1.2 Мобильді байланыс жүйелерінің классификациясы
Байланыс – қазіргі қоғам инфраструктурасындағы динамикалық түрде дамып отырған бөлімдердің бірі. Байланыстың дамуына байланыс қызметтері мен ақпаратқа тұтынышулық сұраныстың өсуі және электроника, талшықты оптика және есептеу техникасы облыстарындағы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері өз себебін тигізуде. Электрбайланыстың дамуының әлемдік тенденциясын талдай отырып адамзаттың телекоммуникация дамуындағы шектік мақсат – глобальді дербес байланыс жүйені жасау процесіне таяп қалғанын байқауға болады. Байланыс глобальділігі Бүкіләлемдік байланыс желісін құрумен қамтамасыз етіледі, бұл абонентке жер шарының кез келген нүктесінде байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігін бере алады.
Қазіргі таңда көптеген елдерде дербес радиошақыру, жылжымалы байланыстың ұялы желілері және спутниктік байланыс жүйелерін енгізу жүзеге асырылуда. Мұндай желілер жылжымалы және стационар объектілерді телефон байланысымен қамтамасыз ету және берілгендерді жеткізу үшін арналған.
Мобильді байланыс қызметтеріне өзіндік талаптары бар пайдаланушыларды бірнеше топқа бөлуге болады. Олар:
1-топ. Төлем қабілеті жоғары және телефонды күнделікті басқару инструменті ретінде пайдаланатын (әкімшілік, бизнесмендер) тұтынушылар, ұялы немесе спутниктік байланыс жүйесін пайдаланатын адамдардың аз ғана тобы. Олардың қоятын талаптары: дуплексті байланыс және қалалық және қалааралық телефон желілеріне интеграциялану.
2-топ. Қаржылық жағдайы тұрақты іскерлік белсенділігі жоғары басқарудың ортаңғы бөлігінің адамдары.
3-топ. Әкімшілік тапсырмаларын уақытылы орындау үшін ақпаратты оперативті қабылдау және жіберу мүмкіндігі қажет қызметкерлер.
4-топ. Телефонды жай ғана байланыс құралы ретінде пайдаланушылар. Жыл санап дәл осы топтың мүшелерінің саны артуда. Бұл бір жағынан ұялы байланыс ұсынушы операторлар, өз қызметтеріне тарифтерді төмендетуіне байланысты болса, екінші жағынан қарапайым телефон желісінің қызметтерінің қымбаттауына тікелей байланысты.
Мобильді байланыс жүйелерінің артықшылықтары:
Байланыс сеансы кезінде абонентті қатаң анықталған орында болу міндеттемесін жоққа шығарады, бұл жербетілік немесе спутниктік желінің әсер ету аумағының кез келген нүктесінде байланыс қызметін ашуға жол ашады.
Жұмыс жасайтын (действующий) кез-келген жылжымалы байланыс стандарт желісіне қосылуға мүмкіндік беретін интерфейсі бар кіші габаритті әмбебап абоненттік терминалдардың (телефон тұтқасы секілді) ойлап табылуы.
Жылжымалы байланыс желілері абоненттердің байланыс қызметтеріне қажеттіліктерін максимал қамтамасыз ету үшін ойлап табылды. Сондықтан радиотелефон, пейджер т.с.с құралдар абырой (престиж) символдарынан аз уақыт ішінде жұмыс үшін қажетті инструменттерге айналды.
Жылжымалы объектілерде пайдаланылатын радиобайланыс жүйелерін келесі класстарға жіктеуге болады:
жылжымалы байланыс профессионал жүйелері
дербес радиобайланыс жүйелері
жылжымалы ұялы байланыс жүйелері
спутниктік байланыс жүйелері.
Достарыңызбен бөлісу: |