1.Балық сулары тоғандарының сипаттамасы
Балық суларының тоғандары бағытымен тағайындалуына байланысты сумен қамтамасыз етілген (басты, өндірістік-жазғы, қысқы), санитарлық-профилактикалық (карантинді, изоляторлы) және қосалқы (отырғызған тоған) болады. Жазғы өндірістік тоғандарға уылдырық шашатын, майда балықтардың, өсіретін, семіртетін және аналық балықтардың тоғандары жатады. Ал қысқы өндірістік тоғандарға балықтарды қыс мезгілдерінде сақтауға арналып жасалғандар жатқызылады. Размері, тереңдігі және тоған суларының ағыны, оларда өсіретін балықтардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады да, тоғандарға қойылатын талаптар балықтардың жасына қарай өзгеріп отырады.
Уылдырық шашылатын тоғандар – балықтарды өндіруге арналған. Олардың ауданы 0,1 га (0,5-0,2), ал тереңдігі – 0,5-1,1 м. Уылдырық шашатын тоғандарды, қатынас жолдардан (шу уылдырыққа бөгет) қашық, нейтралды немесе сәл сілтілі топырақты, батпақты емес жерлерге орналастырылады. Бұл тоғандарды балықтардың оларға салғаннан кейін уылдырық шашуынан 10-12 сағат бұрын (ең ұзақтығы 1-2 тәулік) суға толтырады.
Алдын ала тоғандарды су мен толтырып қоюға рұқсат етілмейді. Ондай кездерде су басқа микроорганизмдер мен ластанып өсетін балықтардың ұрықтары мен личинкаларына зиянды әсерін тигізеді.
Майда балықтар тоғаны – уылдырық шашқан тоғандардан немесе зауыттарда жас балықтарды 6-7 күндігінен бастап 15-18, кей кездерде 30-40 тәуліктік жастарына дейін өсіру үшін жасалады. Майда балықтар тоғанының ауданы – 0,2-1 га, орташа тереңдігі – 0,8-1,0 м. балады.
Өсіретін тоған – жас балықтары өсіруге арналады. Балықтарды өсіретін тоғандардың ауданы – 10-15 га, ал орташа тереңдігі – 1,0-1,2 м. Негізгі өсіретін балықтар материалдарын шығаратын балық питомниктары тоғанның барлық ауданың 80-90 % алады.
Семіртетін тоған - өнімдік балықтарды өсіріп-семірту үшін арналып жасалады. Оның ауданы – 50 - 100 га, ал орташа тереңдігі – 1,3 - 1,5 м.
Аналық тоғандар – аналық және өнімдік жас балықтарды ұстауға арналған, оларға ең жақсы жағдайлар туғызылады. Ол тоғандардың ауданы шаруашылықтағы аналық және өнімдік жас балықтардың өндіру санына байланысты болады да, оның орташа тереңдігі – 1,3-1,4 м.
Қыстамалы тоғандар – жас және үлкен жастағы балықтарды қыс мезгілінде ұстауға арналады. Балық шаруашылықтарының шамасына байланысты, олардың аудандары 0,2-1,5 га дейін болады. Тереңдіктері, оның қатпайтын су қабатының қалыңдығы – 1-1,2 м кем болмауы керек. оңтүстік аймақтарда қыстамалы тоғандардың 1,5 м тереңдігі жеткілікті болады.
Карантиндік тоғандар – басқа шаруашылықтардан әкелінген өндірістік жас балықтарды ұстауға жасалады. Шаруашылықтардың размерлеріне байланысты, олардың ауданы 0,2-0,4 га, ал орташа тереңдігі 1-1,3 м. Карантин тоғандарын шаруашылықтан төмен, жеке басқа балық тоғандарынан 20-30 м-ден жақын емес орналастырады. Карантинді тоғандар басқа шаруашылықтан әкелінген балықтар арқылы жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарының тарап кетуінен сақтандыру үшін жасалады.
Карантинді тоғандарда ұстау мерзімі – 30 тәулік, ал температура 12С төмен болса уақытын ұзартады. Қыс айларында карантиндеу мерзімі қыстың ұзақ бойына болады. Басқа елдердің шаруашылықтарынан келген балықтарға карантин тоғандарда ұстау бір жылға дейін болады.
Тоғандарда карантиндеу кезінде балықтардың денсаулығын мұқият бақылап отырады. Егер карантиндеу мерзімінің ішінде балықтардың арасынан аурулар шықса, онда оларды емдейді немесе жояды.
Садки-қапас тоған – балықтарды аулап алып саудалағанға уақытша ұстауға арналған шағын ағынды тоғаншаларды айтады. Ауланған балықтардың мұндай қапас тоғандағы тығыздығы әр куб/м 100-125 кг жоспарланады.
Барлық тоғандардың түрлерін жобалап салғанда, олардың ішін кептіріп және мезгілінде қажетті санитарлық-ветеринариялық, сол сияқты агро-техникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік болуын қарастырады. Шаруашылықтардың типтеріне қарамай, тіпті басты түрінің өзінде, барлық тоғандардың су ағары болып, ол үшін дамбалар мен плотиналарға, тоғандардағы суды бір-бірден немесе түгелінен ағытуға арналған гидротехникалық құрлыстар салынады. Балықтарға арналған су тоғандарын, тұрғын үйлердің, мал фермаларының және өндіріс орындарының шектерінен 500 метрден таяу орналастырмау керек.
2.Балыққа арналған тоған суларына қойылатын гигиеналық талаптар
Су-балықтардың табиғи өмір сүретін ортасы болғандықтан, оның сапасына балық өсіру мен айналысатын шаруашылықтардың өнімдерінің нәтижелері тікелей байланысты болады. Сыртқы ортаның көптеген факторларының ішінде балықтардың өмір сүруінде судың температурасы, газдық құрамы және тұздардың мөлшері маңызды роль атқарады.
Судың температурасы – тоғандарда жыл мезгілдеріне, және тәуліктік ауа райының құбылысына байланысты жиі өзгерісте болады. Әрбір балықтардың түрлерінің өсіп-өнуіне, қалыпты өмір сүруіне белгілі бір су температураларының шегі болады. Мысалы, тұқы (карп) балықтар азықты су температурасы 4С төмен болмаса ғана ала бастайды. Балықтар ең қарқынды көректеніп және өсетін су температурасы 20-28С болып саналады да, тек суық суды сүйгіш балықтарда уылдырықтарының өсіп-өнуі 0,2-9С болса, семіруі үшін 12-15С температура қолайлы болып есептеледі.
Балықтарға төменгіде, сол сияқты судың жоғарғы температурасы да зянды әсерін тигізеді. Судың жоғарғы температурасы (30С және жоғары) балықтардың барлық өмір сүруіне қажетті функцияларының қызметі төмендеп, өсіп-өнуі тежеліп, сол сияқты жаппай өлуіне апарып соғады. Судың жоғарғы температурасы балықтардағы көптеген жұқпалы аурулардың жүруін асқындырады.
Қысты күндері су температурасы төмендегенде (-0,1-0,3С) балықтарда суықтан пайда болатын аурулар туады. Ұзақ уақыт төменгі температуралы судың әсерінен балықтардың желбіршегі зақымдалады. Жазды күндері судың тмпературасының төмендігі балықтардың азықты жеуін төмендетіп, күйі арып, өсіп-дамуы тежеліп қана қоймай, жалпы резистенттілігі төмендеп әртүрлі аурулармен ауыра бастайды.
Сондықтан тоған суларының температурасын қалыптап отыру қажет болады. Таяз, аз көлемді күн сәулесі мен қызып, температурасы көтерілетін тоғандардың суының температурасын олардың ауданын ұлғайту арқылы төмендетуге болады. Су температурасы төмен болған жағдайда балықтарды ауыстырып салып өсіруге рұқсат етілмейді. Тоғандардағы судың температурасына бақылау күнделікті жүргізіледі.
Судың газдық режимі балықтардың денсаулығына, өсіп және өнуіне зор әсер тигізеді.
Табиғи сулардағы оттегінің мөлшері 0-14,5 мг/л болады да, оның концентрациясы судың температурасына, атмосфера қысымына, органикалық заттардың болуына, фито-планктондарға, аэорация шамасына (ағын, жел қозғалысы т.б.) және онда жүретін минерализациялау процесстеріне байланысты болады. Неғұрлым суда органикалық заттар көп болса, солғұрлым олардың тотығуына оттегі көп жұмсалады. Судың температурасы төмендеген сайын, онда оттегінің еруі артады. Күндізгі уақыттарда судағы өсімдіктердің фотосинтезі нәтижесінде ондағы оттегінің мөлшері көбейеді. Сол сияқты судағы минералды тұздардың мөлшері жоғарлаған сайын,оттегінің ерігіштігі төмендейді.
Әрбір балықтардың түрлеріне арналған оттегінің шекті мөлшері болады да, одан өзгерген жағдайда балықтар өліп қалады. Мысалы, форельдерге 4,0-4,5 мг/л, бекіре балықтар (осетр) үшін 3,0-3,5 мг/л болуы керек. Ал лосос тұқымды балықтар үшін оттегінің судағы қалыпты концентрациясы 10-12 мг/л, бекіре тұқымдастарға – 8,6-10 мг/л тұқы, сазан, табан (лещ), көксерке (судак) т.б. балықтарға – 6-7 мг/л, ал карась және линьдер (қара балық) үшін судағы оттегінің мөлшері 0,7-9,5 мг/л болса өмір сүре алады.
Балықтар, құрамында оттегі жеткіліксіз суда ұзақ уақыт болса, олардың активтілігі төмендеп, енжер болып, азықты аз жеп, жүдеп, содан разистентілігі азаяды. Әсіресе, судағы еріген оттегінің жетіспеушілігі балықтарды қысқы тоғанда ұстағанда жиі кездесіп, оларға оның теріс әсері білінеді. Оттегінің суда 2,5-3,0 мг/л төмендеуі, балықтардың әлсіреп, содан кейін мазасызданып судың жоғарғы бетіне көтеріле бастайды.
Еріген оттегінің суда жетіспеушілігі балықтардың жаппай өліміне апарып соғады, замор (қырылу) ауруына ұшыратады. Жазда ыстық, желсіз түндері де суда оттегінің жетіспеушілігі кездесіп, балықтарда жазғы замор ауруы тууы мүмкін. Су ішіндегі, тіпті оттегінің жеткілікті болған күннің өзінде, көмірқышқыл газының жоғарғы концентрациясы балықтарға зиянды әсерін тигізеді. Көмірқышқыл газының тоған суларында жоғары концентрициясы балықтардың күйін төмендетіп және әртүрлі ауруларға төзімділігін азайтып қана қоймай, олардың жаппай өліміне ұшыратады. Мысалы, тұқылар судағы көмірқышқыл газының мөлшері жазда әр метрінде 200 мг болғанда өлсе, қыста – 150 мг/да да өліп қалады, ал форель (құбылмалы) суда оттегінің мөлшері жеткілікті болғаның өзінде, көмірқышқыл газының концентрациясы 60 мг/л болса да қырылып қалады. Сондықтан балықтардың тоған сулардағы көмірқышқыл газының мөлшері жазда әр литр суда – 20 мг, қыста – 40 мг жоғары болмауы керек.
Балықтарға, судағы органикалық заттардың шіріп ыдырауынан шығатын күкіртті сутегі, метан және аммиак газдары да өте қауіпті болады. Күкіртті сутегі газының бір литр судағы концентрациясы 1 мг жетсе, балықтардың оттегіні сіңіріп қабылдауы жоғалады. Аммиак бос күйінде 0,2-1,0 мг/л мөлшерінде, көптеген балықтарға өте улы болып келеді.
Метан немесе батпақ газы (СН4) жаз айларында өзендермен тоғандардың суларының белгілі бір тереңдіктерінде өте көп мөлшерде, әсіресе санитарлық жағдайдың төмен болған кездерінде, түзіледі. Мұндай суларда метан клечаткалы өсімдіктердің ыдырауынан жазда да, қыста да түзіледі де, оның мөлшері кей кездерде 38,5 мг/л дейін жетеді. Метан балықтарға және басқа су жәндіктеріне де (гидробионт), әсіресе қыста қауіпті болады. Су қоймаларының түбінен түзіліп шыққан метан, қарқынды түрде оттегі мен қосылып, судың төменгі қабатындағы балықтардың көп жүретін жерлерінде, көбінесе қысты күндері, ауа жетіспеушілігіне ұшыратады. Соның нәтижесінде балықтар ол төменгі оттегісіз аймақты тастап, жоғарғы су беткі қабатына көтеріледі де онда үнемі қозғалыста болып, құнарлы заттарының энергетикалық қорынан айрылып, жүдеп физикалық әлсіреуге ұшырайды.
Газдардың мөлшерін уылдырық шашатын тоғамдардың суларында (балықтардың уылдырық шашатын мерзімінің түгел бойына) күнделікті тексеріп отырса, басқа тоған суларында әрбір он күнде бір рет зерттеледі. Судағы газдардың концентрациясы жоғарлап кеткен жағдайда, арнайы жаңбырлатқыш құрылымдарды және әртүрлі аэраторларды (ауа жібергіш) пайдаланып, аз су қоймаларының ағысын арттырып қалыптайды.
Көптеген балықтардың қалыпты өсіп-дамуы үшін, көбінесе бейтарапты (нейтралды) немесе сәл сілтілік су ортасы (РН) қажет болады. Фитопланктондардың (өсімдік-жәндік дүниелері) қарқынды өсіп-даму кездерінде, сол сияқты күннің ыстық мезгілінде, балдырлардың қалың өскен жерлерде, жіп тәрізді және микрофиттердің (өте ұсақ) қатысуымен судың ортасы (РН) 10-11-ге дейін төмендеп (сілтіленіп), соның нәтижесінде балықтардың желбезегі және терілері зақымданады. Мысалы, тұқы балықтар судағы сілтілік ортада РН-9,0 дейін жақсы сезінеді. Ал кейбір балықтар РН-6 дан төмен, 8,5 жоғары болғанда өліп қалады. Бірақ кейбір балықтар судың РН елеулі мөлшерде ауытқуында да өмір сүреді. Мысалы, тұқы балықтар судың Рн-9 да өздерін жақсы сезініп, қызымық (краснуха) ауруына төзімділігі жоғарлайды. Судың төменгі Рн кездерінде карп балықтарының желбезек жалбыршақтарының бетінде некроз болып, ол өлген жерлерге сапрофитті микроорганизмдер жиналып, балықтарды өлімге ұшыратады. Судың тотыққыштығы жоғарғы болуы, ондағы органикалық заттардың көптігін көрсетеді. Судың органикалық заттары неғұрлым көп болса, яғни көп ластанса, солғұрлым олардың тотығуына оттегі көп шығындалады да, соның нәтижесінде балықтардың қырылуы (замор) туады. Судың жоғарғы тотыққыштығы (20 мг/л жоғары) көптеген инфекциялық аурулардың шығып асқынуына әсерін тигізеді. Табиғи сулардың тотыққыштығы көбінесе 10-15 мг/л аспайды. Судың тотыққыштық қасиеті оларға еріген қар сулары, нәжістері, органикалық тыңайтқыштар т.б. органикалық заттар түскенде жоғарлайды.
Жасанды тоған суларында аммиак және нитриттердің болуы, олардың құрамында азоты бар органикалық заттар мен (өндірістің ағын сулары, тұрмыстық қалдық сулар, мал қораларының жуынды сулары т.б.) ластанғанын көрсетеді. Аммиактың 0,2-1 мг/л дейінгі мөлшері көптеген балықтар үшін улы болып келеді. Балық тоған суларында нитриттердің болуы да қауіпті. Жазды күндері карптардың өскен тоған суларында нитриттердің милиграммның мыңнан бір бөлігінен жүзден біріне дейін, ал қыста 0,001 мг жоғары болмауы керек. Одан жоғарғы нитриттердің судағы мөлшері балықтардың резистенттілігін төмендетіп, шығынды арттырады. Судағы басқа химиялық заттарда (күкірт, азот, тұз қышқылдарының тұздары, темір, альюминий тағы басқа қосылыстар) балықтардың денсаулығына елеулі әсерлері болады. Мысалы, кермектілігі жұмсақ суларда, жоғары кермекті суға қарағанда фтордың улылығы карптар үшін 2-3 есе артады. Бұл кездерде балықтардың улы заттар мен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына төзімділігі өте төмендейді. Өте кермектілігі төмен суларда еріген кальции және магний тұздары аз болып, балықтардың және басқа судағы тірі организмдерге зиянды әсері тиеді. Сондықтан судағы кальций мен магнидің жетіспеушілігін, балықтарға құрамында кальции мен магний көп қосымша азықтар (балық ұны, сүйек ұны т.б.) береді. қалыпты кермекті сулар, әсіресе кальций және магниге сұраныстары жоғары лосос балықтарына өте қажет болады. Мұнымен қоса, кемектілігі төмен сулар сілтілі немесе қышқылды өндірістік ағын сулардың әсеріне қарсы тұру қасиеті төмен болады.
Судағы темірдің шала тотығының мөлшерінің көп болуы, ондағы оттегі мен тотығып, судың оттегілік режимін бұзады. Темірдің шала тотығы балықтардың желбезегінің үстіне қонып, олардың тынысын тарылтып қана қоймай, өліміне себепші болады. Өйткені жоғарғы темір шола тотығы бар суды пайдаланғандай болса, яғни 4-5 мг/л көп болғанда, суды алдымен аэрациялап, одан соң тұндырып, темірді түбіне түсіргенен кейін ғана балықтар тоғанына жібереді.
Өндірістік ағын сулар, көбінесе улы заттармен ластанып (ауыр металдардың тұздары, пестицидтер т.б.) және кейбір суға түскеннен кейін улы қалдықтар түзетін қоспалар қосылып балықтарды уаландырады. Ондай улы заттардың балық шаруашылықтарына белгіленген шекті рұқсат етілетін концентрициялары көрсетілген.
3.Балыққа арналған су тоғандарының ветеринариялық-санитарлық режимі
Ластанған ағын сулар суаттарға түсіп, олардың гидрохимиялық режимдерін өзгертіп, биологиялық тепе-теңдігін бұзып, судың өздігінен тазалану процесстері толық мәнінде жүрмейді. Ағын сулар мен, әсіресе өңдірістік, су көздеріне улы заттар түсіп, (ауыр металдардың тұздары, пестицидтар, минералды тынайтқыштар т.б.) балықтардың өнімдерінің сапасын төмендетіп, уылдырықтарымен балықтардың өліміне апарып соғады.
Тоғандарды су мен толтырған кездерде, оның ішіне арам және жыртқыш балықтар, олардың жұқпалы ауруларының аралық иелері, сол сияқты зиянкес гидробионтар (бақалар, қоңыздар т.б.) түсуі мүкін. Олардың тоғандарға сумен бірге толтырған кездерде түсіп кетпеу үшін, судың ағар жолына бөгет төркөзді – балық қоқыс ұстағыш деп аталатын сүзгіштер қойылады.
Балықтарды, ұрық уылдырықтарды және омыртқасыз жануарлардан жасалған азықтарды, инфекциялық және инвазиялық аурулардан аман шаруашылықтардан ғана әкелінеді. Егер, тасымалдауға арналған балықтар эктопаразиттар мен зақымдалған болса, онда оларды алдын ала тоғандардың өзінің ішінде немесе арнайы бассейн-профилакторияда паразиттерге қарсы өңдеуден өткізеді (ас тұзы ваннасы, малахит көгі, метилен көгі т.б.)
Балықтарды жұқпалы аурулардан сақтандыруда суаттарды, ұстайтын ауларды, әртүрлі ыдыстар мен жабдықтарды, дезинфекциялау және дезинвазиялау, (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын, әртүрлі паразиттерді, олардың аралық иелерін тағы басқа балық-зиянкестерін жоюда) үлкен маңызы болады.
Әртүрлі тоғандарда санитарлық-профилактикалық және балық суларына мелиоративтік шараларды жүргізуге тиісті өзіне арналған жоспарлар жасалады.
Уылдырық шашылатын тоғандар майшабақтарын алып, суын ағызғаннан соң қолма қол дезинфекцияланады. Қысқа қарай уылдырық тоғаны құрғақ болса, оның арнасы жақсы қатып, паразиттардың жұмыртқалары мен құрттары сол сияқты маллюскалар мен басқа су жәндіктері өліп қалады. Келер жылы уылдырық тоғанын көктемде су мен толтырар алдында тағы да дезинфекциялайды. Уылдырық шашатын тоғандарда жеткілікті түрде табиғи тағамдар мен (коловраттар, дафнилер т.б.) қамтамасыз етіп және тоған суына арам (сорный) және жыртқыш балықтар, су қоңыздары және олардың личинкалары, балықтар т.б. түсіп кетуінен сақтандыру қажет. Мұндай жағдайларда тоғандарда шөп бөгеттерін (травостой) шабындық шөптерден (түлкі құйрық, батпақ шабындығы, мысық құйрық, шырмауық т.б.) жасап, уылдырықтың өсуіне пайдалы әсерін тигізеді.
Қыстамалы тоғандарды көктемде (суын ағызып, балығын алғаннан соң) дезинфекциялайды, ал жазды күндері 2-3 рет ондағы өсімдіктерді шауып алады. сонан кейін, күзгі толтырудың алдында, кейбір жұқпалы аурулары (қызымық) тараған аймақтарды екінші рет дезинфекциялайды.
Ерекше мұқият көңіл аударып бақылау жасайтын, қыстамалы тоғандардың гидрохимиялық көрсеткіштері болып, әсіресе қыстың екінші жартысында, оттегі азайып, кететін кездер есептеледі. Тоған суында оттегі жетіспеген кездерде, балықтар жоғарғы тесіктерге малтып шығып, оларда көптеген су жәндіктері пайда болады (қоңыздар, қандалалар т.б.). Егер қыстамалы тоғандарда оттегі режимі қалыпты болған жағдайда да, балықтар жоғары малтып шығатын болса, ол немесе аурулардың шыққаны, немесе азып жүдегені, немесе судың температурасының төмендегенін (0,1-0,2С) көрсетеді.
Сол сияқты өсіретін, жазғы аналықтар, семіртетін және карантинді тоғандардың да дайындау ерекшеліктері болады.
Ұзақ уақыт бойына, үзіліссіз тоғандарды пайдаланғанда, олардың түбінде көптеген органикалық заттар жиналып, соның нәтижесінде онда қарқынды бактериалдық процесстер жүріп, судағы еріген оттегі азайып, балық өнімі және санитарлық жағдайы төмендейді. Сондықтан тоғандарды 5-6 жылда бір рет өңдеу жүргізу керек. Күзді күні тоғанды судан тазартады, түбін (ложа) тегістейді, ал жазғытұрым ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктер егеді. Қысты күнгі төменгі температураның әсерінен және жаздағы күн сәулелерінен жұқпалы ауралардың қоздырғыштары және олардың аралық иелері өліп қалады. Тоғандарды ондай өңдеу кезінде топырақ жақсы аэрациядан өтеді де, онда жиналған органикалық заттар минерализацияланады. Ондай өңдеу жұмысының нәтижесінде тоғандардың балық өнімі 50-100 % жоғарлайды, сол сияқты судың гидрохимиялық режимі және балықтарға гигиеналық жағдай жақсарады. Профилактикалық өңдеу көбінесе өсіру және семірту тоғандарына жасалады. Профилактикалық өңдеуді қысқы және уылдық тоғандарына жүргізілмейді, өйткені олар тек қыс айларында ғана су астында болып немесе аз уақыт көктемде пайдаланылады. Суы ағызылмайтын тоғандар және шаруашылықтың кішігірім су қоймалары мен суаттарын біртіндеп қатты және жұмсақ өсімдіктерден, қараған түбірлерінен тазалап, бұлақ, тұмалардың көзін ашып отырады. Ылғи сулардың газдық және минералды құрамдарын бақылап отырады.
Тоғандардағы балықтардың тығыздығын, әр аудан өлшеміне есептеп, табиғи азық қорының мөлшері, су құрамы және эпизоотиялық жағдайына байланысты, нормативке негіздеп анықтайды.
Суаттарда суға жүзетін құстардың көп жиналуына жол берілмейді. Әр гектар тоғанға орта есеппен келетін нормасы 200-250 бас. Басты, өсетін және аналық балықтарға арналған тоғандарда суда жүзетін құстарды жіберуге болмайды. Әрбір тоғандарға, суаттарға немесе тоғандар тобына арнайы аулау, жүзу, балықтарға арналған жабдықтар, бекітіліп беріледі. Шаруашылықтан түскен өндірілетін және жас өсіретін балықтар 30 тәулік карантинде, су температурасы 12С ұстайды. Өте төменгі су температурасында карантиндеу мерзімін, 30 тәулік бойына су температурасы 12С төмендемей тұрғанға дейін ұзартады.
Өндірілуге арналған балықтар мен басқа жастағы балықтарды біріктіріп ұстауға болмайды. Тұқымдық шаруашылықтардың территориясына басқа адамдардың кіруі, көліктердің қатысуына рұқсат етілмейді. Қызмет жасайтын адамдардың өндіріс аймағына тек ветеринариялық-санитарлық өткелден (ветсанпропускник) ғана, ал көлік-дезинфекциялау бөгеуінен (дезобарьер) өткізіледі. Барлық жұмысшылар арнайы киімдер мен және аяқ киіммен қамтамасыз етіліп, жұмыс аяғында ветсанпропускникте шешіп қалдырып кетеді.
Ветеринариялық-санитарлық мекемелерінің негізгі міндеті болып балық шаруашылықтарының су көздерін (суаттары) куәліктендіру (паспортизациялау) және олардың ластануын есептеп қадағалау, анықталған ластану шамасы бойынша талдау жүргізу және судағы улы заттардың қалдықтарын, балықтар организмінде және басқа объектілердегі мөлшерлерін іріктеу арқылы бақылап отырып, улануын анықтау және сол сияқты балықтардың токсикоздан сақтандырудың шараларын көрсетіп беру болып саналады.
Балық өсіретін шаруашылықтарының негізгі суаттардың ластануын бақылау үшін арнайы нормативті құжаттар шығарып, оларға ластану концентрациясының жоғарғы рұқсат етілетін шекті мөлшерлерін (ПДВ) көрсетеді.
Тазаланудан өткізілген ағын суларды басқа суаттарға жіберу, табиғи су көздерінің тазалығын сақтауы есептеліп, сол сияқты одан жоғары орналасқан суаттардың суының сапасы төмендемеуі ескеріле отырып жасалады.Ондай жағдайларда, тазаланған ағын суларын басқа жерлерге жіберетін әр өндірістерге өңдеуден өткен ағын суларын, мөлшерін (рұқсат етіп жіберілетін судың шекті мөлшері ПДВ) және ондағы қоспалардың концентрациясын көрсетіп береді.
Өнеркәсіп орындарынан жіберілетін ағын суларды қалыптап отырылады да, оның шыққан жерінен 500 м қашықтығы балық шаруашылығының талаптарына қайшы келмеуін қадағалайды. Ағын, тазалаудан өткен суларды балықтардың уылдырық шашатын, өсіріп, семіртетін және қыстамалық тоғандарының аймағына жіберуге рұқсат етілмейді. Бұл аймақтарға өңделген суларды жіберу мүмкіндігін белгілеу балық қорғау органдарының рұқсат келісімі мен жасалады.
Балық шаруашылықтарында жүйелі түрде балықтардың физиологиялық жағдайларын және өсуі мен күйін бақылап отырады да, сол сияқты клиникалық қараудан өткізіп және керекті, іріктеу арқылы патологиялық және паразиталогиялық балықты жарып, тексеру жасалады. Балықтардың өсіп-дамуының негізгі себептері нашар көректенулері, суаттардың жайсыз гидрохимиялық режимі, олардың антисанитарлық жағдайларды, әртүрлі аурулардың балықтар арасында кездесуі т.б. болып саналады. Азықтарды балықтардың толық жемеулері, көбінесе оттегінің жетіспеушілігіне, ортаның температурасының төмендеуіне, азықтың бір түрінен екіншісіне тосыннан ауыстыруына, азықтар орындарының ластануына т.б. байланысты болады.
Балықтарды көректендіруге малдар мен өсімдіктер өнімдері, құрама азықтар, ауыл шаруашылық өндірістерінің және тамақ кәсіпорындарының т.б. өнімдері пайдаланылады. Ұзақ уақыт сақтаған кездерде, құрамында балық және сүйек ұндары бар қоспардың майы ыдырауының нәтижесінде кетонды қышқылдар, оксиқышқылдар, альдегидтер тағы басқа заттардың түзілуінен иістеніп татып кетеді. Бұл қоспалар балықтардың организмінде витамин А және Е тағы басқа тез тотығатын заттарды бұзады. Гиповитаминоздар мен зат алмасу процесстерінің бұзылуының нәтижесінде, балықтарда жұқпайтын және жұқпалы инфекциялық, инвазиялық аурулар шығып, жаппай өлімге ұшыратады. Тоғандық балық кәсіп орындарының тиімділігін арттыру жолында тоғандардың мелиорация, тынайтқыштар қосу және қосымша азықтар салу жұмыстары жүргізіледі. Мелиорациялық шараларға балықтардың қалыпты өмір сүріп, өсіп-өнуі үшін судың газдық және химиялық режимдерін жақсарту қатаң өсімдіктерден тазарту, хлорлы әкі мен өңдеу т.б. жатады. Балық шаруашылықтарындағы ветеринариялық-санитарлық жұмыстар жинағына мыналарды жатқызады:
Тоғандарда қалыпты (оптималды) гидрохимиялық режим жасау;
Балықтардың инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштарының түсуінен сақтандыру (ауыру немесе ауырған балықтардан, уылдырықтардан, судан, гидробионтардан, су құстарынан, балық аулау жабықтарынан т.б.) шараларын белгілеу;
Тоғандарға, аулау жабдықтарына, сақтау-тасымалдау ыдыстарына т.б. профилактикалық дезинфекция жүргізу;
Балықтардың уылдырық шашуына, өсіп-өнуіне, денсаулығына және олардың азықтануына бақылау жасау;
Әкелінетін басқа жерлерден балықтарды және гидробионттарды карантиндеу;
Ауырған және сезікті балықтарды жүйелі түрде айналымнан шығарып тастау және жою шараларын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |