3.4
Сайыстық комиссия құрамына колледждің әкімшілігі кіреді. Сайыстық
комиссия келесі құрамда құрылады: төраға – колледж директоры, төрағаның орынбасары –
директордың ОӘІ жөніндегі орынбасары, хатшы және сайыстық комиссия мүшелері.
3. Сайысқа қатысу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар
4.1. Сайысқа келесі талаптарға сәйкес келетін оқытушылар қатыса алады:
Колледждің штаттық оқытушысы болып табылатын;
Сауалнама толтырған (қосымша 1) және үлгі бойынша (қосымша 2) өтінім
берген оқытушылар;
Сайысқа құжат ұсыну кезеңіне 2 жылдан кем болмайтын үзіліссіз
ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар оқытушылар;
Сайысқа дейін педагогикалық портфолио ұсынған оқытушылар.
5.Сайысты өткізу тәртібі
5.1. Бірінші әдістемелік кеңесте сайыстың өткізілуі туралы жарияланады. Әрбір
пәндік-циклдық комиссия сайысқа қатысушыны ұсынуы тиіс. Сайыс қаңтарда басталады.
5.2 Конкурс проводится в 2 этапа:
1-ші кезең – сайыс қатысушыларына жадымалдар таратылады (қосымша 3), ары
қарай сайыстық комиссияға сайысқа қатысушыларды анықтау үшін өтінім мен
педагогикалық портфолио тапсыру;
2-ші кезең – пәндік-циклдық комиссия атынан ұсынылған үміткерлер аарсынан
«Колледждің үздік оқытушысын» анықтау үшін сайыс өткізу.
5.3. 1-ші кезеңде пәндік-циклдық комиссия бірден үшке дейін сайысқа қатысатын
үміткерлерді анықтайды және олардың әрқайсысынан сайысқа қатысу үшін өтінім мен
педагогикалық портфолио қабылданады.
5.4. 2-ші кезең оқу жылының екінші жартыжылдығында өткізіледі. Екінші кезең
кнлесі кезеңдер бойынша бір күнде өткізіледі:
1. Визит карточкасы, менің педагогикалық ұстанымым (5 минут);
2.Сабақтан үзінді (10 минут);
3.Шебер – сынып
(5 минут);
4.Педагогикалық жағдай мен актерлық шеберлік (3 минут);
5.Блиц-турнир «Ойлау шеберлігі»;
6.Менің құмарлық әлемім (5 минут).
5.6. Колледждің үздік оқытушысы әзірленген баға өлшемдеріне сәйкес анықталады
(қосымша 4).
5.7. Талдау нәтижесі бойынша ең жоғары баға жинаған сапалы көрсеткіштері бар бір
үміткер іріктеледі, оған «Колледждің үздік оқытушысы» атағы беріледі.
5.8 Екінші, үшінші орын алған сайыс қатысушыларына біліктілігін арттыру
мүмкіншілігі беріледі.
5.9. Сайыс қорытындысы бойынша сайыстық комиссия сайыстың үздік
сатысушыларын келесі атақтар белгілейді: педагогикалық әртістік пен шеберлік, көрермен
көзайымы, педагогикалық ізденіс, үздік пән оқытушысы, педагогикалық шабыт,
педагогикалық тәжірибе, олар дипломдармен марапатталады.
5.10. Сайыс нәтижелері шешуші болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Сайыстық комиссияның қорытынды тұжырымдамасы негізінде колледж
директорымен «Колледждің үздік оқытушысы» атағын беру және марапаттау үлгісі туралы
бұйрық шығарылады. Сайыстың жеңімпаздары мен қатысушылары құнды сыйлықтармен,
ақшалай сыйақымен марапатталуы мүмкін.
5.11. Сайыстың жеңімпазы қала колледждерінің үздік оқытушысы атағына өтетін
қалалық сайысқа қатысуға ұсынылады.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Осы ереже бекітілген күннен бастап өз күшіне енеді және жаңартылған сәтке
дейін қолданыста болады.
6.2. Ереженің түпнұсқасы номенклатуралық іске сәйкес директордың ОІ жөніндегі
орынбасарында сақталады.
6.3.Осы ережеге өзгеріс тер мен толықтырулар колледж директорының бұйрығымен
енгізіледі.
«ҮЗДІК ПӘНДІК-ЦИКЛДЫҚ КОМИССИЯ» БАЙҚАУ-САЙЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1 Үздік пәндік-циклдық комиссия сайысы келесі мақсаттарда өткізіледі:
- ПЦК жұмысын жетілдіру, ПЦК-ның оқу-тәрбие процессіндегі атқаратын рөлін
арттыру;
- Оқытушылардың әдістемелік жұмыстарын белсендіру;
- Әдістемелік жұмыс нәтиежелерінің мониторингісі;
- Үздік циклдық комиссияның жұмыс тәжірибелерін жинақтап, тарату.
- Оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру;
- Оқытушылардың шығармашылық белсенділігінің өсуін ынталандыру;
- Мамандарды кәсіптік даярлау деңгейін арттыру.
1.2 Сайыс жыл сайын колледж директорының бұйрығымен жарияланады. Бұйрықта
сайыстық комиссияның құрамы, сайыстың өткізілу мерзімі мен қаржыландыру көздері
бекітіледі.
1.3 Сайыстың өтікізілуін ұйымдастыру жұмыстары, кеңесу және көмек көрсету
директордың орынбасарлары және әдіскермен жүзеге асырылады.
2 Сайысты ұйымдастыру және өткізу
2.1 Сайысты өткізу үшін сайыстық комиссия құрылады.
2.2 Сайысқа пәндік-циклдық комиссиялар қатысады.
2.3 Байқау-сайыс оқу жылының аяғында өткізіледі (маусым).
2.4 Байқау-сайысты ұйымдастырып, өткізу комиссияға жүктеледі және оның
ерекшелігі мен атқаратын функциялары директордың бұйрығымен анықталады. Сараптама
комиссиясының құрамына кіреді: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, бөлім
меңгерушілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, колледж әдіскері.
2.5 Сайыстық комиссияның қарауына келесі құжаттар ұсынылады:
- оқу-әдістемелік құжаттама (Қосымша 1);
- ғылыми-әдістемелік жұмыс ( Қосымша 2);
- сабақтан тыс жұмыс (Қосымша 3);
- еңбек және өндірістік тәртіп (Қосымша 4).
2.6 ПЦК-ның оқу жылы ішіндегі жұмысы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
және колледждің әдіскерімен бақыланады.
3 Қорытынды жасау
3.1 Сайыстық комиссия ПЦК төрағаларымен ұсынылған құжаттарды қарастырады.
3.2 Осы ережемеен сәйкес ұсынылған құжаттар сайыстық комиссиямен
қарастырылады және нәтижесіне қарай бағлау өлшемдерімен бағаланады (балдар
жиынтықталады).
3.3 Сайыс қорытындысы қорытынды оқытушылар кеңесіне жасалады және
директордың бұйрығымен бекітіледі. Бірінші орын ең көп балл жинаған циклдық
комиссияға беріледі.
3.4 Сайыстық комиссия сайысты қорытындылайды .Ең көп балл жинаған ПЦК-ға
«Колледждің үздік пәндік-циклдық комиссиясы» атағы беріледі.
3.5 Колледж директорының бұйрығымен колледждің үздік пәндік-циклдық
комиссиясына грамота мен ақшалай сыйақы беріледі (қаражат бар болған жағдайда).
Қосымша 1
Достарыңызбен бөлісу: |