Жеке Тұлғаларға арналған операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелер «Altyn Bank»



жүктеу 282,15 Kb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата26.05.2018
өлшемі282,15 Kb.
#17953
1   2   3   4   5   6   7   8   9

9-бөлім.  Банк  қызметтерін  көрсеткен  кезде  пайда  болатын  Клиенттердің  өтініштерін 

қарастыру тәртібі. 

 

35. 


Банк  қызметтерін  ұсынған  кезде  пайда  болатын  Клиенттердің  өтініштерін  қарастыру 

тәртібіне  қойылатын  жалпы  талаптар,  сонымен  қатар  Клиенттер  мен  Банктің  құқықтары  мен 

міндеттері Заңнамамен және Банктің ІНҚ-мен реттеледі.   

36. 


Банкке  Заңнамамен  белгіленген  тәртіпте,  және  Заңнаманың  талаптарына  сәйкес 

берілетін  өтініштер  Банктің  ІНҚ-ға  сәйкес  қабылдануға,  тіркелуге,  есепке  алынуға  және 

қарастырылуға жатады.   

37. 


Егер  Клиентке  ауызша  берген  өтінішіне  Банктен  жазбаша  жауап  қайтарылу  керек 

болған  жағдайда,  Клиентке  ол  қойған  сұрақтарын  Банкке  жазбаша  өтініш  түрінде  беру  керектігі 

туралы  түсінік  беріледі.  Осы  өтінішпен  жұмыс  жазбаша  өтінішпен  жүргізілгендей  жүргізіледі. 

Клиент  жауап  алуы  үшін  қажетті  процедуралар  және  осындай  өтініштердің  мерзімі  туралы 

хабарландырылады.  

38. 


Жазбаша  өтінішке  жеке  тұлға  немесе  оның  өкілетті  тұлғасы  қол  қоюы  керек  және 

мазмұнында келесі ақпарат болуы тиіс: 

1)  Клиенттің  тегі,  аты,  әкесінің  аты,  банк  шотының  нөмірі  (болған  жағдайда),  Клиенттің 

байланыс телефон нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), пошта мекенжайы;   

2) өтініш мәні (өтініштің мәні мен егжей-тегжейі); 

3) өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, қолы).   

39. 

Сұрау салуы бойынша Клиентке оның өтінішінің көшірмесі мына белгілермен беріледі: 



қабылдау күні, тегі, аты және уәкілетті тұлғаның қолы. 

40. 


Алынған өтінішке жауапты Банк өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн 

ішінде Заңнаманың және Банктің ІНҚ-ның талаптарына сәйкес береді. Жауап беру үшін қосымша 

ақпаратты  жинау  қажеттілігі  болған  жағдайда,  Банк  өтінішті  қарастыру  мерзімін  30  (отыз) 

күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл жайында Клиентке қарастыру мерзімін 

ұзартқан күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарландырылады.   

41. 


Өтініште  баяндалған  ақпарат  жеткіліксіз  болған  жағдайда,  Банк  Клиенттен  қосымша 

ақпаратты/құжаттарды талап етуге құқылы.   

42. 

Төлем  карточкаларына  қызмет  көрсетуге  байланысты  транзакциялар  бойынша 



Клиенттердің  Өтініштерін  қарастыру  тәртібі  мен  мерзімі  Банктің  сәйкес  ІНҚ-мен,  Кешенді 

шартымен, жалпы шарттармен реттеледі.   

43. 

Авторын  белгілеу  мүмкін  емес  өтініштер,  өтініш  берушінің  қолы,  соның  ішінде 



электронды цифрлық қолы қойылмаған, байланыс мәліметтері және  пошталық мекенжайы жоқ, 


және басқа да белгілеуге мүмкіндік беретін мәліметтері жоқ өтініштер анонимді болып табылады 

және  мәлімет  үшін,  кері  байланыссыз  және  қарастыру  нәтижелері  туралы  клиентке 

хабарландырусыз  қабылданады.  Осы  жағдайда  орындау  мерзімі  көрсетілмейді.  Егер  анонимді 

өтініште  Банк  жұмыскерлерінің  қауіпсіздігіне  қауіп  төндіретін,  дайындалып  жатқан  немесе  орын 

алған қылмыстар туралы, сонымен қатар ақшаны заңдастыру (ағылу) және қаржылық терроризм 

бойынша ақпарат  болса, бұндай  өтініштер Банктің бейімді бөлімшесіне,  олардың құзыреттілігіне 

сәйкес дереу қайта бағытталуға жатады. 

44. 


Банк  жеке  тұлғалардың  өтініштерін  объективті,  жан-жақты  және  уақытылы 

қарастыруды  қамтамасыз  етеді,  Клиенттерді  олардың  өтініштерін  қарастыру  нәтижелері  мен 

қабылданған шаралар туралы хабарландырады.   

45. 


Клиентке  өтінішті  қарастыру  нәтижелері  туралы  жазбаша  жауап  мемлекеттік  тілде 

немесе  өтініш  берген  тілде  ұсынылады  және  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  заңнамасына, 

Банктің  ІНҚ-на,  қарастырылатын  мәселеге,  сондай-ақ  қарастырылатын  мәселенің  оның 

қабылданған  шешімге  шағымдануға  құқығын  түсіндірумен    нақты  жағдайларына  қатысы  бар 

шарттарға  сілтемемен  Клиенттің  әрбір  баяндалған  өтінішіне,  талабына,  өтінішіне,  ұсынысына 

және басқа сұрағына негізделген және уәждемелік дәлелі болады.   

46. 

Ауызша сұрау салуға жауап ауызша беріледі.   



 

10-бөлім. Клиенттермен жұмыс істеу тәртібі туралы Ереже 

 

47. 


Банк  қызметтерін  көрсету  бөлігіндегі  Клиенттермен  әрекеттесу  тәртібі  Кешендік 

шартта, сондай-ақ сәйкес Жалпы шарттар мен Бенктің ІНҚ-да сипатталған.. 

48. 

Банк  қызметінің  әрбір  түрі  бойынша  банк  қызметін  көрсету  туралы  өтініштерді 



қарастыру мерзімдері осы Ережелердің № 3 қосымшасында көрсетілген.   

49. 


Банк  Шартты  бір  тараптан  бекітуден  және/немесе  бұзудан  бас  тартуға,  сондай-ақ 

мына жағдайларда банк қызметін (өнімін) беруден/ұсынудан бас тартуға құқылы:   

 

Клиенттің  және/немесе  оның  өкілінің  Заңнамаға  және  Банктің  ІНҚ-ға  сәйкес  сұратылатын 



құжаттарды ұсынбауы;   

 



Клиенттің және/немесе оның өкілінің жарамсыз (әрекет ету мерзімі бұзылған, өткен) немесе 

күмәнді құжаттарды және мәліметтерді ұсынуы;    

 

іскери қарым-қатынастардың болжалды мақсаты мен мәнін белгілеу мүмкінсіздігі;    



 

ҚМК  (Қазақстан  Республикасының  қаржы  Министрлігінің  қаржы  мониторингі  жөніндегі 



Комитеті) тізіміндегі Клиент және/немесе оның өкілі туралы мәліметтердің болуы;  


 

мәміле  бойынша  операцияның/мәміленің  немесе  міндеттеменің  бір  тарабы/қатысушысы 



болып,  ақшаны  ағылту/нақты  халықаралық  ұйымының  немесе  шетелдің  терроризмін  қаржылау, 

немесе  осындай  операцияны  орындауға  осындай  тұлға  қатысса,  айтарлықтай  аманаты  бар  елде 

тіркелген/орналасқан тұлға табылады;   

 



егер банк құжатына Клиенттің (және/немесе Клиенттің өкілетті тұлғасының) қолы қойылмаса 

және/немесе  қолының  үлгісі  мен  мөрдің  баспа-таңбасы  Банктегі  қолдың  және  мөр  баспа-

таңбасының үлгілері бар құжаттағы мәліметтерге сәйкес келмесе;     

 



басқа Заңнамамен, Клиентпен бекітілген Шарттармен қарастырылған жағдайларда.   

50. 


Сұрақтар  мен  ұсыныстар  болған  кезде,  Клиенттер  Банкке  кезкелген  оларға  ыңғайлы 

тәсілмен өтініш жасай алады:   

 

Банк филиалына/бөлімшесіне өтініш жасау арқылы;  



 

Банктің Байланыс орталығына телефонмен ауызша өтініш жасау арқылы (Клиентпен телефон 



арқылы  сөйлесу  жазбасы  Клиенттің  келісімімен,  сөйлесу  басында  ол  туралы  хабарлап,  жүзеге 

асырылады);   

 

электронды  пошта  арқылы,  сондай-ақ  пошта  байланысы  немесе  қашықтық  электронды 



банктік қызмет көрсету арқылы;   

 



әлеуметтік желілерде Банктің ресми парақшалары арқылы;   

 



онлайн чат; 

 



бейне қоңырау; 

 



қағаз нысанында (Банкпен әзірленген типтік нысан немесе еркін түрде);  

 



Банктің интернет–сайты: 

http://www.altynbank.kz/

;  



 



Altyn-i Сервисінің жеке кабинетінде.  

 

11-бөлім. Банк пен Клиенттің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершіліктері. 

 

51. 


Банк  пенклиенттердің  құқығы  бар,  Заңнамаға  және  Банк  пен  Клиенттің  арасында 

бекітілген Шарттың шарттарына сәйкес міндеттер мен жауапкершілік артады.    

52. 

Банк пен Клиенттің арасындағы Шарттар Банктің Уәкілетті органымен әзірленген және 



бекітілген Шарттарының нысандары бойынша бекітіледі.   

53. 


Банк  пен  Клиенттер  банк  қызметтері  ұсынылатын  Шарттардың  шарттарын  сақтауға, 

оларға осындай Шарттардың шарттарымен тағылған міндеттерді орындауға міндетті.  

54. 

Шарттарда  қарастырылған  міндеттерді  орындамағаны  немесе  тиісті  емес  деңгейде 



орындағаны  үшін  Банк  пен  Клиенттер  Заңнамамен  және  сәйкес  Шарттардың  шарттарымен 

қарасытырылған жауапкершілікті артады.  




жүктеу 282,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау