Және экономика» факультеті «математика және информатика» кафедрасы дәріс конспектілері (тезистері)



жүктеу 0,57 Mb.
бет3/42
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#44744
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Дарис конспекти ИОА Инф

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

  2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.



2-дәріс
Информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Жоспары:

  1. Мектептегі информатика негіздерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

  2. Информатика курсының педагогикалық функциясы.

  3. Компьютерлік сауаттылық.

Дәрістің мазмұны:

  1. Мектептегі информатика негіздерін оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған қызмет тәсілін әдіс дейміз. Жалпы дидактикада оқушының оқу қызметі мұғалім қызметі және олардың бірлескен қызметі. Мысалы, оқушыларға арнап нұсқаулар дайындау - мұғалім қызметі; ЭЕМ-де бағдарламамен диалогты түрде жұмыс істеу, нұсқау тапсырмаларын орындау - оқушы қызметі; оқушының ЭЕМ-де орындаған жұмыс нәтижесін қорғауы - біріккен қызмет. Оқушы алдына мақсат қойып, компыотерде өз бетінше жұмыс істейді, ал мұғалім, оқу барысында оқушыларға проблемалық жағдай туғызып, олардың қызметін басқарып отыру.
Сонымеy, оқыту әдісін оқушының белгілі бір мақсатқа жеткізуге бағытталған танымдық қызметін басқару әдісі деп түсіну керек. Оқыту әдісін оқу үрдісінде - арнайы туғызылған ситуациялардағы танымдық қызмет әдісі деп қарастыруға болады.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.
«Информатика» пәнін оқыту мақсаттары

  • оқушыға информациялық процестер туралы мағлұматтар негізі және олардың әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін құрылымдаудағы рөлінің түсінікті және берік меңгерілуін қамтамасыз ету;

  • қазіргі заманғы қоғам дамуындағы информациялық технологиялар және компьютерлік техникалардың маңызы және рөлі жөніндегі түсініктерді құрау;

  • оқушыға компьютерді өзінің оқуында, содан кейін кәсіптік қызметінде саналы және ұтымды пайдалануға дағдыландыру.

Оқушының психололгиялық-жас шамасы ерекшеліктерінен шыға отырып, «Информатиканың» пәндік саладағы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін, Мемлекеттік стандарт информатиканы оқытудың бірнеше кезеңдерін ерекшелеп көрсетеді: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінде жүзеге асырылатын бастапқы (пропедевтикалық), базалық және бағыттық (кәсіпалды).
Бастапқы кезеңнің мақсаты – төменгі сынып оқушыларының ойлау мен көңіл бөлудің неғұрлым маңызды құрамдарын дамыту, оқу іс-әрекетінде информатиканы оқу мен жаңа информациялық технологияларды қолдануға дайындау.

  • жаңа информациялық технологияларды қолдануда психологиялық (тұлғалық-уәждік, зияткерлік, операциялық) дайындықтарды қалыптастыру;

  • жинақтау мүмкіндігі, түйсіну, икемділік, беріктік және дербестік сияқты ойлаудың неғұрлым маңызды құрамдарына жағдай жасау;

  • алғашқы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;

  • іс-әрекет құрылымдарын құрастыра білуді және бұл үшін мағлұматтар жасауды қалыптастыру;

  • қабылдау, еске сақтау, шығармашылық елестердің дамуына жағдай жасау;

  • информатикамен тығыз байланысты білім саласында оқушының ой-өрісін кеңейту;

  • компьютермен жұмыс істеу элементтерін үйрету, балада компьютердің мүмкіндіктерін игеруде сенімділік сезімінің дамуына жағдай туғызу;

  • компьютерге және информациялық жүйелерге адамгершілік-жауапкершілік қарым-қатынас жасауға тәрбиелу.

жағдай жасау.
Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жадай жасау.
Сонымен, мектептің алдында төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:

  1. Білім беру;

  2. Тәрбиелік

  3. Практикалық

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты –оқушының шығамашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеб бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Қорыта келгенде информатикакны оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат – оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.


  1. жүктеу 0,57 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау