындардың таралу шарттарына тәуелді болады. Қызмет көрсету аумағында қоңырау интерсивтілігі бірдей дерлік болғандықтан, соталардың өлшемдері де бірдей болады. Сонымен қатар R сота өлшемі қызмет көрсету аумағында бір мезетте сөйлесе алатын абоненттер санын N анықтайды. Яғни бұл шаманы (өлшемді) кеміту белгіленген жиіліктік жолақты пайдалану эффективтілігін жоғарылатады және жүйенің абоненттік сыйымдылығын арттырып қана қоймай, жіберушілер қуатын кемітіп, базалық және жылжымалы станция қабылдағыштарының сезімталдығын төмендетеді. Өз кезегінде бұл ұялы байланыс құралдарының басқа радиоэлектронды құралдар мен жүйелермен электромагниттік сәйкестік шартын жақсартады. Кедергілер деңгейін кемітудің эффективті әдісі тар бағытталған диаграммалы секторлық антенналарды пайдалану болуы мүмкін. Тарбағытталған антенна секторында сигнал бір жаққа қарай таратылады да, қарама-қарсы жаққа таралу минимумға дейін кемиді. Соталарды секторларға бөлу сол сотада жиіліктерді жиірек қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай әдіспен ұйымдастырылған соталарда жиілікті қайта пайдалану әдісі, әр базалық станцияда үш секторлы антенналарды пайдалану және көршілес үш базалық станцияларда жиіліктің тоғыз тобын құруға негізделген. Бұл жағдайда бағытталу диаграммасының ені 1200 антенналар пайдаланылады.
Белгіленген жиілік жолағын эффективті пайдалану, яғни осы жолақта жұмыс жасайтын желі абоненттерін көбейтуге АҚШ-тың Matarola фирмасы ойлап тапқан екі базалық станцияны пайдалануға негізделген жиілікті қайта пайдалану әдісі мүмкіндік береді. Бұл әдісті жүзеге асыру барысында төрт сотадан тұратын кластер көлемінде әр жиілік екі реттен пайдаланылады; олардың әрқайсысының базалық станциясы бағытталған диаграммасының ені 600 антеннаны пайдалана отырып он екі жиілікте жұмыс жасай алады.

жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау