Және экономика» факультеті «математика және информатика» кафедрасы дәріс конспектілері (тезистері)



жүктеу 0,57 Mb.
бет9/42
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#44744
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Дарис конспекти ИОА Инф

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

  2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.



5-ші дәріс
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Жоспары:
1. Оқыту формалары.
2. Информатиканы оқыту әдістері.
Дәрістің мазмұны:

  1. Оқыту формалары.

Оқыту формалары – мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, нақты ұйымдастырылған, мазмұны толыққан және әдістемелі қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың өзара әрекеттестік жүйесі. Оқыту формасы мазмұнның, оқыту құралдары және әдістердің мақсатты ұйымдастыру тұтастығы негізінде жүзеге асырылады.
В.Г. Крысько оқыту формаларын үш топқа: жоспарлы-оқыту (сабақ, дәріс, семинар, үй жұмысы, емтихан және т.б.), жоспардан тыс (бригадалы-зертханалық сабақтар, консультация беру, конференциялар, үйірмелер, экскурсиялар, ілгерілету бағдарламасы бойынша сабақтар) және қосымша (топтық және жеке сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі.
Қазіргі көптеген басылымдарда жалпы оқу формалары және оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру формалары болып ажыратылады.
Жалпы оқу формалары – жаппай, ұжымдық, топтық, жұптық, жеке және оқушылардың ауысымды құрамы деп бөлінеді. Жалпы оқу формалары негізін – оқушылардың өзара және мұғаліммен оқушылар арасындағы ерекше комуникативті әрекеттестіктері құрайды.
Жаппай оқыту формасы – оқушылардың бәрі бір мақсатта, бірыңғай екпінмен бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде қолданылады, мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. Бұл, ауызекі, көрнекі, практикалық әдістерді, сондай-ақ білімді бақылау үрдісінде жүзеге асырғанда қолданылатын, оқуды ұйымдастырудың дәстүрлі түрі, информатика сабағында өз мәнін жойған жоқ.
А.И. Бочкин айтқандай, компьютердің ықпалы мұғалімнің көрсеткенін оқушылардың дереу жаңғыртып орындау мүмкіндігімен айқындалады. Бұл ретте, мұғалім оқушылардың жаппай және жеке жұмыс әрекеттерін ұйымдастыру және бағдарламалық басқаруымен қатар, олардың компьютерлерін сәйкес режімдерге (жаппай немесе жеке әрекеттерін) ауыстырып, сондай-ақ оқушылардың барлық жұмыс орындарында компьютерлік ортаның бірыңғай жағдайын орнатады.
Оқытудың жаппай формасында оқушылардың іс-әрететтері мұғалімнің басқаруымен жүзеге асатыны айқын. Бірақ, әрекеттердің жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек.
Ұжымдық оқыту формасының жаппай оқытудан айырмашылығы, сынып оқушыларының арасында лидері бар қарым-қатынас ерекшеліктерімен қалыптасқан жеке ұжым ретінде қарастырылады.
Топтық оқыту формасында – оқушылар әртүрлі негізінде, алуан түрлі мерзімге құралатын топтарда жұмыс жасайды. Бұл компьютерлік техниканы қолданғанда оқытудың әдеттегі түрі, мысалы, жаңа бағдарламалық өнімдерді игергенде, жобалармен жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т.б. жағдайларда. Топтың ішінде қарқынды ақпарат алмасу пайда болады, сондықтан деңгейі және ынтасы әртүрлі оқушылардан құралған топтарда топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.
Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, бірін-бірі оқытып, бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы арасында жүзеге асады. Белгілі бір кезекпен оқушылардың жұптарын ауыстырып оқыту формалары бар, сол арқылы жұптық оқыту түрін ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді.
Жеке оқыту формасы – мұғалімнің бір оқушымен ғана жұмыс жасауы (сабаққа қосымша дайындық, тьюторлық жұмыс, кеңес беру және т.б.). Зертханалық жұмыс кезінде сабаққа дайындықсыз келген оқушыларды теориялық материалды қосымша оқыту үшін ЭЕМ-нен алшақтату да кейде пайдалы.
Оқытуды ұйымдастыру түрі – уақытпен шектелген оқыту үрдісінің жеке буынының құрылымы.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – бұл тарихи қалыптасқан, өзіне тән жүйелілік пен тұтастық, өздігінен даму, жеке тұлғалық пен әрекеттілік сипатты бар, қатысушылардың құрамы тұрақты, сабақты өткізудің белгілі бір тәртібі бар, орнықты және логикалы аяқтаған педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы.
ЭЕМ жекелеп оқыту формасын қайтадан жаңғыртты. Педагогикалық бағдарламаларды және мультимедиа курстарының таралымын көбейту мен Интернет ресурсын пайдалану арқылы оқытудың жаппай формаларының мына: ең үздік мұғалімдерден сабақ алу, ақпараттың әртүрлі көздерін пайдалану артықшылықтары сақталады. Компьютер жаппай және жеке оқыту арасындағы қайшылықты жояды.
Мұғалімнің ең маңызды міндеті – оқушылардың өзіндік танымдық дағдыларын қалыптастыру.
Оқытудың сыртқы формалары – сабақтың белгілі бір түрін –сабақ, дәріс, семинар, саяхат, практикум, факультативтік сабақ, емтихан, пәндік және техникалық шығармашылық үйірмелер, оқушылардың ғылыми қауымдастықтары және т.б. білдіреді. Олар мақсаттан, мазмұннан, әдістерден, оқыту құралдарынан, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастардан тұратындықтан, өзара біріктіруші рөлін атқарады.
Оқытудың қосымша ұйымдастыру формалары, білімдегі кемшіліктердің орнын толтыру, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру, оқу пәніне жоғары ынтаны қанағаттандыру мақсатына арналады. Қосымша сабақтарда әртүрлі көмектесу формалары ұйымдастырылуы мүмкін: жеке сұрақтарды түсіндіру, нашар оқушыларды жақсы оқушыларға бекіту, тақырыпты қайта түсіндіру.
Пәнді тереңдетіп оқу және танымдық қызығушылығын арттыру үшін, жеке оқушылармен жоғары қиындықты есептер шығарылады, бағдарламадан тыс ғылыми проблемалар талданады, қызығушылықты тудырған проблема бойынша өз бетімен игеруге бағытталған нұсқаулар беріледі.
Қосымша сабақтармен кеңес беру тығыз байланысты. Олар ағымды, тақырыптық және жалпылама (мысалы, емтиханға немесе сынаққа дайындалғанда) болып бөлінеді.
Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру формалары –көрсету (демонстрациялау), жаппай зертханалық жұмыс және жаттықтыру (практикум) сабақтары болады.
Көрсету (демонстрациялау). Көрсету экранын пайдалана отырып, мұғалім оқушыларға курстың алуан түрлі оқу элементтерін (интерфейс элементін, бағдарламалардың үзінділерін, сызбаларды, мәтіндерді және т.б.) көрсетеді. Оқыту барысында мұғалім ЭЕМ-де жұмыс істесе, оқушылар оның әркеттерін бақылап отырады немесе өз компьютерінде мұғалімнің соңынан қайталап отырады. Көрсетудің негізгі дидактикалық қызметі – оқушыларға жаңа мәліметті жеткізу.
Зертханалық жұмыс (жаппай) информатика кабинетіндегі негізгі жұмыс түрі болып табылады. Оқушылар бір мезгілде өз жұмыс орындарында тиісті бағдарламалық құралдармен жұмыс істейді. Жаппай зертханалық жұмыс кезіндегі мұғалімнің басты рөлі –оқушылардың жұмысын бақылау (оның ішінде жергілікті желі арқылы), оларға шұғыл көмек көрсетіп отыру.
Пайдаланылатын бағдарламалық құралдардың әртүрлі дидактикалық мақсаты болуы мүмкін: жаңа тақырыпты меңгерту (мысалы, оқытушы бағдарламалардың көмегімен), жаңа тақырыпты бекіту (мысалы, жаттықтырушы бағдарлама арқылы), алған білімдерін немесе операциялық дағдыларын тексеру (бақылаушы бағдарламалардың немесе компьютерлік тестілердің көмегімен).
Жеке жаттықтыру (практикум) сабағы – күрделілік деңгейі жағынан, өзіндік деңгейі жағынан әртүрлі тапсырмалармен сипатталатын, жаппай зертханалық жұмыстармен салыстырғанда анағұрлым қарқынды жұмыс түрі; оқулықтарға, анықтамалық құралдарға, Интернет ресурстарына сүйену арқылы; мұғалімге неғұрлым күрделі сұрақтар қою арқылы іске асады.
«Дәріс» терминінің екі мағынасы бар: ол форма және әдіс. Дәріс қашанда жаппай өтеді. Ол көрнекілік және демонстрациялау құралы ретінде компьютерді пайдалану арқылы өткізіле алады, ол үшін дәріс компьютерлік сыныпта өтуі керек. Оқушыларда компьютерде алдын ала дайындалған конспектілері болған кезде (мысалы, гипермәтін немесе презентациялар түрінде) танымдық қызметтің өзін-өзі басқару деңгейі жоғарылап, маңыздысын жаза алмай қалу үрейі жоғалады. Оқушылар конспектінің баспалық түрін де ала алады. А.И.Бочкин атап өткендей, егер қағаз бетінің сол жағында негізгі мәліметтің тезистері, оң жағында оқушының ой-пікірін жазуына орын қалдырылса конспекті оңтайлы болар еді. Бұл әдіс оқушының жеке әрекет етуіне, ойлау қабілетін дамытуға өз әсерін тигізеді.
Семинар фронтальды формадан жеке жұмыс жасауға ауысу түрі болып табылады, сол себепті информатиканы оқытуда өз маңызын сақтап қалып отыр.
«Көзбе-көз» компьютерлік әдістің дербестігін алдын алуда ұжымдық жұмыс формалары да семинарда іске асады. Семинарда рөлдік ойындарды қолдану да өте орынды, себебі оларды талқылап отыру керек. Оқушы семинар жұмысының қорытындысы қалай шығарылатындығын білуі тиіс. Оқушы нені тапсыру керектігін білу үшін, ықтимал бақылау нәтижелерінің тізімін келтіріп кетейік:
1) түзетілген, енгізуге дайын алгоритм мәтіні;
2) ЭЕМ-сіз толтырылған алгоритмді орындау кестесі;
3) бағдарламамен болатын диалог жобасы;
4) нұсқаулық бойынша сұрақ жауаптары;
5) өзінің немесе өзгенің бағдарламасының нұсқаулығы;
6) өзінің немесе өзгенің бағдарламасына ой-пікірі;
7) бағдарлама жұмысынан күтілген нәтижені сипаттау;
8) ойынға қатысушыларының рөлдік әрекетін сипаттау, белгіленген қателіктерді анықтау.
Жобалы оқыту түрі. Оқытудың бұл түрі, оқушылардың шығармашылық әрекеттеріне негізделеді. Жобалы оқыту түрінің белгілері келесідей:
- жобаға дайындықтың ұйымдастырушылық кезеңінің болуы – өзіндік таңдау мен шешім нұсқасын әзірлеу, бағдарламалық және техникалық құралдарды таңдау, ақпарат көзін таңдау;
- жоба қатысушылары арасынан лидерді таңдау (ұйымдастырушы, үйлестіруші), рөлдерді үлестіру;
- өзін-өзі сараптау және өзін-өзі бағалау кезеңінің болуы (қызмет рефлексиясы), нәтижені қорғау және орындау деңгейін бағалау;
- әрбір топ жеке жобаны әзірлеумен айналыса алады немесе ұжымдық жобаны әзірлеуге қатысу мүмкіндігі бар.
Экскурсиялар – информатиканың өндірісті басқаруын немесе ЭЕМ-ді қолданатын мамандықтарды көрсету үшін ұйыдастырылады. Бұл сабақ не курс басында, не соңында өткізіледі.
Сабақ . Педагогика бойынша классикалық оқу құралдарында – сабақ (басқа да оқу формаларымен толығып отыратын) оқытудың негізгі ұйымдастырушылық формасы ретінде қарастырылады. Мектепте жиі қолданылатын ұйымдастырушылық форма сынып-сабақтық оқыту болып табылады, себебі оқушылар 85–95% оқу уақытын сабақта өткізеді.
Сынып-сағаттық оқыту жүйесіне тән белгілері келесідей:

