Жиіліктік спектрді тиімді пайдалану


GSM ХАБАР АЛМАСУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



жүктеу 0,62 Mb.
бет5/24
Дата13.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#40605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
GSM дипл гот

GSM ХАБАР АЛМАСУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Хаттама эволюциясы

1991 жылы алғашқы GSM желілер (GSM желілерге GSM технологиясы негізінде жасалған кез-келген желілерді GSM-900, DCS-1800, PCS-1900 жатқызамыз) пайда болғанда, сол кезде бар аналогты ұялы жүйелермен салыстырғанда сөзбен байланысудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге назар аударылды. Алғашқы күннен бастап GSM технологиясы бірнеше жаңа қызметтер ұсына бастады. Олардың ішінде жіберілетін ақпаратты шифрлау мүмкіндігі мен еуропа бойынша роумингтің болуы көптеген тұтынушыларды қызықтырды. Ақпаратты шифрлау ұялы телефонды пайдалануға көптеген бизнесмендерді ынталандырса, роуминг көп саяхаттайтын адамдардың назарын аударды. Сонымен қатар GSM дыбысты байланыстың базалық облысында қосымша екі қызмет түрін, қоңырауларды қайта бағыттау және қоңырауларға тыйым салу ұсынды.


GSM дамуының келесі сатысы қысқа хабарламаларды жіберу (Short Message Service, SMS) және берілгендерді жеткізу қызметтерінің пайда болуы болды. Алғашында SMS қызметінің мүмкіндіктері дыбыстық пошта жәшігіне хабарлама келгені туралы ақпарарт берумен шектелді. 1995 жылы бастап SMS қызметінің мүмкіндіктері кеңейді. Қазіргі таңда GSM жүйесін пайдаланушылар тікелей телефон тұтқасы немесе компьютерлік желілер арқылы бір-біріне қысқа хабарламалар жіберу мүмкіндігіне ие.
Әуел бастан-ақ GSM-нің дамуы кез келген жаңа қызмет немесе техникалық жаңалық бір мезетте барлық GSM желілерде енгізілетіндей болып жоспарланды. Бұл GSM желісінің этаптық дамуына әкеп соқтырды. Алғашқы этап (phase1) 1991жылы GSM желісінің енгізілуі, екінші этап (phase2) қоңырау шалушы абоненттің номерін анықтау, линияны ұстап қалу, топтық қоңырау, сөйлесу уақытының төлемақысы туралы ақпарат беру секілді қосымша қызметтерінің анықталуы. Сонымен қатар осы этапта GSM-900 жүйелері үшін жиіліктік жолақ кеңейтілуі жүзеге асырылды. екінші этап аяқталғаннан кейін жүзеге асырылған маңызды жаңалық жартылай жылдамдықпен сөзді кодтау болды, бұл қадам GSM жүйелерінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.
Екінші этаптан кейін – этап 2+ (phase2+) болды, бұл этап жаңа функционалдық мүмкіндіктер техникалық сипаттамалары дайын болысымен стандартталып, енгізілуімен сипатталады.
Электрбайланысты стандарттау Еуропалық институтында (ETSI) GSM 2+ этапына арналған 60 ұсыныс дайындалды. Олардың ішінде:

  • сөзді толық жылдамдықта кодтауды жақсарту

  • берілгендерді сығу

  • коммутацияланған каналдармен берілгендерді үлкен жылдамдықпен жіберу (High Speed Circuit Switched Data-EN-US” > HSCSD)

  • берілгендерді пакеттік жіберу (General Packet Radio Service, GPRS)

  • топтық және кеңарналы қоңыраулар

  • GSM және DECT жүйелері арасындағы байланысты қамтамасыз ету болды.








жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау