қажетінсіз, жасауға құқылы. Сонымен қатар Клиент осыған байланысты Банктің барлық
шығындарын, соның ішінде шектеусіз әкімшілік, сот және әділет шығындарын өтейді.
Глава 12.
«Шетел Шоттарын салық бақылауы туралы» (Foreign Account Tax Compliance
Act) Америка Құрама Штаттары Заңының талаптарын орындау туралы
67.
«Шетел Шоттарын салық бақылауы туралы» (бұдан әрі - FATCA) талаптарына сәйкес
Банк FATCA орнатқан талаптар мен санкциялар таратылатын қаржы ұйымы болып табылады.
Әрбір клиентке танысу және қол қою үшін Ереже мен клиент, қаржы қылмыстылықтарының
тәуекелдерін басқару және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтау бойынша
әрекеттер туралы ақпарат жинау және пайдалану туралы шарттар ұсынылады.
68.
FATCA талаптарына сәйкес Банк Клиентермен іскерлік қатынастар орнатқанға дейін
Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) салық төлеушілеріне қатысы бар Клиенттерді
анықтау мақсатында клиенттер толтыратын FATCA бойынша клиенттер ұсынатын мәліметтерді
бекіту және талдаудың Сауалнамасы арқылы, сондай-ақ әрекеттегі клиенттерді дұрыс тексеру
рәсімін жүргізу арқылы сәйкестендіру рәсімін іске асырады.
69.
Банктің уәкілетті органы бекіткен ішкі рәсімдер негізінде Банк АҚШ салық төлеушілері
болып табылатын жеке тұлғаларға сәйкестендіруді іске асырады.
70.
Банк АҚШ салық төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалардан, Клиенттерден
қосымша құжаттар жинауды іске асырады. АҚШ салық төлеушілері болып табылатын Клиенттер
туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), мекенжайы, АҚШ-ғы салық тіркеу нөмірі
(TIN), Шоттар бойынша қалдықтар мен қозғалыстар) жыл сайын уәкілетті салық органына/АҚШ
Салық басқармасына (IRS) жіберіледі.
71.
Банк контрагент-банктерге сәйкестендіруді, сондай-ақ контрагент-банк немесе қаржы
ұйымы ұсынған мәліметтерді жинақтау, бекіту және талдау жолымен іскерлік қатынастар орнату
кезінде FATCA талаптарын орындау мақсатында оларды біріктіруге қаржылық ұйымдастыруларды
іске асырады.
13-бөлім. Қорытынды ережелер
72.
Ережелер өз күшіне Банк директорлары Кеңесі оларды бекіткен сәттен бастап енеді және
оларды жаңартылған Ережелермен ауыстырғанға дейін немесе оларды Банк директорлары
Кеңесінің шешімімен ресми түрде жарамсыз деп танығанға дейін жарамды деп болып саналады.
73.
Егер Заңнаманы өзгерту нәтижесінде Ережелердің бөлек қағидалары Заңнамаға
қайшы келсе, ол қағидалар автоматты түрде, Ережелерге сәйкес өзгерістерсіз күшін жояды. Егер
Ережелердің қағидаларының бірі жарамсыз болса, ол қалған қағидаларға әсерін тигізбейді.
Жарамсыз қағида заңмен рұқсат етілгенмен және сәйкес қатынасты реттейтінмен ауыстырылады.
«Altyn Bank» АҚ
(«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ)
Директорлар Кеңесімен бекітілген жеке тұлғаларға
арналған операцияларды өткізудің
жалпы шарттары туралы Ережелеріне
№1қосымша
2017 жылғы ____________.
1.1
Қабылданатын депозиттердің төменгі және жоғарғы сомаларының ең шекті шектері:
KZT: min – KZT 1000, max – шектеусіз
USD: min – USD 10, max – шектеусіз
GBP: min – GBP 10, max – шектеусіз
EUR: min – EUR 10, max – шектеусіз
RUB: min – RUB 1000, max – шектеусіз
1.2
Қабылданатын депозиттердің төменгі және жоғарғы сомаларының ең шекті шектері:
KZT: min – овернайт, max – 10 жыл
USD: min – овернайт, max – 10 жыл
GBP: min – овернайт, max – 10 жыл
EUR: min – овернайт, max – 10 жыл
RUB: min – овернайт, max – 10 жыл
1.3
Қабылданатын депозиттер, сыйақы есептелген ағымдық шоттар бойынша сыйақы
мөлшерлемелерінің ең шекті төменгі және жоғарғы шектері:
min – 0%, max – жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын теңгедегі және шетел
валютасындағы депозиттері бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелерінің депозиттеріне
кепілдік беру Қазақстандық қорымен белгіленген шектерде.
1.4 Берілетін Қарыздардың төменгі және жоғарғы сомаларының ең шекті шектері:
KZT: min – KZT 1000, max – клиенттің келісімі бойынша
USD: min – USD 100, max – клиенттің келісімі бойынша
GBP: min – GBP 100, max – клиенттің келісімі бойынша
EUR: min – EUR 100, max – клиенттің келісімі бойынша
RUB: min – RUB 1000, max – клиенттің келісімі бойынша
1.5
Берілетін Қарыздардың төменгі және жоғарғы мерзімдерінің ең шекті шектері:
KZT: min – овернайт, max – 20 жыл
USD: min – овернайт, max – 20 жыл
GBP: min – овернайт, max – 20 жыл
EUR: min – овернайт, max – 20 жыл
RUB: min – овернайт, max – 20 жыл
1.6
Берілетін Қарыздарбойынша сыйақы* мөлшерлемелерінің төменгі және жоғарғы ең шекті
шектері
KZT: min – 0.10%, max – 56%
USD: min – 0.10%, max – 56%
GBP: min – 0.10%, max – 56%
EUR: min – 0.10%, max – 56%
RUB: min – 0.10%, max – 56%
* ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) ҚР заңнамасымен белгіленгеннен аспайды
Осы сыйақы мөлшерлемелері, мерзімдер мен сомалары ең шекті болып табылады және нақты
мәмілелерге қолдануға жатпайды. Банк белгіленген шектерде нақты шарттар мен факторларға
(Клиенттің несие қабілеттілігі, нарықтардағы ағымдық жағдай және т.б.) тәуелді өз бетінше
Клиентке ұсына алатын соманы, мерзімді және сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.