  • оқушылардан құралған оқу тобының тұрақты құрамы;

  • әрбір сыныпта оқыту мазмұнын қатаң анықтау;

  • оқу сабақтарының кестесін анықтау;

  • оқушылардың жеке және ұжымдық жұмыс формаларын үйлестіру;

  • мұғалімнің жетекші рөлі;

  • оқушыларды жүйелі тексеру және білімдерін бағалау.

- жоғарғы оқу орындарындағы (ЖОО) сияқты сабақтар (дәріс-сабақ, семинар-сабақ, практикалық сабақ, коллоквиум сабағы, консультациялық сабақ, сынақ-сабақ);
- арнайы бағыттағы сабақтар (практикум-сабақ, өздік жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы, жаппай зертханалық жұмыс сабағы, экскурсия-сабақ, пәнаралық сабақ);
- ойын түріндегі сабақтар (рөлдік ойын сабағы, сайыс-сабақ, сауалнама-сабақ, конференция-сабақ, кездесу-сабақ, жоба-сабақ);
- мазмұнды құрылымдардан тұратын сабақтар (кітаппен жұмыс жасау сабағы, электронды жұмыс дәптерімен өткізілетін сабақ, қарқынды тірек сигналдар негізіндегі сабақ, жалпылаушы кестелер негізіндегі сабақ, диктант-сабақ, типтік бағдарламалық құрылымнан тұратын сабақ).



жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау