Жергілікті актілер



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет62/62
Дата06.02.2020
өлшемі1,96 Mb.
#28339
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62

 
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы 
«Ы.Алтынсарин    атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық    колледжі» 
КМҚК-ның 
ПРЕСС-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
 
 
1.  Пресс-орталықтың жалпы ережелері мен жұмыс ұйымдастырылуы: 
 
1.  Пресс  –  орталық  колледж  өмірінің  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялануы 
мақсатымен құрылады. 
2.  Пресс орталығының құрамына    - оқу топтарының орталықтары кіреді. 
9.  Пресс-орталықтың  жұмысын  колледж  активінің  жиналысында  өзін-өзі  басқару 
органдарында  жұмыс  атқарғысы  келетін  студенттер  арасынан  сайланған  студенттер 
басқарады. 
10. Пресс  –  орталық  өзін-өзі  басқару  Кеңесі  мен  колледждің  бір  жылға  құрастырылған   
жоспарына сәйкес өзін-өзі басқару ұйымы туралы Ережеге сәйкес жұмыс жүргізеді. 
11. Пресс-орталықтың жұмыс жоспары колледждің өзін-өзі басқару Кеңесімен бекітіледі. 
3.  Пресс-орталықтың отырыстары қажеттілікке орай өткізіледі. 
4.  Пресс-орталықтың  жұмысына  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары 
жетекшілік етеді. 
5.  Пресс- орталық өзінің жасалған жұмысы туралы колледждің өзін-өзі басқару Кеңесінің 
алдында есеп береді. 
 
2.  Пресс-орталықтың негізгі жұмыс бағыттары: 
 
1.  Пресс- орталық келесі функцияларды атқарады: 
  тақырыптық қабырға газеттерін шығарады; 
  колледж өмірін жаңартатын ақпараттық бюллетеньдер шығарады; 
  рейд, конкур, сайыстар қорытындысы бойынша "Молниялар" шығарады; 
  түрлі бағыттағы газеттер мен плакаттрдың сайысын ұйымдастырады; 
  колледждегі іс-шаралардың көркем безендірілуін ұйымдастырады; 
  БАҚ-на колледждегі жағдайлар туралы хабарлайды. 
 
 
 


 
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы 
«Ы.Алтынсарин    атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық    колледжі» 
КМҚК-ның 
жатақханасының ішкі тәртіптеме Ережесі   
 
1.  Жалпы ережелер 
 
1.  Ішкі тәртіптеме Ережесі колледж әкімшлігімен әзірленген және жатақхананаың барлық 
тұрғындарына бірдей таралады. 
2.  Ішкі  тәртіптеме  Ережесі  колледж  жатақханасының  тәртібінің  әрі  қарай  нығая  түсуіне 
көмегін тигізеді. 
3.  Жатақхана оқу кезеңінде студенттер мен колледж қызметкерлерінің уақытша тұрақтап 
тұруы үшін пайдаланылады. 
4.  Колледж  студенттері  тұратын  бөлмелер  жиһаз,  төсек-орын  және  басқа  да  қажетті 
мүккамалдармен  жабдықталған.отбасылық  қызметкерлер    тұратын  бөлмелер  жиһаз, 
төсек-орынмен жабдықталмайды. 
5.  Колледж  әкімшілігі  жатақхана  мен  оның  тұрмыстық  жайларының  жұмыс  тәртібін 
анықтап, белгілейді. 
 
2.  Жатақханаға орналатыру және жатақханадан шығару ережесі 
1.  Колледж студенттері жатақханаға директордың келісімімен жеке ұсынылған өтініштер 
негізінде жатақхана меңгерушісімен орналастырылады. 
2.  Жатақханаға  орналасу  кезінде  студенттер  колледждің  медицианлық  қызметкерінің 
байқауынан өтеді. 
3.  Жатақханаға  орналасатын  студенттерге  жатақханаға  кіру  және  бөлменің  кілтін  алу 
құқығын беретін өту рұқсат қағазы беріледі. 
4.  Колледж  қызметкерлері  жатақханаға  ұсынылған  өтініштері  негізінде  директормен 
орналастырылады. 
5.  Жатақханаға    жайғастыру  тұрғын  алаңының  мөлшерлері  мен орнатылған  санитарлық 
ереже талаптарының сақталуымен жүргізіледі. 
6.  Жатақханаға  орналасушы  тұрмыстық  тоқ  құралдарын,  тұрмыстық  аппаратураны 
пайдалану  бойынша  техникалық  қауіпсіздік  нұсқаулығынан  өтуі  тиіс.  Нұсқаулықты 
техникалық қауіпсіздік журналын жүргізетін жатақхананың коменданты немесе тәрбиешісі 
өткізеді. 
7.  Жатақханаға орналасушылар ішкі тәртіптеме ережесімен танысулары керек. 
8.  Жатақхананаың  барлық  тұрғындары  жатақханаға  тіркелуі  тиіс.  Жатақханаға  тіркеуге 
тұру ұсынымы жатақхана меңгерушісі және колледж директорымен іске асырылады. 
9.  Жатақхана  тұрғындары  бір  бөлмеден  екінші  бөлмеге  (қажет  болған  жағдайда) 
жатақхана меңгерушісінің рұқсатымен ғана көше алады. 
10. Колледждің оқудан шығарылған студенттері олардың оқудан шығарылғандығы туралы 
бұйрық шықаннан кейін үш күн ішінде жатақханадағы орнын босатуы тиіс. 
11. Колледжде  оқуды  бітіргеннен  кейін  студенттер  диплом  алғаннан  кейін  екінші  күні 
жатақханадағы орындарын босатады. 
12. Жазғы  демалыс  пен  практика  кезінде  студенттер  тұрған  бөлмелері  мен  төсек 
орындарын комендантқа тапсырып, жатақханадағы орындарын босатады.   
13. Жатақхананың  ішкі  тәртіптеме  ережесі  мен  жұмыс  тәртібін  бұзған  тұрғындар 
жатақханадан шығарылады. 
14. Жатақханадан жатақхана қызметкерінің қызметтік хаты негізінде жатақхана Кеңесінің 
келісімі бойынша колледж әкімшілігімен шығарылады. 
15. Жатақханадан  шығарылған  тұрғын  төсек-орындар  мен  басқа  да  мүккамалдарды 
комендантқа өзуақтылы комендантқа тапсыруға міндетті.   
 


 
3.  Колледж жатақханасының жұмыс тәртібі 
1.  Колледж студенттері жатақханаға рұқсат қағазымен кіре алады. Рұқсат қағазы жоғалып 
қалған  жағдайда,  студент  жатақханасының  меңгерушісіне  хабарлап,  рұқсат  қағазының 
көшірмесін ала алады. 
2.  Бөлме  кілттері  студенттерге  студент  тұратын  бөлменің  нөмірі  көрсетілген  рұқсат 
қағазын көрсеткен жағдайда беріледі. 
3.  Бөгде тұлғалар колледж жатақханасына жіберілмейді. 
4.  Жатақханаға  студенттердің  ата-аналары  жатақхана  меңгерушісі  немесе  тәрбиешісінің 
рұқсатымен кіргізіледі. 
5.  Жатақхана  сағат  21:00-де  жабылады.  Жатақханаға  кеш  келген  студенттер  кезекші 
вахтердың журналында белгіленеді. 
6.  Ұйқыға  жату  сағат  23:00-де.  Осы  уақыттан  бастап  жатақханада  тыныштық  сақталуы 
тиіс.  Ұйқыға  жатқаннан  кейін  тыныштықты  бұзған  студенттер  тәрбиешінің  журналында 
белгіленеді.  Журналға  студенттің  тұратын  бөлмесінің  нөмірі,  аты-жөні  толығымен 
жазылады.   
7.  Дәліз бен қоғамдық пайдаланыс орындарында ұйқыға жатқаннан кейін кезекші жарық 
жанып тұрады. 
8.  Жатақханада  тұратын  студенттер  жатақхана  меңгерішісіне  немесе  жатақхана 
тәрбиешісіне түнгі уақытқа басқа жерге кететіндігі туралы хабарлауы тиіс (журналға белгі 
қойылуы керек). 
 
4.  Жатақхананың өзін өзі басқару органдары 
1.  Жатақханада тұратын студенттер есебінен коледждің жатақхана Кеңесі туралы Ережег 
сәйкес жұмыс атқаратын жатақхана Кеңесі құрылады. 
2.  Жатақхана  Кеңесі  жаатақхана  тәрбиешісінің  жетекшілігімен  жылдық  жұмыс 
жоспарына сәйкес жұмыс атқарады. 
3.  Кеңес  құрамының  саны  жатақхана  тұрғындарының  жалпы  жиналысында  жатақанада 
тұратындардың саны мен атқарылатын жұмыс көлеміне байланысты анықталады. 
4.  Жатақхана  Кеңесі  өз  жұмысын  колледж  әкімшілігі  және  жатақхана  меңгерушісімен 
өзара тығыз әрекет арқылы жүзеге асырады. 
5.  Жатақхана  Кеңесі  өз  жұмысы  туралы  жатақханада  тұратын  студентердің  жалпы 
жиналысында есеп береді. 
6.  Жатақхана Кеңесі келесі функцияларды атқарады: 
  Студенттердің  жатақханаға  жайғасуын,  жатақхана  бөлмелерінің  мақсатты  бағытта 
қолданылуын бақылауды ұйымдастырады. 
  Жатақхананың  манитарлық  ережелерінің,  тоқ  құралдарымен  пайдалану  кезінде 
қауіпсіздік  техника  ережесінің  сақталуын,  жабдықтар  мен  басқа  да  жиһаз, 
мәдіни-тұрмыстық құралдардың құнтты сақталуының тексерісін жүргізіп тұрады. 
  Жатақхананың  ішеі  тәртіптеме  Ережесін  әзірлеуге  қатысады  және  оның  сақталуына 
белсене араласады. 
  Студенттердің жатақханада тұруына қажетті жағдайларды жасайды. 
  Студенттердің бос уақыттарын өткізу шараларын ұйымдастырады. 
  Жатақхана тұрғындарының жалпы жиналасында, Кеңес отырыстарында бос уақытты, 
тұрмыстық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін көтереді. 
  Жатақханада  тұратын  студенттердің    ең  үздік  бөлме  байқау-сайысына  белсене 
қатысуын қамтамасыз етеді. 
 
5.  Колледж бен жатақхана әкімшіліктерінің міндеттері 
1.  Коледж  әкімшілігі  жатақхананың  шаруашылық  ісі  мен  жатақхана  тұрғындарының 
тұрмысын  ұйымдастыру,  жатақханада  орнатылған  тәртіптің  ұстануына  жетекшілік  етеді 


 
және жатақхананың дұрыс пайдалануы мен санитарлық жағдайына жеке джауапты болып 
табылады. 
2.  Әкімшілік  студенттердің  жатақханада  тұруына  қажетті  жағдайларды,  бос  уақыт  пен 
тәрбие жұмыстарының өткізілуін қамтамасыз етеді. 
3.  Колледж әкімшілігі міндетті
  жатақхананы  санитарлық  ережелердің  таларптарына  сәйкес  жабдықтап,  қамтамасыз 
етуге; 
  жатақхананы қызмет көрсетуші персоналмен толықтыруға; 
  жатақхананы жиһаз, төсек-орынмен, жатақхана мен оның жанын тазартып отыру үшін   
қызмет көрсетуге қажет барлық мүккамалдармен қамтамасыз етуге; 
  жатақхана, мүккамалдар мен жабдықтарды дер кезінде жөндеуден өткізіп    тұруға; 
  жатақхана  ғимараты  мен  оның  сыртқы  бетінің  тиісті  жазбалармен  безендіру 
жұмыстарымен қамтамасыз етуге; 
  тәрбие  жұмыстары  мен  оқу  сабақтарын  өткізу  үшін  бөлмелер  ұсынып,  қажетті 
тұрмыстық жағдайлар жасау; 
  жатақхананың  барлық  бөлмелерін  орнатылған  мөлшерлерге  сәйкес  тиісті  жылу 
режимімен қамтамасыз етуге; 
  жатақханада өзін өзі басқару жүйесін жетілдіруге; 
  жатақхана Кеңесіне көрнекі үгіттеу үшін материалдар мен кеңсе тауарларын бөлуге; 
  жатақхананың мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүзеге асыруға, 
тұрғындардың  ұсыныстарын  өзуақтылы  іске  асыру  шараларын  қабылдауға,  қабылданған 
шешімдер туралы мәліметті жариялауға; 
  жатақхананың жаңа оқу жылына өзуақтылы даярлығын қамтамасыз етуге. 
Жатақхана меңгерушісі міндетті
  жатақхананың жаңа оқу жылына өзуақтылы даярлығын қамтамасыз етуге; 
  студенттердің  өтініштері  негізінде  жатақханаға  орналастыру  жөніндегі  комиссияның 
шешімімен  шығарылған  колледж  директорының  бұйрығы  бойынша  студенттердің 
жатақханаға орналастырылуын ұйымдастырып, бақылауға; 
  жатақханаға  тіркеуге  тұруды  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  орнатылған 
тәртіпте жүзеге асыруға; 
  жатақхананың төлемақысының дер кезінде төленуін бақылауға; 
  студенттерді  жатақхананың  ішкі  тәртіптеме  ережесімен  белгіленген  мерзімдерде 
жатақхана мен жатақханадағы тіркеуден шығаруға; 
  колледж әкімшілігіне жатақханады тұру жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстарды 
өзуақтылы ұсынып отыруға;   
  жатақхананың іші мен сыртының тазалығын қамтамасыз етуге, жинайтын құралдарды 
өзуақтылы беріп тұруға, жатақхана жайлары мен оған бекітілген аймақты толық жинаудан 
өткізіп тұруға;   
  директор,  директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  алдында  жасалған  жұмыс 
туралы дер кезінде есеп беріп тұруға; 
  жатақхананың ішкі тәртіптеме ережесінің, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің 
сақталуын,  жатақхананың  жарықтандырылуын  қамтамасыз  етуге.  Жатақханада  тұратын 
студенттері арасында нұсқаулықтаржүргізуге; 
  колледж директорына жатақхананың ішкі тәртіптеме ережесінің өрескел бұзылғандығы 
мен ТЖ туралы хабарлауға; 
  жатақханада  тұратын  әр  студент    туралы  мәліметтерді  білуге,  студенттер  және 
олардың ата-аналарымен жеке жұмыстары жүргізуге; 
4.  Жатақхана тәрбиешісі міндетті: 
  студенттердің қызығушылықтары мен сұраныстарына сәйкес олардың жатақханадағы 
тіршілік әрекеттерін жоспарлап, ұйымдастыруға; 


 
  жатақхананың  ішкі  тәртіптеме  ережесін  саналы  түрде  орындауға  бағытталған  күн 
сайындық тәрбие жұмыстарын жүргізуге; 
  студенттердің  жеке  қабілеттіліктерін  зерделеу  негізінде  олармен  түзету-дамыту 
жұмыстарын  жүргізуге,  студенттедің  теріс  мінез-құлықтары  мен  зиянды  дағдыларының 
алдын алу жұмыстарын жүргізуге; 
    студенттерде  адамгершілік  қасиеттер  мен  мәдени  ұстану  мінез-құлықтарының 
қалыптастырылуына көмектесуге; 
  жатақхана  тұрғындарының  тынығулары  мен  оқуларына  қажетті  жағдайлардың 
жасалуын  бақылауға;  жатақхана  меңгерушісімен  біріге  отырып,  колледж  әкімшілігіне 
жатақхана тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жасуға; 
  жатақхана меңгерушісімен бірігіп, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, манитарлық 
және өртке қарсы ережелердің қатаң түрде сақталуын қамтамасыз етуге;   
  әр  төтенже  жағдай  мен  апатты жағдайлар  туралы  колледж  директоры  мен  жатақхана 
меңгерушісіне  шұғыл  хабарлауға  және  дәрігерге  дейінгі  бастапқы  жәрдем  көрсету 
шараларын қолдануға; 
  жатақхана  тұрғындарының  қоғамды  белсенділігі  мен  мәдени  деңгейін  арттыруға  ат 
салысуға; 
  жатақханада жаппай-мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға; 
  жатақхананың өзін-өзі басқару органадырынң жұмысын бағыттауға; 
  жатақхана меңгерушісімен біріге жатақхана іші мен оған жақын орналасқан аймақтың 
тазалығын қамтамасыз етуге; 
  жатақхана  меңгерушісімен  бірге  жатақханада  тұратын  студенттердің  құқықтары  мен 
бостандықтарының  сақталуын  бақылауға;жатақхана  Кеңесімен  қажет  болған  жағдайда 
колледж  әкімшілігімен  студенттер  мен  жатақхана    қызметкерлерінің  арасында  туған 
келіспеушіліктерді талқылап, қарастыруға; 
  орнатылған тәртіп бойынша құжаттама жүргізуге; жатақхана меңгерушісіне жасалған 
жұмыстар туралы өзуақтылы есеп беруге; 
  жатақханада үздік бөлме байқау-сайысын ұйымдастыруға; 
5.  Жатақхана  қызметкерлерінің  құқықтары  мен  міндеттері  колледждің  лауазымдық 
нұсқаулығымен анықталып, белгіленген. 
   
6.  Жатақханада тұратындардың міндеттері мен құқықтары 
 
1.  Жатақханаа тұратындардың құқықтары: 
  Оқу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы жайларын, жатақхананың жабдықтары және 
мүккамалдарымен пайдалануға. 
  Жатақхана  Кеңесі  арқылы  тұрмыстық  жағдайды  жақсарту,  бос  уақыттағы 
демалыстарды ұйымдастыру, тұрып жатқан бөлмелерді безендіріп, жабдықпен қамтамасыз 
ету, қоғамдық пайдаланыс орындарының жағдайын жақсарту мәселелрін шешуге қатысуға. 
  Жатақхананаың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін марапатталу мен сыйақы 
алуға. 
2.  Жатақханада тұрушылар міндетті: 
  Жатақхананың ішкі тәртіптеме ережесін сақтауға. 
  Тұрып жатқан орындары мен қоғамдық пайдаланыс жайларында тазалықты сақтауға. 
  Күн сайын жинастыруға. 
  Жатақхана атына бекітілген мүліктер мен мүккамалдардың сақталуын қамтамасыз ету. 
  Жасалған  материалдық  залалды  нарықтық  баға  бойынша  өтеуге  немесе  бұзылған 
жабдықты жаңасына ауыстыруға. 
  Тоқ  жабдықтарымен  қолданған  кезде  қауіпсіздік  техникасы  мен  өрт  қауіпсіздігінің 
ережесін сақтауға. 


 
  Тоқ қуаты мен суды үнемдеу шығындауға. 
  Жатақхана ақысын колледжбен белгіленген мөлшерде өзуақтылы төлеуге. 
  Жатақханадан шыққан кезде төсек орындар мен басқа да мүккамалдарды дер кезінде 
жатақхана комендантына тапсыруға. 
  Жатақханадан кеткен кезде жатақхана меңгерушісіне хабарлауға. 
  Туыстары  мен  достарына  кетіп,  жатақханада  түнемейтін  жағдайда,  жатақхана 
қызметкеріне хабарлауға. 
  Жатақхана қызметкерлеріне әдептілікпен сыпайы қарауға. 
  Жатақхана тұрғындарымен жақсы қарым-қатынаста болуға. 
  Жатақхана дер кезінде келуге. 
  Ұйқыға жатқаннан кейін тыныштықты сақтауға. 
3.  Жатақханада тұратындарға тыйым салынады: 
  Өз беттерінше бір бөлмеден басқа бөлмеге көшуге. 
  Өз беттіренше мүккамал мен жихаздарды бір бөлмеден басқа бөлмеге ауыстыруға. 
  Тоқ сымдарының жөндеуін жүргізуге. 
  Жатақхана әкімшілігінің рұқсатынсыз қосымша тоқ құралдарын орнатуға. 
  Тұрып  жатқан  жайлары  мен  қрғамдық  пайдаланыс  орындарында  өртке  қауіпті 
құралдарды қолдануға. 
  Магнитофон,  радиоқабылдағыштар  мен  теледидарды  басқа  бөлмелеге  дауысы 
естілетіндей қатты қоспауға. 
  Дыбыстық аппаратураны қосып, ұйқыға жатқаннан кейін шулауға. 
  Бөлмелер мен қоғамдық пайдаланыс орындарының қабырғаларына хабарламалар мен 
картиналар ілуге арналған жерлерден басқа жерлерге жабыстыруға. 
  Бөлмеде түнеуге өзге адамды қалдыруға. 
  Жатақхана маскүнемдік жағдайда келіп, ішімдік ішуге. 
  Бөлмелер мен қоғакмдық пайдаланыс орындарында шылым шегуге. 
  Ер жынысты студенттерге дәлелді себепсіз қыздардың бөлмесінде болуларына. 
 
Ішкі  тәртіптеме  ережесін  үнемі  бұзғандықтары  үшін,  жатақханадан  шығарылады. 
Жатақханадан  шығару  негіздемесі  қызметкерлер  мен  жатақхана  Кеңесінің 
өтінішхаты болып табылады. 
 
 
 
 


 
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы 
«Ы.Алтынсарин    атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық    колледжі» 
КМҚК-ның 
жатақхана кеңесі туралы ЕРЕЖЕ 
 
1.  Жалпы ережелер 
 
1. Жатақхана кеңесі колледж жатақханасының өзін өзі басқару органы болып табылады.   
2.  Кеңес  жатақханада  тұратын  студенттердің  есебінен  бір  оқу  жылына  сайланады,  кеңес 
құрамына сонымен қатар жатақхана тәрбиешілері де кіреді. 
3. Кеңестің сандық құрамы    жатақханада тұратындардың есебіне қарай, жұмыс көлемі мен 
басқа да екершеліктерге сәйкес анықталады. 
4. Жатақхана Кеңесі келесі функияларды орындайды: 
  Студенттердің  жатақханаға  орналасуын,  жатақхана  жайларыынң  мақсатты  тұрғыда 
пайдалануын бақылады ұйымдастырады. 
  Жатақхананың  санитарлық  ережелерінің,  тоқ  қондырғыларын  пайдалану  кезінде 
қауіпсіздік  ержесінің  сақталуын,  жабдықтардың,  мүккамалдар  мен  басқа  да  тұрмыстық 
жайлардың сақталуын тексеру рейдтері жұргізіледі. 
 
Жатақхананың ішкі тәртіптемесінің Ережесін әзірлеуге және оның сақталуына белсене 
қатысады. 
  Студенттер үшін тиісті жағдайлардың жасалуына қол жеткізеді. 
  Студенттердің бос уақытта демалыстарын өткізу жұмыстарын жүргізеді. 
  Жатақхана  тұрғынадырың  жалпы  жиналысы  мен  Кеңес  отырыстарында  бос  уақытта 
демалыстарды өткізу, үздік бөлме сайысын өткізу туралы ұсыныстарды талқыға салады. 
  Жатақханада  тұратын  студенттердің  үзді  бөлме  сайысына  белсене  қатысуларын 
бейімдейді. 
 
2. Жатақхана Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру 
 
1.  Жатақхана  Кеңесі  жатақхананың  жалпы  жиналасы  және  колледждің  өзін  өзі  басқару 
Кеңесімен бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді. 
2.  Жатақхана  Кеңесінің  отырысы  қажеттілікке  орай мерзімнен  тыс  айына  бір  реттен  кем 
болмауы тиіс. 
3.  Жатахана  кеңесі  өзінің  жұмысын  колледж  директоры  мен  жатақхана  меңгерушісінің 
өзара    тығыз әрекеті жүінде іске асырады. 
4. Жатақхана кеңесі өзінің жұмысы туралы жатақханата туратын студенттердің алдындағы 
жалпы жиналыста есеп береді. 
5. Жатақханана кеңесінің жұмысын жатақхана тәрбиешілері бағыттайды. 
6.  Жатақхана  кеңесіне  педагогикалық  жәрдем  мен  қолдауды  директодың  тәрьие  ісі 
жөніндегі орынбасары мен жатақхана меңгерушісі көрсетеді. 
 
3. Жатақхана Кеңесінің мүшелерінің құқықтары 
1.  Қажет  болған  жағдайда,  колледждің  әкімшілігі  алдында  тұрмыстық  жағдайларды 
жақсарту мәселесін қою. 
2.  Жатақхана  тұрғындарының  мәдени-тұрмыстық  қызметін  жақсарту  үшін  қаражат  бөлу 
туралы ұсыныс енгізу. 
3. Белсенділерді марапаттау туралы ұсыныс енгізу. 
4.  Үздік  бөлме  байқау-сайысының  нәтижесін  қорытындылау  және  жеңімпаздарды 
марапаттау бойынша ұсыныстар даярлау. 
5. Қажет болған жағдайда, колледждің әкімшілігі алдында ішкі тәртіп ережесін бұзғандығы 
үшін студенттерді жатақханадан шығару туралы мәселе қою.   
 


 
Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы 
«Ы.Алтынсарин    атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық    колледжі» 
КМҚК-ның 
жатақхана бойынша кезекшілер туралы ЕРЕЖЕ 
 
1.  Жалпы ережелер 
 
Жатақхана бойынша кезекшілік күн сайын жатақхана Кеңесімен бекітілген кесте 
негізінде өткізіледі және жатақханада тұратын студенттердің барлығы үшін міндетті болып 
табылады. 
Кезекшіліктің мақсаты жатақхананың тазалығы мен тәртібін ұстану, материалдық 
құндылықтар  мен  жабдықтардың  сақталуын  қамтамасыз  ету,  су  мен  тоқ  қуатының 
үнемделуін бақылау болып табылады.   
Жатақхана  бойынша  кезекшілік  жатақханада  тұратындармен  тәрбиешінің 
жетекшілігімен жүзеге асырылады. 
Кезекшілер кезекшілік кестесіне сәйкес жатақхана Кеңесінің тұрмыстық секторы 
мен тағайындалады. 
1. Кезекшілердің міндеттері: 
  Кезекшілік сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін жүзеге асырылады.   
  Кезекшілер жатақхана қызметкерлерінің тапсырмаларын орындайды. 
  Жатақхана  тұрғындарын  келіп  тұрған  өзге  тұлғалардың  өтініші  бойынша 
вахтаға шақырады. 
  Ас үй, дәліз, саты аралықтарының ылғалды    жинауын жүргізеді. 
  Колледжге жақын орналасқан аумақтардың тазалығын ұстанады. 
 
2. Кезекшілерді бөлу: 
Вахтада: 2 адам 
Қабатта: 2 адам. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау