Және экономика» факультеті «математика және информатика» кафедрасы дәріс конспектілері (тезистері)



жүктеу 0,57 Mb.
бет19/42
Дата15.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#44744
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Дарис конспекти ИОА Инф

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.

  2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.

9-шы дәріс
ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі.
Жоспары:
1. ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары.
2. ЭЕМ жадысының формалары.
3. Дербес компьютердің архитектурасы.
Дәрістің мазмұны:
1. ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары.
Анықтама. Есептуіш машинаның архитектурасы (Computer architecture) – ақпараттың өңделуін жүргізуді айқындайтын, соның ішінде, ақпаратты деректерге түрлендіру әдістері және техникалық құралдармен бағдарламалық жабдықтардың арасындағы әрекеттесу прициптерін анықтайтын есептеуіш машинаның концепциялы құрылымы.
Әдетте, оқулықтарда ЭЕМ-нің маркасына байланыссыз архитектураның жалпы ұғымдары талқыланады. Ал сабақтағы тәжірибелік жұмыстар компьютердің белгілі модельдерінде өткізіледі. Ол жадының көлемі, процессордың разрядтылығы жайында айта отырып, оқушыларға осы параметрлердің нақты қай шамалары мектеп компьютерлерінде барын айта кеткен жөн.
ЭЕМ – нің негізгі құрылғылары және бағдарламалық басқару принципі. Аталған тақырыптың басты ұғымдары: ЭЕМ архитектурасы, ЭЕМ жады (жедел, сыртқы); процессор; енгізу-шығару құрылғылары; бағдарламалық басқару.
ЭЕМ-ң «архитектурасы» ұғымының мәні туралы жоғарыда айтылды. Бұл ұғымды оқушыларға ашу үшін ұқсастық (орысш. –аналогия) дидактикалық амалын қолдануға болады.
Компьютер бұл ақпаратпен жұмыс істейтін әмбебап машина. Ал табиғатта мұндай « биологиялық машина» адам болып табылады. Бұлай дейтініміз, адам ақпараттық үрдістің үш типін: ақпаратты сақтауды, ақпаратты өңдеуді және ақпаратты қабылдауды орындай алады.
Сол сияқты, компьютердің құрылғыларының құрамына бұл үрдістерді іске асыратын техникалық жабдықтар кіру керек. Олар: жады процессор, енгізу және шығару құрылғылары деп аталады.

Қызметі

Адам

Компьютер

Ақпаратты қабылдау

Сезім мүшелері

Енгізу құрылғысы

Ақпаратты сақтау

Ес

Жад құрылғысы

Ақпаратпен алмасу

Сөз, қимыл жүйесі

Шығару құрылғысы

Ақпаратты өңдеу

Ойлау

Процессор

Компьютерде жадының ішкі және сырқы деп бөлінуін тағы да адаммен ұқсастырып түсіндіріледі. Ішкі жады – адамның өзінің (биологиялық) есі, сыртқы жады – ақпаратты жазатын алуан түрлі құралдар: қағаз, магниттік және т.б.
Компьютердің түрлі құрылғылары бір-бірімен ақпараттың алмасу каналдары арқылы байланысады. Сыртқы ортадан ақпарат компьютерге енгізу құрылғылары арқылы түсіп, ішкі жадыға барып сақталады. Егер оны ұзақ мерзім бойы сақтау қажет болса, онда ол ішкі жадыдан сыртқы жадыға жазылады. Ақпартты өңдеуді процессор, ішкі жадымен толассыз екіжақты байланыс арқылы іске асырады. Ішкі жадыдан берілген деректер шығарылады (оқылады), өңделген нәтиже қайта оған жазылады.

Суретке біраз түсінік беру қажет. Кейде ЭЕМ-ң кұрылымдық схемасын басқаша бейнелейді, енгізу құрылғысынан шығару құрылғысына бағытталған ақпараттық ағын, ішкі жадымен емес, процессормен байланысады. Шынында, енгізу, шығару және басқа да компьютерлердегі амалдар процессор регистрлерінің қатысуымен іске асады.



жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау