Және экономика» факультеті «математика және информатика» кафедрасы дәріс конспектілері (тезистері)



жүктеу 0,57 Mb.
бет8/42
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#44744
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Дарис конспекти ИОА Инф

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

  2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.



4-ші дәріс
Әдістеме және оқыту технологиясы.
Жоспары:

  1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидалары.

  2. Әдістеме және оқыту технологиясы.

Дәрістің мазмұны:
1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидалары.
Оқытуды ұйымдастырудың негізіне мына айқындалған қағидалар жатады:
- үздіксіздік – оқытудың барлық кезеңдеріндегі сабақтастықты есепке ала отырып, оқытудың мазмұндылығы мен білімдібақылаушылық жүйесін құру арқылы жасалады;
- сызықты емес – білім беру үрдісінің қатысушыларының мүмкіндіктері мен әлеуметтік тапсырысқа қатысты, оқыту мен бақылау жүйесінің дамуы мен мазмұнын өзгертуге рұқсат етіледі;
- өзін-өзі ұйымдастыру – оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы өзін-өзі жоғарылататын моделін таңдау мүмкіндігін ұсыну арқылы жасалады;
- ашықтығы – пәнаралық тәсілде оқытудың мазмұнын құрумен негізделеді және бағдарлама мен бақылау жүйесін дайын ақпараттық блоктардан жобалау мүмкіндігін болжайды.


2. Әдістеме және оқыту технологиясы
Қазіргі білім берудің ең басты мақсаттарының бірі –оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен білім алуға дағдыландыру, алған білімін жасампазды қолдануға икемдеу екені белгілі. Педагогикада, дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге қарағанда, педагогикалық технологиялар немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда.
«Педагогикалық технология» термині шетелде, өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Содан бері әр елдерде, мысалы АҚШ-та, Жапонияда «Педагогикалық технология», Англияда «Педагогикалық технология және оқыту процессі» журналдары баспаға шыға бастады. Ал ЮНЕСКО-ң халықаралық білім беру бюросының бюллетені «Педагогикалық технологиялар» топтамасын шығарды.
«Оқыту технологиясы» ұғымы 60-жылдардың аяғында пайда болып, 70-жылдары көптеген жақтаушыларға ие болды. Қазіргі уақытта, ол педагогикалық сөздікке бекем енді. Әйтсе де, оны түсіну және қолдану әртүрлі болуда.
Қазіргі заманның педагогикалық теориясында жаңа оқыту технологиясын мектепке енгізуде бірінші зерттеу жүргізген академик В. Беспалько [1] болатын. Оның айтуы бойынша – « Педагогикалық технология – бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы»
Ал жаңа технологияның жеке сүрақтарын зерттеген және «Модулді оқыту технологиясын» енгізген В.М. Монаховтың пайымы бойынша – « Педагогикалық технология – бұл оқушы мен мұғалімге барлық жағдай жасау арқылы оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізу бойынша бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты ойластырылған моделі»
«Педагогикалық технология – техникалық және адами ресурстарды, олардың өзара байланысын ескере отырып, оқыту және білімді игерту үрдістерін құрайтын, қолданатын және белгілейтін, білім беру түрлерін оңтайландыруды міндет санайтын
жүйелі әдіс» (ЮНЕСКО).
Дегенмен, әдебиеттерде, мысалы: «массив ұғымын енгізу әдістемесі», «бағдарламалауға оқыту әдістемесі», «ақпараттық технологияларды оқыту әдістемесі» және т.б. сөз тіркестері кездеседі. Мұндағы «әдістеме» ұғымы мүлдем басқа мағына беретіні анық, ол «алгоритм», «әдіс», «технология» түсініктеріне жақын.
Осыған байланысты, «әдістеме» және «технология» ұғымдарын бөлу мәселесі туындайды. А.В. Хуторской айтқандай, «оқыту теориясы „бәріне барлығын“ (жалпы дидактика) және жеке оқу пәнін оқыту немесе белгілі типті мекемелерінде оқыту теориясы (дербес дидактикалар) болып ажыратылады. Дербес дидактикалар ... оқыту мәселелерін сәйкес оқу пәндеріне қарай үйлестіреді және де әртүрлі деңгейде – бала бақшадан бастап орта және жоғарғы оқу орындарына дейін. Дербес дидактикаларды оқыту әдістемелері деп те атайды... Олардың мақсаты – сәйкес оқу пәнін немесе пәндер тобын оқыту үрдісінде оқушыларды дамыту және тәрбиелеу, оқыту құралдары және жолдары заңдылықтарын зерттеу» .
Г.К.Селевко педагогикалық технология ұғымының үш иерархиялық деңгейін бөліп көрсетеді :
- бүтіндей білім беру үрдісін сипаттайтын жалпы педагогикалық немесе жалпы дидактикалық деңгей (аймақта, оқу орнында, оқу деңгейінде), синонимі – «педагогикалық жүйе»;
- бір пән, сынып, мұғалім және т.б. аясындағы білім беру үрдісін сипаттайтын жеке әдістемелік немесе пәндік деңгей, синонимі – «жеке әдістеме»;
- оқшауланған немесе модульдік деңгей, яғни оқу-тәрбиелік үрдістегі жеке элементтер технологиясы (ұғымдарды қалыптастыру, бақылауды ұйымдастыру, жаңа білімді игеру және т.б.). Сонымен мынадай бастапқы тұжырымды қабылдайық:
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі (информатиканы оқыту әдістемесі) – кез келген жас шамасында және кез келген ұйымдастырушылық-әдістемелік оқыту түрінде информатиканы үйрету объектісі болып табылатын педагогикалық ғылым.
«Технология» сөзі грек тілінде «techne» – өнер, шеберлік және «logos» – ғылым, заң дегенді білдіреді. Сөзбе-сөз аударғанда, «технология» – шеберлік туралы ғылым болып табылады. Кез келген технологияның негізгі өзіндік белгілері болады: ол процессуалды категорияға жатады; объектінің жағдайын өзгерту әдістерінің жиыны түрінде ұсынылуы мүмкін; экономикалық үрдістерді тиімді жобалауға және пайдалануға бағытталады.
Сонымен, технологияның әдістемеден айырмасы, мына сипаттамалардың болуымен анықталады:
 аспаптылығы – яғни, мақсатқа кепілді жеткізетін, қатал анықталған орындау нұсқамалар жүйесінің болуы;
 жаңғыртылымдығы (орысш. – воспроизводимость);
 кепілді және өлшемді нәтиженің болуы.
Технологиялық оқытудың мәселелерін қарастырудың осыған ұқсас сипаттамалары М.Е. Бершадскийдің, И.П. Волковтың, В.В. Гузееваның, М.В. Клариннің, В.Ю. Питюкованың, В.П. Тихомированың, П.М. Эрдниевтің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде ұсынылған.
Қазақстандық педагог зерттеушілерден М.Ж. Жадрина, Н.Н. Нұрахметов, Ж.А. Қараев (деңгейлеп оқыту технологиясы), Ж.У. Кобдикова, М.М. Жанпеисова (модульді оқыту технологиясы) атауға болады.
Ресейлік және шетел авторларының (Б.П. Беспалько, Б.С. Блум, М.В. Кларин, И. Марев, Г.К. Селевко және тағы басқа) педагогикалық технологиялар мәселелері бойынша еңбектерін сараптаудың нәтижесінде, педагогикалық технологияға ғана тән белгілер анықталды, олар :
Тұжырымдамалық (орысш. – концептуальность, ғылыми негіз)
– әрбір педагогикалық технологияда білім беру мақсаттарына жетудің өзіне лайық белгілі бір ғылыми негіздемесі, ғылыми концепцияға тірегі болуы тиіс.
Жүйелілік – педагогикалық технологияда жүйенің барлық: үрдістің логикасы; барлық бөліктерінің арасындағы байланыс; тұтастық белгілеріне ие болуы керек.
Диагностикалық мақсатты құру және нәтижелілігі –мақсаттарға кепілді жету және оқыту үрдісінің тиімділігі.
Басқарылушылық – диагностикалық мақсатты тұжырымдау мүмкіндігі; жоспарлау; оқыту үрдісін жобалау; сатылық диагностика; нәтижелерді түзету үшін құралдармен және әдістермен түрлендіру.
Тиімділік – нәтижелер тиімділігі мен шығынның оңтайлылығы, қысқа мерзімде оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету кепілдігі. Іс жүзінде қолданымдылығы (алгоритмденуі, жобалануы, бүтіндігі, басқарылымдылығы) – педагогикалық технологияларды басқа да ұқсас білім беру мекемелерінде, басқа субъектіл ермен қолданылу мүмкіндігі.
Түзетілімдігі – тұрақты түрде жедел кері байланысу мүмкіндігі.
В.П. Беспалко тіпті басқа қағиданы ұстанып: «белгілі бір шартпен өтетін кез келген үрдістер осы шарттармен бірлесіп, жүйе деп аталады... Педагогикалық үрдістерді іске асыратын жүйелерді, педагогикалық жүйелер деп атайды» – дейді [1,26-б.].
Ол педагогикалық жүйелер құрылымын өзара байланысқан екі топқа бөледі: педагогикалық тапсырмаларды қалыптастыратын элементтер тобы (оқушылар, білім беру мақсаттары, білім мазмұны) және педагогикалық технологияларды түзетін элементтер тобы (оқу үрдісі, оқытуды ұйымдастыру, мұғалім және/немесе оқыту құралы)
Педагогикалық технологиялардың терең мағынасын В.П.Беспалко былай түжырымдайды:
1) кездейсоқтан шығып, алдын ала жобалауға көшу;
2) оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің құрылымын және мазмұнын дайындау;
3) оқушылардың жаңа материалды игеру және тұлғаның бүтіндей даму сапасын объективті бақылау және диагностикалық мақсат қою;
4) оқу-тәрбиелік үрдіс компоненттерінің мазмұны мен құрылым бүтіндігінің қағидасын жүзеге асыру.
Қазіргі педагогикада білім беру жүйесі компоненттерінің (мақсаттардың, мазмұнның, әдістердің, оқыту түрлері мен құралдарының) тұтастығы туралы түсінік қалыптасты. Білім беру мазмұны білім беру технологиясының маңызды бөлігі ретінде, көп жағдайда оның процессуалдық бөлігін (әдістер мен құралдар жиынтығын) анықтайды. Нақты пән саласында білім беру мазмұны өзгерген кезде,тиісінше оқыту мақсаттары да өзгереді, ал оған байланысты әдістемелер мен оқыту технологиялары да өзгерері анық. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі Педагогикалық технологияларды әртүрлі белгілер бойынша жіктеуге болады
Жаңа технологиялар жалпы мынадай мақсаттарды көздейді:
а) ынтымақтастық;
б) ұжымдаса жұмыс істеу;
в) өзіндік бастама (иницатива);
г) өз жұмысын бағалауға үйрету;
д) логикалық ойлау;
е) мәселелерді шеше білу;
ж) ақпарат алу жөне керектісін пайдалана білу.
Жоғары сыныптар үшін тиімді технологиялар: өздігінен даму технологиясы, модульдік оқыту технологиясы (МОТ), бағдарлап оқыту, ынтымақтастық, компьютерлік, сын тұрғысынан ойлау (СТО).Орта буын сыныптарына тиімді технологиялар: түсіндіре оза оқу, дамыта оқыту, тірек сигналы арқылы оқыту, проблемалап оқыту, СТО, МОТ.
Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру, ақпаратты оқыту, зерттеу, көрнекілік технологиялары.
Өздігінен даму технологиясы – баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болу керек, сонда бала өзін өзі дамытады. Баланың: «Мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» – деуіне жету.
Оза оқыту технологиясында – грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады.Тірек сигналы – сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сызбаларда көбіне дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Тілдік категориялар ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады.
Белсенді оқыту технологиясы – оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін, шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп білім алуына мүмкіндік жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:
- сабақ құрылымының икемділігі, оқығаны бойынша пікірталастың болуы;
- дидактикалық ойындар, интенсивті өзіндік әрекет, бірліктерді салыстыру, топтау, жүйелеуді ұйымдастыру;
- жеке тұлғаға бағдарланған технологияда оқу тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру; әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай туғызу көзделеді;
- жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті қабылдау мүмкіндігіне сай оқыту);
- білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс).
- оқытудың жағдаяттылығы ұстанымы (тапсырманы орындауға жағдай туғызу).

жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау