Жеке Тұлғаларға арналған операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелер «Altyn Bank»



жүктеу 282,15 Kb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата26.05.2018
өлшемі282,15 Kb.
#17953
1   2   3   4   5   6   7   8   9

55. 

Банк  заңсыз  жолмен  алынған  табыстарды  заңдастыруға  (ізін  жасыруға)  және 

терроризмді  қаржыландыруға  қарсы  әрекет  бойынша  талаптарды  сақтайды  және  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасымен  және  Банктің  ІНҚ-мен  қарастырылған  белгілі  талаптарды, 

тыйымдарды және шектеулерді енгізуге құқылы.  

56. 


Клиенттердің  валюталық  операцияларын  жүзеге  асырған  кезде,  Банк,  валюталық 

бақылау  агенті  ретінде  Қазақстан  Республикасының  валюталық  Заңнамасының  талаптарын 

сақтауға бақылауды жүзеге асыруға міндетті, соның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша, 

сондай-ақ  оған  белгілі  болған  клиенттермен  Қазақстан  Республикасының  валюталық 

Заңнамасының  талаптарын  бұзу  деректері  туралы  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкіне, 

басқа  валюталық  бақылау  органдарына,  және  Қазақстан  Республикасының  белгіленген 

өкілеттіліктеріне сәйкес құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті. 

57. 


Валюталық  операцияларын  жүзеге  асыратын  резиденттер  мен  бейрезиденттер 

валюталық  бақылау  органдары  мен  агенттеріне  барлық  сұратылған  құжаттарды  және  олар 

өткізетін  валюталық  операциялар  бойынша  ақпаратты  ұсынуға,  өткізілетін  валюталық 

операциялар бойынша төлемдердің және ақша аударымдарының мақсатын көрсетуге, сондай-ақ 

Заңнамамен  белгіленген  талаптарды  орындау  мақсатында  көрсетілген  төлемдер  мен  ақша 

аударымдарын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.   

58. 

Банк  Клиенттің  операциясын  өткізуден  немесе  осындай  бас  тарту  немесе  тоқтату 



Еуропа  Одағымен  және  FATF  (Financial  Action  Task  Force)  үкімен  аралық  ұйымымен  және 

басқалармен белгіленген OFAC (Office of Foreign Assets Control), БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің тізімінде 

аталған  елдерге,  жеке  және  заңды  тұлғаларға  қатысты  халықаралық  экономикалық 

санкцияларымен  шартталған  болса,  тоқтатудан  бас  тартуға  құқылы.  Сонымен  қатар  Банктің, 

жоғарыда  аталған  санкцияларына  байланысты  операцияларына,    Клиенттің  төлем  нұсқауларын 

орындауға  немесе  орындауын  тоқтатуға  қатысатын  корреспондент  банкінің  бас  тартуының 

салдарында пайда болған Клиенттің шығындарына жауапкершілік артпайды.    

59. 


Банк  өз  Клиенттерін  (олардың  өкілдерін)  және  бенефициарларын  іскери  қарым-

қатынас  орнатқанға/  бір  реттік  операция  өткізгенге,  қаржылық  мониторингке,  соның  ішінде 

күмәнді  операцияларға  жататын  ақшамен  және  (немесе)  басқа  мүлікпен  операция  жасағанға 

дейін, Клиент (оның өкілдері) бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің 

растығына күмәндануға негіздер болуын тиесілі тексеру бойынша шаралар қабылдайды, сонымен 

қатар Клиенттердің операцияларының қаржылық мониторингін жүзеге асырады.  

60. 

Банк Клиенттер (оның өкілінен) клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, бенефициарлық 



меншік иесін анықтау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуын, сонымен қатар салықтық 

резиденттігі,  қызмет  түрі  және  Қазақстан  Республикасының  Заңнамасына  сәйкес  жеке 

мәліметтерді жинауға және пысықтауға клиенттің жазбаша келісімі болған жағдайда операцияны 



өткізуге  байланысты  өткізілетін  операцияларды  құжаттарды  қаржыландыру  көзі  туралы 

мәліметтерді ұсынуын талап етуге құқылы. 

61. 

Қазақстан  Республикасының  Заңнамасымен  және  Банктің  ішкі  құжаттарымен 



ескерілген  шараларды  қабылдау  мүмкіндігі  болмаған  жағдайда  Банк  Клиентпен  іскери 

қатынастарын тоқтатуға құқылы.   

62. 

Банк  Клиентке  банк  шоты  бойынша  барлық  операцияларды  өткізуден  бас  тартуға 



және (немесе) Клиенттің банк шоттары бойынша барлық операцияларды уақытша тоқтатуға, егер 

осындай  операциялар  қылмыстық  жолмен  алынған  табыстарды  заңдастыру  (ізін  жасыру) 

мақсатында жүзеге асыру немесе терроризмді қаржылау күмәні пайда болған жағдайда, сондай-

ақ  қылмыстық  жолмен  алынған  табыстарды  заңдастыруға  (ізін  жасыруға),  және  терроризмді 

қаржылауға  қарсы  әрекет  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Заңнамасымен  қарастырылған 

шараларды қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда құқылы.  

63. 

Клиенттер  (олардың  өкілдері)  қаржылық  мониторинг  субъектілеріне  Заңнамада 



қарасытырлған  міндеттерді  олар  орындауы  үшін  қажетті  ақпараттар  мен  құжаттарды,  сонымен 

бірге бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты беруге міндетті.  

64. 

Банк Клиентпен мына жағдайларда іскери қарым-қатынастарын бұзуға құқылы:   



 

Клиент жүзеге асыратын операцияларды зерттеу барысында іскери қарым-қатынастар Клиент 



қылмыстық  жолмен  алынған  табыстарды  заңдастыру  (ізін  жасыру),  немесе  терроризмді 

қаржыландыру мақсатында пайдалануы күмәні пайда болса;   

 

банк  шоты  бойынша  шығыс  операцияларын  өткізуден  бірнеше  рет  бас  тартылса  немесе 



Клиенттің банк шоттары бойынша барлық операциялар уақытша тоқтатылса.   

 



Клиент  (оның  өкілі)  және  бенефициар  меншік  иесі  туралы  мәліметтердің  растығын  және 

жаңартылуын тексеру бойынша шара қабылдай алмау жағдайында, сонымен қатар Клиент жүзеге 

асыратын  операцияларды  зерттеу  барысында  іскери  қарым-қатынастарды  Клиент  қылмыстық 

жолмен  алынған  табыстарды  заңдастыру  (ізін  жасыру),  немесе  терроризмді  қаржыландыру 

мақсатында пайдалануы күмәні пайда болған жағдайда  

 



бекітілген  Шарттардың  шарттарымен,  Жалпы  шарттармен,  Кешенді  шарттармен  және 

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда.   

65. 

Банк ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға тыйым салу бойынша шара 



қабылдауға,  Заңнамамен  және  Банктің  ІНҚ-мен  белгіленген  жағдайларда  Банктегі  Клиенттердің 

шоттарына шек қоюға міндетті.    

66. 

Банк келісімдер (шарттар) бойынша міндеттемелерді Клиент орындамауы және дұрыс 



орындамауы  салдарынан  қысым  жасалған  және  бұзылған  өзінің  құқықтары  мен  мүдделерін 

қорғау  үшін  Заңнамаға  қайшы  келмейтін  кезкелген  әрекетті,  Клиентке  алдын  ала  хабарлау 




жүктеу 282,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау